Ою-өрнек. Оның шығу тарихы

Алматы облысы
Ескелді ауданы
Байысов атындағы орта мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі
Мангенова Сауле Омарханқызы
Тақырыбы : Ою-өрнек. Оның шығу тарихы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сабақты түсіндіру. Көне заманнан келе жатқан ою-өрнектің қыр-сырына мән беру. Ұлт өнерін, мәдениетін түсінуге, бағалауға, үйрету. Қызығушылықтарын арттыру.
Білімділігі: Ұлттық өнер түрлерімен таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты : Ою-өрнек оқушының ой-өрісін жан-жақты дамуына, халқымыздың асыл мұрасын, салт- дәстүрімен өнерін
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс : Тарих, биология, астрономия.
Көрнекіліктер: Ою-өрнек түрлері, қолөнер бұйымдары.
Сабақ барысы :
- Ұйымдастыру кезеңі :Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Ою-өрнек өте ежелгі өнер. Тарихи-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып келе жатыр. Ою-өрнектің атауы мен түрлері өте көп. Көп ғалымдар бүгінге дейін 200-дей түрін анықтаған. Соның ішінде мүйіз тектес ою көп тараған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Архиологиялық қазба жұмыстарында табылған керамикалық ыдыстардың біразы геометриялық ою-өрнектермен, яғни ирек қалыппен өрнектелген. Ою-өрнектің мазмұндық ерекшелігі бар. Тарихы мол өнер. Ирек-су, дөңгелек-ай, құсқанаты оюы - еркіндік, азаттық, бейбітшілік, қошқар мүйіз оюы-молшылық, байлық - мазмұнын берген. Ою-өрнек ерте кезден-ақ жазу, сызу болмаған кезде дамыған. Адамдар алғаш рет ағашқа, тасқа, сүйекке сала бастаған. Заман ағымына қарай ою-өрнектер де дами түсті. Ою-өрнектер 3 топқа бөлінеді.
- Өсімдік типтес ою-өрнектер /гүлі, жапрағы, сабағы, дәні/
- Зооморфтық ою-өрнектер / жануар, аң-құс, балық/
- Космогониялық өрнектер/ дөңгелек, ирек, шимай, торкөз/.
Төл өнерімізді зерттеуге Европа ғалымдары еөп үлес қосты. Олар қазақтың ою-өрнектерін ғылыми тұрғыда талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанмен, олардың жасаған тұжырымының бәрі де қазақ ою-өрнектерінің ішкі ұлшттың табиғатын, мазмұнын аша алмаған еді.
Кезінде белгілі этнограф Садық Қасиманов 200 - дей оюдың атауы мен 50-ге жуық ою-өрнектің мазмұнын ашты. .
Белгілі архитектор Төлеутай Бәсенов өсімдік тектес ою-өрнектің сұлбасын қағазға түсірген. Ал бүгінгі таңда суретші - шебер, оюшы көне ою-өрнекті сабақтастыра отырып, жаңа ою-өрнек түрлерін дамытып келеді. Ою-өрнек өнерінің маңызы бүгінгі таңда арта түсуде
Ендігі міндет - ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем, рухани қазына ретінде пайдалана білу.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
- Ою-өрнек қалай пайда болды?
- Ою-өрнек қанша топқа бөлінеді?
- Дөңгелек нені білдіреді?
- Бейбітшілік, байлық, молшылық қай оюға мағына береді?
- Үйге тапсырма:
Табиғаттан /аң-құс/ алынған өрнектердің суретін дәптерге орындап келу.
Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек түрлері
Сабақтың мақсаты:
- ою - өрнектің шығу тарихы жайында жалпы түсінік беру
- ою - өрнек түрлерімен таныстыру
- халқымыздың салт дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ой - өрісін дамыту
- ұлттық ою - өрнек үлгілерін орынды қолдана білуге үйрету
Үй тапсырмасын сұрау
1. Мата неден тұрады?
1/ жіптен 2/ талшықтан 3/ мақтадан
2. Мата неше түрге бөлінеді?
1/екі 2/ үш 3/ төрт
3. Тігін машинасы неше түрге бөлінеді?
1/ төрт 2/ екі 3/ бес
4. Алжапқышты қандай матадан тігуге болады?
1/ жібек 2/ қалың 3/ мақта
5. Адам денесін өлшегенде қай жағында тұру керек?
1/ оң 2/ сол 3/ алдында
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
а/ Сәлемдесу
ә/Түгелдеу
б/назарларын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Сөзжұмбақты шешу арқылы келесі жаңа тақырыпқа көшу. Оқушылар сөзжұмбақты шеше отырып, жаңа сабақ қандай тақырыпта өтетінін анықтайды.
1. Тігінші құралы
2. Иық бұйымдарының бірі
3. Ұлттық бас киім
4. Қазақтың ұлттық саз аспабы
5. Ертеден бүгінгі күнге дейін жеткен үй жиһазы
6. Қалыңдықтың бас киімі
7. Ұлттық аяқ киім
Жаңа сабақ жоспары
1. Ою - өрнектің шығу тарихы
2. Ою - өрнектің топтары
3. Ою - өрнектің жасалу жолдары
4. Сарамандық жұмыс
Ою - өрнектің шығу тарихы
Қазақ ою - өрнегінің өзіне тән даму тарихы бар. Өте ерте заманда ата - бабаларымыз жазу, сызуды білмей тұрғанда тау - тасқа, белгілі бір мағынаны білдіріп отырған. Қазақ ою - өрнегі ғасырлар бойы дамып, қазақ халқының өмір тіршілігінде айрықша орын алып, ғасырдан - ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан ірі рухани мәдениет үлгісі ретінде сақталған. Мысалы: әрбір қазақтың үйінде сандық, алаша, киіз, құрақ көрпешелер, зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері бар. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру ою деп аталады. Ал киім-кешекке, тұскиізге, т. б қолөнер бұйымдарын кестелеп бейнеленетін бедер сол сияқты тоқылатын алашаға, қоржынға түсірілетін түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды береді. Мағынасы әсемдеу, сәндеу, сонымен ою - өрнек дегеніміз әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.
Ою - өрнек құрт - құмырсқаға, малдың денесіне, аңның дене мүшесіне, қару - құралдарға, құстарға, ай, күн, жұлдыздарға, көк әлемге, геометриялық фигура тектес, жер, су, өсімдік бейнелі болып бөлінеді.
Сарамандық жұмыс
Оқушыларға қағазды екі үш бүктеу арқылы оюларды сызып көрсетеміз.
Үйге тапсырма
: қағазды бүктеу арқылы бірнеше ою қиып келу.
Бағалау
Сабақтың тақырыбы:
«Ою - өрнек түрлері. Ою элементтерімен танысу, шығу тарихы»
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға ою - өрнек туралы білім беру, оюдың түрлерін, шығу тарихын әңгімелеу. Қазақтың ұлттық ою - өрнегімен, халық өнерімен таныстырып, қастерлеуге тәрбиелеу, ою оюды үйрету, өз бетінше жұмыс жасауды меңгерту.
2) Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында қыз балаларды әдемілікке, сұлулыққа баулу, талғамдарының жоғары болуын дамыту.
3) Сабаққа қызығушылық ынтасын арттыру, оқушыларды шапшаңдыққа, өз бетінше еңбектенуге және ежелгі салт - дәстүрге баулып, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс:
бейнелеу, математика, қазақ әдебиеті, тарих.
Сабақтың көрнекілігі:
ою - өрнек түрлері, тұрмыстық бұйымдар, буклеттер, мақал - мәтелдер, тірек - сызбалар, жұмбақтар, журналдар
Сабақтың барысы:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz