Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан Республикасының бірінші президенті

Аты-жөні : Ибраймова Гүлнар Жаңабайқызы
Жұмыс орны: №220 қазақ орта мектебі
Лауазымы мен қызметі : бастауыш сынып мұғалімі
Лауазымдық қызметтегі еңбек өтілі: 22 жыл
Білім беру ұйымындағы еңбек өтілі: 22 жыл
Білімі : жоғары
Санаты:жоғары
Мекен жайы : Арал қаласы М.Бәйімбетов к., № 8
Жеткен жетістіктерім:
2009 жыл- Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен болған <<Әдістемелік және дидактикалық материалдар >> атты сайысында І орынды иелендім.
2010 жыл- Аудандық <<Ең үздік әдістемелік қызмет >> сайысы аясында өткізілген әдістемелік пән бірлестік жетекшілерінің <<Ең үздік әдістемелік пән бірлестігі>> байқауы бойынша І орынды иелендім.
2010 жыл- <<Білімнің шырағы - баланың бағбаны - мұғалім>> тақырыбымен өткізілген он күндік аясындағы <<Үздік бастауыш сынып бірлестігі>> облыстық байқауында нәтижелі табыстарымен , шығармашалақ еңбегімен көзге түскені үшін <<Алғыс хатпен>> марапатталдым.
2013 жыл-Оқушым Әбдіраманов Олжас <<Алтын медаль>> иегері атанып, облыстық кәсіподақ ұйымы мен
<<Нұр-Отан>>партиясының ұсынысымен Құрмет грамотасымен марапатталып, Астана қаласына жолдама алдым.
Оқушыларымның жеткен жетістіктері:
2008 жыл -Аудандық пән олимпиадасынан қазақ тілінен екі оқушысы - І орын, екі оқушысы -ІІ орын, математика пәнінен екі оқушысы - ІІ орын
2008 жыл- Қаратаева Балжан Аудандық <<Жеңістің 63-жылдығына>> арналған мәнерлеп оқу сайысында І орын.
2009 жыл- <<Ақбота>> интеллектуалдық марафонында 9 оқушысы ІІІ орын..
2009 жыл- Қызылорда облысының 70 жылдығына арналған жас зерттеушілердің ІҮ Облыстық <<Ата - баба мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз>> атты бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жоба қорғау жарысында оқушым Ернар Мұсабаев І орынды иеленгені үшін жетекшілік жасап Дипломмен марапатталдым.
2010 жыл- <<Ата - баба мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз>> атты бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жоба қорғау жарысында оқушым Балжан Қаратаева ІІІ орынды иеленгені үшін жетекшілік жасап Дипломмен марапатталдым.
2010 жыл -<<Ата - баба мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз>> атты бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жоба қорғау жарысында оқушым Төлемісова Нұрила І орынды иеленді
2012 жылы облыстық <<Бастау>> математикалық марафонына қатысып, Кеңесбаев Абылайхан ІІ орынды иеленді.
2013 жыл аудандық 3 сынып оқушылары арасында матем атика пәнінен өткен олимпиадада үздік білім көрсетіп, І орынды Мұстафа Нұрай атты оқушым иеленді және осы жылы аудандық оқушылар Үйінің ұйымдастыруымен өткізілген <<Туған өлкем, жайнай бер!>> атты қалалық жас ақындар мүшайрасында өзінің шығарған өлеңін оқып, ІІ орынды иеленді.
2013 жылы аудандық оқушылар Үйінің ұйымдастыруымен өткізілген <<Туған өлкем, жайнай бер!>> атты қалалық жас ақындар мүшайрасында үздік шығарма жазып, Кеңесбаев Абылайхан І орынды иеленді.
2013 жыл 11 сыныпты бітірген оқушым Әбдіраманов Олжас <<Алтын медаль>> иегері атанды. Баспасөз беттерінде жарық көрген материалдарым:
2007 жыл- Аудандық Толқын гезетіне <<Жүрекке жол тапқан жолдау>> айдарында <<Шәкірттерді шыңдаймыз>> тақырыбында мақалам жарық көрді.
2009 жыл- <<Білім кілті>> № 4 санында осы оқушымның жобасы және өзімнің әліппе сабағында өткен <<Ии дыбысы. Итмұрын>> тақырыбындағы сабағым жарық көрді.
2009 жыл- <<Мұғалімнің кәсіби-құзіреттілігі - нәтижеге бағытталған білім беру негізі>> тақырыбында өткізілген ғылыми-практикалық конференциясында белсенділік көрсеткені үшін мақтау қағазымен марапатталдым.
2010 жыл- Аудандық Толқын газетіне <<Жеңістің 65 жылдығына>> байланысты <<Саналарда сақталсын>> тақырыбымда мақалам жарық көрді.
2010 жыл- <<Сыр мектебі>> газетінде <<Күз береке>> тақырыбында тәрбие сағаты, ана тілінен <<Нан туралы өлең>> үлгілі сабағым жарық көрді.
2010 жыл- <<Шағын мектеп>> Республикалық ғылыми - әдістемелік педагогикалық журнал № 11-12 номерінде 2 сынып қазақ тілінен <<Зат есімді қайталау 308-311 жаттығу>>тақырыбындағы үлгілі сабағым жарық көрді.
2012 жыл <<Тағылым>> Республикалық ғылыми - әдістемелік педагогикалық журналында <<Менің Отаным Қазақстан>> тақырыбында өткізілген тәрбие сағатым жарық көрді.

Тәрбие сағаты 4 <<в>> сыныбы 2018 жыл
Тақырыбы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан Республикасының бірінші президенті.
Мақсаты: 1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет <<Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент>> Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев
Формасы: тәрбие сағаты
Барысы : Үнтаспадан <<Елім менің>> (әні естіліп тұрады)
Балалар. Қазақстан Республикасының Ата Заңының 3 бөлім 40-бабында Президент туралы былай делінген. (абзац түгел оқылады)
<<Миға шабуыл>> оқушыларға сұрақтар қойылады.
-Біздің президентіміз кім ?
-Н.Ә.Назарбаев
-Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды ?
-1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлауда 98,7% дауыспен Н.Ә.Назарбаев сайланды.
Мұғалім :
1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылдың 10 қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 процент дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2010 жылдың 14 маусымында <<Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы>> № 298-ІV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді.

-Соңғы сайлау қай жылы өтті?

2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолдары туралы не білеміз ? (ойымызды ортаға салып көрелік)

1-оқушы :
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты
(Мұғалімнің толықтыруы және суреттер көрсету)
(Абылайхан, Әсел)
2-оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург - жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.(слайд)

3-оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
4-оқушы: :Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
5-оқушы:. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
Мұғалім:Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы біз тағы не білеміз және не айта алар едік?
Сол мақсатта <<Менің Президентім>> деген тақырыпта жазған бірнеше оқушының шығармаларын тыңдасақ.
Мұғалім : Шығармада аталғандардан басқа Елбасын қандай адам ретінде танисыңдар ?
6-оқушы :Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан-жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің <<Елім менің>> және <<Үшқоңыр>> әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н.Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.
<<Үшқоңыр>> әнін тыңдау.
7-оқушы: <<ХХІ ғасыр әлем саясаткерлері Н.Ә.Назарбаев туралы кітабында Еуропаның тіс қаққан кәнігі саясатшылары , мұхиттың арғы жағындағы алпауыттар бас түйістіріп, тілдесе қалса, біздің Елбасымыздың шешендігіне үйіріліп түсе қалады.
(слайдтан Әлем басшылары және Елбасы)
8- оқушы : Өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен айтуға болады. <<Ел - Елбасына тірек,Елбасы - елге қалқан. Бұл - бүгінгінің шындығы.Нұрсұлтан Назарбаев десе-Қазақстан;ал Қазақстан десе-Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.
Сонымен қатар, <<Қазақстан - бақытты ел,Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз.Ел тарихын тұлғалар жасайды.Тұлға-елдің тұғыры, Тұлға-елдің тұтқасы.Біздің Президентіміз Н.Ә.Назарбаев - осындай тұлға.>>
9-оқушы: Елбасы үнемі Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, барлық обылыстарда болып, елмен етене араласып, олардың жүрекжарды әңгімелерін тыңдап,жағдайларымен танысты.
Мұғалім:Н.Ә.Назарбаевтың жазған <<Ғасырлар тоғысында>> атты кітабында <<Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды.Бірақ өмірге құштарлық,азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды.>>
Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын.Қанша қиындық көрсе де, абзалдылығы мен сабырлылығын, басқа халықтарға деген сыйлаушылығын сақтай білген халықты,қазіргідей қиыр-шиыр тарихи сын кезеңде өзім ажырамас бөлшегіне айналып отырған асыл жұртымды, ХХІ ғасыр табалдырығынан аттап, өз талабын тағы бір сынап көргелі отырған тәуекелшіл ұлтымды қалай мақтаныш етпеспін.Қалайша бас имеспін.>>
<<Халқым менің>> әні.
Тұманбай Молдағалиев <<Есіл ер>>
10-оқушы:
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
11-оқушы:
Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.
12-оқушы:
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
13- оқушы :Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
14-оқушы : Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
Мұғалім : Кезінде Н.Ә.Назарбаев: <<Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім>>,-деп армандаған болатын .
Жасыратыны жоқ , бүгінде асқақ арманын орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды.Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі.
Кезінде назардан тыс жатқан , материктің ортасындағы Орталық Азиядағы қазақ елі де сыртқы саясатта өз орнын айқындап, төрткүл дүниемен айналасы аз ғана уақыт ішінде байланыс орнатты. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қосқан үлесінің орасан зор екендігіне ешкімнің күмән келтірмейтіні тарихи шындық,
15-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
(Астана туралы слайд)
16-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
"Менің Қазақстаным" жер жүзіне таралды.

17-оқушы: <<Елбасына>>
Ауыр күнді артымызға тастауы -
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
<<Елім, жерім>> деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
18-оқушы:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар - бәріміз.
<<Ұлтым, елім>> деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
19-оқушы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
20-оқушы:
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.

Қорытынды .
<<Нұр аға>> әні орындалады.

Өткізген: << №220 орта мектебі>> КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі
Ибраймова Гүлнар Жаңабайқызы

Өткізген: <<№220 орта мектебі>> КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі
Ибраймова Гүлнар Жаңабайқызы
Арал қаласы

Не түсіндік? Не білдік? Сен үшін не қызықты болды? Өз ойың.....

Қатысып, ой-пікірлеріңізді айтқандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Елін сүйген, елі сүйген ЕЛБАСЫ ( Нұрсұлтан Назарбаев )
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Н.назарбаев - тұңғыш президент
Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік
Тәрбие сағатының көрнекілігі
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
<<Біздің Елбасы>>
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті
Тұңғыш қазақ ғарышкері кім
Ұлттың көшбасшысы. 4 сынып
Пәндер