Адамның дене мүшелері. Дене мүшелері туралы

Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Адам
Сабаққа негізделген оқу
мақсаттары
Адамның негізгі мүшелерін атайды
Көптеген оқушылар: Дене мүшелерінің атқаратын қызметін біледі және оларды ажырата алады.
Кейбір оқушылар: Адамның дене мүшелерінің бір - бірімен байланысуын біледі.
Адамның дене мүшелерін таниды.
Әр мүшенің қызметі туралы біледі.
Сөздерді үш тілде айта алады.
Сыртқы, ішкі мүшелерді ажырата алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Адам, дене мүшелері, бас, бет, көз, ауыз, мұрын, иық, кеуде, аяқ, тізе, башпай, қол, саусақ.
Ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылыққа баулу.
Салауатты өмір салтын ұстану.
Жоспарланған
уақыт
Психологиялық дайындық
Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Деніміз сау болсын!
Еліміз тыныш болсын!
- «Мозайка» әдісі арқылы сыныпты топқа болу.
- І топ «Бас», ІІ топ «Қол», ІІІ топ «Аяқ»
- Әр топ мүшелері топтарын қорғайды және үш тілде тірек сөздерді айтады.
- Көрініс көрсету. « Арманның түсі»
- Бас бірінші болып былай дейді:
«Мен бәріне баспын менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. Мен болмасам ештеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлейде алмайды, тіпті аштан өлер еді. »
Мойын:
- «Егер мен болмасам сені арлы-берлі жан-жаққа бұрар еді»- деп мойын да дауласа кетеді.
- Қол :- «Достар білесіңдер ме, егер де біз болмасақ жүкті әрлі-бері тасу, тамақ дайындау, ішу, кірді жуу, жазусурет салу, ойнау да өте қиын болар еді»-дейді қол.
- Көп ойланып кеуденің де шыдамы кетті: «Мен, мен ше?! Егер мен болмасам адам болар ма еді?. »
Аяқ: «Егер мен болмасам не істер еді адам. Сіздер ешқайсысыңыз аяқсыз ешқайда да бара алмайсыңдар, күні бойы біз сіздерді бақшаға, дүкенге, жұмысқа апарамыз. Күні бойы жүгіреміз, сонда да біз сіздерден рахмет алмаймыз»- дейді аяқтар. Бұл айтыс дау ұзаққа созылар еді, ұйықтап жатқан Арман өз түсінен өзі шошынып, оянып кетті.
-Ал балалар мына көріністе не үшін бәсекеге түсіп дауласып жатыр? Неліктен, деп ойлайсыңдар? (себебі бұл дене мүшелері өздерінің атқаратын қызметі мен артықшылықтарын көрсетіп жатыр. )
- Бұл көріністе дауласқан кімдер? (Адамның дене мүшелері. )
-Ал, сендер қалай ойлайсыңдар адамға қандай дене мүшелері керек?(Адамға барлық дене мүшелері керек. )
-Олай болса, балалар бүгінгі біздің өтетін ашық сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар? («Адамның дене мүшелері». ) Адамның дене мүшелері мен және оның атқаратын қызметі туралы танысамыз
Қима қағаздар
Бетперделер
Оқушылар сахналайды.
Сабақтың ортасы
Топтық жұмыс
Ой тастау
Сергіту сәті
Топтық жұмыс
1 тапсырма.
«Сұлба құрастыру» әдісі
Дене мүшелерін құрастыр және зертте
1. Әр топқа дене мүшелерінің бөлшектерін таратып беру. Ретімен орналастырып, берілген сұлбадан не шыққанын айтады. Адам бейнесі. Бас, дене, қол, аяқ. Бұлар сыртқы дене мүшелер. Көрінбейтін тағы қандай мүшелерді білесіңдер? Ішкі дене мүшелерін атап шығады. Ми, жүрек, бауыр, асқазан, бүйрек, ішек.
2. Сыртқы дене мүшелеріне зерттеу жүргіз. Оқушылар бір- бірінің дене мүшелеріне қарай отырып зерттеу жұмысын жүргізеді, атқаратын қызметін айтады.
І топ. Бас бөлігіне: шаш, құлақ, көз, мұрын, ауыз, қас, бет жататын және олардың атқаратын қызметтерін айтады.
ІІ топ. Қол бөлігіне иық, білек, білезік, шынтақ саусақтар жатады.
ІІІ топ Аяқ бөлігінде сан, тізе, жіліншік, табан, башпайлар және олардың атқаратын қызметін айтады.
Осы айтқан сөздерін дұрысын салыстыру үшін АКТ арқылы көрсету.
Дескриптор:
- Дене мүшелерін біледі.
- Дене мүшелерінің орналасу ретін ажыратады.
- Дене мүшелерінің атқаратын қызметін айтады
Салауатты өмір салтын ұстана отырып, сергіту сәтін жасайық.
Оқулықпен жұмыс -32 бет ашамыз
Сен білесің бе?
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін өткізілетін спорттық жарыстар, ойындар туралы мәлімет беру. Паралимпиада. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған халықаралық деңгейдегі спорттық жарыс. Олимпиададан кейін өткізіледі.
Оған қазақстандық спортшылар да қатысып, жетістіктерге жетуде. Лондонда өткен сайыста Қабира Асқарова 65 килограмдық зілтемірді көтерді. Александр Колядин Сочида өткен Паралимпиадада оң аяғына жасанды сүйек қойылғанына қарамастан, шаңғымен 20 километрді 1 сағат 4 минутта жүріп өтті!
2- тапсырма.
Дәптермен жұмыс. Әр оқушы жеке орындайды, интербелсенді тақтадан дұрыстығын тексереді.
3-тапсырма.
І топқа:
Сыртқы дене мүшелер: Ішкі дене мүшелер:
Бас, көз, мұрын, құлақ, Ми, жүрек, бауыр, өкпе,
мойын, иық қол, аяқ, тізе, ішек, бүйрек, асқазан
табан, саусақ
ІІ топқа:
Жұп дене мүшелер: Тақ дене мүшелер:
Көз, құлақ, қол, иық, қас, Бас, мойын, асқазан
тізе, алақан, табан, өкпе бүйрек
Дескриптор
1 Сыртқы және ішкі дене мүшелерін ажыратады
2 Жұп және тақ дене мүшелерін біледі
ІІІ топқа: «Сөйлемді сәйкестендір» әдісі
1. ұстайды,
2. жүреді,
3. ойлайды,
4. естиді,
5. көреді.
Дескриптор
- Сөйлемдегі сөздердің байланысын табады, сөйлем құрастыра алады
.
плакат
қималар
видеожазба
Плакат, қима суреттер
Қима суреттер
Плакат, маркер
Сабақтың соңы
Кері байланыс
Білімді бекіту: «Қалам ортада» әдісі арқылы бүгінгі сабақты сұрақтар қою арқылы, жұмбақтар шешу арқылы тиянақтайды.
-Бүгінгі сабақта біз не туралы өттік?
- Дене мүшелеріне нелер жатады?
-Адамның дене мүшесі неше бөліктен тұрады?
Ти десем, тиеді,
Тиме десем, тиеді. Ол не? (Ерін)
Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде,
Бірін-бірі көрмейді. (Көз)
-Достарым сендерге сабақ ұнады ма?
«Бағдаршам» әдісі арқылы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz