Абай Он жетінші қара сөз

Тұрсынбай Ақгүлдің 8-сыныпқа әдебиет пәнінен арналған қысқа мерзімді жоспары

29. 11. 16 8 «Б»
Әдебиет
Тұрсынбай А.
29. 11. 16 8 «Б»: Сабақтың тақырыбы
Әдебиет: Абай «Он жетінші қара сөз»
29. 11. 16 8 «Б»: Сабақтың оқу мақсаты
Әдебиет: Абайдың қара сөздері туралы іздену, он жетінші қара сөзінің мәнін түсіну, кемел адам ұғымының мәнін ашу
29. 11. 16 8 «Б»: Күтілетін нәтиже
Әдебиет: Абайдың қара сөздері туралы біледі, он жетінші қара сөзінің мазмұнын түсінеді, кемел адам ұғымының мәнін ашады
29. 11. 16 8 «Б»: Түйінді идея
Әдебиет:

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласын елден ерек.

29. 11. 16 8 «Б»: Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Әдебиет: Білім ағашы, тілшімен сұхбат, миға шабуыл, диалог, рөлдік қойылым, кесте, раунд-робин, мадақтау сэндвичі, өзара бағалау
29. 11. 16 8 «Б»: Тапсырмалар
Әдебиет: Мұғалім іс-әрекеті
Тұрсынбай А.: Оқушы іс-әрекеті
29. 11. 16 8 «Б»: Ұйымдастыру
Әдебиет:

«Білім ағашы» әдісі арқылы оқушыларды 4 топқа бөлемін.

Жапырақтағы сөздер: 5 асыл іс, мезгіл суреттемелері, өлең тақырыптары, егемендік ұғымдары.

Тұрсынбай А.: Оқушылар білім ағашынан түрлі жапырақтарды таңдау арқылы түсіне байланысты 4 топқа бөлінеді. Жапырақтың артында жазылған сөздерді топтастырып, ойларын айтады. 4 мин.
29. 11. 16 8 «Б»: Оқушыларға бағалау парағын таратып, түсіндіремін.
Әдебиет: Әр топ бағалаушы сайлайды. Әр кезең сайын топ мүшелерін бағалап отырады. 1 мин
29. 11. 16 8 «Б»: Үй тапсырмасын сұрау
Әдебиет:

«Тілшімен сұхбат» әдісі арқылы үй тапсырмасын бекітемін.

Тілші оқушыны бағалаймын.

Тұрсынбай А.: Тілші оқушы үйден дайындаған сұрағын оқушыларға қойып, жауап алады. Жауап берген оқушыларды бағалайды. 4 мин.
29. 11. 16 8 «Б»: Білу
Әдебиет:

«Миға шабуыл» әдісі

Тақтадан адамның суреті мен ақыл, қайрат, жүрек, ғылым тірек сөздері көрсетіледі.

Тақырыпты аштырамын.

Абай «Он жетінші қара сөз»

Табыс критериімен таныстырамын.

Абайдың қара сөздері туралы білемін, он жетінші қара сөзінің мазмұнын түсінемін, кемел адам ұғымының мәнін ашамын.

Тұрсынбай А.:

Тірек сөздердің мәнін ашып, «Кемел адам қандай болу керек?» деген сұраққа жауап береді.

Тақырыпты ашады. Табыс критериімен танысады.

3 мин.

29. 11. 16 8 «Б»: Түсіну
Әдебиет:

Бейнеролик көрсетемін

«17 қара сөз»

Қалай аяқталады деп ойлайсыздар? Адамды кім билеуі мүмкін?

Тұрсынбай А.:

Оқушылар бейнеролик көреді.

Оқушылар жауап береді. 4 мин.

29. 11. 16 8 «Б»: 4 топқа тапсырма беремін.
Әдебиет:

І. Қара сөз туралы мәлімет беру

ІІ. Көрініс

ІІІ. 17 қара сөз кейіпкерлеріне мінездеме беру, түсініксіз сөздердің мәнін ашу

ІҮ. Кесте толтыру 8 мин.

29. 11. 16 8 «Б»: Қолдану
Әдебиет: Әр топтың спикерлерін ортаға шақырамын.
Тұрсынбай А.:

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

8 мин.

29. 11. 16 8 «Б»: Талдау
Әдебиет: «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы өзара бағалау
Тұрсынбай А.: Әр топ бір-бірінің топтық жұмысына баға береді. 4 мин.
29. 11. 16 8 «Б»: Жинақтау
Әдебиет:

3 деңгейлі тапсырма

І деңгей. Төмендегі тармақты әрі қарай жалғастыр.

Толық адам болу үшін адамға,

санаңда.

ғаламда.

ІІ деңгей. Ақыл, қайрат, жүрек, ғылым туралы жазған Абайдың өлең шумақтарынан мысал келтір.

ІІІ деңгей. Сіз кемел адам болу үшін қандай қасиеттерді бойға жию керек?

Тұрсынбай А.:

Оқушы өзі қалаған деңгейдегі тапсырманы орындайды.

І деңгейдің тапсырмасына 3+, ІІ-ге 2+, ІІІ-ке 1+ белгісі қойылады.

7 мин.

29. 11. 16 8 «Б»: Бағалау
Әдебиет: Бағалау парағын жинап аламын. Белсенді қатысқан оқушылар бағаланады. 1 мин.
29. 11. 16 8 «Б»: Рефлексия
Әдебиет:

Раунд-робин әдісі арқылы

І топ - Абай атамыз кемел адамға керек қандай өнегесін айтты?

ІІ топ - Бүгінгі сабақта мен үшін сәтті . . .

ІІІ топ - Бүгінгі сабақта мен үшін қиын . . .

ІҮ топ - Келесі сабақта көргім келеді . . .

Әр топтың оқушылары бір-бірінің пікірін қайталамай ойын қорытындылау керек.

Мұғалім сөзі: Толық, кемел адам болу үшін бізге сезу үшін жүрек, ойлау үшін ақыл, әрекет ету үшін қайрат керек. Осы үш нәрсе өзара үйлесімде болса, ғылым мен мәдениеттің шыңына шығып, кемел адам бола аламыз.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек. 1 мин.

29. 11. 16 8 «Б»: Кейінгі тапсырмалар
Әдебиет:

Он жетінші қара сөзді мазмұндау;

Ақыл, қайрат, жүрек, ғылым жайында жазылған 10 мақал жаттау

І топтың тапсырмасы. Осыны окындар жаксылап. Хадиша І топқа баруға тырыс . «Абайдың қара сөздері» - абайдың прозалық шығармасы. барлығы 45 сөз және «бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаладан тұрады. «Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді. Абай өзінің ақындығының оқырмандар үшін түсінуге қиындығын сезіп, кейбір күрделі дүниетанымдық мәселелерді қарасөздерде түсіндірген. Абайдың біршама өлеңдерін қара сөздеріндегі кейбір ойларды түсініп барып қабылдауға мүмкіндік ашылады. Мысалы, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңін түсіну үшін алдымен отыз сегізінші сөзді оқыған жөн. Екеуінің айтар ойлары бір бағытта, бірінде ой поэзия тілінде, бірінде проза тілінде жеткізілген. Енді ақынның қара сөздеріне көңіл аударып көрелік. Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды. Өйткені ғылым да, өнер де жастар үшін. Адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім - білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адам қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтауы қажет.

Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» сөздері жоғарғы ілім - білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық, мақтаншақтық мінездерді шенеуге арналады. «Бірлік, тірлік» деген сөз ұғымдарының мәнін аша келіп, «Алтыншы сөзінде» Абай: «Бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес», - десе, сол әңгімесінің екінші жерінде: «Ырыс - алды тірлік» дейді. Жанын қорғалап жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады . . .

Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әр қайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. Жеке - жеке үшеуінде де кемшілік бар. « . . . Осы үшеуің басынды қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғылым. Демек Абай жүректі, яғни адам - адамды сүю, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нәрсе - осы үшеуінің бірлігі. «Осы үшеуі ( ақыл, қайрат, жүрек ) бір кісіде менің айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді.

Қорытындылай келе, біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының дәуірінде айтып кеткен атама сөздерінің әлі күнге дейін өз өмірімізге қажеттілігін ұғындық. Оның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген қара сөздері арқылы рухани азық алдық, адамдық сипатта бой түзеуге тырыстық. Демек бұл ақынның халықпен бірге жасағандығы. Ақын мұрасы - халықтың сарқылмас асыл қазынасы. Әр қазақта тәлім алар ғибратты сөздер көп болғай . . .

1. Қарасөз дегеніміз-ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек.

2. Қарасөз -арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес.

3. Ғақлия-көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді.

4. Абайдың қарасөзінің саны -45.

5. Бұл қарасөздер 1890-1898 жылдар арасында жазылған.

6. Қарасөздер алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы Абай журналында жарық көрді.

7. Абайдың қарасөздері орыс, қытай, француз т. б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

ІІІ топ:

Кейіпкерлерге мінездеме:

Ақыл көп қырлы жақсылық пен жамандықты бірдей ұстайды.

Қайрат қатты, күшті, пайдасы да, зияны да мол, жақсылық пен

жамандықты берік ұстайды.

Жүрек адам денесінің патшасы, адам жанының мекені

Ғылым ақыл, қайрат, жүректің басын қосушы, адамға өле-өлгенше азық болатын ұғым.

Сөздікпен жұмыс:

Кәмелет - ой тоқтатқан кез

Жүгіну - бас ұру

Ғибадат - құлшылық ету (діни наным)

Абұйыр - ар- намыс

Мансап - атақ, данқ

Нәфсі - қалау, құмарлық

Ахирет - о дүние

Дөңбекшітетұғын - ойландыратын

Қырына жүру - айтқанына көну, жүру

Табанының топырағы көз сүртелік - қасиетті

Қайыр болмады - берекесі болмады

Иба тұтты - тәртіп сақтады, ізетті болды, құрметтеді

Ғақлия-көркем, дана сөз

мәдмәладқа жету-мақсатқа жету

күнәкәр-күнәлі болу

ІҮ топ:

1
Он жетінші қара сөз не туралы?
1: 2
Он жетінші қара сөз не туралы?: Қара сөздегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
:
1: 3
Он жетінші қара сөз не туралы?: Қара сөзде қайрат, ақыл, жүрек не туралы таласты?
:
1: 4
Он жетінші қара сөз не туралы?: Қалай ойлайсың неліктен Ғылым олардың таласына төреші болды?
:
1: 5
Он жетінші қара сөз не туралы?: Ғылым қандай төрелік айтты?
:
1: 6
Он жетінші қара сөз не туралы?: Абай бұл шығармасы арқылы не айтқысы келген?
:
1: 7
Он жетінші қара сөз не туралы?: Абай қара сөзі адамды қандай болуға үйретеді?
:
1: 8
Он жетінші қара сөз не туралы?: Қалай ойлайсың, тәуелсіз Қазақстан азаматы қандай болу керек?
:
1: 9
Он жетінші қара сөз не туралы?: Ғылымның орнында болсаң, қандай төрелік жасар едің?
:

ІІ деңгей:

1. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласын елден ерек.

2. Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба.

3. Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

4. Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

5. Жүректе қайрат болмаса,

Ұйықтаған ойды кім түртпек?

  1. Мұңмен шыққан оралған тәтті күйге,

Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?

7. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Үннің тәтті оралған мәні оятар.

  1. Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да қуғанға.

Тілші сұрақтары:

1. Абай Құнанбаев қай өңірдің тумасы? (Манарбек)

2. Абайдың артында қандай мұралар қалды? (Бибарыс)

3. Абайдың суреткерлігін қалай дәлелдейсіз? (Дулат)

4. Абайдың сазгер екенін білерсіз. Бір әнін айтып беріңізші. (Ақбота)

Бағалау парағы


Ұқсас жұмыстар
Абайдың Жиырма тоғызыншы қарасөзі
А.құнанбайұлы. отыз бірінші сөз
Абай құнанбайұлы, «он жетінші қара сөз»
«абайдың он жетінші қарасөз» тақырыбын жобалау технологиясы
Абайдың он жетінші қарасөзі
Абай Құнанбаевтың қара сөздері
Қазақ әдебиеті
Абай құнанбаев "он жетінші қарасөз"
Әдебиет сабағында ақпараттық технологияны қолдану
Есептік және реттік сан есім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz