Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Өмір сапасы
Жоспар:
1. Өмір сапасы
2. Өмір сапасының қазақстандық стандарты.
3. Халықтың өмір сапасын жақсарту сан түрлі бағытпен алға баспақ
Пайдаланылғап әдебиет
Өмір сапасы
Әр адамның өмірі бірегей, ол лайықты өмір сүруге құқылы. Ол үшін
мемлекет әрбір жеке азамат өз шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыруы үшін
түрлі жағдайлар жасап, еліміздің өмірлік іс-әрекеттерінің барлық саласын
жаңартуы керек.
Сондықтан партиямыз Қазақстанды әр тұрғынының жағдайына қамқорлық
жасайтын гүлденген мемлекетке айналдыруға ұмтылады. Адамның мүддесі,
құқықтары мен бостандығы «Нұр Отан» партиясының негізгі басымдығы болып
табылады.
Жалғыз жол бар. Ол: адами мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін ерекше
жағдайлар жасау, мемлекетті тиімді басқару, алдыңғы қатарлы саяси жүйемен
сыртқы және ішкі жайлы шарттар.
Елдің жаңа деңгейдегі бәсекеге қабілеттігі құрылғанда ғана
стратегиялық мақсаттарға қол жеткізіледі. Қазақстанның бәсекеге қабілетті
экономикасы, бәсекеге қабілетті мемлекеті және бәсекеге қабілетті
азаматтары болуы қажет.
Біз экономикамызды ішкі жалпы өнімнің көлемі адам басына шаққанда 700
АҚШ доллары деңгейінде бастаған болатынбыз және реформа жылдарында 7000
доллар деңгейіне шығамыз.
Ендігі кезекте партиямыз өз алдына мақсат қойып отыр - әр
қазақстандықтың басына шаққанда 17 мың АҚШ долларынан астам ішкі жалпы өнім
көлемімен әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына кіру. Тек осындай жол
арқылы ғана біз әлемнің озық мемлекеттерінің стандарттарына сәйкес өмір
сапасының қазақстандық стандартына қол жеткіземіз.
Өмір сапасының қазақстандық стандарты.

Біздің түсінігіміз бойынша өмір сапасының қазақстандық стандарты:
А. Табыстың жоғары деңгейі, ол ортаеуропалықтардың деңгейінен төмен
болмауы қажет.
Әлеуметтік сәйкессіздікті азайту: қазақстандықтар жыл сайын
еңбекақысының артуынан және бизнестен түскен кірістерімен дәулеттене түсуі
қажет. Біз халықтың көпшілігі орта жікке жататын әлемнің дамыған
мемлекеттері деңгейіне қол жеткізуіміз қажет.
Б. Жоғары сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау. Біздің медицинада
озық техника мен жоғары білікті мамандар болуы керек. Ақысыз көрсетілетін
медициналық қызметтер сапасының ең төменгі шегі жоғарылатылуы тиіс.
В. Әлем мойындайтын және сұраныста болатын озық және қолжетімді білім.
Біздің орта және жоғары білім беру жүйеміз жоғары білікті мамандарды
дайындауы қажет. Олардың аттестаттары мен дипломдары барлық дамыған елдерде
мойындалуы тиіс.
Г. Адам құқықтары мен бостандығының басымдығы: әрбір Қазақстан азаматы
өзіне Конституцияда берілген кепілдіктердің мүлтіксіз орындалып, қорғауға
алынатындығына сенімді болуы керек.
Д. Қоғамдық тұрақтылыққа, халықаралық бейбітшілік пен дінаралық
келісімге кез-келген қол сұғушылыққа қарсы қатаң іс-әрекеттер қолдану.
Е. Азаматтарды және олардың меншіктерін қылмыстық қол сұғушылықтан
берік қорғау.
Ж. Қала мен ауылды дамытуда тепе-теңдікке жету. Ауылдықтардың өмір
деңгейі мен кірісі, сондай-ақ ауылдық жерлерге көрсетілетін қызметтер
сапасы қала тұрғындарымен теңестірілуі тиіс.
З. Халықтың әлеуметтік жағдайы төмен бөлігіне кеңінен қолдау көрсету.
Зейнеткерлер, ардагерлер, мүгедектер және аз қамтылған отбасылары әрқашан
да қоғамның қамқорын сезінуі керек. Осы санаттағы адамдарға көмек
көрсетудің тиімді адрестік жүйесі оларға Еуропалық Одақ елдерідегідей өмір
деңгейін қамтамасыз ете алады.
И. Экологиялық таза қоршаған орта. Біз ауыз судың жетіспеушілігінен,
ауаның газдалуынан және өнеркәсіптік қалдықтардан жапа шекпеуіміз керек.
Қазақстан экологиялық жағдайы ең жақсы елдердің қатарына кіруі қажет.
К. Жоғары деңгейлі мәдениет пен ғылым: мемлекет тек жағдай жасап
қоймай, ғылыми және шығармашылық зиялылардан әлемдік деңгейдегі жетістіктер
мен туындыларды күтеді
Л. Дамыған қызмет көрсету саласы. Қазақстандықтар көлік, байланыс,
телекоммуникация, демалыс және туризм салалары бойынша сапалы қызмет
көрсету түрлерін пайдалануы тиіс - біз еуропалық елдер халқынан кем емес
жағдайда жұмыс істеп, демалуымыз керек.
Қазақстан үлкен мүмкіндіктері бар гүлденген елге айналуы қажет. Онда:
әр адам өзін қорғалған және қажеттімін деп сезінеді;
мемлекет адамды басымдылық деп, инвестиция салатын ең тиімді нысаны
деп есептейді;
барлығы болашаққа сеніммен қарайды және келешектегі жоспарларын
жасайды;
барлығы бірге немесе жекелеп қоғамды дамытуға үлесін қосады.
Біз әлемдегі ең бай елдердің бірінде тұрамыз. Біз әр Қазақстандық
азаматты дәулетті етуіміз керек және осыған қол жеткізе аламыз!
Халықтың өмір сапасын жақсарту сан түрлі бағытпен алға баспақ
Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет
отырысында маңызды үш мәселе қаралды. Оның біріншісі еліміздегі білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
болды.
Осы мәселе бойынша баяндама жасаған Білім және ғылым министрі Бақытжан
Жұмағұлов Үкіметтің үстіміздегі жылғы 11 ақпандағы қаулысымен осы
мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың 2011-2015 жылдарға арналған іс-
шаралар жоспарының бекітілгендігін айтты. Осы іс-шаралар жоспарын жүзеге
асыруға қосымша 461,1 миллиард теңге қаржы бөлу көзделеді.
Мұның сыртында үстіміздегі жыл үшін мектептер салуға және
мұғалімдердің жалақысын көбейтуге тағы да 22,5 миллиард теңге бөлінбек.
Бағдарлама бірнеше бағыттан тұрады. Соның бірі – мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту ісін жақсарту. Осы үшін алдағы үш жылда 90 балабақша
салынуы қажет. Мұның сыртында 2015 жылға дейін 615 шағын орталық пен 163
жеке меншік балабақша ашылатын болады. Бұрын жеке меншікте болып келген 118
ғимаратты босату есебінен 154 балабақша қайтадан қайтарылатын болады.
Бағдарламаның тағы бір бағыты – орта білім беру ісін дамыту. Осы үшін
12 жылдық оқытуға көшу қажет. Бұл мемлекетке біраз қаржыға түсетіндігі
белгілі. Мәселен, аталған мақсатқа жету үшін барлығы 522 мектеп салынуы
қажет екен. Осы мектептердің құрылысы үшін алғашқы үш жылға 167,4 миллиард
теңге қарастырылған. Осы мектептер толық салынған кезде апатты мектептер
мен үш ауысымда оқытатын мектептердің проблемасы жойылады. Тек биылғы
жылдың өзінде 82 мектеп салынатын болады. Олардың 30-ы республикалық
бюджеттің, 52-сі жергілікті бюджеттердің есебінен іске қосылады.
Осы мәселеге орай министр қазіргі күні 12 жылдық оқытуға көшу кестесі
мұқият тексерілгендігін, білім беру мен оқыту мазмұнының жаңа стандарттары
жасалу үстінде екендігін атап көрсетті.
Бағдарлама алға қойған тағы бір мақсат мұғалім мәртебесін көтеру болып
отыр. Бұған мұғалімнің еңбекақысын көтеру, біліктілік деңгейін арттыру,
ваучерлік жүйесін енгізу, «Болашақ» стипендиясының аясында ағылшын тілді
мұғалімдерді әзірлеу және түрлі насихат шараларымен мұғалім беделін көтеру
арқылы қол жеткізілмек. Аталған мәселеге байланысты 2015 жылға қарай
мұғалімдердің орташа жалақысы жеке сектордағылардың жалақыларымен
теңестірілетін болады. Тек биылғы жылдың өзінде бюджет саласындағы барлық
қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға көбейтіледі. Мұның сыртында
мұғалімдерге қосымша үстемеақы беріледі.
Сондай-ақ үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап жоғары
категориялары бар мұғалімдер мен техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарының шеберлері біліктілігі үшін лауазымдық жалақысының 100 пайыз
көлемінде қосымша ақы алатын болады. Мұндай қосымша ақыны басқа да
мұғалімдерге төлеу көзделінуде. Осы мақсатқа биылғы жылға республикалық
бюджеттен 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес мемлекеттік білім беру жинақ жүйесі
енгізіледі. Бұл жүйе әр отбасына балаларын оқыту үшін қаражат жинауға
мүмкіндік береді. Жинақтаған сомасына орай мемлекеттен сыйақы да бөлінеді.
Қазіргі күні осы шараны жүзеге асырудың тетіктері талқыланып, нақты
есептеулер жүргізілуде.
Мұғалімдердің беделін көтеру ерекше назарда тұр. Алдағы уақытта бұл
жұмысқа мұғалімдер қауымы, бұқаралық ақпарат құралдары, азаматтық қоғам
кеңінен тартылатын болады.
Бағдарламаның басқа да бірқатар қосымша жаңалықтары бар.
Сондай-ақ осы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау саласын дамытудың
мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шаралары да қаралды. «Саламатты
Қазақстан» деп аталатын бұл бағдарлама 2011-2015 жылдарға арналып жасалған.
Оны жүзеге асыру тетіктері жайында Үкімет отырысында Денсаулық сақтау
министрі Салидат Қайырбекова баяндады.
Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін 202 шарадан тұратын жоспар
әзірленген. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап соның 165-ін жүзеге
асыру ісі басталды. Бұл шаралар 50-ге жуық құқықтық актіні, соның ішінде
Үкіметтің 6 қаулысын әзірлеуді көздейді.
Бағдарламада төтенше жағдайларда жедел көмекке келу ісі ерекше
қарастырылған. Осыған байланысты қазіргі күні санитарлық авиация қызметі
нығайтылуда. Жаңа тікұшақтар сатып алынуда. Осылар арқылы науқастарды қиын
жерлерден алып шығу ісі бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақсаратын болады.
Арнаулы бригадалар жұмыс істейді. Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанынан
бастап, халықаралық және республикалық маңыздағы жолдар бақылауға алынып,
жол үстіндегі апатты жағдайларға жедел жету ісі ұйымдастырылады.
Туберкулезбен күресті күшейту жөніндегі тапсырмаға орай мемлекеттік
бағдарлама аясында түрмелердегі медициналық қызметтің материалдық-
техникалық базасын нығайту мақсатында 1 миллиард теңгеден астам қаржы
қарастырылды. Сондай-ақ қазақстандықтардың денсаулықтарын нығайту
бағытындағы сектораралық шараларды жүзеге асыру үшін тек үстіміздегі жыл
үшін 18,12 миллиард теңге бөлінді.
Ауруларды ертерек айқындау шаралары нығайтылуда. Бұрын осы мақсатта
тегін медициналық қызмет көрсету онкологиялық және жүрек-қан тамырлары
жүйесі аурулары арасында ғана жүргізілсе, биылғы жылдың қаңтарынан бастап
гепатиттер мен қант диабеттері, көру және есту қабілеттері нашарлаған
адамдар арасында да жүргізілетін болды. Жыл басынан бастап 500 мың адам
арнайы тексеруден өткізіліп, 11,5 мыңнан астам науқасқа шалдыққандар
анықталды. Сондай-ақ қаралған балалардың арасында 67,5 мың баланың бойынан
түрлі ауру белгілері байқалды.
Ел халқының 40 пайыздайы ауылды жерлерде тұратыны ескеріле отырып,
оларға медициналық көмектің қол жетімділігіне ерекше көңіл бөлінуде.
Қазірдің өзінде осы мақсатта өңірлерге 11 жылжымалы медициналық кешендер
жеткізілді. Жыл соңына дейін олардың саны 50-ге дейін арттырылады.
Бұл салада жүзеге асырып жатқан басқа шаралар да аз емес. Олардың
барлығына қажетті қаржы бөлінген. Жалпы, қаражат жағынан кемшілік жоқ деп
айтуға болады.
Осы Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамтудың 2020 жылға дейінгі
жаңа бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері де қарастырылды. Бұл жайындағы
баяндаманы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара
Әбдіқалықова жасады.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қазіргі күні 3 заң жобасы, 5 үкімет
қаулысының жобасы жасалып, министрдің 3 бұйрығы шықты. Осыған орай,
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңға Үкімет пен атқарушы орган құзыретін
толықтыру, «әлеуметтік келісім-шарт», «жалақыны субсидиялау», «жұмыспен
қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары», «өз бетімен жұмыспен
айналысушылар» деген түсініктерді енгізу, жұмыспен қамту орталықтарының
мәртебесін айқындау бағытында жұмыстар жүргізуде. «Тұрғын үй қатынастары
туралы» Заңға Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысушыларға жалдамалы үй беру
жөнінде қосымша нормалар енгізу көзделуде.
Осылар бойынша алдағы уақытта өз бетімен жұмыспен айналысушыларды
айқындап, жұмыссыздар мен табысы аз адамдарды оқытуға, жұмысқа
орналастыруға мемлекет есебінен жәрдем көрсетілетін болады. Мәселен, оларды
тегін оқыту, жолақысына, жатақханада тұруына немесе жалдамалы үй шығындарын
өтеуге субсидиялар беріледі. Басқа да қолдау көмектер жасалынады.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлікті дамытуға көңіл
бөлініп, осы іспен айналысушыларға мемлекеттік көмектер ұйымдастырылады. Өз
ісін ашуларына қолдау жасалынады немесе қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз
ету тәртібі белгіленеді.
Бағдарламада жұмыспен қамту мәселесінде басқа да қолдау шаралары
ұйымдастырылмақ. Жаңа жұмыс орындары айқындалып, оларға халықтың көшіп
келуіне жағдайлар жасалады. Адамдардың өз тұрған жерлерінен жаңа кәсіп
түрлерін ұйымдастыруға да ерекше көңіл бөлінеді. Осылардың барлығына
мемлекет есебінен қаржылай қолдау көрсетіледі. Қазіргі күні осы мәселенің
тәртіптері айқындалып, жүйелену үстінде.
Үкімет отырысында аталған мәселелер бойынша қысқаша қорытынды сөз
сөйлеген Премьер-Министр Кәрім Мәсімов жуықта өткен «Нұр Отан» партиясының
съезінде Үкіметке халықтың өмір сапасын көтеруге байланысты бірқатар
тапсырмалар берілгендігін еске салды. Еліміздегі білім беру, денсаулық
сақтау салаларын нығайту, халықтың жұмыспен қамтылуын жақсарту осы
тапсырмалар аясында қарастырылып жатқандығын айта келіп, аталған мәселе
Үкіметтің тұрақты назарында болатындығын жеткізді.
Пайдаланылғап әдебиет
1. http://www.egemen.kz/300621.html
2. http://kk.newikis.com/ӨМІР_САПАСЫ.html

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz