Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
70-80 ж.ж. Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы
Жоспар
І Кіріспе
І Негізгі бөлім.
1. Өнеркәсіп салаларының дамуы
2. Реформаның негізгі мақсаты
3. Халық шаруашылығын дамытудағы басты міндет – экономиканы
дамытудың интенсивті жағына көшіру.
ІІІ Қорытынды
70-80 ж.ж. Қазақстанның әлеуметтік
экономикалық дамуы.
1966 ж. басталған экономикалық реформа бастапқы кезде эко-номикалық
дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықтың басына дейін
жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша Қазақстандық
1578 кәсіпорын немесе олардың жалпы санының 84 проц. жұмыс істеді. Жоспар
сегізінші бесжылдықтың негізгі көрсеткіштері бойынша орындалды:
өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 52 проц.
артты. Өнеркәсіптік барлық саласы тиімді жұмыс істеді. Бірақ белгілі
дәрежедегі радикализмге қарамай, зкономикалық реформаның бірінші қадамынан
бастап-ақ оның жүйесіздігі, жартыкештігі көрініп тұрды. Тоталитарлық жүйе
оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол
бермеді, бұл құрылым өз дамуында тауарсыз социализмнің үстемдік құрып
отырған лепірмесінің құрсауында болатын.
Осының салдарынан 70-жылдардың басында экономикалық реформаның
қоғамдық өндірістік тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары
бұрмаланды.
Реформаның негізгі мақсаты — кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін
жоспарлы кеңейту — тек көрсеткіштерді кемітуге және коллективтердің
көтермелеу қорларын қалыптастыру тәртібін өзгертуге әкеп сайды. Көптеген
кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, неғұрлым оңай жолға — өз
өнімдерінің бағасын қолдан жоғарылату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен
алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек
өнімділігінін өсуін басып озды, мұның өзі 70-жылдың басында-ақ инфляциялық
процестердің басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал
жасады. Реформаның жартыкештігі мынадан көрінді: ол кәсіпорындардың
дербестігін кеңейте отырып, министрліктер мен ведомстволардың әкімшілік
және экономикалық өкілеттігін күшейтті. Қол жеткен дәреже принциптеріне
негізделген жоғарыдан орталықтандырылған жоспарлау сақталып қалды, жалпы
өнім көрсеткіштері, олардың жетілдірілмеген деп танылғанына қарамастан,
қолданыла берді.
Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы
демократиялардыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономиканың ұйымдық-
техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік
қатынасына соқпады, бюрократияның тірегі — мемлекеттік меншіктің
монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Брежнев пен
оныц төңірегіндегілер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға
қарсы болды, олар экономиканың қызметіндегі әкімшілік жүйелеріне қол сұғуға
болмайтындығын сақтауға тырысты.
70-ж. басында реформаны жүргізу тоқтатылды. Сол жылдары әлі де
шаруашылықты жүргізу, жоспарлау мен ынталандыру механизмдерін жақсартуға
әлденеше рет талпыныс жасалғанымен мұның өзі тиісті нәтиже бермеді.
Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру қолдан келмеді. Теріс құбылыстар
көбейе берді, қор қайтымы төмендеді, жаңа өндірістік қуаттар шабан
игерілді, экономикалық қызметтің ысырапшылық сипаты күшейді, бұрынғыша
экономиканың дамуын экстенсивті факторлар белгіледі.
Тоғызыншы бесжылдықтың басына қарай республиканың эко-номикасында
өнеркәсіп жетекші орын алды. 1970 ж. қоғамдық өнімнің жалпы құрылымында
оның үлесі 48 проц. болды. Халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік
қорлардың 39,8 проц. өнеркәсіптің үлесіне тиді, онда 1052 мың адам қызмет
істеді, ол республика жұмысшыларының 22,4 проц. еді.
1970—1985 жж. республиканың индустриялық потенциалы белгілі дәрежеде
өсе түсті. Өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық
шаруашылыгына жұмсалған қаржының 32 проц. жұмсалды. Негізгі өндірістік
қорлар 3,1 есе артты, оның ішінде химия және мұнай химиясында 6,5 есе,
машина жасауда 4 есе дерлік, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде
өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі
сияқты салаларда үш еседен астам өсті. 1000-дай өнеркәсіп орындары мен
цехтар қатарға қосылды. Онын ішінде Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко
пластмасса зауыты, Қарағанды резина-техника зауыты, Павлодар және Шымкент
мұнай өңдеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр
цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай сутэлектр станциясы, Шымкент
және Жамбыл фосфор зауыттары, Жәйрем кен байыту комбинаты және басқалар
бар. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі женінен Қазақстан үшінші (РКФСР мен
Украинадан кейін) орын алды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл, Павлодар-Екібастұз
аймақтық-өндірістік комплекстері қалыптасты.
Экономикалық потенциалдын өсуі халық шаруашылық айналымына шикізат
және отын энергетикалық ресурстарды тарту есебіне жүзеге асырылды.
Экономиканы басқаруды қатаң орталықтандырудың жағдайында өнеркәсіптің
құрылымы шикізат өндіруге бағытталған сипатын бұлжытпай сақтап қалды.
Базалық министрліктердің өзімшілдік мүдделеріне бас шұлғи отырып, орталық
республика экономикасын дамытуда кен шығаратын салаларға басымдық беріп
отырды. Ғылымды көп талап ететін өндірісті дамытудың орнына ірі күрделі
қаржы соларға жұмсалды. 80-жылдардың басында республика өнеркәсібінде кен
шығаратын салалардың үлесі орта есеппен алғанда елдегімен салыстырғанда 1,7
есе жоғары еді. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық
министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республикада шикізат
ресурстарын сорып алып, аса зор пайда таба отырып, республика бюджетіне
инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады деп айтуға болады. Олар өз
кәсіпорындары жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырған жағдайда
республиқалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 проц. аз қаржы
аударды. Одақтық министрліктер жалпы өнім көрсеткіштері мен пайдаға құныға
отырып, республиканың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, ұлттық жұмысшы
кадрларын даярлау, қоршаған ортаны қорғау мүдделерін аяққа басты.
70—80-жж. алып кәсіпорындар түріндегі шикізат салаларын дамытуға бағыт
ұстау өнеркәсіптің өңдейтін және қайта өңдейтін өндірісінің өсу қарқыны
төмен болуына, халық тұтынатын тауарлар, тамақ және жеңіл өнеркәсіп
өндірісінің дамуы жеткіліксіз болуына әкеп соқтырды. Тұтынатын азық-түлік
емес товарлардың 60 проц. Қазақстанға басқа республикалардан алынып
келіінді, осының өзінде олардың бір бөлігі Қазақстан шикізатынан жасалды,
бірақ ақтық өнімді өткізуден түсетін пайданы оны жасап шығарушылар алды.
Директивалық жоспарлау және монополист-ведомстволардың мүдделері
салдарынан республиканың орны толмас ресурстары талан-таражға салынып,
тасып әкетіліп жатты. Шығарылған шикізат пен қуаттардың пайдаланылу
тиімділігі төмен болды.
Бесжылдықтан бесжылдық өткен сайын индустрияға жұмсалатын күрделі
қаржы өсе берді, өндірістік құрылыстың сипаты алып көлеммен белгіленді.
Республиканың басшылығы мұндай алыпқа табынушылықты қолдап, КОКП-ның
кезекті съездерінде елдегі немесе Еуропадағы ең ірі өнеркәсіп орнының
шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың қатарға
қосылғаны туралы есеп беріп отырды. Республиканың жағдайы халықтың тұрмыс
дәрежесімен, оның КСР Одағындағы егемен құқықтарының толықтығымен және
нақтылығымен, рухани мәдениетінің дамуымен емес, жұмсалған күрделі қаржының
сомасымен, шығарылған руданың, көмірдің, мұнайдың және басқалардың
тоннасымен бейнеленді.
Экономиканың көкейтесті міндеттері көбінше әміршіл-әкімшілік
әдістермен шешілді. Мемлекеттік жоспарлауға қандай да бір елеулі өзгеріс
енгізілген жоқ. Кәсіпорындарға директивалық жоспарлы тапсырма еңбек
коллективінің келісімінсіз жоғарыдан жіберілді. Іc жүзінде өнімнің барлық
түрлері, өзіндік құнның және басқалардың көрсеткіштері жоспарланды. Мұның
өзі кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай, жоспарды орындауға мәжбүр етті.
тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. Өндірістің
теңестірілмеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық тоқсандық және
айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды. 1981—1985
жылдары республикада әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары
300-ден астам рет өзгертілген.
Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың өсуі халық шаруашылығының
бipқaлыпты дамымауына алып келді. Өнеркәсіп өнімдерінің жылдық орташа өсуі
тоғызыншы бесжылдықтағы 8,4 проценттен он бірінші бесжылдықта 3,8 проц.
дейін төмендеді, ал ұлттық табыс осыған сай 4,4-тен 1,4 проц. дейін
төмендеді. Жүйенің және республика партия басшылығының жоспарды қандай
шығынмен болса да орындауға жұмсаған күш-жігеріне қарамастан өнеркәсіп
өндірісі көлемін ұлғайту жөніндегі тоғызыншы бесжылдық жоспар 12,6 проц.,
оныншы бесжылдық 25 проц., он бірінші бесжылдық жоспар 3,8 проц. орындалмай
қалды.
Бітпеген құрылыстар түрінде аса көп материалдық байлықтар мен еңбек
өлі дүниеге айналып жатты. Мұндай дүниелер 1980—1989 жж. өндірістік
салаларда жұмсалған жалпы күрделі қаржының 85 проц. 101 проц. дейінгі
мөлшерінде болды. Тек 1976—1985 жж. ғана республиканың құрылысшылары 4,2
млрд. сом күрделі қаржыны игере алмады. Осының салдарынан халық 1,4 млн.
шаршы метр тұрын үйді, 121,5 мың мектеп орнын, 49,5 мын мектепке дейінгі
мекемелер орнын, 67 мың кәсіптік-техникалық училищелеср орнын, 7 мың
аурухана орнын ала алмады. Күрделі құрылыста «сақалды» құрылыстар берік
орын алды, жоспарлы құрылыстардың орнына жоспардан тыс көптеген құрылыстар
салынды, обьектілердің шашырандығы, қаржы мен жұмысшы күшін көптеген
құрылыстарға шашыратып жіберу, жобалаушылар мен жабдықтар жіберушілердің
арасында өзара байланыстың болмауы, толық бітпеген және ақауы бар
объектілерді пайдалануға беру, қосып жазу және құрылыс материалдарын талан-
таражға салу берік орын алды.
Өмір сүріп отырған жүйе экономиканы жандандыруға бағыттанған төменнен
болған бастамалардың бәрін тұншықтырып отырды. 70-жылдары құрылыста
бригадалық мердігерлікті дамыту қозғалысы басталды. Мұның негізінде
жұмысшылардың өндірісте, ресурстарды пайдалануда тәртіп орнату, еңбекақы
төлеуде теңгермешілікті жою, неғұрлым көбірек дербестік алу жолындагы
ұмтылысы жатқан еді. Іс жүзінде әңгіме жұмысшылар ецбегімен тапқан қаржының
көп бөлігін саны көп басқару құрылымының қызметкерлеріне ақы төлеуге
жұмсамай, оны жұмысшылардың өздері алатын болуы туралы болды. 1982 ж.
республиканың құрылыстарында мердігерлік әдіспен 5,7 мың бригада, ал 1985
ж. 6,8 мың бригада жұмыс істеді. Бұл ұжымдарда еңбек өнімділігі басқалардан
23—25 проц. жоғары, жұмыстардың өзіндік құны 13—15 проц. төмен болды.
Бригадалық мердігерлікті сөз жүзінде бәрі қолдады және насихаттады, бірақ
іс қалай басқару аппаратын қысқарту және оның қызметін еңбек
коллективтеріне беруге келгенде мердігерлік әдіс көптеген нұсқаулар арқылы
жоққа шығарылды, олар еңбек ұжымдарын өздері еңбегімен талқан қаржыларын
жұмсау дербестігінен айырды. Бригадалық мердігерлікті қанша насихаттағанмен
жүйе оны экономикалық құбылыс ретінде тұншықтырып тастады.
Республикада Тула облысы Щекино қаласы химкомбинаты ұжы-мының «Аз
қызметкерлермен көп өнім шығарайық» деген мақсат қойған экономикалық
бастамасы да кең тарамады. Мұнда қызметкерлерді қысқартып жалақыдан
үнемделген қаржы жұмыс істейтін адамдарды ынталандыруға жұмсалды. Бұл
тәжірибені қолдану басқармаларда, трестерде, министрліктерде басқару
аппаратын қысқартуға көмектесті. Бұл эксперимента де бюрократтар
«ойдағыдай» тұншықтырды.
Өндірістің өсу қарқынының төмендеуі, өндірістің құрылымы мен өнім
саласының нашарлауы ғылыми-техникалық прогресс саласындағы артта
қалушылықтың күшейе беруімен ұштасты. 70-жылдардың басынан бастап дамыған
капиталист елдер ғылыми-техникалық прогрестің жаңа кезеңіне аяқ басты.
Бұл дәуірде Кеңестік басшылық елдің халық шаруашылығын дамытудағы
басты міндет — экономиканы дамудың интенсивті жолына көшіру және ғылыми-
техникалық прогресті өрістету деп дұрыс анықтады. Былай қарағанда елдегі
сияқты республикадағы ғылыми техникалық потенциал алға қойылған бұл
міндетті шешуге мүмкін сияқты болып көрінді. 1958 ж. ақырында Қазақстанда
жоғары оқу орындарын қосқанда 227 ғылыми мекеме, оның ішінде 91 ғылыми-
зерттеу институты бар еді, зауыттардағы ғылым 108 конструкторлық бюрода, 99
лабораторияда, 52 тәжірибе-эксперименттік бөлімшеде шоғырланған еді.
Қызықты идеялар мен ұсыныстар аз болған жоқ, жаңашылдар мен
өнертапқыштардың саны аса зор мөлшерге жетті, жаңалық ұсыныстар мен
өтініштер берген авторлардың саны 1981—1985 жж. 818,8 мың адам болды.
1976—1985 жж. жыл сайын орта есеппен 165 мың өнертапқыштың ұсыныстарымен
өтініштері түсті. Партия мен үкіметтің басшы органдары ғылыми-техникалық
прогрестің табыстарын енгізу және өндірістің тиімділігін арттыру туралы жыл
сайын қаулы алып жатты. Алайда олар өндіріске ғылыми-техникалық прогрестің
жетістіктерін енгізу практикасына аз ықпал жасады.
Шаруашылық жүргізудің жұмыс істеп тұрған механизмі ғылым мен
техниканың жетістіктерін өндіріске енгізуге іс жүзінде кері әсерін тигізді.
Кәсіпорындардың ұжымы жаңа техниканы игеруге ынталы емес еді, өйткені бұл
кәсіпорын және жеке алғанда әрбір жұмыс істеушінің жұмыс нәтижесіне теріс
әсерін тигізді. Сондықтан жаңа өнім мен бұйымды игеру мен шығару көп жылға
созылды. Өндірістің, бүкіл процесі емес, тек жеке учаскелері ғана
автоматтандырылды және комплексті механикаландырылды. Осының салдарынан 80-
жылдардың ортасында өнеркәсіптегі жұмысшылардың үштен бірі, құрылыста
жартысынан астамы ауыр қол еңбегін атқарды.
Өмір сүріп түрған жүйе еңбекшілерді өз еңбегінің нәтижелілігіне
экономикалық жолмен ынталандыруға қабілетсіздігін көрсетіп қана қоймай,
сонымен бірге ол адамдардың жаңашылдыққа, шығармашылық белсенділікке және
жоғары өнімді еңбекке деген ынта-ықыласын мұқалтты.
70—80 жж. республика экономикасында тұтастай елдің халық шаруашылығына
тән үйлесімсіздіктердің бәрі көріне бастады. Бұл ең алдымен басқарудың
әміршіл-әкімшілдік әдістерінің орнығуы еді. Экономикалық ынталандыруды
жоққа шығара отырып, қалыптасқан жүйе экономиканы экстенсивтік даму жолында
ұзақ ұстап қалды. Мемлекеттік меншіктің іс жүзінде ведомствалық меншікке
айналдырылуы өндіріс қызметкерлерін құрал-жабдықтарынан алыстатуға алып
келді. Еңбекке ақы төлеу жүйесі еңбектің нәтижесімен байланыстырылмады.
Шаруашылық өмірінің негізі ведомстволардың нұсқауларымен белгіленді, олар
кәсіпорындарды дербестік пен инициатива атаулыдан жұрдай етіп айырды.
Халық шаруашылығы иесіздіктен, жаңа техника мен технологияны нашар
енгізуден үлкен зиян шегіп жатты. Экономикалық ведомстволар түріндегі
орталықтың өміріне бағыну республикада мұны онан да қиындата түсті. 80ж.
ортасында республика экономикасы дағдарыс жағдайына ұшырады.
Ведомстволық бюрократияның жүгенсіздігі, «жоғарыдан» қатаң әміршілдік
басқару, еңбекке ақы төлеудегі теңгермешілдік пиғылдар, мемлекеттік
меншіктің монополиясы, еңбекшші меншіктен және еңбек нәтижесінен алыстату,
өндірісті басқарудагы демократиялық бастамалардың тежелуі салдарынан
жұмысшы табының шығармашылық белсенділігі күрт төмендеді. Еңбек ұжымы
жоспарлар мен жоғарғы орындардың нұсқауларын орындаушы ғана болған, қатаң
әміршілдік басқару жағдайында жұмысшыларды кәсіпорындарда қандай да бір
басқарушылық қызметін орындауға тартудың таза формальді сипаты қалыптасты.
Жұмысшыларды өңдірістік басқаруға тарту мақсатын қойған қоғамдық ұйымдар,
әртүрлі қоғамдық бюролар, комиссиялар тұрақты жұмыс істейтін өндірістік
кеңестер жане басқалардың көпшілігі бос далақтап, жұмыс істеген болып
жүрді. Қоғамдық жұмыс саласында жалған, көрер көзге белсенділік көрсету,
қосып жазу әдетке айналып кетті. Қоғамдық ұйымдардың есеп мәліметі бойынша
жұмысшылардың 60 проценттейі өндірісті басқаруға қатынасатын болып саналды.
Іс жүзіңде жұмысшылардың өздерінің бағалауы бойынша олардың алтыдан бір
бөлігі ғана кәсіпорындарда істің нақты жағдайына ықпал жасай алатын оның
қожасы мен деп сезінді.
Өмір сүріп отырған шаруашылық жүйесі шын мәнінде ынталы әрі белсенді
қызметкерді көкірегінен итерді, өндіріс жаңашылдарына өздерін толық
көрсетуге мүмкіндік бермеді. Олардың кейбіреулерін жүйе дөрекі тұншықтырды,
екінші біреулерін қолдаған болып, жылдар бойы «шамшырақтардың» қатарында
жүргенмен олардың тәжірибесі таратылмады. Социалистік жарысты ұйымдастыру
формальді сипат алды. Ресми мәлімет бойынша оған жұмысшылардың 90 проц.
қатысқанымен, мұның өндірістің өсу қарқынына, еңбек өнімділігіне, өнімнің
сапасын жақсартуға, өндірістік жетілдіруге ықпал болған жоқ. Коммунистік
еңбек жолындағы қозғалыста бастапқы кездегі талпыныстан кейін бос сөзге
айналдырылды, Өндірістік белсенділік те өспеді, қайта төмендей берді.
Өндірістің даму қарқынының төмендеуі, өнім сапасының нашарлауы,
технологиялық және еңбек тәртібінің құлдырауы, ғылыми-техникалық прогресс
саласында артта қалушылықтың өсе беруі, міне осының салдары еді. Өндірісте
немқұрайдылық, салақтық, ынта-жігерсіздік, талан-тараждылық, іске
жанашымастықтың басқа да көріністері үйреншікті әдетке айналды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ч.Мусин. «Қазақстан тарихы».
2. Қазақстан тарихы очерктері.
3. Ғ.Маймақов. «Қазақстан Республикасының тарихы».

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz