Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Жаңа жыл мерекесі. Аяз ата
Жүргізуші: Қош келдіңіз, Аяз ата,
Қарсы аламын орын беріп
Ән салыңыз бізбен бірге
Би билеңіз бізге еріп.
Жаңа жылымызға қош келдіңіз, біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.
Аяз Ата, қасыңыздан Ақшақар қызыңызды көрмей тұрмыз ғой, Ақшақар қайда?
Аяз Ата: Ақшақар қызымнан адасып, таба алмай қалдым.
Жүргізуші: Аяз Ата, қазір Ақшақар қызыңыз келіп қалар, балалар, біздер қандай ертегілерді білеміз, айтыңдаршы?
Балалар: Бауырсақ, Үш аю, Жеті лақ, Мақта қыз бен мысық ертегісі.
Жүргізуші: Ендеше, балалар, бауырсақ ертегісін айтып бастайық. Бір күні ата мен әже болыпты. Ата мен әже Жаңа жыл мерекесіне арнап бауырсақ пісіріпті. Бауырсақты суыту үшін оны терезе алдына қойыпты. Бауырсақ домалап жаңа жыл мерекесін тойлауға достар іздеп кетіпті.
Ән: <<Аяз ата>>
Жүргізуші: Балалар, бауырсақ қоянға кездесіпті.
Қоян: Бауырсақ, бауырсақ, қайда бара жатырсың?
Бауырсақ: Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға дос іздеп келе жатырмын.
Қоян: Ендеше, біздерді жаңа жыл мерекесіне ала кетші, дос болайық.
(Қояндар бауырсаққа ілесіп шырша жанына келеді)
Бауырсақ: Сендердің қандай өнерлерің бар?
Қоян: Біздердің жаттаған тақпақтарымыз, билейтін билеріміз бар.
(Қояндар тақпақтарын айтып, билерін билейді)
Аяз ата: Бәрекелді, Жаңа жыл мерекесіне ақ қояндар да өз тартуымен келіпті. Ақ қояндар, сендер менің Ақшақар қызымды көрмедіңдер ме?
Қоян: Жоқ, жоқ, көрмедік.
Аяз ата: Ақшақар неге кешікті екен, а? Мүмкін ол осы маңда адасып жүрген шығар. Бауырсақ, сен менің Ақшақар қызымды да қарай жүр.
Бауырсақ: Жарайды, қарайын.
Жүргізуші: Бауырсақ тағы да жолға шығады. Домалап, домалап, қасқырға кездеседі.
Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ, қайда бара жатырсың?

Қасқыр: Ендеше, біздерді жаңа жыл мерекесіне ала кетші, дос болайық.
(Қасқырлар бауырсаққа ілесіп шырша жанына келеді)

Қасқыр: Біздердің жаттаған тақпақтарымыз, билейтін билеріміз бар.
(Қасқырлар тақпақтарын айтып, билерін билейді)
Аяз ата: Қасқырлар-ау, жолдан менің Ақшақар қызымды көрмедіңдер ме?
Қасқыр: Жоқ! Жоқ! Көрмедік!
Жүргізуші: Бауырсақ тағы да жолға шығады. Домалап, домалап, аюға кездеседі.
Аю: Бауырсақ, бауырсақ, қайда бара жатырсың?

Аю: Ендеше, біздерді жаңа жыл мерекесіне ала кетші, дос болайық.
(Аюларлар бауырсаққа ілесіп шырша жанына келеді)

Аю: Біздердің жаттаған тақпақтарымыз, билейтін билеріміз бар.
(Аюлар тақпақтарын айтып, билерін билейді)
Аяз ата: Аюлар-ау, жолдан менің Ақшақар қызымды көрмедіңдер ме?
Аю: Жоқ! Жоқ! Көрмедік!
(Осы кезде бауырсақпен ілесіп түлкілер мен Ақшақар келе жатады)
Жүргізуші: Балалар, бауырсақпен бірге кім келе жатыр, қараңдаршы?
Балалар: Қу түлкі! Қу түлкі келе жатыр.
Түлкі: Жооқ, балалар, мен қу емеспін. Мен ешкімді алдамаймын. Бәріміз дос болайық. Мен сендерге жаңа жылға Ақшақарды алып келе жатырмын.
Аяз ата: Бауырсақ пен түлкі, сендер біраз еңбектеніп шаршадыңдар ғой, енді біраз отырып дем алайық. Жаңа жылға арнаған тақпақтарыңды тыңдап, билеріңді көрейін.
(Түлкілер тақпақтарын айтып, билерін билейді)
Жүргізуші: Ақшақар, сізде жолдан тоңып келген шығарсыз. Біздің мына кішкентай Ақшақар қыздарымызбен би билеңіз.
(<<Ұлпа қарлар>> биі. Тақпақтарын айтады)
Жүргізуші: Ал, енді, балалар, Аяз атамен бірге <<Қар жинау>> ойынын ойнаймыз ба?
Балалар: Иә, ойнаймыз. (Ойын ойналады)
Бауырсақ: Аяз ата және менің достарыммен бірге шырша айналып, өлең айтайық. Енді бәріміз дос болайық, ренжіспейік, жарайды ма, балалар?
<<Маленькой елочке>> әні.
Аяз ата: Балалар, сендер өнерлі екенсіңдер. Маған Ақшақарды тауып бердіңдер, көп рахмет сендерге. Біз Ақшақар қызым екеуміз енді жолға шығайық. Бізді басқа балабақшада балалар күтіп отыр. Сау болыңдар, балалар!
Балалар: Сау болыңыз, Аяз ата! Сау болыңыз, Ақшақар!
Төрлет, Құтты Жаңа жыл!
Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.
Барысы:
Екі жүргізуші ортаға шығады.
1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші: Бармысыздар замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!
1 - жүргізуші: Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
2 - жүргізуші Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
1 - жүргізуші: Элеонора байқаймысың, бұл кеште біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен?
2 - жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар. Қане ашып көрелік. Әлішер, қане сен ашып көр. Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып тұрмын.
1 - жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1..2..3 дегенде екі қаптың аузын бірге ашайық.
2 - жүргізуші Жарайды ,мен келістім.
Ендеше бастасақ, бастайық.
(қаптың аузын ашқанда клоундар атып шығады)
Клоун1: Сәлем саған, туған ел!
Клоун2: Сәлем, сәлем достар!
Ой, ой,ой біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Көп соза бермейік. Достарымызда ертіп келейік қане?!
Клоун1: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Ертсек, ертіп келейік.
(клоундар шығып кетеді, сыныптағылар келеді)
Музыка ойнайды (оқушылар шыршаны айналып <<Жаңа жыл>> әнін орындайды).
1 - жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.
2 - жүргізуші Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
Ән:_____________________________
1 - жүргізуші: Армысың, аманбысың, Жаңа жырым,
Жаңа жылым! О менің Жаңға жылым!
Ұлу жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын - дей келе жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек ,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, мектеп директоры ______________ағайға береміз.
Рахмет ағай, сіздің құрметіңізге әсем ән жолдаймыз.
Ән:______________________________
2 - жүргізуші Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз,
1-жүргізуші: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).
2 - жүргізуші: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!
1 - жүргізуші: Құрметті Аяз ата, Ақшақар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір - түпкірінен өнердің өрінде жүрген небір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыз?
2 - жүргізуші: Олай болса, сыныбымыздың жігіттерінен құралған <<Жастар>> КВН командасын шақырамыз.
(Рахмет жігіттер өнерлерің өрге жүзсін.)
1 - жүргізуші: Жаңа жыл - жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл - ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл - партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.
2 - жүргізуші: Жаңа жыл - бұл жаңа нұр
Нұрдан ләззат ала біл.
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
Ал достар, бізге деген реніші жоқ шығар. Құрметпен Қоян жылын шығарып салайық.
(осы кезде қоян келеді.)
1-оқушы: Біздің елде өткен жылы,
Қоян жылы тыныштық.
Ал ұмтылдық, біз есейдік.
Жақсылыққа тырыстық.
Ескі Жылым - Қоян жылы,
Қош, аман бол көргенше.
Сен сыйладың бақытты күн.
Қайта айналып келгенше,
Талап, талант дарынды,
Өрлеттің туды аспанда,
Бойыңнан бердің барыңды.
Айналар бір күн дастанға.
Қоян жылы: Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.
1 - жүргізуші: Құрметпен ортаға Жаңа жылды шақырамыз.
Ортаға Жаңа Ұлу жылы келеді.
Ұлу жылы: Жақсылыққа бағыттаған
Ұлумын мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.
Қоян жылының мерекесін,
Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.
Арым - ұят, жаным - халық,
Қызметім де соларға,
Сеніңдер маған барлығың
Қияға ұшып қонарда.
Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.
2 - жүргізуші: Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Келесі кезекті тамаша бір биге берейік.
Шығыс биі (Жадыра мен Гүлбақыт)
1 - жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін.
Ән: <<Аппақ гүлдер>> Оспан Элеонора, Шынберген Нұрай
2- жүргізуші: Мың бұралған ақ қайыңдай
Қыздар шықсын ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық
Қошеметпен қлоқала.
Испан биі:______________
1 - жүргізуші: Келесі кезекті тағы да бір тамаша биге берейік.
Спорттық би: Элеонора, Нұрай, Ирина, Гүлбақыт
Рахмет қыздар.
Ойын ойнатылады.
Клоун: Ойынның шарты ортаға адам келсін.1-ші партадағы стакандағы суды келесі партадағы стаканға қасықпен тасу керек. Қане шарты түсінікті болса ойынымызды бастайық.
Кімнің жылдам екенін көрелік, достар ия.
Барлығымыз қошеметтеп отырайық.
2 - жүргізуші: Жаңа жылдық құттықтау сөз кезегін ең алғаш 42 әріпті талмай үйреткен аяулы да, ардақты алғашқы ұстазымыз Зибагүл апайдың жылы лебізін тыңдасақ.Олай болса ортаға қошеметпен апайымызды шақырамыз.
(рахмет апай).
Орындалар әсем ән мен сәнді биіміз сіздің құрметіңізге және ата - аналардың құрметіне арналады.
Ән: Әлішердің орындауында: <<______________________>>
Би: Айдана (өзбек биі)
1 - жүргізуші:Ал, Аяз ата, Ақшақар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін биші қызымыз бар көрінеді. Сол қызымызды ортаға шақырсақ па деп тұрмыз.Қалай қарайсыз?
Үнді биімен орталарыңызда Оспан Элеонора
(рахмет, не деген би десейші!)
Ал, Аяз ата, Ақшақар! Асығып тұрған секілді сіздер.Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
2 - жүргізуші: - Ия, Аяз мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
(Аяз ата бата береді)
Хор: <<Жаңа жыл>>
1 - жүргізуші: Құрметтісің қымбат қонақ жыл тойы
Саған деген сый - сияпат басқаша
Сені күтіп ән саламыз түн бойы
Би билейміз шырқалған ән тоқтас.
Ән: Айдана <<Катюша>>
Ән: Рамазан мен Әбдімұрат <<.....>>
2 - жүргізуші: Езуіңнен кетпесін сыңғыр күлкің,
Аспаның ашық болсын ала бұлтың.
Мұржаң қисық болса да, ағайындар
Түтініңнен түзу шықсын, жалпақ жұртым.
1 - жүргізуші: Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,
Қоян жылы мен ұлу жылын да тауысып.
Береке, бірлік бейбітшіліктің төрінде
Тұрайық әр кез татулықпенен қауышып.
2 - жүргізуші: Бітуге қалды таяп - ай,
Не қыласың аяп - ай.
Қане, халқым, қол соқшы,
Жаңа жылда аямай!
1 - жүргізуші: Қой жылы - той жылы
Мешін жылы - вечер жылы,
Жаңа жыл - жаңа нұр жаудырып,
Ұлу жылы - сауық жылы болсын, ағайын!
Хор: Қош келдің Жаңа жыл!

Ұқсас жұмыстар
Тақырып Жаңа жыл мерекесі |
Төрлет,төрлет,Жаңа жыл |
Шыршамыздың мол шамы |
Жаңа жыл мерекесі |
"көгілдір от" жаңа жылдық кеш |
Балалардың жауабы |
Шырша жыры |
Жаңа жылым |
Жасыл шырша жанында |
Аяз ата, Аяз ата |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz