Қазақ тілі - ұлттық мәдени, рухани асыл мұра

Күні:
Пәні: қазақ тілі
Сынып: 8
Мұғалім: Ерлан А.
Күні:: Тақырыбы
Пәні:қазақ тілі: Қазақ тілі - ұлттық мәдени, рухани асыл мұра
Күні:: Мақсаты
Пәні:қазақ тілі: Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі туралы ақпарат қалыптастыру, ойын жүйелі жеткізуге дағдыландыру
Күні:: Күтілетін нәтиже
Пәні:қазақ тілі: Қазақ тілінің қоғамдағы орны туралы ақпарат алады және ойын көркем де жүйелі жеткізуге дағдыланады.
Күні:: 7 модульдің қолданылуы
Пәні:қазақ тілі: Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, ОүБ және оқуды бағалау
Күні:: Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Пәні:қазақ тілі: Миға шабуыл, «Ирек» стратегиясы, Суреттер сөйлейді, Сөздер пойызы, Эссе, Бес жолды өлең, Екі жұлдыз бір тілек.
Күні:: Қолданылатын ресурстар
Пәні:қазақ тілі: Оқулық, маркерлер, суреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Күні::

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ барысы

Пәні:қазақ тілі: Амандасу, сынып оқушыларын түгендеу, оқу құралдарының түгел болуын қадағалау, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау.
Сынып:8:

Сәлемдеседі.

Сабаққа қажет құралдарын шығарады.

Сабақ кезеңдері
Тапсырма. Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Сабақ кезеңдері:

Білу

Қызығушылық

тарын ояту

Тапсырма. Мұғалімнің іс-әрекеті:

Миға шабуыл. Тақырыпта кіру үшін сұрақтар қоямын. Сол арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашқызамын.

Сұрақтар:

Біздің ұлттық тіліміз қай тіл?

Ұлттық тілді қалай бағалайсыңдар?

Қазақ тілі қандай тіл?

Бүгінгі танысатын тақырыбымыз не туралы болмақ?

Бұл тақырып бойынша алдымызға қандай мақсат қоямыз?

Оқушылардың іс-әрекеті: Сұрақтарға жауап береді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.
Сабақ кезеңдері: Түсіну
Тапсырма. Мұғалімнің іс-әрекеті: «Ирек» стратегиясы. Тақырыпқа қатысты ақпаратты оқушыларға үлестірмелі карточка түрінде бөліп беремін. Өзіне берілген ақпаратты түсініп оқуды тапсырамын.
Оқушылардың іс-әрекеті: Өзіне берілген ақпаратты түсініп оқиды. Қалған оқушыларға түсіндіреді. (Қандай формада түсіндіреді: әңгіме, сызба, тест өз еркі)
Сабақ кезеңдері: Қолдану
Тапсырма. Мұғалімнің іс-әрекеті: «Суреттер сөйлейді» оқушыларға бірдей сурет таратамын. Берілген сурет бойынша қазақ тілінің байлығын көрсете отырып әңгіме немесе өлең құрастыруды тапсырамын.
Оқушылардың іс-әрекеті: Берілген суреттер бойынша әңгіме немесе өлең құрастырады. Өзара бағалау жүргізеді.
Сабақ кезеңдері: Сергіту сәті
Тапсырма. Мұғалімнің іс-әрекеті: «Сөздер пойызы» ойыны . Сөздер айтамын.
Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылар сол сөздердің синонимдерін антонимдерін, болса омонимдерін табады.
Сабақ кезеңдері: Талдау
Тапсырма. Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқулықпен жұмыс. 2-жаттығу. Төмендегі дәйексөздермен танысып, әр пікірге қатысты ойларыңды қысқаша тұжырымдап жазыңдар.
Оқушылардың іс-әрекеті: Тапсырманы берілуі бойынша орындайды.
Сабақ кезеңдері: Жинақтау
Тапсырма. Мұғалімнің іс-әрекеті: Әдеби тіл деген ұғымды, мемлекеттік тіл деген ұғыммен байланыстырып эссе жазыңдар.
Оқушылардың іс-әрекеті: Алған ақпаратты жинақтай отырып эссе жазады.
Сабақ кезеңдері: Бағалау
Тапсырма. Мұғалімнің іс-әрекеті:

«Қазақ тілі» сөзіне бес жолды өлең құрастыруды тапсырамын.

Бес жолды өлең:

  1. Зат есім
  2. Сын есім
  3. Етістік
  4. Сөйлем
  5. Зат есім - Синоним
Оқушылардың іс-әрекеті: Қазақ тілінің байлығын бағалай отырып бес жолды өлең құрастырады.
Сабақ кезеңдері: Рефлексия
Тапсырма. Мұғалімнің іс-әрекеті: Екі жұлдыз, бір тілек. Парақшаны таратамын.
Оқушылардың іс-әрекеті:

«Екі жұлдыз, бір тілек» парақшасын толтырады.

Өзі үшін тиімді болған 2 нәрсені жұлдызға, 1 ұсынысты немесе түсініксіз ақпаратты жүрекке жазады.

Сабақ кезеңдері: Үй тапсырмасы
Тапсырма. Мұғалімнің іс-әрекеті:

8-бет, 4-жаттығу. Берілген дәйексөзді эпиграф ретінде пайдаланып, «Туған тілім» деген тақырыпта өлең, эссе не мақала жазыңдар.

Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде.

(Н. Назарбаев)

Оқушылардың іс-әрекеті: Шығармашылық тапсырманы өз қалаулары бойынша орындайды.
Күні:
Пәні: қазақ тілі
Сынып: 8
Мұғалім: Ерлан А.
Күні:: Тақырыбы:
Пәні:қазақ тілі: Әдеби тілдің грамматикалық нормалары
Күні:: Жалпы мақсат
Пәні:қазақ тілі: Оқушыларға әдеби тіл және оның нормалары жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру, күнделікті өмірде әдеби тілдің нормаларын сақтау дағдыларын дамыту.
Күні:: Мақсат
Пәні:қазақ тілі: Әдеби тілдің грамматикалық нормалары туралы ұғыну, күнделікті грамматикалық нормаларды дұрыс қолдану
Күні:: Күтілетін нәтиже
Пәні:қазақ тілі: Әдеби тілдің грамматикалық нормалары туралы ұғынады, күнделікті грамматикалық нормаларды дұрыс қолдануды үйренеді.
Күні:: 7 модульдің қолданылуы
Пәні:қазақ тілі: СТО, Көшбасшылық, АКТ, ОүБ және оқуды бағалау
Күні:: Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Пәні:қазақ тілі: Миға шабуыл, Постер қорғау, Кестемен жұмыс, Топтастыру, Аяқталмаған сөйлем, ББҮ
Күні:: Қолданылатын ресурстар
Пәні:қазақ тілі: Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Күні:: Сабақ барысы
Пәні:қазақ тілі: Мұғалімнің іс-әрекеті
Сынып:8: Оқушының іс-әрекеті
Күні:: Ұйымдастыру кезеңі
Пәні:қазақ тілі:

Алтын ереже құру

Бағалау парағын таратып беру.

«Сандарды бейнеле» ойыны

арқылы психологиялық ахуалды жақсарту

Сынып:8:

Тәртіп ережелері талданып, сол арқылы сыныптың ережесін құрады.

Бағалау парағы арқылы оқушылар бір-бірін бағалап отырады.

Өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен, қимылымен бейнелеу.

Күні:: Білу
Пәні:қазақ тілі:

Миға шабуыл. Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.

Қазақ тілі қандай тіл?

Әдеби тіл деген не?

Әдеби тілдің қолданылу аясы?

Сынып:8: Оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да, кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.
Күні:: Түсіну
Пәні:қазақ тілі:

Постер қорғау . Осы көрсетілген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз беттерінше дайындық жасату. Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату. Ақпарат:

Грамматикалық норма дегеніміз - тіліміздегі грамматикалық тұлғалардың бір ізге, бір қалыпқа түсіп, дағдыға айналып жұмсалуы.

Айталық, сөзге алдымен жұрнақ, содан кейін жалғаудың жалғануы, жалғаулардың өзінің бірізділігі: әуелі көптік, сосын тәуелдік, содан кейін септік жалғауларының жалғануы грамматикалық норма болып табылады. Осы ережеге бағынбайтын мынадай сөздер бар: апаларым - апамдар, әкелерің - әкеңдер. Тек туысқандық қатынасты білдіретін ата, әже, көке, аға, апа сияқты зат есімдерге ғана жалғауларды осылай норманы бұзып жалғауға болады. Сонда олардың мағыналары екі түрлі болады: апаларым, аталарым, дегенде, олардың көптігін білдірсе, апамдар, атамдар дегенде ол кісілердің қасындағыларды да қоса қамтып, солардың көптігін білдіреді.

Тілдік тұлғаларды белгілі бір стильдік мақсатта пайдалануды нормадан жөнімен ауытқу дейміз. Бұл көбінесе көркем әдебиетте кездеседі. Мысалы, болымсыз етістіктің келер шақтың тұлғасының І жақта ма-й-мын болуы - грамматикалық норма. Ол ауытқып, ман түрінде жұмсалады:

Ескі бише отырман бос мақалдап,

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.

Мұнда -ман қосымшасы ерекше стильдік қызмет атқарып, істі істеуден қайсарлықпен үзілді-кесілді бас тартқандықты білдіреді.

Тілдегі сөздер бір-бірімен қалай болса солай тіркесе салмайды, олардың арасында міндетті түрде мағыналық байланыс болуы шарт. Сөздердің бір-бірімен тіркесу мүмкіндігі бірдей емес. Мысалы, биік және жоғары сөздері бір-бірімен мәндес, мағыналас болғанымен, үнемі бірінің орнына бірі жүре бермейді. Сол себептен биік жартас, биік мұрат, биік тау дегенде, биік сөзінің орнына жоғары сөзін қойып айтуға болмайды(жоғары жартас емес, жоғары мұрат емес, жоғары тау емес) . Сөздерді жалғаусыз тіркестіру қатеге жатады.

Әдеби тілдің грамматикалық нормаларына сөйлем мүшелерінің дұрыс орналасуы да жатады. Сөз өз орнында тұрмаса, сөйлем мағынасы өзгеріп кетеді және құлаққа тосаң естіледі, көзге оғаш көрінеді.

Сөйлем құрағанда тілдің ішкі ережелерін ескеріп, әр сөзді орнына қойып айтудың үлкен мәні бар, Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі тұрақты:баяндауыш сөйлемнің ең соңында, бастауыш сөйлемнің басында не ортасында, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады.

Сынып:8:

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Постер арқылы бар білімдерін талқылап ортаға оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді.

Күні:: Қолдану
Пәні:қазақ тілі:

Кестемен жұмыс . Алынған ақпаратты қолдана отырып төмендегі нормаларға бағынбай тұрған сөздерді көркем шығармалардан тауып кестеге толтырыңдар.

:
:
Сынып:8:

Грамматикалық нормаға

бағынбай қолданылған сөздер

Мұғалім:Ерлан А.: Сөзжасамдық норма

Морфологиялық

норма

Синтаксистік

норма

Көркем шығармамен жұмыс жасай отырып кестені толтырады.
Күні::
Күні::
Пәні:қазақ тілі:
Сынып:8:
Күні::
Пәні:қазақ тілі:
Сынып:8:
Күні:: Талдау
Пәні:қазақ тілі: 7-жаттығуды орындау. Мына сөздердің қайсысы әдеби нормаға сай келеді? Дұрыс нұсқасына сөйлем құрап жазыңдар.
Сынып:8: Оқушылар жаттығуды орындайды
Күні:: Сергіту сәті
Пәні:қазақ тілі:

Сөздер банкісі

Жалпы сөздер Тақырыпқа қатысты

орналастырылған сөздерді таңдап алады

Сынып:8: Тақырыпқа қатысты сөздерді тез-тез кезектесіп тақтадағы тақырыптың астына іледі, кім көп дұрыс жапсырса сол оқушы жеңіске жетеді.
Күні:: Жинақтау
Пәні:қазақ тілі: Топтастыру. Грамматикалық норма дегеніміз. Бір-бірін қайталамай тақтаға алған ақпаратты жинақтайды. Грамматикалық норма дегеніміз (ортада)
Сынып:8: Топтастыру стратегиясы арқылы алған ақпаратты жинақтайды.
Күні:: Бағалау
Пәні:қазақ тілі: Аяқталмаған сөйлем. Грамматикалық норманы білу маңызды/қажеті жоқ. Себебі, . . .
Сынып:8: Керек сөздің астын сызады. Себебін түсіндіре отырып, тақырыпты бағалайды.
Күні:: Рефлексия
Пәні:қазақ тілі:

БББ кестесі

:
:
:
Сынып:8: Осыған дейін білдім
Мұғалім:Ерлан А.: Осыдан кейін білдім
Білгім келеді. . .

Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады

.

Күні::
Пәні:қазақ тілі:
Сынып:8:
Күні::
Пәні:қазақ тілі:
Сынып:8:
Күні:: Үйге тапсырма
Пәні:қазақ тілі: 13-бет, 8-жаттығу. Берілген фразеологизмдердің мағынасына үлгі бойынша түсінік беріңдер.
Сынып:8: Фразеологиялық сөздікпен жұмыс жасайды.
Күні:
Пәні: қазақ тілі
Сынып: 8
Мұғалім: Ерлан А.
Күні:: Тақырыбы:
Пәні:қазақ тілі: Әдеби тілдің грамматикалық нормалары
Күні:: Жалпы мақсат
Пәні:қазақ тілі: Оқушыларға әдеби тіл және оның нормалары жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру, күнделікті өмірде әдеби тілдің нормаларын сақтау дағдыларын дамыту.
Күні:: Мақсат
Пәні:қазақ тілі: Күнделікті өмірде грамматикалық нормаларды дұрыс қолдану
Күні:: Күтілетін нәтиже
Пәні:қазақ тілі: Күнделікті өмірде грамматикалық нормаларды дұрыс қолдануды үйренеді.
Күні:: 7 модульдің қолданылуы
Пәні:қазақ тілі: СТО, Көшбасшылық, АКТ, ОүБ және оқуды бағалау
Күні:: Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Пәні:қазақ тілі: Ыстық орындық, Тез ойлан!, Эссе, Дөңгелек үстел, Блоб ағашы
Күні:: Қолданылатын ресурстар
Пәні:қазақ тілі: Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Күні:: Сабақ барысы
Пәні:қазақ тілі: Мұғалімнің іс-әрекеті
Сынып:8: Оқушының іс-әрекеті
Күні:: Ұйымдастыру кезеңі
Пәні:қазақ тілі:

Сәлемдесу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Психологиялық ахуал тудыру.

Сынып:8:

Сәлемдеседі.

Сабаққа қажет құралдарын шығарады.

Күні:: Білу
Пәні:қазақ тілі:

Ыстық орындық. Өткен сабаққа байланысты сұрақтар құрастыртамын, «Ыстық орындыққа» кезектесіп оқушыларды отырғызамын.

Қазақ тілі қандай тіл?

Әдеби тіл деген не?

Әдеби тілдің қолданылу аясы?

Сынып:8: Оқушылар ыстық орындықта кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, қайталайды.
Күні:: Түсіну
Пәні:қазақ тілі: Өткен сабақта танысқан әдеби тілдің грамматикалық нормалары туралы ережені топтаса отырып өз сөздерімен түсіндіріп беруді және дәлелдеме, мысал келтіруді сұраймын.
Сынып:8: Оқушылардың мақсаты ережені өз сөзімен түсіндіру, ойлары мен пікірлерін айту
Күні:: Қолдану
Пәні:қазақ тілі: М. Өтемісұлының «»Ереуіл атқа ер салмай» өлеңіндегі грамматикалық нормаға бағынбай тұрған сөздерді тауып, нормаға сай қайтадан жазып шығу.
Сынып:8: Көркем шығармамен жұмыс жасай отырып
Күні:: Талдау
Пәні:қазақ тілі: 7-жаттығуды орындау. Мына сөздердің қайсысы әдеби нормаға сай келеді? Дұрыс нұсқасына сөйлем құрап жазыңдар.
Сынып:8: Оқушылар жаттығуды орындайды
Күні:: Сергіту сәті
Пәні:қазақ тілі: Тез ойлан! Жұмбақтар жасыру
Сынып:8: Тез ойланып, жұмбақтарды шешу
Күні:: Жинақтау
Пәні:қазақ тілі:

Эссе. Алған ақпаратты жинақтай отырып, әдеби тілдің нормаларын сақтап «Менің арманым» деген тақырыпты эссе жазыңдар. Бағалау критерийлері бойынша бір-біріңнің жұмыстарыңды бағалаңдар.

Бағалау критерийлері:

Сөз саны 40-50 болу - 1 ұпай

Грамматикалық нормалардың орынды қолданылуы - 1 ұпай

Әдеби тілде жазылуы - 1 ұпай

Сынып:8: Топтастыру стратегиясы арқылы алған ақпаратты жинақтайды.
Күні:: Бағалау
Пәні:қазақ тілі:

Дөңгелек үстел. Нормаларды сақтау керек пе?

Оқушылардан осы төңірегінде пікірін сұраймын. Ортақ шешім шығартамын.

Сынып:8: Әр кім өзінің пікірін, көзқарасын айтады, бірлесе отырып тақырыпты бағалап, ортақ шешімге келеді.
Күні:: Рефлексия
Пәні:қазақ тілі: «Блоб ағашы» арқылы сабаққа рефлекция жасайды. Кері байланыс жүзеге асады.
Сынып:8:

Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.

Бояиды және Неліктен? деген сұраққа жауап береді.

Күні:: Үйге тапсырма
Пәні:қазақ тілі: 16-бет, 15-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар. Теледидарда немесе өз орталарыңда айтылып жүрген морфологиялық және синтаксистік нормаға жатпайтын сөз тұлғаларына мысалдар жазыңдар.
Сынып:8: Үй тапсырмасын орындау жолдарымен, берілуімен танысады.
Күні:
Пәні: қазақ тілі
Сынып: 8
Мұғалім: Ерлан А.
Күні:: Тақырыбы
Пәні:қазақ тілі: Әдеби тіл нормалары және нормадан ауытқу
Күні:: Жалпы мақсат
Пәні:қазақ тілі: Оқушыларға әдеби тіл және оның нормалары жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру, күнделікті өмірде әдеби тілдің нормаларын сақтау дағдыларын дамыту.
Күні:: Мақсаты
Пәні:қазақ тілі: Әдеби тіл нормалары туралы түсінік қалыптастыру, мәтін ішінен әдеби тіл нормасынан ауытқыған сөздерді табу
Күні:: Күтілетін нәтиже
Пәні:қазақ тілі: Әдеби тіл нормалары туралы түсінік қалыптасады, мәтін ішінен әдеби тіл нормасынан ауытқыған сөздерді таба алады.
Күні:: 7 модульдің қолданылуы
Пәні:қазақ тілі: Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау
Күні:: Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Пәні:қазақ тілі: Ойлан-бөліс-бірік, Тірек сызба, Эссе
Күні:: Қолданылатын ресурстар
Пәні:қазақ тілі: Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Күні:: Сабақ барысы
Пәні:қазақ тілі: Мұғалімнің іс-әрекеті
Сынып:8: Оқушының іс-әрекеті
Күні:: Ұйымдастыру кезеңі
Пәні:қазақ тілі:

Сәлемдесу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Психологиялық ахуал тудыру.

Сынып:8:

Сәлемдеседі.

Сабаққа қажет құралдарын шығарады.

Күні:: Білу
Пәні:қазақ тілі:

«Ойлан-бөліс-бірік» стратегиясы.

Төмендегі ережені оқушыларға таратып беремін. Жеке оқытамын, түсінгендерін бір-бірімен бөлісуге шақырамын, біріге отырып ережені өз сөздерімен түсіндіріп беруді тапсырамын.

Тілдік норма дегеніміз - тілдік таңбалардың (сөз, қосымша, сөйлем), тілдік амал-тәсілдер қолданысының бірізділігі мен реттілігі, белгілі бір тілдік ұжымның дұрыс деп таныған жүйесі.

Сынып:8: Ережені біледі, өз сөздерімен айтып береді.
Күні:: Түсіну
Пәні:қазақ тілі:

Тірек сызба жасау . Оқулықта берілген қосымша ақпаратты оқиды. Түсінгендерін топтаса отырып тірек сызбаға түсіреді. Тірек сызбада мына мәселелерді қарастыру керек: Әр оқушыға мына тақырыпшаларды бөліп беремін.

Нормадан жөнімен ауытқу

Сөйлем мүшелерінің қалыптасқан орын тәртібі

Жіктік жалғауының түсіріліп айтылуы

Сынып:8: Әр кім өзіне берілген мәселелерді тірек сызбаға түсіреді. Түсінгендерін ортада қорғайды. Басқаларына түсіндіреді.
Күні:: Қолдану
Пәні:қазақ тілі:

Алған ақпаратты қолдана отырып 16-жаттығудағы өлең үзінділерінен нормадан ауытқыған қосымшаларды теріп жазыңдар. Қазіргі тілдің нормасына сай емес екендігін дәлелдеңдер. Олар:

Тигей ме, жүргей ме, мінгей ме, достым, дұспаным, дегей ме, сүйетұғын, күйетұғын, жүретұғын.

Сынып:8: Грамматикалық нормадан ауытқыған сөздерді теріп жазады. Нормаға сай еместігін дәлелдейді.
Күні:: Талдау
Пәні:қазақ тілі:

Әдеби тіл нормасының сақталу деңгейі туралы талқылаңдар. Мына кестеден не түсіндік, талқылайық.

:
:
:
:
:
:
Сынып:8: Қолданыс аясы
Мұғалім:Ерлан А.: Тіл нормасының сақталуы
Шешендік өнер
Толық сақталады
Көркем әдебиет, мерзімдік баспасөз материалдарынан мысал келтіріңдер, салыстырып көріңдер.
Ауызекі сөйлеу стилі
Нормадан ауытқушылық болады
Газет-журнал, теледидар ақпараттар стиль
Норма толық сақталады.
Кестедегі әдеби тіл нормасының қолдану аясымен танысады, топта талқылайды.
Күні::
Пәні:қазақ тілі:
Күні::
Пәні:қазақ тілі:
Сынып:8:
Күні::
Пәні:қазақ тілі:
Күні::
Пәні:қазақ тілі:
Күні:: Жинақтау
Пәні:қазақ тілі:

«Әдеби тіл» деген сөзге бес жолды өлең құрастыруды тапсырамын.

1. бір зат есім

2. екі сын есім

3. үш етістік

4. төрт сөзден құралған бір сөйлем

5. зат есім бірінші қатарға синоним

Сынып:8: Алған ақпаратты жинақтай отырып бес жолды өлең құрастырады.
Күні:: Бағалау
Пәні:қазақ тілі: Күнделікті өмірде әдеби тілде сөйлейдің маңызы бар ма? Әдеби тіл бізге не үшін керек?
Сынып:8: Сұрақтарға жауап бере отырып тақырыпты бағалайды.
Күні:: Рефлексия
Пәні:қазақ тілі:

«Жетістік сатысын» толтыру

C:\Users\user\Desktop\Человечки\etapi_dostijeniya_celi.jpg

Сынып:8: Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады. Жетістік сатысының қай жерінде жүргенін белгілеп, пікірін жазады.
Күні:: Үйге тапсырма
Пәні:қазақ тілі: 21-бет, 18-жаттығу. «Тіл мәдениеті: сөйлеу және жазу» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде айтылған пікірлер негізінде «Тіл тазалығы» атты эссе жазыңдар.
Сынып:8: Берілген тақырып бойынша эссе жазады.

Ұқсас жұмыстар
ТАРИХИ - МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ ОҚЫП ҮЙРЕНУДІҢ МАҢЫЗЫ
Тіл тағдыры- ел тағдыры
Сақып замандасым
Балалардың көркем сөйлеу мәдинетін қалыптастыру
Жеке тұлғаға қалыптастыруда ұлттық тәрбие негіздері
Қасиетті менің ана тілімде
Қазақ - тілі өте бай тіл
Геометриялық оюлар
Туған өлкем-неткен көркем
Қазақ тілі - асыл қазынам
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz