Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Деңгейлік тапсырмалар
Деңгейлік тапсырмалар
Абыл Тілеуұлы (1774-1864ж.ж.) <<Арғымақ атта сын болмас>> жыр-толғауы (10- сынып)
I. Оқушылық деңгей.
1. Ақынның <<Арғымақ атта сын болмас>> жыр-толғауын мәнерлеп оқып, көшіріп жазыңыз.
Орындалу үлгісі:
Арғымақ атта сын болмас,
Қиған қамыс құлақсыз.
Азаматта сын болмас,
Арты болса тұяқсыз.
Айдын көлде сын болмас,
Жағасы болса құрақсыз.
Асқар тауда сын болмас,
Бауыры болса бұлақсыз.
Ақ киікте сын болмас,
Арты болса лақсыз.
Жеті арнада сын болмас,
Аяғы болса тұрақсыз.
2. Абыл Тілеуұлының өмірбаянымен танысып, конспект жазыңыз.
Орындалу үлгісі: 18 - ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген бұрынғы ақын - жыраулардың дәстүрін жалғастырушылардың бірі - суырып салма ақын - Абыл Тілеуұлы. Ол Маңғыстауда туып - өсіп, бүкіл Атырау аймағына танылған ақын. Әкесі Тілеудің тұрмысы төмен болған.
Абыл Атырау аймағын, қарақалпақ, түрікмен елдерін аралап, өзі тұтас ақындармен өнер сайыстырған. Ғалым Қ. Сыдиықов 1965 жылы оның өмір жолын, тағы екі - үш толғауын Сәттіғұл ақыннан жазып алған. Абылдың табылған жырлар түгел дерлік 1967 жылы <<Қазақ әдебиеті хрестоматиясында>>, 1972 жылы <<Ақберен>> жинағында басылып шықты.
Абылдың көп өлеңдері ұмытылған. Бізге жеткені оның өмірінің соңғы кезеңіндегі шығарған арнау ретіндегі толғаулар мен бірлі - жарым нақыл сөз, термелері ғана. Осы бар азды - көпті шығармаларына қарағанда, Абыл өз заманындағы әдебиетке айтарлықтай үлес қосқан талант иесі екенін байқаймыз.
Абылды өзінен кейінгі көп ақындар жақсы білген, өздеріне ұстаз тұтқан. Мұрат, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Сәттіғұл сияқты бір топ ақындар легі Абылдың талантына бас иген. Оның өлеңдері негізінен ауызша таралған. Алғаш баспа бетін көрген толғау - 1924жылы басылып шыққан <<Арғымақ атта сын болмас>> атты өлеңі.
II. Алгоритмдік деңгей.
1. Өлеңді құрылысына қарай талдаңыз.
Арғымақ атта сын болмас,
Қиған қамыс құлақсыз.
Азаматта сын болмас,
Арты болса тұяқсыз.
Айдын көлде сын болмас,
Жағасы болса құрақсыз.
Асқар тауда сын болмас,
Бауыры болса бұлақсыз.
Ақ киікте сын болмас,
Арты болса лақсыз.
Жеті арнада сын болмас,
Аяғы болса тұрақсыз.
Орындалу үлгісі:
Арғымақ атта сын болмас, А
Қиған қамыс құлақсыз. Б
Азаматта сын болмас, А
Арты болса тұяқсыз. Б
3 шумақ, 12 тармақ, 2 бунақ, 7-8 буынды, а - б - а - б - шалыс ұйқас
III. Ізденімділік деңгей.
1. Ақын шығармашылығына хронологиялық кесте жасаңыз.
Орындалу үлгісі:
1774 ж.
Маңғыстау түбегінің Болатшы мекенінде дүниеге келді.
1957 ж.
Өлең толғаулары <<Ертедегі әдебиет нұсқалары>> жинағында басылды.
1924ж.
Ташкентте <<Арғымақ атта сын болмас>> өлеңі алғаш басылып шықты.
1965 ж.
Қ. Сыдыиқов Абыл ақынның өмір жолын, екі, үш толғауын Сәттіғұл ақыннан басып алған.
1967 ж.
<<Қазақ әдебиеті>> хрестоматиясында жырлары басылып шықты
1972ж.
<<Ақберен>> жинағында өлең толғаулары жарияланды
1982 ж.
<<Өсиетнама>> жинағында
1985ж.
<<19 ғасырдағы қазақ поэзиясы>> жинағында жарияланды
1995ж.
<<Бес ғасыр жырлайды>>, <<Жыр - дария>> жинақтарында өлең толғаулары басылып шықты.
1864 ж.
Дүние салды.
IV. Шығармашылық деңгей.
1. <<Адам өмірінің мәні - өз ұрпағы>> тақырыбында ой-толғау.
2. Орындалу үлгісі:
Адам өмірінің мәні - өз ұрпағы
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, <<Адамның бақыты -- балада>> деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты -- тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. <<Адам ұрпағымен мың жасайды>> деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні -- өз ұрпағы.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол -- бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз -- ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер -- жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. <<Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер>> дейді халық даналығы.
Абыл Тілеуұлы (1774-1864ж.ж.) және <<Арғымақ атта сын болмас>> жыр-толғауы бойынша тест тапсырмалары (10- сынып)
Ашық тест
1. 1774 жылы Маңғыстау облысының, Қаратөбе жерінде дүниеге келіп, атағы Атырау облысы аймағына танылған ақынды көрсетіңіз.
А) М.Мөңкеұлы
В) Қ. Күржіманұлы
С) А. Құнанбаев
Д) А. Тілеуұлы
Е) Ш. Қанайұлы
2. Абыл Тілеуұлының 1924 жылы Ташкентте алғаш басылып шыққан өлеңі ?
А)<<Отырған қарсы алдымда Қанымайым>>
В) <<Сексеннің біз де келдік жетеуіне>>
С) <<Балдай қызбен айтысы>>
Д) <<Қырымның қырық батыры>>
Е) <<Арғымақ атта сын болмас>>
3. Абыл - ақпа төкпе ақберен сөз зергерлерінің, Қазақстанның батыс аймағындағы өнер ортасының көрнекті өкілдерінің бірі. Ол Маңғыстау өңірі арасында өз дәуіріндегі бес жүйріктің бірегейі. Кімнің пікірі?
А) М. Әуезов
В) Ә. Тәжібаев
С) І. Шыртанов
Д) Қ. Жұмалиев
Е) І. Есенберлин
4. <<Қырымның қырық батыры>> жырының қаһармандары деп қай ұлтты атаған ?
А) Қырғыз
В) Ноғайлы
С) Қазақ
Д) Орыс
Е) Башқұр
5. Ғалым Қабиолла Сыдиықов Абыл ақынның өмір жолын, тағы 2-3 толғауын Сәттіғұл ақыннан қай жылы басып алған?
А) 1965
В) 1967
С) 1972
Д) 1924
Е) 1963
6. Құрылысы жағынан <<Манас>>жырына ұқсас Абылдың қай шығармасы?
А) <<Қырымның қырық батыры>>
В) <<Күлбарақ батырға>>
С) <<Сүйінқара батырға>>
Д) <<Абыл>>
Е) <<Сүйінғара ауылы шабылғанда>>
7. Абыл ақынның айтысын көрсетіңіз.
А) <<Шөжемен айтысы>>
В) <<Нұрымды сынауы>>
С) <<Сапарғалимен айтысы>>
Д) <<Омарқұл мен Тәбия айтысы>>
Е) <<Шөже мен Орынбай айтысы>>
8. Үзінді ақынның қай өлеңінен алынған?
...Ақ киікке сын болмас,
Арты болса лақсыз...
А) <<Құлбарақ батырға>>
В) <<Отырған қарсы алдымдаҚанымайым>>
С) <<Мұнар күн>>
Д) <<Арғымақ атта сын болмас>>
Е) <<Қырымның қырық батыры>>
9. Абылдың табылған жырлары 1972 жылы қай жинақта басылып шықты?
А) <<Қазақ әдебиеті>>
В) <<Қазақ әдебиеті хрестоматиясы>>
С) <<Ақберен>>
Д) <<Серке>>
Е) <<Бес ғасыр жырлайды>>
10. Абыл ақынның өлеңдерін 40-жылдары қағаз бетіне түсіріп, ҚР Ғылым академиясының қолжазбалар қорына өткізген кім?
А) С. Назарбеков
В) М. Исаева
С) Ә. Қоңыратбаев
Д) С. Жанғабылұлы
Е) Қ. Сыдиықов
Жабық тест сұрақтары
1. Абылды өздеріне ұстаз тұтқан қандай ақындарды білесіңдер.
Мұрат, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Сәттіғұл
2. <<Сексеннің біз де келдік жетеуіне, Жаманның ергенім жоқ жетегіне>> деген өлең жолдарынан қандай астар ұғуға болады?
Ақын бұл өлеңінде жасының сексенге келгенін емес, сол жасқа жеткенше мәнсіз іспен айналыспағанын, келеңсіз нәрсе істемегенін, жаманмен жолдас болмағандығын айтады.
3. <<Арғымақ атта сын болмас>> өлеңінің түйіні...
Тіршілікте артыңда із қалу керек деген түйін айтады
4. <<Қар жауар күн-түн оның қабағынан>> өлеңі не жайында айтылған?
Бұл өлеңде отбасы, ошақ қасы тірліктен ел мүддесін жоғары қояды, кемді күн тірлік қамын күйттеген күйкі пендешілікті келеке етеді, елді билік адамгершілік мұраттарға үндейді.
5. Жыршы <<Қырымның қырық батыры>> жырын қандай салаға бөліп қарастырған?
Жыршы <<Қырымның қырық батыры>> жырын <<Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары>>, <<Қарадөң батыр және оның ұрпақтары>>, <<Жеке батырлар>> деп аталатын үш салаға бөліп қарастырған.
6. Ақынның шығармаларының арқауы неде?
Негізгі арқауы - адамгершілік пен елдік, ерлікті дәріптеу, кейінгі ұрпаққа үлгі көрсету.
7. <<Азаматта сын болмас, Арты болса тұяқсыз>> деген үзіндіде нені меңзейді?
Адам баласының артында баласы, яғни ұрпағы болуын қалайды.
8. Абыл өмір сүрген кезең ел өміріндегі қандай елеулі оқиғаларға толы болған?
Он тоғызыншы ғасырдың басында хан қанауына төзе алмаған Бөкей ордасы шаруаларының, Хиуа феодальдарының езгізісіне қарсы Маңғыстау қазақтарының бас көтерулері т.б.
9. Ақынның өлең жырлары ... мемлекеттердің қазақтары арасына кеңінен тараған.
Иран, Ауғанстан, Түркия, Түрікменстан
10. Абылдың өлең-толғаулары 1995 жылы ... жинақтарында басылып шықты.
<<Бес ғасыр жырлайды>>, <<Жыр дария>>
Көп жауапты тест сұрақтары
1. Абыл ақынды өздеріне шәкірт тұтқан ақындар?
А) Шәкәрім
В) Мұрат
С) Шөже
Д) Естай
Е) Нұрым
2. Абыл ақын өмірінің соңғы кезеңінде қай сұлтандармен кездесіп, оларға датын айтқан?
А) Айшуақ
В) Баймағамбет
С) Қайыпалды
Д) Қасым
Е) Сырым
3. Күйзелген бұқара мұңы, ел қорғаған ерлер қайраты, басқыншы тонаушыларға қарсы халық ызасы Абылдың қай шығармасында бейнеленген?
А <<Қырымның қырық батыры>>
В) <<Сүйінғара ауылы шабылғанда>>
С) <<Сексеннің біз де келдік жетеуіне>>
Д) <<Қар жауар күн-түн оның қабағынан>>
Е) <<Құлбарақ батырға>>
4. <<Аңшыбай және оның ұрпақтары>> атты шежірелік циклді құрайтын сегіз жырдың басты қаһармандарын табыңыз.
А) Қази
В) Сержан
С) Қарадөң
Д) Мамай
Е) Мұрын
5. Абылдың толғау өлеңдерін көрсетіңіз.
А) <<Кәрілік>>
В) <<Манас>>
С) <<Арғымақ атта сын болмас>>
Д) <<Ереуіл>>
Е) <<Аягөз>>
6. Еліміз Егемендік алған соңғы 3-4 жылдан бері ақын шығармаларын жинақтауда үлес қосып жүргендер ?
А) С. Назарбеков
В) Г. Потанин
С) А. Хангелдин
Д) Қ. Өтепбергенов
Е) М.Хакімжанова
7. Абылдың айтыстарын көрсетіңіз
А) <<Тезек Төремен айтысы>>
В) <<Біржан мен Сара айтысы>>
С) <<Сапарғалимен айтысы>>
Д) <<Шерниязбен кездесуі>>
Е) <<Балдай қызбен айтысы>>
8. Кеңес дәуірінде <<Қырымның қырық батыры>> нұсқаларын жинауға белсене араласқандар кім?
А) Ш. Уәлиханов
В) Б. Жақыпбеков
С) Орыс зерттеушілері
Д) Қ. Сыдыиқов
Е) М. Исаева
9. Қазақ батырларының ерліктері дәріптелген, хан-сұлтандардың теріс қылықтары әшкереленіп, ел қамын ойлауы мәселелері сөз болған Абыл Тілеуұлының толғауларын көрсетіңіз.
А) <<Сексеннің біз де келдік жетеуіне>>
В) <<Мұнар күн>>
С) <<Баймағамбетке айтқаны>>
Д) <<Құлбарақ батырға>>
Е) <<Қайыпалдығы айтқандары>>
10. Абыл жырау қандай ескі жырларды жырлаған?
А) <<Абыл>>
В) <<Ер Қосай>>
С) <<Манас>>
Д) <<Қырымның қырық батыры>>
Е) <<Мың бір түн>>
Сәйкестендіру тесті
1. Арғымақ атта сын болмас 6. тұрақсыз
Қиған қамыс ...
2. Азаматқа сын болмас 2.тұяқсыз
Арты болса...
3. Айдын көлде сын болмас 5. лақсыз
Жағасы болса ...
4. Асқар тауда сын болмас 1.құлақсыз
Бауыры болса ...
5. Ақ киікке сын болмас 3. құрақсыз
Арты болса ...
6. Жеті арнада сын болмас 4. бұлақсыз
Аяғы болса ...
Сәйкестендіру тесті
1.1995ж. 7. <<Ертедегі әдебиет нұсқалары>>
2. 1985ж. 6. Ташкентте <<Арғымақ атта сын болмас>> өлеңі
3. 1982ж. 8. Жыр - дария>> жинағы
4. 1972 ж. 5. <<Қазақ әдебиеті хрестоматиясында>>
5. 1967 ж. 1. <<Бес ғасыр жырлайды>> жинағы
6.1924ж. 4. <<Ақберен>> жинағы
7.1957 ж. 2. <<19 ғасырдағы қазақ поэзиясы>> жинағы
8. 1995ж . 3. <<Өсиетнама>> жинағында

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz