Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Расул Ғамзатов Менің Дағыстаным

Тақырыбы: Расул Ғамзатов <<Менің Дағыстаным>>

Сағаты: 1

Сыныбы: 8

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Авар халқының ұлы ақыны Р.Ғамзатовтың <<Менің Дағыстаным>> кітабынан алған шағын әңгімесінің мазмұны мен идеясын ұғындыру.
Дамытушылық - Оқушылардың сөйлеу тілін,өз бетінше топпен жұмыс жасау арқылы ойларын нақты жеткізе білу дағдысын, өлең шығару арқылы тілін дамыту
Тәрбиелік - <<Менің Дағыстаным>> әңгімесінің мазмұны мен идеясын ұғындыру, кейіпкер бейнесін аштыру арқылы Отанды сүюге, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, шығармашылыққа баулу, сыни ойлауға дағдыландыру, танымдық қызығушылығын арттыру.
Табыс критерийлері
Нәтижесі: Авар халқының ұлы ақыны Р.Ғамзатовтың <<Менің Дағыстаным>> әңгімесінің мазмұны мен идеясын ұғынады, кейіпкер бейнесін ашады.
Әдіс-тәсіл, технология, кезең
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар
Уақыты

І. Ұйымдастыру кезеңі

Топтастыру

Қызығушылықты ояту

Мағынатану
Жаңа сабақ

Мозайка әдісі

<<Жуан-жіңішке>> әдісі

Сергіту сәті

III Толғаныс
<<Кейіпкерге хат>>

Рефлексия

Үйге тапсырма

Бағалау

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Санау жүйесі бойынша төрт топқа бөлемін.

Ел, жер, тіл, патша деген сөздерді беремін сол бойынша мақал-мәтел немесе өлең айтады.

Алдымен балаларды, осы <<Менің Дағыстаным>> шығармасының авторымен таныстырып өтемін.
Бүгінгі біздің жаңа сабағымыз Расул Ғамзатовтың "Менің Дағыстаным" әңгімесі. Р. Ғамзатов (1923-2003) -- Дағыстанның халық ақыны. Расул Ғамзатов жырлары қазақ жұртшылығына да жақсы таныс. <<Жарық жұлдыздар>>, <<Менің Дағыстаным>> кітаптары әр қазақтың төрінде тұр. <<Тау қызы>> театр сахнасында қойылды. <<Менің атам>> - бүлдіршіндердің сүйіктісі болды. Ол бәрін де бүкпесіз, ағынан жарылып айтады. Жазу мәнерінен, ұлттық бояуынан, жеңіл әзілінен жүз ақынның жырынан Расул өлеңін бірден айыруға болады. Туған топырақтың бар маңызын бойына сіңірген Расул екі сөзінің бірінде өз халқының дана қасиеттерін, кесек мінездерін алға тартады. Ылғи да ел мен жерге деген іңкәрлікті жырлайды. Р.Ғамзатов сөзін жазған <<Тырналар>>, <<Дололай>>, <<Мен сені ешқашан ұмытпаймын>>, <<Тілек>>, <<Бесік жыры>> сияқты кісі жанын баурап алатын лирикалық ғажап әндер ең әуелі мәтін-мағынасының ерекшелігімен алға шығары белгілі. Соның ішінде, әсіресе, қазақ оқырманы үшін <<Тырналар>>, <<Менің Дағыстаным>> жыр жинақтарының орны бір бөлек.

Оқулықтағы <<Менің Дағыстаным>> кітабынан берілген үзіндіні оқытып,талдату. Топ мүшелері өздеріне берілген үзіндіні талдап, ат қойып, бір-біріне түсіндірген соң, топтың бір мүшесі шығып, басқа топтарға түсіндіреді, сөйтіп әр бөлімін бір-біріне түсіндіреді. Әңгіме толық талданады.

Жуан сұрақтар:
1. Егер сен суретшінің орнында болсаң еліңе қайта қайтар ма едің?
2. Егер сен суретшінің туысының бірі болсаң оны тауып алып елге қайтадан әкелер ме едің?
3. Ананың өз ұлын бұлай өлді деп есептеуі сіздердің ойларыңызша дұрыс па?
Жіңішке сұрақтар:
1. Елінен алыста жүрген суретшінің сағынышы, туған жерге махаббаты әңгімеде қалай бейнеленген?
2. Суретшінің шешесі Расулдан нені сұрады.
3. Суретші неге еліне қайтқысы келмейді?

Сөзден сөзді ізде.
Оқушыларға сөз беріледі. Әрбір топ осы сөздің ішінен басқа да сөздер құрастырып шығуы тиіс. Бұл баланың ой қабілетінң дамуына,шапшаң ойлау қабілетін іске асырады. Кім жылдам, әрі көп сөз тапса сол топ жеңімпаз аталады. Берілетін сөз <<Суретші>>

Әрбір оқушы <<Авар ұлына хат>> жазады.

Кері байланыс парағын ұсынамын

Р. Ғамзатовтың өмірі мен шығармашылығын және <<Менің Дағыстаным>> әңгімесін оқу

Оқушылардың қатысым деңгейлеріне қарай бағалаймын.

Амандасады, кезекші оқушы мәлімет береді, оқу құралдарын дайындап, сабаққа назар аударады.

Оқушылар санау жүйесі арқылы төртке бөлінеді.

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
Бақа көлінде патша, балық суында патша.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.
Естеріне түскен М.Жұмабев, М. Мақатаев өлеңдерін жатқа айтады.

1-бөлім. Париждегі кездесу
2-бөлім. Елді аңсау
3-бөлім. Әркімнің туған жері - өзіне жұмақ.
4-бөлім. Суретшінің туысымен кездесу.

Бұл жерде суретшінің де ойы дұрыс сияқты. Жас кезінде қадірі сезілмеген туған жерді, енді қартайғанда тек қу сүйегімді тапсырам ба деп ұялып та отырғандығын да байқаймыз. Алайда сен қаншама жыл басқа елдің керемет табиғатына, жеңіл өміріне үйренгенмен жүрегіңіз туған жер деп соғары анық. Сондықтан да мен өз еліме қайта оралар едім.
Менің ойымша анасының реніші орынды деп есептеймін. Себебі мәпелеп өсіріп, ананың сүтімен бойымызға дарыған ана тілін ұмыту, ол ең алдымен тіл үйреткен анаңды ұмыту, сон соң халқыңды сату деген сөз деп есептеймін. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте деген емес пе дана халық.
Суретшінің елге деген сағынышы өзінің салған картиналарынан аңғарыла -ды. Өзін тұманға теңеп, аварлардың көне аңызы бойынша салынған тордағы құсқа да теңеуінен ақ айқын көрінеді.
Кеш деп есептейді. Кезінде туған жерімнен жанып тұрған жас жүрегімді алып кетіп едім. Енді еліме тек қаусаған сүйегімді қайтаруға хақым жоқ қой деп жауап береді.

СУРЕТШІ - сурет, су, ет, шеті, серт, шер, тес, рет, іс, тер, тері, ер, іш, шу т.с.с

<<Авар ұлына>> хат жазады

Өтілген сабақ бойынша алған әсерлерін, ұысыныстарын, тілектерін жазады.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады

Оқушылар алған бағаларын күнделікке қойғызады.

Журнал, кітап, дәптер, қалам

слайд
2-3 минут

1-2 минут

5 минут

7-10- минут

10 минут

5 минут

5 минут

3 минут

1 минут

1 минут

Ұқсас жұмыстар
Р. Ғамзатов. Ана тілі өлеңі. Менің Дағыстаным
Он алтыншы желтоқсан
Жамбылдың қай шығармасынан
Кітапта алма ағашы
Аналар – асыл жандар жайлы
Біздікіндей мектепті
Төрт ана
Тойлыбай А..
Тіл мерекесіне арналған сынып сағаты
ЖЫЛ ТАРЛАНЫ-2016
Пәндер