Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Алғашқы гүлдер

Тақырыбы: "Алғашқы гүлдер"

Мақсаты: Балаларды бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыру. Түстер
туралы білімдерін тереңдету. Құммен сурет салуды үйрету.
Дамытушылығы: Ой қиялын, саусақ меторикасын дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, дәстүрден тыс сурет салуға, табиғатты
аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Көктемнің алғашқы гүлдері салынған сурет, слайдтан
бәйшешек, қызғалдақ гүлдерін көрсету.
Қолданылатын құралдар: Түрлі түсті гуашпен боялған құм, гүл бейнесі,
желім, орамал.

Оқу іс - әрекетінің барасы

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші: Балалар бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті. Келген
қонақтармен сәлемдесейік.
Сәлеметсіздерме апайлар,
Здраствуйте, Гуд монинг.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші балаша.
Сәлем сәлем нұрлы аспан,
Сәлем саған туған жер.

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі
Тәрбиеші: Көктемде нише ай бар? Олар қалай аталады? (Балалар жауабы)
Тәрбиеші: Көктемде қандай өзгерістер болады?

ІІ. Өткенді қайталау
Тәрбиеші: Балалар біз өткен сабақта не өткенімізді еске түсірейікші.
(Балалар жауабы)
Тәрбиеші:Біздер осы күнге дейін суретті немен салдық?
- Түрлі түсті бояулармен, қарындаштармен, қылқаламмен, саусақпен
салдық.
- Сурет салғанда біз қандай түстерді қолданамыз?
- Қызыл, сары, көк, жасыл, ақ, күлгін және т.б.

ІІІ. Жаңа сабақ "Алғашқы гүлдер"
Тәрбиеші: Балалар біз жаңа оқу іс – әрекетін бастамас бұрын мына
жұмбақтың шешуін табайық:
Өзі сондай нәзік,
Су құйсаң кетеді.
Алақаның жайып. (гүл) (осы кезде Көктем аруы кіріп келеді,
қолында қызғалдақ гүлдері бар. )
Тәрбиеші: Қош келдіңіз Көктем аруы, төрлетіңіз. Бүгінгі жаңа
тақырыбымыз "Алғашқы гүлдер", ал енді слайдттан гүлдерді тамашалайық.
Балалар, бұл бәйшешек гүлі.
Бәйшешек – сәндік өсімдіктер. Балалар бұл бәйшешек гүлі өзі кішкентай
болса да суыққа төзімді қар ерісімен шығатын түсі ақ гүл екен.
Қызғалдақ – гүлі ірі, ашық түсті болып өседі. Гүл қоңырауы ақ, қызыл,
сары, сұр, қара болып келеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат
алу үшін өсіріледі.
Тәрбиеші:Балалар гүлдер әр түрлі түсті болады екен. Сіздер түстер
жайлы тақпақтар білесіңдер ме?

Шынар: Қызыл түсті қырмызы,
Алаулайды түз гүлі!
Көлеңкелер ұзарып,
Күн батады қызарып.
Азамат: Алтын күндей албыраған,
Күнбағыс көзбен құшады.
Бақша алмұрт балбыраған,
Сары жапырақтар ұшады.
Жанель: Жасыл түсті бұл әлем,
Шалғын мекен шегіртке.
Жасыл жапырақ жасыл,
Көлбақа да жап-жасыл
Әнге басып елірген.
Жанерке: Көк теңізде арал бар,
Аралға жету бір арман.
Көкпеңбек оттан жаралған,
Ғажайып гүлдер бүр жарған.

Тәрбиеші: Балалар, біз негізгі үш түсті есімізге түсірейікші.
- Қызыл, сары, көк.
- Енді осы түстерді үш тілде қайталап жіберейік,
- Қызыл - красный - red, сары - желтый - yellow, көк - синий -
blue.
- Ал басқа түстерді қайдан алуға болады?
- Түстерді бір-біріне қосу арқылы.
- Дұрыс айтасыңдар, бояуларды бір-біріне қосып, басқа түстерді
шығару үшін біз ойын ойнап көрейік.

ІV. Дидактикалық ойын "Бұл қай түс?"
Көк + ? = күлгін түс
Көк + сары = ?
Қызыл + ? = қызыл сары
Балалар:
Көк + қызыл = күлгін түс
Көк + сары = жасыл түс
Қызыл + сары = қызыл сары

Көктем: Балалар ертегі тыңдағыларың келе ме?
Балалар: Ия!
Көктем: Балалар, онда ертегіні рөлдерге бөліп ойнайық. Ол үшін рөлге
қара түс, сары түс және жасыл түс болуыңыз керек.
Бір күні қара түс келіп, былай деп мақтаныпты.
Сүндет(қара түс): Мен қара түспін,менен асқан түс жоқ. Мен өзім бәрін
сала аламын. (Қылқалам қара бояудың үстіне құлады да, ол шеңбердің суретін
салды, шеңбер түзу әдемі салынды. Бірақ ол көңілді емес еді.)
Көктем: Сен ненің суретін салдың?
Сүндет: Апельсиннің суретін салдым
Көктем: Балалар мына сурет апельсинге ұқсайды ма?
Балалар: Пішіні келеді, бірақ оның түсі қара емес, қызыл сары болу
керек.
Сүндет: Онда ол сиқырлы шар болсын.
Көктем: Балалар сендер осындай шарды сыйлыққа алғыларың келе ме?
Балалар: Жоқ.
Сүндет: (ренжіп) Мен ешкімге ұнамаймын, енді мен не істеймін?
Көктем: Сол үшін барлық түстермен дос болу керек. Ол үшін сары бояуды
қонаққа шақырайық. Бәрің дос болсаңдар, бәріңе көңілді болады.
Кәусар: Мен көңілді түспін. Күн секілді жылымын.
Көктем: Құрметті сары түс, мына көңілсіз суретті көңілді етіп өзгерте
аласыз ба? (Кәусар бармағын сары түске батырды да, қара шеңбердің жанына
күнбағыстың гүлдерін салады.)
Көктем: Бұл нағыз күнбағыс болды, балалар бұған тағы не жетпей тұр?
Балалар: Сабағы мен жапырағы.
Көктем: Сабағы мен жапырағының түсі қандай түс болатын еді?
Балалар: Жасыл түс.
Көктем: Олай болса жасыл түсті қонаққа шақырайық. (жасыл түс келеді)
"Құрметті жасыл түс! Сен біздің күнбағыстың сабағы мен жапырағын салып бере
аласыңба?"
Ерсұлтан: Мен алаңқайда көк шөп сала аламын. (Мақтамен сабағын,
жапырағын салады.)
Көктем: Міне бұл сурет әдемі болды. Бұл гүл қалай аталады?
Балалар: Күнбағыс.
Сүндер: Балалар, мен енді түсіндім. Мен енді барлық түстермен дос
боламын.
Көктем: Жарайсың, Қара түс. Барлығымен дос болғанда ғана барі қызықты
болады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Балалар, қара бояу суретті немен
салады?
Балалар: Қылқаламмен.
Тәрбиеші: Сары түс немен салды?
Балалар: Саусақ ұшымен.
Тәрбиеші: Жасыл түс ше?
Балалар: Мақтамен.

V. Сергіту сәті "Он саусақ"
Жалғыз саусақ тіптіде,
Ұстамайды жіптіде.
Екі саусақ бірікті,
Ұшына қалам ілікті.
Үш саусағым оралды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, гүл салсақ.

VI. Құммен сурет салудың әдіс - тәсілін түсіру.

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз суретті түрлі - түсті топырақпен саламыз.
Топырақтың жақсы қасиеті - жағымсыз иістерді бойына тез сіңіреді. Табиғатты
ластаудан қорғайды. Бүгін біз сол топырақтын бір түрі шеге құммен сурет
саламыз. Алдымен салынған суреттің бетіне желім жағып аламыз және әр -
түрлі түске боялған құмды саусақтың ұшымен себелейміз. Әбден құм
құрғағасын, артық құмды ыдысына қағамыз.
Ескерту: топырақты шашуға, тақтыруға болмайды.

VІI. Қорытынды

Балалардың еңбегін мақтау мадақтау.

Ұқсас жұмыстар
Ана тілі. гүлдер. 4-сынып
Мен басқаны сыйлай аламын ба
Бәріне ортақ сұрақ
Кактус гүлін бақылау
Көктем келді, көктемгі табиғат өзгерістерімен таныстыру
Ана – өмірдің шуағы
Менің әжем жыр әжем
Адамға қатысты сөздерге кім
Көрікті көктем жайлы ақпарат
Шуақты көктем
Пәндер