Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

ҚЫЗЫҚТЫ ИНФОРМАТИКА

Күні: 16. 05. 2017 жыл
Топ: 41к
Сыныптан тыс шара тақырыбы: <<ҚЫЗЫҚТЫ ИНФОРМАТИКА>> (әзіл-ысқақ кеші)
1-жүргізуші: Түн. Аспан ашық , айлы түн,
Тамаша бір тылсым.
Жымыңдайды көктегі,
Арайланып жұлдызым.
2-жүргізуші: Информатика әлемі,
Неткен ғажап әсерлі.
Шыққан сонау ертеден,
Әр қилы компьютер өнері.
3-жүргізуші: Одан күшті , одан мықты,
Жылдам, қызық, әдемі.
Табылмаған бұл өмирден,
Орын алды көңілден.
1-жүргізуші: -Қараңғы түнді жарық қылып тұратын, қараңғы түнде жол көрсетер серігі ай мен жырқыраған жұлдыздар емеспе?
2-жүргізуші: -Осыдан бірнеше жылдар бұрын қараңғы қазақ халқына ай мен жұлдаздай жарқырап жол көрсеткен көрсеткен көзі ашық адамдар болды.
1-жүргізуші: -Ал қазіргі уақытта өте қымбат болса да пайдасы өте зор компьютерлерді ай мен жұлдызға теңеуге бола ма?
2-жүргізуші: -Компьютердердің өмірдегі орны қандай, қандай пайдасы бар? т.б. мәселелерді бүгінгі <<Қызықты информатика>> сайысымызда білетін боламыз.
1-жүргізуші: -Компьютерлердің пайдасын түсінетін боламыз, арасында күлетін боламыз, көңілдеріңізді көтеріп, қолпаштап отыруға әзір болыңыз.
2-жүргізуші: -Ал енедеше <<Қызықты информатика>> сайысын тамашалауға шақырамыз! Олай болса, аспан әлеміндегі жарқыраған ЭЕМ жұлдыздарын қарсы алыңыздар.
1-курс студенттері <> командасы;
2 курс студенттері <> командасы;
Жұлдыздарды бағалау үшін әділ-қазы мүшелері және есепші сайлаймыз.
1-жүргізуші: Жербе тастау. Топтардың нөмірлерін анықтау. Топтар әзірленіп отырсын. Сайысымызға қош келдіңіздер дей отырып, музыкалық сәлем жолдаймыз.
1-бөлім. <<Жұлдыздарға сапар>>
Жұлдыздармен танысу,
Сапарға шығу аспанға.
Тамашалайық ендеше,
Қазақ халқы ертеден.
Ата салттан асқан ба?
<<Жұлдыздарға сапар>> өз-өздерін таныстыру. Әр топ өздерін өлеңмен таныстырады.
Көрініс: <<Компьютер мен өмір байланысы>>:
<<Бір чукча Ақсай қаласына барар поезды күтіп жүріп, вокзалда тұрған компьютерді көріп есінен танады. Әрі-бері қарап жүргенде компьютердің бір пернесін басып қалады. Компьютерде мына сөздер шыға бастайды: <<Сен чукчасын, 1980 жылғысың , әйелің, 2 балаң бар. Сен қазір Ақсай поездін күтіп жүрсің>>. Мынау мені қайдан біледі екен? Не болса да мен оны алдауым керек деген оймен қарт кісі кейіпінде компьютердің алдына келеді. Компьютерде жанағы сөздер және оларға қоса: <<сен мені алдағың келіп қарт кісі кейіпінде келіп тұрсың>> деген сөздер шығады.
Чукча осылай 2-3 рет қайталайды бірақ компьютер оны тани бергесін бұл жолы ол жас қыз кейіпінде киініп келеді. Бұл жолы компьютерден жанағы сөздерге қоса : <<Сен поезд күтіп жүрсің бірақ Ақсай поезді кетіп қалды>> деген сөздер шығады.

2-бөлім: <<Мимика және қимыл-қозғалыс конкурсы>>.
Көрініс: <<Программист пен бақа>>
Программалаушы келе жатса, алдынан сөйлейтін құрбақа шығып, оған былай дейді: -Мен шайтан арбар, бақа етіп жібереді, негізінде мен көрікті қыз болатынмын. Егер менің қолымнан сүйіп алсаң, мен қайта адам қалпына келіп, саған жақсылық жасар едім,..
Программалаушы құрбақаны қалтасына салып алып, ары қарай жүріп келеді.
Құрбақа оған тағы да: -Сен түсінбей қалдың-ау деймін! Мен сұлу қыз болатынмын, тек мені адам қалпыма қайтару керек..
-Мен программалаушымын, маған қыз қажет емес. Ал сөйлейтін құрбақа, ол өте керемет емес пе? Дейді.
3-бөлім: <<Жұлдыздар әңгімесі>>
Тақырыбы: <<Қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің рөлі>>. (берілген уақыты 2-3 минут)
Көрініс <<Студент мен программист>>
Студент программалаушыдан Windows 98, Windows XP, DOS операциялық жүйелерінің айырмасын түсіндіруді сұрады. Программалаушы оған:
oo Аэропортқа келдің дейік. Ұшуға дайындалып, әдемі ұшақ тұр, ішіне кірсең, кілем, күшті орындықтар, шамдары жарқырып тұр. Жолаушылар отырған соң, ұшақ аэропортты бір айналады да, қайта қонып жолаушылардың одан шығуын сұрайды.
oo Бұл - Windows XP
- Келесі орында тағы бір ұшақ тұр, оған жолаушылар отырған соң, ол аэропортты бір айналады да, жарылып жерге құлайды.
- Бұл - Windows 98
- Ал үшінші ұшақтың түрі нашар, сырты кір, дөңгелектері де қисайған секілді. Жолаушылар жүктерін ұшаққа тиеп, өздері оны итеріп от алдырып, ішіне секіріп мінген соң, ақырын ұшып барар жеріне жеткізеді.
- Бұл- DOS, деп түсіндірді.
Қорытынды. Ойыншыларды марапаттау.

Ұқсас жұмыстар
Кіріктірілген сабақтың негізгі құрылымы
Физика біліктілері
Негізгі буындағы информатика курсының мазмұны
Информатика алаңы
Үшінші сайысымыз
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер. үзінділермен жұмыс жасау батырмалары түрлерімен таныстыру
PAINT- қа саяхат
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың маңызы
Алгоритмде қолданылатын ойын түрлері
Математика, физика және информатика апталығы
Пәндер