Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты
Файл қосу
Біз Қазақстанның болашағымыз
Біз Қазақстанның болашағымыз
Тәрбие сағатының тақырыбы: Біз Қазақстанның болашағымыз
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы толық мағлұмат беру, туған жеріне деген патриоттық сезімін ояту.
Тәрбие сағатының міндеттері: 1. Оқушыларға ҚР рәміздері, пайдалы қазбалары толық мағлұмат беру.
2. Балалардың тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту, өз тілін құрметтеп, өзге тілдерді де жақсы менгеруін дамыту.
3. Туған жерін, елін сүюге, жас ұрпақ елдің болашағы екенін сезінуге, отанын қорғауға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі:Сайыс сабақ
Тәрбие сағатының әдісі:Сыни тұрғыдан ойлау, денгейлік тапсырмалар
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, орыс тілі, ағылшын тілі.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар, көрініс, постер т.б.
Тәрбие сағатының жүрісі:
Сіздердің назарларынызға <<Біз Қазақстанның болашағымыз>> атты ашық тәрбие сағатымызды ұсынамыз. Тәрбие сағаты сайыс түрінде өтеді.
Ата салтын қастерлеп,
Өнер сүйген халықпыз.
Мың бұрала би билеп,
Өнерлерін танытсын.
1.Музыкалық номер
1.Қазақ биі
2. Көрініс <<Тәуелсіздік таңы атты>>
Немересі: Алақай, ата-әже, сүйінші, сүйінші! Қазақстан тәуелсіздігін алды. Біз бүгінен бастап егеменді ел болдық, ата-әже.
Атасы: Тәубә, тәубә, тәуелсіздік
Не деген тұлғалысың!
Осы күнге де жеттік. Талай ғасыр ата- бабаң аңсаған күн жетіпті, Шұғылам!
Әжесі: Ой, жарқыным, ботам, өркенің өссін! Осы жақсы хабарды әкелген ризамыз саған (бетінен сүйеді). Тәуелсіз еліңнің бақытты ұрпағы бол!
Немересі: Рахмет, сіздерге ата-әже! Бұл хабарға барлық ел қуанып, тойлап жатырмыз.
Әжесі: Ел болыпсыз, егемен еліміздің шаңырағы биік болсын, керегесі бүтін болсын. Киіз үйдің уығындай болып еліміздегі әр ұлт тату- тәтті өмір сүрсін - деген ырыммен саған сүйіншіге киіз үйді беремін.
Немересі: Рахмет, әже! Әумин! Айтқаныңыз келсін. Ата-әже, еліміздің тәуелсіздігіне менің сыныптастарым да мереке ұйымдастырып жатыр. Сіздер де, сол мерекеге жүріңіздер.
Атасы: Әрине, құлыным, бізде сендермен бірге тәуелсіздікті тойлайық!
Әжесі: Менің шашуым қайда? Соны ұмытып барамын. Шұғыла, менің шашуымды алып келе, ғой.
Немересі: Қазір , әже!
Олар сыныпқа келеді.
Немересі: Ата- әже, міне менің сыныбым. Ақтау қаласындағы № 13 қазақ гимназиясы. Бұл менің сыныптас достарым.
Балалар: Ассалаумағалейкум, ата!
Атасы: Уағалейкүмассалам, балаларым!
Қыздар: Салематсыз ба, әже!
Әжесі: Амансыңдар ма, балаларым!
Оқушы: Ата, әже қош келдіңіз! Біз ҚР тәуелсіздігін тойлап жатырмыз.
Әжесі: (шашу шашады).
1. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
2. Еліміз тыныш, бейбіт болсын!
3. Қазақстан елінің әрбір отбасы бақытты болсын!
Атасы: Өркендерің өссін, балаларым. Еліміздің болашағы сіздер. Біз сіздерге сенеміз. Қазақстан елінің туын биікке желбірететін, білімді, ақылды азаматтар болып өсіңдер!
Немересі: Ата, әже, рахмет сіздерге: Сіздер біздің ақылшы, тірегімізсіз! Дендеріңіз сау болсын. Әрдайым бізге жол көрсетер жұлдыздай болып, жарқырай беріңіз. Елбасы өзінің халыққа жолдауында айтқандай. Біз еліміздің өнерлі, ақылды, білімді болашақ ұрпағымыз. Біздей ұрпағы бар мемлекет өркендейтіне сенеміз. Қазір біз сіздерге арнап ҚР гимнін орындап береміз.
3. Қазақстан Республикасының гимні орындалады.
I. Таныстыру
Енді ортаға сайыскер топтарды шақырамын.
Осымен мереке басталып кетсін,
Ән шашу баршамызға жетсін.
Бүгінгі жарыстағы сайыскерлер,
Өздерін таныстырып өтсін.
Топтың аты: Сұңқар
Топтың ұраны: Сұңқардай биікте шарықта,
Ойында ешкімнен қалыспа.
Топтың аты: Тұлпар
Топтың ұраны:Жарыста жүйрік боп желейік,
Бәйгеде бақ сынап көрейік.
Топтың аты: Жұлдыз
Топтың ұраны: Жұлдыздай жарқырап көктегі,
Алайық жарыста жүлдені
Топтың аты: Зерек
Топтың ұраны: Алғырмыз білімде, зерекпіз,
Біліммен халыққа керекпіз.
Қазылар орнықтырар әділдікті ,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,-
дей келе топтардың жауаптарын бағалау үшін әділ қазыларды сайлаймыз.
1. Санаға саяхат
2. Мәнерлеп оқу
3. Мақал-мәтел сайысы
4. Постер қорғау
5. Шығармалар сайысы
6. Өлең шығару
7. 3-тілде өзі туралы әңгімелеу
8. Тілек ағашы
II. Санаға саяхат
Саяхат жүргіземіз біз санаға,
Кетпесін ойларыңыз құр далаға.
Шешіліп сөйлегенде әрқайсысы,
Ұқсасын дейміз қалайда бір далада.
1. ҚР рәміздерін ата.
2. ҚР мемлекеттік туының түсі қандай? Ол нені білдіреді?
3. Еліміз егемендігін қашан алды?
4. Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар?
5. ҚР қандай мемлекеттермен шектеседі?
6. Жер көлемі жөнінен Қазақстан нешінші орында?
7. ҚР қанша облыс бар?
8. Елтаңбаның авторларын ата.
9. Ұлттық валюта қашан енді?
10. ҚР елбасшысы кім?
11. Еліміздің бас қаласын ата.
12. Әрбір қазақ отбасының төрінде тұратын ұлттық аспапты ата.
III. Мәнерлеп оқу сайысы
Ұланым менің ақылды,
Қадірлей біл салтыңды.
Мақтан ет сен мәңгілік,
Тілің, дінің, халқыңды,-
дей келе келесі кезекті мәнерлеп оқу сайысына береміз.
Әр топтан 1 оқушыдан шығып өлең оқиды.
IY.Мақал-мәтел сайысы.
Әңгімені айтса жұртым мақалдайды,
Жеңіліп сөзден, шіркін, қала алмайды.
Жүз сұрақ қойсаң дағы дарындылар,
Жасырып жүзін дағы қаша алмайды.
Келесі кезекте мақал-мәтел сайысы
1. Отансыз ... - ормансыз бұлбұл
2. Туған жердей ... болмас,
Туған елдей ел болмас.
3. Отан... да ыстық.
4. Ел іші ... бесік.
5. Отан... басталады.
6.Туған жердің... де ыстық, түні де ыстық.
7. Жері байдың ... бай.
8. Туған жердің ... де көрікті, елі де сүйікті.
Y .Постер қорғау
Сынып, мектеп, отбасы, Отан сөздеріне асосация жасау.
Музыкалық номер.
Сұлу саз, жанға жайлы әсем ерке,
Дауысы бал бұлақтай сыңғыр ерке.
Ән салар алдарында шын пейілмен,
Мөлдірдей әсем дауыс, әнші бике
4.Студенттің орындауында <<Елім менің>> әні
5. Студент <<Моя Родина>> өлеңін оқиды
YI.Шығармалар сайысы
Әрбір топтан 1 оқушы шығып өздерінің Отанға арнаған шығармаларын оқиды.
YII. Өлең шығару
Әрбір топ Астана, Отан, Маңғыстау,Ту тақырыптарына өлең шығарып оқиды.
Музыкалық номер.
Бір ішектің бір қатты,
Бір жай-жай кем бұра.
Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра
6. Студенттің орындауында <<Біз өмірдің гүліміз>>
7. Студенттің орындауында <<Біз адаймыз>> әні
YIII. 3-тілде өзі туралы әңгімелеу
Ана тілін қастерлейміз, сүйеміз,
Орыс тілде, ағылшынша білеміз.
Біліміміз ұшан теңіз ойымыз,
3 тілдегі өнерімді көріңіз
Әр топтан оқушылар шығып өздері туралы қазақ, орыс, ағылшын тілінде әңгімелейді.
IX.Тілек ағашы
Әр топтың балалары өздерінің Отанға деген тілегін жазып кезекпен тілек ағашына іледі.
Қасиетті ұлт аспабы халқымның,
Домбыраны қастерлеген салтым бұл.
Алдарыңда күмбірлеп күй тартылсын,
Өз өнерін Жанарыс бір танытсын.
8. Студентің орындауында <<Өрнек>> күйі
Сайыс қорытындысын шығару мақсатында әділ қазыларға сөз беру.
Имандылық - инабаттылық айнасы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Имандылық - инабаттылық айнасы
1. Білімділік мақсаты:Оқушылардың инабаттылық түсініктерін кеңейте түсу, тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы жаңалықтармен танысу.
2.Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың мұсылман діні және теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, ой - өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу.
3. Тәрбиелік мақсаты:Оқушыларды халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрлерін жалғастырып құрметтеуге, инабаттылыққа, имандылыққа адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, дәлдікке ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.Түрі: Сұхбат - кездесу сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, мешіт салынған суреттер, нақыл сөздер, үнтаспа, құран және <<Ислам тағылымдары>> кітаптар, теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы деректер.
Мұғалім: Халқымыз жан - жақты адамды << сегіз қырлы бір сырлы>>,- дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның ақылы, имандылығы. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болады, жаман мен жақсыны айыра біледі.
Міне, сол себепті біз <<Имандылық - инабаттылық айнасы>> деген тақырыпта өз ойларымызды ортаға салмақпыз.
Жүргізуші: Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып,, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті.
Қазіргі кезде ата - анасын қарттар үйіне өткізген бала, балаларын тірі жетім етіп, жүрген алаяқтар, маскүнем, ұрылардың көбеюі біздің ұлттық тәрбиемізге сын.(Слайд)
Сондықтан, мектепте имандылық тәрбиесінің берілуі оқушылар бойына ізгі қасиеттерін сіңіру үшін, өзін мұсылман деп тануға ұлтының озық дәстүрін, әдет - ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып өсіп жетілуіне игі әсер етеді деп сенеміз.
Осы орайда қасиетті өткізілгелі отырған <<Имандылық - инабаттылық айнасы>> атты ашық тәрбие сағатымыздың қонағы, біздің сұрақтарымызға жауап бергелі келіп отырған Орталық мешіттің имамы Мерғали Жүніспекұлы орталарыңызда.
Жүргізуші: Сонымен қатар, бүгінгі тақырыбымызға сай өз оқушыларымыз мұсылман діні туралы қандай ұғымдары біледі екен, соған кезек берелік.
І. 1 - оқушы: Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед пайғамбар. Ұлты араб. Меккеде туған. Мұхаммед ойдан шығарылған емес, тарихи тұлға. Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп те атайды.
2 - оқушы: Ислам дінін ұстанатын адамдарды мұсылман деп атайды.
3 - оқушы: Мұсылман дінін ұстанатындардың негізгі қасиетті күні - жұма.
4 - оқушы: Ораза ұстаған адам өзін - өзі тәртіпке шақырып, жаман істерден тыйылады. Мұсылмандыққа жат қылықтардан - өтірік, өсек айту, дау - жанжалдан, біреу туралы жаман ойлардан, дауыс көтеріп ұрысудан аулақ болуға тырысады. Адамдарға кешірімді болуға, мейірімді болуға, басқа ораза ұстаушыларға қамқорлық көрсетуге ниет етеді.
5 - оқушы: Мұсылмандардың қасиетті үйі - мешіт. Мешіт - өтірік айтылмайтын, ақиқат пен шындық жолын тұтынған ең таза пәк жер.
6 - оқушы: Мұсылман дінінің қасиетті кітабы - Құран. Құранның сөзі құдайдың сөзі.
7 - оқушы: Ораза айында әр отбасы жан басына белгіленген мөлшерде пітір - садақа береді. Бұл осы Рамазан айына аман - есен жеткеніміз үшін берілетін құдайы садақа. Мұнда мұсылман қауымы дүние - қоңыздықтан аулақ болуға үйренеді. Адамдарды тату өмір сүруге баулиды. Пітір садақаны ауру - сырқаулы, жетім, мүсәпір адамдарға беруге болады.
9 - оқушы: Аллаға сенудің пендеге берері көп. Тіршілікте таза болып, дұрыс, түзу жол табу - иман мен жақсы істердің нәтижесі. Иман - адам бойында қанағат, қайсарлық пен сабырлық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Ислам дінін тұтынатын мұсылманның бес парызы бар. Сендер, балалар, атап бере аласыңдар ма?
1. Құдай бірлігі Мұхаммед пайғамбар қасиетін мойындау
2.Намаз оқу
3.Ораза ұстау
4. Садақа беру
5. Қажылыққа бару.
10 - оқушы: Шариғат бойынша адам қылмыс жасамауы, маман сөз өтірік айтпауы керек. <<Менде ғана болсын>> деген өзімшілдік, біреуге қиянат, зорлық жасау діннен безген, діннен қорықпағандардың ісі, ондай адам күнәхар болып есептелінеді.
Би <<Халал>>
ІІ. Имандылық деген не? Пікірталас.
Пікірталасты бастамас бұрын мына бейнесюжетке көңіл аударуларыңызды сұраймын.
<<Өмірде болған>>бейнефильмінен үзінді көрсету.
ІІІ. Абайла адасу! <<Абайла, дін саудагерлері!>> тақырыбында теріс бағыттағы діни ағымдардың іс - әрекеттері мен мақсат - мүдделеріне тоқталып оқушы пікірлерін білу.
Өзге елден келген теріс жолды насихаттаушылар елімізде көбеюде. Ұлтымыздың салт - дәстүріне қарама - қайшы пікірлер айтылады. Ислам дінін жамылып ислам құндылықтарын жоққа шығарып шет елден келген секта, миссионерлері өздерінің қара ойларын іске асыруда. Олардың саны өкінішке қарай көбеюде. Олар жастар мен мектеп жасындағы балаларды теріс бағытқа тәрбиелеуде. Исламдағы теріс діни ағымдардың кесірінен қасиетті Ислам дінінің қазіргі заманда экстремизм, террор діні саналуы қынжылтады.
Исламдағы ұғымдар туралы оқушылардың айтқан пікірлері:
<<Салафиттер>> немесе салафилер ұйымы 7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға, ата - баба басында құран бағыштауға қарсы. Атырау қаласында кең тараған. <<Салафи>> сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі. Негізінен <<алдыңғы өткендер>>, <<бұрынғылар>> деген мағынаны береді. Ал қазіргі заманның салафилерінің іс - әрекеттері Құран аяттарын өз беттерінше өзгертіп алған.
<<Такфиршілер>> ұйымы. Олар өздерін таза мұсылмандар санап, өзгелерді кәпірге есептейді екен. Египетте бастау алған бұл ағым өзге мұсылмандармен араласпайды, мешітке бармайды. Мұсылмандар арасында жік салушы. Мемлекеттің саяси бағытын қабылдамайды. Олар дін ақиқатын білуге талпынбайды. Ағым мұсылмандар арасында іріткі салып, олардың бірлік - ынтымағын бұзуға тырысады. Дау - жанжал туғызу арқылы мемлекеттің саяси - экономикалық бағдарламасының нығаюына кері ықпал жасайды.
<<Таза ислам>> деп аталатын діни ағым өкілдерінің ниеттері - ұстанымдылық пен Алладан қорқушылық қағидаларын аяқ асты етіп, Исламға жат жоспарларын жүзеге асыру. Олар адам ұрлаумен, қарақшылықпен айналысады. Осындай 7 адамнан тұратын топ 2008 жылдың желтоқсан айында ұсталған екен.
<<Таблиғ жамағаты>>. Нақты тұжырым жасасақ, бұл <<дін уағыздаушы топ>> деген ұғымды білдіреді. Олардың екінші бір аты - <<дағуатшылар>>, қазақшалағанда үгіт, насихат жүргізу, шақыру. Олар Ислам дінін өздері құрған ереже бойынша насихаттайды. Өздерін саясаттан бөлек ұстайды. Сақал қойып, ұзын көйлек киеді. Туған күнге, ұйымның іс - әрекетіне тыйым салған.
<<Нұршылар жамағаты>> Түркияда пайда болған. Ұйымның мақсаты - мемлекет әкімшілігіне қарсы шығатын діни фанат адамдарды тәрбиелеу. Бұл ағым елімізге 1992 жылдан бері келе бастаған. Өздері басып шығарған уағыз парақшаларын тарату арқылы қатарларын толықтыруға тырысады.
<<Қадиян>> тобы Үндістанда пайда болған. Адасқан ағымдардың бірі. Мұсылмандарды діннен аластату мақсатында пайда болған. Отанды қорғауды қажет деп есептемейді. Зиянды, жағымсыз әдеттермен мұсылмандар арасында жан - жақты идеологиялық күресті күшейтіп, төңкеріс арқылы қол жеткізуді көздейді.
Хизбутшылар мемлекеттік шекараны мойындамайды. Олардың мақсаты:
1) бейбіт жатқан мемлекеттерде азамат соғысын ұйымдастыру;
2) мемлекеттің экономикасын құлдырату;
3) ұлтаралық, дінаралық бүліктер туғызу;
4) мемлекеттерге қару - жарақ есірткі заттарын тасымалдап апару. Ағым мүшелері біздің елімізде де кездеседі. Олар Ислам атын жамылып өз мақсаттарын, жаман істерін жүргізушілер. Олардан аулақ болайық.
<<Уаһһабилер>>Сауд Арабиясында дүниеге келген.
Мұхаммед ибн Абдуллуаһһаб деген адам астыртын жіберілген ағылшын тыңшыларымен байланысып, солардың ақыл - кеңесімен <<Уаһһабия>> деген ағымның негізін салған. Олар мәдениетті, өнерді мойындамайды. Уаһһабия ағымының белгілері:
1) мемлекет заңдарына бағынбайды; 2) пайғамбарымыздың кейбір хадистерін мойындайды; 3) әулиелерге зиярат жасауға болмайды деп есептейді; 4) садақа беруге мүлдем қарсы, мешітке кіріп намаз оқымайды; 5) мемлекеттің тәуелсіздігін нұқсан келтіреді. Өкінішке қарай, біздің мемлекетімізде де осы қауіпті ағым жолын ұстанушылар кездеседі. Олар ата - аналарын сыйламайды. Туыстарымен қатынаспайды. Бұл ағымда Ислам өркениеттің күш алып кетуінен қорыққан еуропалықтардың әрекеті бар.
Секталар: <<Иегова күәгерлері>>, кришнаиттер, саентологтар, мунистер, баптистер. Олар дін жолын табыстың көзіне айналдырған. Күллі әлемді евангелиендіру саясатымен Америкадан әлемнің түкпір - түкпіріне мыңдаған миссионерлер жөнелтуде.
Секта - орталық шіркеу немесе мешіттен бөлектенген діни топ, қауым, бас пайдасы, жеке мүддесі үшін халықтан қол үзген топ.
Теріс бағыттағы діни ағымдардың мақсаты:
1. Басқа нұқсан келтіру, адамдарға деген жиіркенішті сезім тудыруды уағыздау.
2. Адам ойына үстемдік жүргізу.
3. Мемлекеттің, отбасының бірлігін, тыныштығын бұзу.
4. Халықтың патриоттық қатынастарын бұзу.
5. Мемлекеттің тәуелсіздігіне нұқсан келтіру және мемлекет заңдарына бағынбау.
Саентология деген не?
Олардың сырт көзге білінбестен гипнозбен, зомбыландыруымен адамда ішкі психологиялық сәттілік сезімі пайда болады. Сектаға тартылған адамдардың психологиялық күйі күннен күнге асқына береді. Саентология ілімдерін қолданатын бизнес - мектептері: <<Дианетика>>, <<Нарконон>>, <<Кримиан>>, <<Рубикон>>, <<Перформия>>.
ІІІ. Дін және заң бөлімі. <<Діни диверсияға құқықтық тосқауыл>>.
<<Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы>> заңнан үзінді.
Зайырлықтың мына қағидаларын тұратынын көрсетеді
Мемлекеттік билікке діни бірлестіктердің араласуына жол бермейді.
Мемлекеттік органдар діни бірлестіктердің қызметіне заңсыз араласа алмайды.
Діни бірлестіктерге партия ретінде құрылуына жол бермейді.
Мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмайды.
Белгілі бір дінді мемлекеттің білім дағдарламаларына арнайы пән ретінде енгізуге болмайды.
Білім беру орындарында дінтану пәндері танымдық негізде өткізілуі мүмкін.
<<Даурс Салам>> діни бірлестігінің еліміздегі іс - әрекеті сот шешімімен заңсыз деп танылып, бірлестік жұмысы тоқталды. Сондай - ақ <<Грейс>> евангелді - христиан миссионерлік діни бірлестігінің жетекшісі 14 жылға бас бостандығынан айырылды.
Дін және уақыт (қорытынды бөлім)
<<Ел мен дін мұраты - ынтымақ пен бірлік>>
Тоғыз інжу әдісі.
Теріс бағыттағы діни ағымдар.....
Елдің тәуелсіздігіне қарсы бағытталған әрекет.
Әрбір адам абай болатын аса қауіпті бағыт.
Заманның жаңа ағымынан туындаған бағыттар.
Діни сауаты бар адамдардың мазасыздануына тұрарлық мәселе емес.
ІҮ. Міне, балалар бүгін біз теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы ой бөлістік. Енді сөз кезегін арнайы тәрбие сағатымызға шақырылған қонаққа береміз.
Ү. Абайдың <<Алланың өзі де рас, сөзі де рас>> өлеңін мәнерлеп оқу (Канафиянов Елдар)
ҮІ. Аймақтық компонент жерлес атамыз Мәмежанов Қ. Ш. <<Ислам тағылымдары>> кітабымен таныстыру.
ҮІІ. Ата - аналардың құрметіне <<Асыл ана>> әні.
ҮІІІ. Қорытындылау. Елбасының 2050 стратегиясынан үзінді.
Н. Ә. Назарбаев: Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысады.
Мұндай ұлттың табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ ұстауымыз керек.
Бабамның қанымен келген тәуелсіздік
Тақырыбы: <<Бабамның қанымен келген тәуелсіздік!>>
Мақсаты: 1.Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 21 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.
2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей , қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру.
3. Оқушылар бойында отансүйгіштік-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан республикасының картасы,Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.
Техникалық құрал: мультимедиалық қондырғы.
Барысы:
Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Тәуелсіздік Декларациясы қабылданып, Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады. <<Тәуелсіздік - ата-бабам аңсаған>> атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне арналады. Тәрбие сағатымызды төмендегі жоспар бойынша жүргіземіз:
1. Кіріспе.
Тәуелсіз ел- Қазақстан.
2. Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар.
3.Тарихи оқиғалар тізбесі.
4.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер.
5. Қорытынды.
Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ - нағыз батыр халық екенін мойндайсың.Жүгі нарда , қазаны теңде болып, көшіп -қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.
1-жүргізуші:
Армысыздар, Отандастар!
2-жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
1-жүргізуші:
Еліміздің тәуелсіздік алуы - халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол-баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
2-жүргізуші:
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгнді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!
1-оқушы. М. Шаханов << Төрт ана>>
<<Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға,
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Демеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері- түп қазығы айбыны,
Туған тілі- сарқылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы.
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да
Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайды қалмаған.
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана- тағдырымның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес-тердің ұлысы!>>
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған
Жете алмай құрбан болды қанша адам.
1-жүргізуші: Қазақ халқы азаттык үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
1-көрініс.
Жоңғар хан ордасы. Хан тақта отыр.
Уәзір: <<Тақсыр! Қазақтар келіп тұр>>
Хан: <<Кірсін!>>
<<Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер? Айтататындарыңды айтыңдар да, елдеріңе қайтыңдар!>>
Қазыбек: <<Біз - қазақ деген елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ табысқалы келгенбіз. Сен темір де біз көмір еріткелі келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұратын жеріңді айт >>
Хан: <<Балам, атың кім?>>
Қазыбек би: <<Атым - Қазыбек, әкем - Келдібек, ұлтым - қазақ, руым - Қаракесек >>
Хан: <<Ендеше, даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен, есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын>>
1-жүргізуші: Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы <<Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама>> қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.
2-жүргізуші: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
1836-1838 жылдардағы Ішкі Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Бұл көтеріліс Ресей патша үкіметіне қарсы бағытталды. Қазақ шаруаларының жерлерін тартып алып , орыс шаруаларына үлестіріп берген олар халықтың ашу-ызасын тудырды. Исатайдың серігі, ақын Махамбет Өтемісұлы өз жырларын осы тақырыпқа арнады.
Махамбеттің өлеңінен үзінді. <<Мен, мен едім, мен едім...>> Оқитын Б. Нұрсұлтан.
<<Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім,
Қай қазақтан кем едім,
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
Басын кессем деп едім
Еділдің бойы ен тоғай
Ел қондырсам деп едім
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсамдеп едім>>
1-жүргізуші: 1917 ж. бастап қазақ елі кеңес елінің құрамында болды. 1925-1933ж.ж. Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп , <<Кіші Октябрь>> саясатын жүргізді. Елді аштық тығырына тіреп негізгі күн көрісі мал болған қазақтар екі-үш жылда малдарынан түгел айрылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. қазақ аштықтан қырылды.
2-жүргізуші:1937ж. асыра сілтеудің кесірі - біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. (Қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың портреттері)
1-жүргізуші: Ақтаңдақ жылдардағы <<қазақ>> деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
2-жүргізуші: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет-бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандары.
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Кеудемдегі қолаңтаны қоздатқаның
Тұншықса да, түрмеде тозбапты әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан
Жалтақтатып кете барған боздақтарын.
2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысы жылдарына тоқталайық.
2- оқушы:
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
Соғыс жалмап аға-іні, бауырды
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды
Жалғызынан айырыпты ананы
Әкесінен айырыпты баланы.
3- оқушы:
<<1941-1945ж.ж. адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді>> ( Кеңес Одағының Батырлары - слайд)
4-оқушы. <<Адай>> күйі.
1-жүргізуші:1986 ж. желтоқсаны.
Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар Алматы алаңына еріккеннен шыққан жоқ, алдына мақсат қойып шықты. <<Ұлтшылдық>>, <<бұзақы>>, <<тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар>> деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл кеңес еліне таратылды. ( Желтоқсан оқиғасы жайлы слайд көрсетіледі) С.Тұрысбековтің <<Көңіл толқыны>> күйі тыңдатылады.
2-жүргізуші: Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн
Қыранды қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн
<<Нашақор>> деп, <<ұлтшыл>> деп,
Қазақққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн
Қақаған қыстың ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн
Қара көз қазақ қыздарын
ОМОН-дар бастан тепкен күн.
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрке шапқан күн
Аппақ қар қанға боянып
Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.
Қайғы езіп елдің еңсесін
Жан шыдау жанын батқан күн
Енді қайтып келмесін
Сол бір қарғыс атқан күн.
1-жүргізуші: Желтоқсан құрбандары-Ербол, Қайрат, Ләзат сынды аға-апаларымздың есімдері ешқашан ұмытылмайды.
2-жүргізуші:1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика болып жарияланды.
5-оқушы:
Қазақстан - қасиетті ұғым бұл
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал, толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т- білдіреді теңдікті,
Ә- әдептілік, әлдікті,
У-уайымсыз уақытты,
Е- егемендік елдікті.
Л-дейді лағып лепірме,
С-сенімділік секілді,
І-ілтипат пен ізетті
З- зиялылық тілек қой.
Д- шақырады достыққа,
І- ізденіс пен нәтиже
К- дейді күн боп көктегі
Көз алартып, көршілерге қол сұқпа.
1-жүргізуші:
Далада думан, қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойы асыға күткен бұл күнім
Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым
Тәуелсіз Қазақстаным!
6-оқушы. <<Жаса, Қазақстан>> әні.
7-оқушы:
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2 400мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания ,Италия . Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемелекеттің ішінде 9-орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес. Олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан,Қырғызстан,Түркменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Елордасы - Астана.
7-оқушы:
Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемелекет. Бізде алтын, темір, мырыш, күміс,көмір, газ, мұнай, яғни бір сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі.
8-оқушы: Әбу Сәрсенбаев <<Туған жер>>
1-жүргізуші:
Қазақстан - сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан - бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.
9-оқушы:
Еліміздің өзіне тән туы, елтаңбасы,әнұраны бар. Әнұранымыздың авторлары- Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. Қазақстан Республикасының Мемелекеттік туы көгілдір түсті. Онда Алтын күн бейнесі, шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар. Тудың көгілдір түсі - бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы - байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі. Қыран бүркіт - тәуелсіздік белгісі. Өрнек - салт-дәстүрдің белгісі. Мемлекеттік тудың авторы - Шәкен Ниязбеков.
9-оқушы:
Қазақстан Республикасының елтаңбасының бастысы- шаңырақ. Шаңырақ - киіз үйдің күмбезі, ол күн бейнесін, ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері.Қазақта <<Ат- адамның қанаты>> деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бесбұрышты жұлдызы - әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды , жұлдызды кие тұтатын халқымыз <<Жұлдызың жарқырай берсін>> деген асыл арманын айтып тұрғандай. Елтаңбаның авторлары - Шота Аман Уәлихан және Жандарбек Мәлібекұлы.
Би. <<Қар жорға>>
1-жүргізуші:
1991-2012 жылдар аралығында Қазақстан қандай жетістіктерге жетті. (Слайдтар көрсету)
1991ж. 29 тамызда
Семей полигоны жабылды.
1991ж. 2 қазанда
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1991ж. 1 желтоқсанда
Тұңғыш президентіміз сайланды.
1992ж. 2 наурызда
Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып кірді.
1992ж. 4 маусымда
Қ.Р. Мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993ж.15 қарашада
Ұлттық валютамыз-теңге айналымға енді.
1994ж.19 маусымда
Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қойылды.
1995ж. 30 тамызда
Жаңа Конституцияның қабылдануы.
1998ж. мамырда
Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді.
1999ж. 10 қаңтар
Президент сайлауы болды.
2000ж.
<<Мәдениетті қолдау жылы>> Түркістанға 1500жыл толды.
2002ж.
<<Денсаулық жылы>> деп аталды.
2004ж.
<<Қазақстан - Ресей жылы>> болды.
2007ж.
<<Қазақ тілін қолдау >> жылы болды.
2009ж.
<<Ана мен бала жылы>>
2010ж. 12 желтоқсан
Астана қаласында Еуразиялық Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтті.
2011ж.
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы тойланды.
2012ж.
Қазақстан спортшылары жазғы олимпиадалық ойындарда жетістіктерге жетті.
2012 ж.
Қазақстан <<ЭКСПО - 2017>> халықаралық көрмесін жүргізуге мүмкіндік алды.
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік бостандығың еліңде
Желбіреді көк тұлпарың көгіңде
Жарқын болсын тәуелсіз ел әлемге
Теңесті халқың терезесі тең елге.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік - елімнің шамшырағы
Тәуелсіздік - халқымның бәйге пырағы.
Тұрақты болсын , қуатты болсын әрқашан,
Шырағы мен пырағының тұрағы.
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік - бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік - түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
1-жүргізуші: Тәуелсіз елдің ұлы - өжет, қызы қайратты, қаhарман.
2-жүргізуші: Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құрметте.
1-жүргізуші: Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола түссін!
2-жүргізуші: Еліміздің белгісі - көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!
Той тойға ұлассын!
Сыйынар ем, ана деген тәңірге!
Тақырыбы: Сыйынар ем, ана деген тәңірге!
Мақсаты:
Білімділігі: Ең қасиетті бұл өмірде ана екенін сездіріп,оқушылардың танымына ой түсіру.
Дамытушылық: Ел тарихында бүкіл бір халықтың анасына айналған қасиетті аналарыңыздың ұлағатты сөздерінен тәлім алып,еліміздің елдігін сақтайтын силанатын орындарға баулу
Тәрбиелік: жастардың анаға деген махаббатын ояту,рухани дүниелеріне эстетикалық адамгершілік қасиет дарыту
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ана туралы даналық сөздер, мақал мател
Сабақтың түрі: Кездесу сабағы.
Жүру барысы:
І.Ұйымдастыру
Құрметті Ұстаздар, ата-аналар, қош келдіңіздер. Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік дендеріңізге саулық тілейміз!
Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтінде - Ана. Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дан тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қаұпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбін ана отының өшпеуін, шаңырағының құламауын сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді.
Асыл ана туралы қасиетті де құдіретті сөздер, аңыз-әңгімелер жеткілікті. <<Жәннат - ананың табанының астында>> - деген қасиетті хадисте. Осы сөздердің астарында теңіздей терең мағына жатқаны аян. Өмірдің мәні мен сәніне айналған ардақты аналарға берілген ең лайықты баға
<<Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді>> - деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңізші. Шындығында әйелдер қауымынсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес.Иә, құдайдан кейінгі құдірет иесі - ана. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз. Бүгінде ұрпақ өсіруімен қатар, ел еңсесін көтеруде өз үлестерін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.
Адамды дүниеге әкелетін,өмірге сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдңрет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз
Сен дүниеге келдің, сені өмірге әкелген бір жан бар. Ол кім? Ол - анаң.
Шырылдап жерге түскеннен - ақ, сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол кім? Ол - анаң.
Сен үшін бәрінен қымбат бір жан бар. Ол кім? Ол - анаң.
Өзі салмақты, өзі байсалды, отбасын сақтаушы, қорғаушы кім? Ол - анаң.
Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін кім? Ол - анаң.
Жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға кім? Ол - анаң.
Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегіміз келеді. Сіздерге балалық жүректерімізден мыңда бір алғыс.
Ана сөзін ауызына алмайтын адам баласы жоққа тән.Аналар қоғам өмірінеде алатын орны бөлек.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған оқушыларымыздың өлеңдеріне кезек берейік.
Сен білесіңбе?
Топтарға сұрақтар қойылады.
І топ
1. Балдан тәтті не? (Бала)
2. Тәрбие мен білім ордасы (Мектеп)
3. Үйлегі алтын қазық кім? (Ана)
4. Бес асылды атаңдар (Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым)
5. Екі адамның бір-біріне деген адалдығы (достық)
ІІ топ
1. 18 жасқа толмаған адам (Бала)
2. Қара жаңырақ иесі кім? (Кенже ұл)
3. Үш арсызды атаңдар? (Ұйқы,тамақ,күлкі)
4. Әкеден балаға берілетін зат? (Мұра)
5. Үйде кім,елде кім қадірлі? (Үйде халық,қарт,бала қадірлі,елде хан,әкім,ұстаз қадірлі)
Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі жаным деген сая маған
Мақалдың жалғасын тап...
І топ
1. Ата - бәйтерек
Бала жапырақ
2. Ана тілін білмеген
Ана сүтін татпаған
3. Ұлы бар үйде қуат бар,
Қызы бар үйде шуақ бар
4. Әкеге қарап ұл өсер
Шешеге қарап қыз өсер
5. Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
6. Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!
7. Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер
ІІ топ
1. Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар
2. Ана алдында -- құрмет,
Ата алдында -- қызмет.
3. Ананың сүті -- бал,
Баланың тілі -- бал.
4. Бала жақсы болса - қуаныш, жаман болса - күйініш
5. Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!
6. Отан елдің - анасы,
Ел - ердің анасы
7. Отан үшін күрес
Ерге тиген үлес
<<Балам - бақытым, болашағым>> мерекелік ойын. Бұл ойынға оқушылардың ата-аналары қатысады.
1. Балаңыздың атының қойылу себебін түсіндіріңіз?
2. Балаңыз қандай ойынды жақсы көреді?
3. Балаңыздың ең алғаш айтқан сөзін еске түсіріңіз?
4. Балаңыздың сізге ең алғаш берген көмегі қандай?
5. Өз балаңызды қалай мақтайсыз немесе қандай жетістіктерімен мақтана аласыз?
6. Балаңызды алғаш мектепке кім әкелді?
7. Балаңыздың парталасы көршісі кім?
8. Балаңыздың сүйікті асы не?
9. Сынып жетекшісінің толық аты кім?
10. Балаңыздың болашақта кім болғанын қалайсыз?
Ата - анаға айтқан рахметің
Елден алған алғысың
Ата - анаңды сыйламағаның
Елден алған қарғысың
<<Сәйкестендіру>>
Екі топқа берілетін тапсырма сәйкестендіру кестесі
Отбасының қорғаны кім? 5 Ана
Үйдегі алтын қазық кім? 1 Ұстаз,ата - ана
Жоқты бар,ашты тоқ ететін кім? 6 Қонақ,қарт адам,бала
Үйде кімдер қадірлі? 3 Ата - ана,ұстаз,дос
Қоғамда кімдер қадірлі? 2 Әке
Адамға ақыл беретін кім? 4 Ана
Құрметтейік,о адамдар,аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істейік әр қадамды
Егер мен...
Әр топтағы оқушылар берілген сөйлемдегі ойды аяқтайды.
:: Егер мен анамның қөңілін қалдырсам, онда...
:: Егер мен жаман баға алып қалсам, онда анама...
:: Егер мен кітабымды жыртып алсам, онда апайыма...
:: Егер мен үй тапсырмасын орындамай келсем, онда апайыма...
Ата-аналар жадынама.
1) Баланың оқуына, тәрбиеленуіне, баланың белсенділігін артуына тек мектеп тәрбиесі мен оқуының арқасында қол жеткізуге болатынын түсініңіз. Мұғалім - сіздің отбасыңыздың досы.
2) Ата-аналар жиналысынан қалмай, баланың сабағының үлгерімін қадағалаңыз.
3) Балаңыздың күнделікті оқуындағы табысымен ой бөлісіңіз: бүгін қандай жаңа ұғым алды, нені үйренді?
4) Баланың күнделікті үй тапсырмасын орындалуын қадағалаңыз, егер бала қиналатын болса көмектесіңіз.
Аналарды ардақтайық мәңгілік,
Сіздер үшін жыр жазамын ән қылып,
Барлық ана қамқор болған балаға
Құрметтемей аналарды болар ма?!
<<Ұшқыр ой>> ситуациялық сұрақ
Ата-аналар өз пікірлерін айтады.
1-жағдаят (анаға)
Балаңыз аулада ойнап жүрген. Жолдасының таспен ұрғанын айтып
шағымданып келді. Не істер едіңіз?
2-жағдаят (анаға)
Сіз жұмысқа кетейін деп жатырсыз. Балаңыз жарысқа баратынды-
ғын кеше айтуды ұмытып кеткен. Мектепте мүсін жасаудан жарыс
болады. Соған бала да қатысқысы келді де мектепте қалып қойды.
Сіз оны күтіп отырдыңыз. Не істер едіңіз?
3-жағдаят (анаға)
Кешкі ас ішіліп болған кезде ас үйде ыдыс жуылмай қалды.Кино
басталып кетті.Кино аяқталған кезде балаңыз: ыдысты таңертең
жуа салайыншы деді.Сіз не істер едіңіз?
Ортаға ұш ананы шақырамыз.Көздерін шарфымен байлап, топ баланың ішінен өз баласын тауып алуды ұсынамыз.
Енді сөз кезегін сынып жетекшіміз Мадина апайға береміз.
Асыл сөзбен ата-анаға ой салайық,
Екі ортаға алтыннан жол салайық.
Құрмет тұтып келген ата-ана, қонақтармен
Рахмет айтып біздер де қоштасайық!
Аналарды құрметтейміз,елейміз,
Аспандағы ай мен күнге теңейміз
О,аналар,сіздерді үлгі тұтып
Бақытпенен денсаулықты тілейміз.
Қорытынды.
Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды.Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді.Сондықтанда еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс.Анасы бар адам бақытты.
<<Сыйынар ем ана деген тәңірге>> тақырыбындағы тәрбие сағатымыз өз мәресене жетті. Бізде қонақта болған аналар ұл - қыздарыңыз бен немерелеріңіздің қызығына тоймай мейрамнан мейрамға аман - есен, дендеріңіз сау болып жете беріңіздер! Қызықты әңгімеңізге үлкен рақмет!
Жанұяның тірегі әке болсын,
Шаңырақтың шуағы ана болсын,
Бар тілекті арнайтын балаңызға
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.
Әлеуметіміз аман, еліміз тыныш болсын!
Келесі сөзді ата-аналар комиттетіне береміз.
Береке бастауы-тынымсыз еңбек
Тақырыбы : Береке бастауы-тынымсыз еңбек
Мақсаты:
Білімділік: мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Көрнекілігі: маманды қтүрлеріне байланысты суреттер, қанатты сөздер.
Барысы.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған кешімізг қош келдіңіздер!
Әлемде 50 мыңға жуықмамандық бар екен және жылсайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдаудан нені бағдар ретінде алуға болады? <<Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?>> деген сұрақтарғ амектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдаус тратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл-кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып өтейін.
Қонақтар :
Алғашқы сұрағымыз:
Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек депе септейсіз? Әр қайсыңыз өз мамандығыңызға байланысты айтып өтсеңіздер.
(Қонақтар пікірлерін айтады)
Оқушыларға мынадай бір пайдалы мәлімет айтып өтейін.
Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:
<<ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ - ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН - ҮЙРЕНУ КЕРЕК>>.
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ - бұл талап-тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН - қабілет-қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;
ҮЙРЕНУ КЕРЕК - еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.
Ал сіздер мамандық таңдауда қандай критерийлерді басшылыққа алған жөн деп есептейсіздер?
Келесі сұрақ:
Мамандықтаңдауда ата-ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар?
Оқушыларға пайдалы мәлімет.
Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді: адам - адам, адам - белгіжүйесі, адам - табиғат, адам - техника, адам - көркем образ.
Адам - адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбекнышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипатамасы - басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
Адам - белгіжүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой-өрісі өтекең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылымиорталық жұмысшылары.
Адам - табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
Адам - техника: бұл типке техникалық құрылғылар мен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесаржатады.
Адам - көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерг ебейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.
Енді оқушылардың сіздерге қоярсұрақтары бар екен. Сол сұрақтарға кезек берейік.
1. Қандай мамандық таңдауға кеңес берередіңіз?
2. Осы мамандықты таңдауыңызға не себепболды?
3. Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?
4. Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді?
5. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т.б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар.Әннің сәні болмасам әні оятар, - деп ағартушы ақын Абай айтқандай, кезекті әнге берейік.
Кешіміздің басында мамандықтың 50 мыңға жуық түрі бар деген болатынмын. Енді оқушыларымыз мамандық түрлері туралы қаншалықты білетінін тексеру үшін <<Ең, нағыз..>> деп аталатын ойын ойнап көрейік. Қазір сендерге мамандықтарды кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады, ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауыңыз керек.
- Ең жасыл мамандық
- Ең тәтті мамандық
- Нағыз ақшалы мамандық
- Нағыз бала мамандығы
- Ең күлкілі мамандық
- Нағыз адамдармен көп араласатын мамандық
- Ең ауыр мамандық
Қорытынды :
<<Адам өз өмірінде ек інәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі - жар таңдау, екіншісі - мамандықтаңдау>> деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау - жас өспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізд іайта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
Көк жүзіне алаулы,
Міндетемес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!
Қош сау болыңыздар!
Қыздар сұлу көрінер бұрымымен
Тәрбие сағатының тақырыбы: <<Қыздар сұлу көрінер бұрымымен>>
Мақсаты: Халық мұрасының мөлдір бастауынан әрбір жас қыздың, сусындауына мүмкіндік жасап, қыз балаларды әдептілік, биязылық, ізгілік, әсемдікке тәрбиелеу. Он саусағы майысып еңбек етсе, тал шыбықтан буралып, өне бойынтүзесе, қыз баланың сыр-сымбаты айқындалады.
Қазақ халқының шабытты, іскер, тапқыр, шебер де әсем қыздарының үлгісін көрсету.
Көрнекілігі: шарлар, гүлдер, газет, қанатты сөздер.
1-жүргізуші:
Құрметті аналар, ұстаздар, арулар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. <<Қыздар сұлу көрінер қылығымен>> байқауына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
<<Қыз өссе,елдің көркі>> деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,
1-жүргізуші:
Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.
1-жүргізуші:
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)
2-жүргізуші:
Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
1-жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмерлерін таңдап алады. Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар:
1. <<Мен қазақтың қызымын>> таныстыру
2. <<Өнерлі өрге жүзер>> өз өнерін көрсету.
3. <<Зерделінің ойы озық>> сұрақтарға жауап беру
4. <<Сұлулық сыры>> сән үлгісін көрсету.
5. Ас адамның арқауы . салат әзірлеу
1-жүргізуші:
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
Сайысымыздың І кезеңі <<Мен қазақтың қызымын>>.
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.
2-жүргізуші:
Өнері өрге жүзер, таңғалмаймыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі - өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
Сайысымыздың ІІ кезеңі <<Өнерлі өрге жүзер>>.
Арулар өз өнерін көрсетеді.
1-жүргізуші:
Сайысымыздың ІІІ кезеңі <<Зерделінің ойы озық>> - деп, аталатын бұл кезеңде әр аруымыз
2 сұраққа жауап беруі керек.
2-жүргізуші:
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады - деп, сайысымыздың келесі кезеңі <<Сән үлгісіне>> кезек берейік.
1-жүргізуші:
<<Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын>> - дегендей, кезекті <<ас адамның арқауы>> яғни қыздарымыз салат әзірлейді.
2-жүргізуші:
Қыздарымыз салат әзірлеп болғанша, кезекті жігіттерге берейік. (КВН)
1-жүргізуші:
Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік.
Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.
2-жүргізуші:
Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым - қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
1-жүргізуші:
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
2-жүргізуші:
Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт-береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз. <<Қыз- ұлттың жаны>> демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер!Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ақпарат көздерінің қазіргі қоғамдағы орны
ХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Ел өмірінің барлық салаларында компьютерлендіру процесі аяқталып, алдымызда келешек жас ұрпаққа компьютердің қыр-сырын терең меңгертіп, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсаты тұр. Ел болашағы - білімді ұрпақта. Технологияның күн сайын үздіксіз дамып, өзгеріп, жаңарып жатқан ақпарат заманында өмір сүру - күрделі дайындықты талап етеді. Осындай ақпараттық кеңістікке баланы дайындау бүгінгі күні заман талабына айналып отыр. Оқушыларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін оларды ойша ойлауға, талдау жасай білуге,
коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу қажет, олардың әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және олардың өзін-өзі жетілдіре отырып, қызмет субъектісі деңгейіне көтеруін қамтамасыз ету керек.
Жалпы информатика пәні балалардың қоршаған әлем туралы білімін логикалық факторлармен байланыстыру, оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мүмкіндіктерін ашады. Оқушылар кез келген уақытта интернет мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қалаған мағлұматтарын алуға, ғылыми жаңалықтармен танысуға мүмкіндіктері туып отыр. Ақпараттандыру пәнін оқытудың дамытушылық мақсаты оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын дамытуға, оны қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған болса, тәрбиелік мақсаты оларды азаматтыққа, адамгершілік қасиетке, саналылыққа және патриотизмге баулуға бағытталған.
Ақпараттық мәдениет - бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабарды талғамды түрде қарау, алған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері - жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған басты міндет.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам ақпараттың қажетті кезін сезінуі, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді пайдалануға қабілетті болып, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі - осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланылатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен-күнге артып бара жатқаны байқалады.
Оқушылардың бойына ақпараттық мәдениетті қалыптастыру - білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Ақпараттық қоғамға көшу процесінде ақпараттың құндылығы өзгеріп, уақыт, кеңістік және қашықтық ұғымдары туралы түсінігіміз кеңейіп, осылардың барлығы жаңа мәдениеттің, яғни ақпараттық мәдениеттің тууына себепші болып отыр.
Интернеттің кең таралуына байланысты ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процестері де бар. Ондай ақпараттың сапасы көбінесе өте төмен болып келеді, тіпті жалған, әрі зиянды мәліметтер көбейіп барады. Ең қауіптісі осы залалды ақпарат күннен күнге артып бара жатыр және үстірт түрдегі бәрін білушілік әдетімен тығыз байланысты. Кез келген мәліметті керек болмаса да талғамай қабылдай берудің қажеттілігі жоқ екенін, Интернеттегі ақпарат қоқысы, компьютерлік ойындардың зияны, т.б. адам сезіне білуі керек.
Осы мәселелерді шешу шектеулер мен тосқауыл қою арқылы жүзеге аспайды. Ол үшін бізге талғамдық мәдениетті қалыптастыру қажет. Яғни, ақпараттық аймақтағы құндылықтарды бағалай білетін, әр адамның моральдық деңгейін бейнелейтін ақпараттық мәдениет қалыптастыратын тәрбие алуымыз керек және адамда келесі білім меңгеру тәсілдерін қалыптастыру қажет:
# Ақпараттың тасымалдануы мен оны сақтау тәсілдерін білу;
# Ақпаратты алу үшін ақпараттық қызмет көрсету жүйесінің жұмысын білу;
# Алынған ақпараттың сипатын бағалай білу;
# Автоматтандырылған және автоматтандырылмаған жүйеден ақпарат іздеу, алу тәсілдерін білу;
# Өзіңнің ақпаратыңды жасау және сақтау тәсілдерін білу, т.б.
Ақпараттық мәдениет тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көзін - анықтамалықтарды, сөздіктерді. Энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын, т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Бұл -- әңгімелесе білу, теледидар хабарын талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайда өз еркіндігіңді шектей білу. Ақпараттық мәдениет - компьютерлік технологияны пайдалану, ол - Интернет. Интернеттің көмегімен оқу бағдарламаларына қатыса аламыз, әсіресе өнер саласын зерттеуге қолайлы, мысалы мұражайлардың әр түрлі сайттарын пайдалану.
Қоғамның қарқынды дамуы оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі - <<Білім - бүкіл өміріңе>> қағидасынан <<Білім бүкіл өмір бойына>> қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасында <<...кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзіретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады...>> делінген болатын.
Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпарттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Қазіргі кездегі қоғам дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпарттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына - ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Біздің еліміз де орта білім жүйесін ақпараттандыру жөніндегі өз мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Оның алғашқы сатысы бойынша мектептер жаңа дербес компьютерлермен жабдықталды. Енді қоғамымызда үлкен мөлшердегі қилы ақпаратты тез қабылдап, оны жылдам өңдеу, Интернет кеңістігін игеру, көп ақпараттар ағымынан өзіне керектісін табу, бірінші кезекте мектеп оқушыларын дайындау қажеттілігі туындап отыр.
Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге президентіміз Н. Ә. Назарбаев назар аударып, ол Республикалық мұғалімдер съезінде: <<ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе - ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады>>, -- деген болатын.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың <<Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан>> атты Қазақстан халқына Жолдауында <<Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, <<парасатты экономиканың>> негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады>> делінген. Сонымен қатар бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу, On-line тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру, оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу қажеттігін баса айтқан болатын.
Елбасы биылғы Жолдауында Үкіметке, мемлекеттік холдингтерге облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып кәсіптік-техникалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды тапсырды. Бұл бағдарлама ел экономикасы үшін барынша қызығушылық тудырып отырған тиісті білім салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын тартуды көздеуді, жұмыс берушілер мен олардың қауымдастықтары, яғни бірінші кезекте осындай кадрларға зәрулік танытқан бизнес өкілдері белсенді түрде тартылуды қажет деген болатын. Осы мақсатта Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Оның мақсаты -- техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Заман ағымына сай күнделікті сабаққа және тәрбие жұмыстарына бейне - аудио қондырғылары мен теледидарды, дербес компьютерлерді, электрондық оқулықтарды қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Бұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған бұл сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.
Соңғы кездері Интернет желісі сияқты жаңа телекоммуникациялық жүйелердің пайда болуына байланысты ақпаратты нақты түрде беру мәселесі күрделене түсті. Осыған байланысты оқушылардың оқу материалын игеруде ақпаратпен танысудың қазіргі әдістерін пайдалануда жаңа мәселелер туындайды. Оқу процесінде бұл секілді технологияларды пайдалану оқушылардың ақпаратты қабылдау кезінде белсенділігінің өте жоғары болуына ықпал етеді, сонымен қатар оқушылардың қызығушылығы информатика пәнін ғана емес, басқа да пәндерді оқуға ынтасы арта түседі. Интернет сөзі халықаралық желі (INTERnational NETwork) дегенді білдіреді, бұл оның ең нақты анықтамасы.
Интернет кеңістігін игеру қашықтықтан оқыту, білім берудегі әлемдік талаптарды жүзеге асыра отырып, оқушыларға біртіндеп дүниежүзілік бірыңғай ақпараттық кеңістікке кіру мүмкіндігін береді.
Интернет кеңістігі -- тәрбие процесінің қызықты алаңы. Мұнда басқа жақын шет елдердің салт - дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тарихы мен мәдениетімен танысуға болады. Интернет кеңістігінің оқушыға ықпалы - бұл оқушының сабаққа дайындалу деңгейін арттырады, оқу процесін жүргізуді қызықты етеді, шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туғызады, мемлекет мектептерге қойып отырған әлеуметтік тапсырыс деңгейіне де сәйкес келеді. Оқушылар бір ақпаратты екінші ақпаратпен салыстыра бағалауды дағдыға айналдыра бастайды. Ақпараттық мәдениетті үйренеді.
Мұғалімнің кәсіби қызметі жүйесінде қазіргі білім беру технологиясының алатын орны ерекше, өйткені педагог жаңа ақпараттық технологияны меңгеру барысында жақсы шынайы жетістіктерге қол жеткізеді, өзінің кәсіби білім деңгейін кеңейтеді және көтеріледі.
Ақпараттық қоғам жағдайында оқушылардың әлемдік ақпараттық көзқарасын қалыптастыру мен қазіргі компьютерлік техниканы меңгеруді үйрету мынадай мақсаттарды белгілеп береді:
# Оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайына бейімдеп, жұмыс жасауға үйрету;
# Оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;
# Оқушыларды ақпарат беру, түрлендіру, қолдану процестері туралы біліммен қаруландыруға мүмкіндік беретін информатика негіздерін меңгерту;
# Оқушыларға компьютерді оқу процесіне және кәсіби дайындыққа пайдалана білуге үйрету.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласы жаңа өзгерістер енгізді. Өркениет жоғары жылдамдықпен ең шешуші рөлді табиғи ресурс пен энергия ғана емес, ақпарат және ғылыми білім шешетін ақпараттық қоғамға жылжып келеді.
Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ
Тақырыбы: Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ.
Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету; зиянды заттар мен әдеттердің(ішімдік ішу, шылым шегу, дұрыс тамақтанбау) ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту; денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Түрі: тренинг
Көрнекілігі: денсаулық жайлы мақал-мәтелдер, сюжетті суреттер, витамин, сағыз, тәтті сусын, чипсы және т.б.
Барысы: І. Кіріспе.
ІІ. Маман кеңесі.
ІІІ. Сергіту сәті.
ІҮ. Жұмбақ шешу.
Ү. Зиянды әдет - мың бір әдет.
ҮІ. Мақал-мәтел айту.
ҮІІ. Рефлексия.
І. Кіріспе.
Мұғалім: -- Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! <<Денсаулық - зор байлық>> деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәріде болады. Денсаулық - табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. Әр адам дені сау, күшті, сергек, бақытты болуға ұмтылады. Балалар, бүгінгі тәрбие сағатының <<Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ>> аталуы тегін емес екенін енді түсінген боларсыңдар (мақсатына тоқталу). <<Ас - адамның арқауы>> дейді халқымыз, балалар, қалай ойлайсыңдар, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы бар ма?
-- Ал, дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер?
-- Тамақты уақытында ішу;
-- Ақ нанды мүмкіндігінше сирек жеу;
-- Дастарханға тамақ ішерде ғана отыру;
-- Тамақты асықпай әбден шайнап жеу;
-- Тамақ мәзірі әртүрлі болуы керек;
-- Суды мөлшерден тыс ішпеу керек.
-- Қолды жууды ұмытпау керек.
-- Жемістер мен көкөністерді жумай жемеу керек.
(Сол сәтте сабақтың үстіне есік қағып Жалқаубек келеді.)
Жалқаубек: -- Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп, балалармен бірге мен де тамақтану құпиясын білейін деп келдім және құр келмедім. Балаларға базарлық ретінде тәтті сусын, сағыз, чипсы әкелдім.
(Сөмкесінен әкелген заттарын шығарады)
-- Ұялмай алыңдар, балалар, сендерге әкелдім бәрін.
ІІ. Маман кеңесі.
Мұғалім: -- Жалқаубек, асықпа. Бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың туралы дәрігерден сұрайық. Құрметті дәрігер, газды сусын, сағыз, чипсиді тамақ ретінде қолдануға бола ма?
Дәрігер: -- Газды сусынның құрамына түрлі консерванттар, бояғыш пен ароматизаторлар -- дәм беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар азқазан мен ішек жолына жағымсыз әсер етеді. Газды сусындағы көп мөлшердегі қант тіс құртының пайда болуына себепкер болады. Жәй тәтті газды сусын құрамында баланың ағзасына қажетті витаминдер не болмаса минералды заттар жоқ.
Мұғалім: -- Ал, көп балалар жақсы көретін сағыз туралы не айтасыз?
Дәрігер: -- Қанттың тіс құртының, яғни тіс ауруының басты себебі екенін мамандар ертеден-ақ дәлелдеген. Ал сағыздың құрамында қант бар. Дәрігерлердің тәжірибесінде іш ауруы мазалаған баланың ішегінен тас болып қатып қалған сағызды алған, сағызды абайсызда жұтып қою өте қауіпті. Ағзаға еш пайдасы жоқ, артық жайсыздықтарға әкелетін сағыздың не керегі бар.
Мұғалім: -- Сізге рахмет, дәрігер. Енді диетолог маманнан сұрайтынымыз: чипсы, яғни қуырылған картоп денсаулыққа зиян емес пе?
Диетолог: -- Балалар, ғалымдар қуырылған картоп пен чипсидің құрамынан бірнеше зиянды заттарды тапқанын білесіздер ме және пластмасса мен бояу өндіруде қолданылатын заттар да тапқан. Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді. Газды сусын, чипси, кәмпит жейтін балаларда витамин жетіспейді, тамақ құрамында витаминнің жетіспеуі оқушының оқу үлгерімінің төмен болуына, тәртіптің бұзылуына себеп болуы әбден мүмкін дейді ғалымдар.
Мұғалім: -- Балалар, Жалқаубектің ұсынған тамағын қабылдаймыз ба? (Жоқ)
Мұғалім: -- Ал қандай тамақ пайдалы?
Оқушы: -- Құрамында минералды заттар мен витаминдері бар тамақ ағзаға пайдалы.
Дәрігер: -- Ал, витамин(дәрумен) дегеннің не екенін білесіздер ме?
# Витамин адам ағзасына қажетті зат, vito -- өмір, amin - қажетті деген латын сөзінен тұрады. Егер витамин жетіспесе адам ауырып қалуы мүмкін.
Мұғалім: -- Витамин туралы бірненше оқушыға тапсырма берілген еді, соларды тыңдайық.
1-оқушы: -- Балалар, дұрыс өсіп, жақсы көру үшін және тістерің мықты болсын десеңдер А витамині керек. Ол сәбізде, қызанақта, балық етінде кездеседі.
2-оқушы: -- Сендер мықты болу үшін, болмашы жағдайға ренжіп көңілсіз жүрмеу үшін В витамині өте қажет. Оны күріштен, бұршақтан, сырмен наннан алуға болады.
3-оқушы: Егер суық тимесін десеңдер, үнемі сергек жүру үшін С витамині керек. С витамині қарақатта, итмұрында, лимон мен пиязда, болғар бұрышында, капустада, шиеде көп кездеседі.
Диетолог: -- Дұрыс айтасыздар, көкөністер мен жеміс-жидек - пайдалы тамақ. Олардың құрамында иммунитетті нығайтатын, күшейтетін, көптеген аурулардың алдын алатын витаминдер бар.
Мұғалім: -- Міне, көрдің бе, Жалқаубек, бұдан былай қандай тамақ пайдалы екенін біліп жүретін болдың. Ендігі кезекті биге берейік.
ІІІ. Сергіту сәті.
-- Әйгілі <<Қаражорға>> биін билейік. Би - қозғалыс. Қозғалыс - денсаулық. Денсаулық - зор байлық.
Би <<Қара жорға>>
ІҮ. Жұмбақ шешу.
1. Оны күткен адамдар
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар
Байлық осы деседі. (Денсаулық)
2. Бір-бірімен дос туыс,
Тау түбінде қос қуыс. (Мұрын)
3. Жарасы жоқ сыздайды,
Өртенеді, мұздайды. (Жүрек)
4. Ертемен күнде сен
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір, ласың
Тап-таза боласың.
Бұл не? (Сабын)
5. Шомылған баланы
Аймалап алады:
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да.
Бұл не? (Сүлгі)
6. Сырты жаман, іші жын,
Абыройын түсіреді кісінің. (Арақ)
7. Түтін болып кіреді,
Күркіл болып жүреді. (Темекі)
Ү. Зиянды әдет - мың бір індет.
Мұғалім: -- Арақ ішіп, темекі шеккен,
Денсаулық түбіне жеткен, -- деген нақыл тегін айтылмаған. Маскүнем адамдардың қоғамға тигізер пайдасынан зияны асып кетеді. Олар адамдық бейнеден кетеді. Қоғамда белгілі орны жоқ. Тұрмыс жағдай, ой-өрісі төмен жандар. Өмірі қайғылы аяқталуы мүмкін. Осы зиянды заттар туралы не ойлайсыңдар?
Оқушы: -- Спиртті ішімдіктер -- адам ағзасын ірітіп-шірітетін заттар.
Оқушы: -- Ішімдіктердің құрамында адамға зиянды улы заттар көп болады.
Оқушы: -- Бір сөзбен айтқанда, ағзаны улайды, ең соңында ішімдікке салыну өлімге әкеледі.
Мұғалім: -- Темекі түтіні тартып тұрған адам ғана емес айналасындағы адамдарға да кері әсер етеді. Темекі құрамындағы негізігі зат - никотин. Осы никотин жүйке жүйесіне, ас қорыту, сондай-ақ тыныс алу және қан тамырлар жүйесіне әсер ететін ерекше <<У>>. Темекі шегу ақырын ғана өлімге жетелейді. Дүние жүзінде жыл сайын 3 млн адам темекі кесірінен қайтыс болады. Балалар арасында да үлкендерге еліктеп темекіге әуестенушілер өте көп. Темекі шегуге әуестенетін достарыңа не айтар едіңдер?
Оқушы: -- Темекі шегу - халық арасына кең тараған зиянды әдет және ол адам ағзасын іштей жейтін құрт.
Оқушы: -- Әрбір тартылған темекі тартушының өмірін сегіз минутқа қысқартады екен.
Оқушы: -- Темекіде смола күйе деп аталатын жабысқақ зат болады. Күнделікті темекі тартатын адамның өкпесінде 1 жылда 1 литр смола жиналады екен.
Мұғалім: -- Дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы. Сондықтан адам ағзасын улайтын әдеттерден аулақ болыңдар. Енді денсаулық жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік.
ҮІ. Мақал-мәтел айту.
# Дені саудың - жаны сау.
# Денсаулық зор байлық.
# Шынықсаң шымыр боларсың.
# Ас адамның арқауы.
# Тазалық - денсаулық кепілі.
# Дана көптен шығады,
Дәрі шөптен шығады.
# Ішің ауырса, аузыңды тый.
Көзің ауырса, қолыңды тый.
# Ауырып ем іздегенше,
Ауырмаудың жолын ізде.
# Ыдысы тазаның - ырысы таза.
# Қотыр қолдан жұғады.
# Ластың досы - шыбын.
# Емнің алды - еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
# Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
ҮІІ. Рефлексия.
# Балалар, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
# Денсаулық сақтау үшін немен шұғылдану керек?
# Денсаулықты әлсірететін қандай жағдайлар?
Мақсатымыз - салауатты өмір сүру,
Үлкенге ізет, кішіге көмек қылу.
Әдеттен жаман жиреніп,
Жақсыны тек үйрену, таза жүру.
Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,
Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.
Болашақтың жарқын тұрған төріне
Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз.
Тәуелсіздік тірегім, соғып тұрған жүрегім.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында жазықсыз қыршын кеткен құрбандарды қашанда құрметпен еске алу керек екендігін баяндау, оқушыларды қазақ еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерін, Отанын сүюге шақыру, қалыптасып қалған әкімшілік-әміршілдік тоталитарлық режимге қарсы бас көтерген қазақ жастарының ерлігін құрмет ету.
Дамытушылық: Оқушылардың дербес жұмыс істеуін, сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге, тарихи фактілерді саралап олардың себеп-салдарын анықтауға, тарихи оқиғаларды есіне сақтауға дағдыландыру.
Түрі: Сыныптан тыс ашық тәрбие сағаты
Әдісі: Өлең, сахналық көрініс көрсету
Көрнекіліктер: Баспасөз материалдары, <<Қазақстан тарихы>> оқулықтары 2007ж, Алматы мектеп, <<Білім>> ғылыми педагогикалық журнал №1, 2001ж, Желтоқсан оқиғасына байланысты слайд.
Тәрбие сағатының жоспары:1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім а) 1986 ж 16 желтоқсан оқиғасының барысы ә) Сахналық көрініс (жастардың алаңға шығуы) Желтоқсанда - мұзда жанған алауым,Желбіретті Тәуелсіздік жалауын! б) Қайсар рухты қазақ баласы Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар. Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар, Алам десең, алыңдар! в) Халық ұлына құрмет 3. Қорытынды бөлім
Тәрбие сағатының барысы: 1. Кіріспе Мұғалім сөзі: Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында. Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. Соның бірі, дүниені дүр сілкіндіріп тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Халқымыздың тәуелсіздігі, егемендігі жолында өз өмірлерін қиған құрбандардың рухына құрмет көрсету исі қазақ азаматтарының игі борышы.
1-жүргізуші: Құрметті Ұстаздар , мектеп оқушылары және қонақтар! 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған <<Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым>> атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. Тәуелсіздік - еліміздің өз алдына шаңырақ көтеріп, ешбір елге, ешбір мемлекетке тәуелсіз, дербес Қазақстан Республикасы болып құрылуына байланысты ұғымды білдіреді. Тәуелсіздік - теңдік, бостандық, еркіндік, бүкіл адамзат баласының қаншама мыңдаған жылдар бойы аңсаған арманы, мақсаты, ұраны болып келе жатқаны белгілі. Елге айналдың Отаным, есімі ұлы, Аштың әлем халқыңа есігіңді. Зорға жеткен ардақтап осы ісіңді, Түзе, халқым, салтың мен бесігіңді. Құлақ кесті құл емес,қазақ тіпті, Сезінетін шақ туды азаттықты. Отаншылдық бір айтып көтерілсін Толқынындай теңіздің ғажап, күшті.
2-жүргізуші: Тігілген соң Ақ Орда-шаңырағың, Тұғырыңа қонуда сан қыраның. Отан деген оранып от құшаққа, Кәусарыңа шөліңді қандырамын.Сенен ғана өрбиді күш, жыр-әнім! Қазақстан, о, менің құт тұрағым Жер шарына қазақтың халық атын. Тәуелсіздік туымен ұқтырамын!
1-оқушы: Желтоқсан айы... Кешегі дүркіреп өткен 1986-шы жылына дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан атауы, және бірқыстың атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді. <<Желтоқсан>> десе - ақ, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болған. Ең алдымен <<Желтоқсан желі>> немесе <<Қарабауыр қасқалдақ>> деген мұңды да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естілер еді.
2-оқушы: Себебі, бұл әндер, <<Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадағы>> <<Елім-ай>> секілді, әлдеқашан <<Желтоқсан оқиғасының>> халық арасындағы әнұранына айналып кетті. Сонда да, ән-әуенмен қоса, мәңгі көкірек көзінде қалған көріністер шұбырып өтуі хақ. Үрейлі үкімет үйі. Оны қоршай, толқыған ызалы қыз-жігіттердің жігерлі келбеттері Оларға қадалған суық көздер мен мейірімсіз пішіндер... одан кейін темір киімдер киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол жастардың сарт-сұрт айқасы... Адам жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйреген қазақ аруы, басынан қан шапшып ыңырси құлаған қазақ бозбала... Ә. Тінәлиев. Ән <<Желтоқсан желі>> Орындайтын: Вокалдық топ
СЛАЙД № 2 <<Желтоқсан 1986>> 3-оқушы: Иә, ол күн Тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Таңартеңгі сағат 10-да Республиканы үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаевты қызметінен босатылып, орнына Г.В. Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді
.4 - оқушы: Осы кезде аяқ астынан Пленум болатындығы туралы хабар - сыбыс тез тарады. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Пленумы 1986 жылғы 16 желтоқсанда өтті. Пленумда Д.А. Қонаев жолдасты зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика Компартиясы Орталық пленумында бірінші хатшысы қызметінен босатты. Оның орнына сол уақытқа дейін Ресей Федерациясында Ульянов облыстық партия ұйымын басқарған Г.В. Колбинді сайлады.
5 - оқушы: 1986 жылы желтоқсанның 17 жұлдызында бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды. Бұл кеңес өкіметі тұсында бұрын - сонды кездеспеген құбылыс. <<Алматыда демонстрация>>, <<Брежнев алаңында қаптаған жұрт>>, <<Көшеде сап түзеп бара жатқан жастар>> деген лебіздер ескен желдей гулеп тарап жатты. Елеңдеген ел түсіне алмай дал болды.
6-оқушы: Республика жұртшылығының өмірлік мүдделеріне қатысты мәселені шешудегі Орталықтың әділетсіз әрі өктем бұл қадамы қорланып қалған халық наразылығының жанартаудай атылып сыртқа шығуына түрткі болды.1986 жылы 17 желтоқсан күні таңертең Алматының Брежнев атындағы алаңына халық жинала бастады.Кешке қарай жиналғандардың саны шамамен 25-30 мыңға жетті. Жиналған көпшілік республика басшылығындағы мұндай өзгерісті Д.А. Қонаевтың өзінің келіп түсіндіруін талап етті. Орталық аландағы жағдай бірден Мәскеудегі Бас хатшыға және басқа билік орындарына баяндалды. Өз ретінде билік алдына қатаң тарамайтындықтарын қойған бейбіт шеруге жиналушылар нанымды жауап алмайынша алаңнан тарамайтындықтарын мәлімдеді.
7-оқушы: Аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттер <<контрреволюционерлер>>емес еді.Олардың ойы халықтың құқықтары мен көкейтесті мәселелері туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай-сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт - шыт болып ұшып жатыр. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын <<Құйын-1986>> дейін оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді.
8-оқушы: Құрамында қазақ ұлтынан ешкімде болмаған бұл штабтың жұмысын КСРО ішкі істер министрінің 1-ші орынбасары генерал полковник Б.К. Елисев басқарды. Штабтың қарауына шамамен 20-25мың адамнан тұратын Алматы гаризонының КСРО ішкі істер министрлігінің Алматы облысында, сондай-ақ Фрунзе,Ташкент, Челябі, Новосібір, Уфа, Свердловск , Тбилиси қалаларында орналасқан арнайы ұшақтармен Алматыға алдырылған әскери күштері берілді. Әскерилерге қарусыз шерушілерді қуып таратуға қажетті қару жараққа қосымша 15 БТР, 20 өрт сөндіруші машина берілді. Милиция және әскер құрамаларына саны 10-15 мың шамасында темір сойылдармен қаруланған <<жасақшылар>> көмектесті. Әні: Ш.Қалдаяқов Сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев <<Менің Қазақстаным>> Осы кезде <<Менің Қазақстаным>> әні айтылады. Жастар теңселіп тұрып әнді ерекше бір шабытпен орындайды.
СЛАЙД № 3 <<Жастардың алаңға шығуы>>Көрініс <<№ 1>> Алаңға шыққан жастар бейбіт, жайбарақат еді . Қолдарында <<Әр халыққа-өз көсемі !>>, <<Лениндік идеялар жасасын!>>, <<Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!>>, <<Қазақстан қазақтардікі>>, <<Ресейге қайт>>, деген транспоранттар бар. (Сахна алдына ержүректі желтоқсан батырлары шыға бастайды)СЛАЙД № 4 <<Желтоқсан құрбандары>> (Қайрат,Ләззат, Ербол, Сәбира суреті)
Дауыс: Естідіңдер ме? Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз. Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?
Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды! Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы келгені несі? Дауыс: Талап-тілекті айтамыз. Шықсын ортаға басшылар.
Ербол:Демократияны бұғаудан босатыңдар, Әр халыққа өзінің көсемі керек... Ләззат: Сүрмейтұғын болдық қой күйме ғұмыр, Көлеңкеміз. Күннен де тимейді нұр. Колбин деген кім екен, қайдан келген, Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?Сәбира:Бұл дегенің ҚКП-да беделдің қалмағаны, Тілің құрып барады білесің бе? Хасен: Ескерусіз дін жатыр сүресінде, Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап, Санаспайды, әй, бұлар тегі ешкіммен, Жариялылық дегенің елес білем. Гүлнәр: Өгей қозы біз болдық енемізге, Келімсектер шықты ғой төбемізге. Ақиқат жоқ, маңайың толған аныз, Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз. (Алаңда ешкім қозғалмайды) Бар болғаны осы еді қылмысымыз, Савицкий көрген жоқ бір кісіміз. Кейін соның қазасы таңылғанда, Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз. Темір құрсау біздерді бүргені шын. Мұң шағады қапаста кімге құсың, Ақ-қараңды тексерер түрме деген Концлагерь болды ғой біздер үшін. Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар! Жатақханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады! Біз сендерге күш қолданамыз! Үйлеріңе қайтыңдар!Әскери адам: Первая рота! Слушайте мою команду! Производится операция <<Құйын>>. Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов! Первая рота за мной! УРА! Осы кезде алға сырттан қаруланған әскери адамдар баса-көктеп кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды (Қаралы музыка ойнап тұрады). Қарулы әскер сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйретіп, жұлқылап әкете бастайды. Бет-аузы қан, ұзын шашы жайылып бетін жапқан жас қазақ қызын екі әскери солдат сүйреп келді. Қыз жұлқынып, халыққа қарап ышқына сөйлейді: - Әй, туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай! Қосылыңдар біздің қатарға! Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпармен ұрып қалады. Қыз сылқ етіп, есінен танып түседі. Жүргізуші: Міне өмірден тағы бір қыршын жас қыздың көк желкесінен шоқпармен осылай кеткен еді. Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың да алаңда болғаны анықталды.
СЛАЙД № 5 <<Қайсар рухты қазақ баласы>> (Қайраттың суреті) Жүргізуші: Иә, тарихта бұл<<Желтоқсан-86>> деген атпен мәңгі қалады. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. <<Еркек тоқты - құрбандық>> Атам десең атыңдар!
Көрініс № 2 Сахнаға Қайраттың інісі Талғат жүгіріп келеді, қолында хат болады. Талғат: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді. Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып мауқымды басайын. Осы кезде жарық түрмеде отырған Қайратқа түсіріледі. Хат оқылады. Қайраттың хаты: Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтыда отырғаныма Сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. <<Еруліге қарулы>> деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым.Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш кінәсі жоқ. Алаңға барғанымыз - азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес, <<ұлтжандылықтың>> үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман болыңдар! Ана: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анашың...
1-жүргізуші: Қайратты 1987 ж. 1 қаңтар күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде тұтқындаған еді.СЛАЙД № 6 <<Ақынның жан сыры>> (Қайраттың суреті)Көрініс № 3(Түрме іші, темір тор 2 жендет Қайратты сұраққа алып келеді, тергеуші жауап алады) Тергеуші: Сен 18-і күні сағат 10-да қайда болдың? Қайрат: Жолдастарыммен бірге. Тергеуші: Жоқ, Сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Савицкийді соққыға жықтың, соның нәтижесінде ол қайтыс болды! Сен кінәлісің оған! Қайрат: Сөйлесем дауысым жетпейтін Кез болдың мынау заманға, Шовинизм еді ғой, Басты себеп жалғанға. Елбең, елбең жүгірген Ебелек отқа семірген. Арғымақ мінген жаратып, Ақсауыт киген темірден, Алатаудай бабалар, Аруағыңмен жебей көр. (Әрі-бері жүреді, өзімен-өзі сөйлесе халыққа қарайды) Қайраттың туыс - бауырларына арналған өлеңдерінен үзінді Қайрат: Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар, Туа бермес сіз секілді асылдар. Қартайғанда жүрегіңді жаралап,Кесір болды-ау біз секілді масылдар!Айналайын, қарындасым, қарағым, Қолда кісен, мен айдауда барамын. Қайғы жетіп, азап тартқан ағаңды, Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?Айналайын, інішегім, құлыным, Сені ойласам үзіледі жұлыным.Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай, Кетіп барам мен айдауда, құлыным!
Қайрат Рысқұлбеков. Жүргізуші: Бұл Қайраттың өлеңдерінен үзінді.Өмірге құштар ынтық жүректің соңғы лүпілі.Жан сыры, соңғы үміті.Өкініш пен өтініш...
СЛАЙД № 7 <<М.Шахановтың суреті>>
8-оқушы: Қазақ КСР Жоғары Кеңесі төралқасының Алматыдағы 1986 жылы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы М.Шаханов мынадай мәліметтер келтіреді: <<Желтоқсан оқиғаларына қатысқан 8500-ге жуық адам ұсталып, жазаға тартылды. Толық емес мәлімет бойынша 1720 адам жарақат алды. Су шашқаннан, жер бауырлатып жатқызғаннан, қала сыртына апарып тасталғаннан ауырған адамдар есепке алынбады. ІІМ жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылды. 12 жоғары оқу орындарының ректорлары орындарынан түсіріліп, 246 студент оқудан шығарылды. 99 адам сотталды,соның 46-сы кейін ақталды. Оның екеуі өлім жазасына кесілді>>.
СЛАЙД № 8 <<Қайраттың сот залында тұруы>>Көрініс № 4 ( Тергеуші Қайраттан сұрақ алып отыр) Тергеуші:сен өзіңнің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па? Қайрат: Жоқ, мен Савицкийді көргенім жоқ! Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар!(Қайратты алып келеді, алып кетеді). Сахна ортасына милиция бақылауындағы Қайрат келеді. Шымылдық артынан сот хатшысының <<Орындарыңыздан тұрыңыздар, сот келе жатыр>> - деген даусы шығады. Үкім: Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтің айыптау ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299 және 301баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді:>> Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға тартылсын: -Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65 бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173 - 1 бабы бойынша ең жоғары- өлім жазасына, атуға кесілсін. Қайрат: Күнәдән таза басым бар, 21-де жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең алыңдар! Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. <<Еркек тоқты-құрбандық>> Атам десең- атыңдар! (Қайратты сүйреп әкетеді) КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығы. 1986жылғы Алматы оқиғасының белсенді қатысушысы, айыпкер Қ. Рысқұлбековтың өтінішін қарай келіп, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 23.04 1988 жылғы №8836-XІ Жарлығымен Қ. Рысқұлбековке кешірім жасап, ату жазасын 20 жылға бас бостандығынан айыруға ауыстырды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы - А. Громыко.Жүргізуші: Бостандық пен жарық сәуле үшін жан аямай арпалысып жатқанда, оның тағдырына бүкіл әлем құлақ түрді. Шетелден келген көптегенпікірлерге байланысты, өлім жазасының 20 жылға ауыстырылуына сөзсіз ықпал болған еді. 500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып, үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып кенеттен Семейден бірақ шықты.
Халық ұлына құрмет.
9-оқушы: 1988 жылғы мамырдың 21 жұлдызында Семей түрмесінде жұмбақ өліммен қайтыс болған жерлесіміз Қайрат Рысқұлбековтің денесі Семей қаласының маңына жерленген. Сол кездері Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің қызметкерлері жергілікті заң органдарымен бірлесе отырып, Бірлік ауылының басшыларын Қайраттың үй-ішіне, туған-туыстарына қарсы айдап салды. <<Сендер барғанмен оның денесін көрсетпейді, керек болса өздеріңді атып тастайды>> деп қорқытып бақты. Ақырында Қайраттың туыстарының атынан <<біздің денесін алып кетуге жағдайымыз жоқ>> деген жедел хат салдырады. Кейін Ноғайбай аға Семейге екі рет барып ұлының жерленген жерін әрең дегенде тауып қайтады. Мәрмәр тасқа Қайраттың бейнесі бейнеленіпті де, былай деп жазылыпты: <<Қайрат Рысқұлбеков 13.03.1966 ж.21.05.1988 жылы әкімшілдік-әміршілдік жүйеге қарсы күрестің құрбаны, желтоқсан 1986 >>. Ал, тақтатастағы: <<Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. Еркек тоқты- құрбандық, Атам десең, атыңдар...>> деген өлең жолдарын оқығанда көзімізге еріксіз жас алдық. 10-оқушы: Қайрат қазақ елінің 21-ші басшы зобалаңына ұшырап, 21 жасқа келгенде, 21 сот алдында нақақтан шырылдап Семей түрмесінің 21 камерасында, 21 мамыр күні қапылыста дүниеден өтті.
СЛАЙД № 9 <<Қазақстан Республикасының Президенті>>Мұғалім сөзі: ҚР Президентінің Жарлығы бойынша Қайрат Рысқұлбековке 1996 жылы желтоқсанның 9-да жоғарғы ерекшелік белгісі - <<Халық қаһарманы>> атағы беріліп - Алтын Жұлдыз тапсырылды. Желтоқсанға қатысушыларға деген айрықша құрмет болды.Халық қаһарманы атында: Алматы,Семей қалаларындағы орталық үлкен көшелердің бірі Қайрат есімімен аталды. Жетісай қаласындағы орталық мәдени - демалыс паркіне Қайрат Рысқұлбеков есімі берілді. Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы, <<Қоңырат>> совхозы 1-бөлімшесіндегі орталау мектептің дружинасы Қ. Рысқұлбеков есімі берілді. Жүргізуші: Міне биыл сол азаттық таңның арайлап атқанына 18 жыл толмақшы.1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Н. Ә. Назарбаевты еліміздің Президенті етіп сайлады. Жүргізуші: Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін рахым күтіп, кім үшін мерт болуға тиіс екендігін сезе бастаған еді. Ол оқ қылмыс керге емес, тығырыққа тірелген қоғамның бар шындығын теріс түсінген көзқарастарға арналған оқ еді. Ақын М. Шаханов Әр дәуірдің еркіне ай нарқы өзгерген алтынның, Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның. Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның, Айналайын, жас қайраты, жас өркені халқымның!
СЛАЙД № 10 <<Жаса, жайна тәуелсіз Қазақстан>> Мұғалім сөзі: 1986 жылы желтоқсан көтерілісі Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі жолындағы үдерістің дамуына жол салып берді. 1991 жылы 16 желтоқсанында Қазақстан шын мәніндегі тәуелсіз және демократиялық мемлекет болды. Алда саяси және экономикалық өзгерістер стратегиясын белгілеу міндеттері тұрды. 3. Қорытынды Жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі, тарихтан алар орны ерекше оқиға. Жүргізуші: Құрметті, Ұстаздар, мектеп оқушылары және қонақтар! Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған <<Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым>> атты ашық тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!(Осы кезде сахнаға қатысушылар шығып, <<Туған жер>> атты әнін орындайды.) Соңы
<<Адамгершілік- асыл қасиет>>
Тәрбие сағаты: <<Адамгершілік- асыл қасиет>>
Мақсаты:- оқушы бойына кішіпейілдік, мейрімділік, ізеттілік, сабырлылық,
қасиеттерін қалыптастыру.
Мұғалім: Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халықта, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс -- тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан,күнделікті адамдармен қарым-қатынасынан бойына сіңіреді. <<Адамгершілігің төмен болса әділетті бола алмайсың>>-деген екен Вовенарг
Сабақ барысы:
Сыныпты топқа бөлу
І. Сөйлемді жалғастыру
1. Егер менің достарымның бірі ыңғайсыз жағдайға түссе, онда мен...
2. Егер менің үстімнен біреу күлсе, онда мен...
3. Егер мені ойынға қабылдағанын қаласам, онда мен...
4. Егер менің сөзімді әрдайым бөлсе, онда мен...
ІІ.Видео: <<Жақсылық өзіңе қайтып келеді>> (көрсетілімді көрсетіп балалардың пікірін тыңдау)
ІІІ.Құпия хаттарға жауап:
Бірінші хат:Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, <<Сен сараңсың>> - дейді. Мен не істеуім керек?
Екінші хат: Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды, мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
ІV.Қонақтарға сұрақ беру: (ыстық орындық)
1.
1. Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?
2. Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсыз?
3. Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?
4. Сіз өзіңіз жіберген қателігіңізді мойындай аласыз ба?
V.Постер құрау
1. Кешірімді болу: кек сақтамау, кез келген жағдайда да ұстамды болу
2. Сөйлесе білу: Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзді дұрыс, орынды қолдану керек, сөйлегенде дауыс ырғағына да мән беру керек
3. Әділ болу:
4. ізеттілік. айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту
5. Қайырымдылық - айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді.
6. Кешікпеу - бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Оқуға немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.
7. Сабырлылық - адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
8. Имандылық: Иманды адам дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.
VI.Рефлексия:
Керектісін сандыққа салады , керексізін себетке салады.
1. Мен әрдайым өз құрбыларым және үлкендермен мейрімді боламын.
2. Мен сыныптасым қиыншылыққа тап болса әрдайым жәрдем беремін
3. Кейбір ересек адамдармен ұстамсыздық танытуға болады деп санаймын
4. Мен өзіме ұнамайтын адамға дөрекілік көрсетуге болады деп ойлаймын
5. Мен сыпайылық адамдар арасында өзімді жайлы сезіну үшін жәрдемін тигізеді деп санаймын
6. Мен өз тарапыма айтылған орынсыз ескертулерге ұрысып тастауға болады деп ойлаймын.
7. Сыныптастарым біреуді келемеждесе, менде қосылып мазақтаймын
8. Маған адамдарға жақсылық істеген ұнайды.
9. Мен адамдардың қателіктерін кешіре білу керек деп ойлаймын
VII.Қорытынды:
<<Тербейін тәуелсіздік тал бесігін>>
Мақсаты : Жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді,осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздан айырылғанымызды ,Желтоқсан көтерілісі туралы шындықты оқушыларға ұғындыру.
Отанды сүюге,құрметтеуге,Желтоқсан құрбандарына әрдайым құрмет көрсетуге,адамгершілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу
Өз ойларын жүйелі түрде еркін жеткізуге,сөйлеу мәдениетін үйрету.
Көрнекілігі: Тәуелсіздік ,туған жер туралы жазылған нақыл сөздер, суреттер көрмесі.
<<Көңіл толқыны>> күйі орындалып тұрады.
І-жүргізуші : Ел болып жатқан шақта қосып тілек,
Ойламан бақыт құсы кешікті деп.
<<Тербелді Тәуелсіз күн,тал бесігі>>
Бұл күнді жүруші еді - ау тосып жүрек.
2-жүргізуші : Кезегі келді міне,тосқан күннің,
Қар жауып,қайта ашылды аспан бүгін.
Қарашы,ақша бұлтқа кетті айналып,
Еңсемізді қашаннан басқан мұңым.
І-ж : Қайырлы күн,қымбатты ұстаздар ,ата-аналар, оқушылар !.
2-ж: Армысыздар, қымбатты көрермендер ! <<Тербейін тәуелсіздік тал бесігін>> атты салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер !
Әнұран орындалады.
1-ж : Иә,бұл әнұран сөздері дүниеге келіп, егеменді ел атанғанымызша біздің халқымыздың басынан қиындықтар мен қатыгез жылдардың небір сұмдықтары өтті. Бұл қазақ халқының ары мен намысына, тағдыры мен тарихына өшпес таңба салған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі.
2-ж : Дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсаны туралы шындық мерзімді баспасөз беттерінде аз жазылған жоқ. Сонау қылышынан қан тамған колбинизм заманының өзінде-ақ <<Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ>> деп баспасөз беттерінен алаңдағы оқиғаның ақиқатын батыл айта білген қазақ ақын жазушыларының есімін бүгінде бүкіл әлем таниды. Солардың бірі-ақиық ақын Мұхтар Шаханов.
1-жүргізуші : Көрініс <<Желтоқсан құрбандарына арналған ескерткіш басында>>
Қалдырып жаны мәңгі жас ұлыңды,
Құпия шерттім осы жан сырымды .
Хош енді,жолықпасаң, қайран ана,
Көзімнен ақ жаулығың жасырынды.
(Ескерткішке екі оқушы гүл шоқтарын қояды.Ләззаттың анасы ескерткіш басында қызын жоқтайды. Сахнаға М.Шаханов, журналист,студент шығады.)
<<Ананың зары>>: Мынау неткен зар заман,
Жүректегі тар заман.
Сені өлтірген дұшпанға,
Зауал келсін Алладан.
Асыл едің,мыс болдың ,
Ізің жатыр өзің жоқ,
Қайдасың қайда ,қарағым?!
Мұхтар Шаханов: <<Бұл тақта аузынан ана сүті кетпей жатып,шашынан сүйретіліп сабалған, жазықсыз жалаға ұшыраған бүлдіршін қыздың көз жасына қойылған ескерткіш. Бұл тақта -әлемде әлі зорлық бар деп ұғынып улгермеген қаншама жас жігіттер мен қыздардың әділетсіздікпен бетпе-бет ұшырасқан қайғылы шағының ескерткіші.Бұл тақта негізсіз күдікке ,қудалауға ұшыраған немесе ұл-қызын күтіп түрменің есігінен сығалаған қаншама аналарымыз бен әкелеріміздің төзіміне қойылған ескерткіш.>>
Журналист : Мұхтар аға,Желтоқсан ызғарына ұрынған ұлдарымызды <<Ұлт мақтанышы>> деп айтудан тартынатын сияқтымыз.Олар шын мәнінде азаттық ұранын алғаш көтерген қарлығаштар емес пе ?
-Олай болса олардың бәрі мақтауға тұратын батырлықтың үлгісі емес пе ?
-Жөн айтасың,қалқам. Өр рухты азамат Қайратты айтсаңшы...
Соңғы сөзінде не дегені есіңде болар ? Шіркін жас кетті-ау !
(Қайрат рухы сахнаға шығады.Үсті-басы жырым-жырым,қолында кісен)
Қайрат : Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең,алыңдар!
Мен не етермін,не етермін.
Мен келмеске кетермін,
Көрмеген қош бол таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар.
<<Еркек тоқты - құрбандық>>
Атам десең,атыңдар!
(Қайрат рухы кісенін сылдыратып сахнадан баяу шығып кетеді)
Ән : <<Қара бауыр қасқалдақ>>
1-оқушы:Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы
естілсе де жанымызға нұр септі.Мәңгілік егемендікті
алып келгенінің арқасында дүние жүзіне танымал ел
болдық.Желбіреген көк байрағымыз,айбынды әнұранымыз,
жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.
Хор: <<Желтоқсан желі>>.
2-оқушы:Егемендік иесі <<мен>>деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз
Екі тізгін,бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көген көз.
3-оқушы:Егемендік - ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.
<<Егемендік>>деген сөзден естілер
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
4-оқушы:Сол бір ызғары ерте түскен қыс күндерінде
тоқырау ажалының табанында аяусыз тапталған ар-намыстың
ышқынған дауысы құлағымызды әлі шыңылдатып тұрғандай.
Сол дауыстардың арасынан,он екіде бір гүлі ашылмай қиылып
кеткен, аяулы Ләззат,сенің үнің талып естіледі.Он алтыдан енді
ғана асқан бейкүнә жасында өмірден өз еркіңмен кетердей басыңа
не күн туып еді?Айбының - алаңға шыққаның,жұдырықтай жүрегіңмен
қалың қауымның мүддесін ұққаның ба?Тек сол болса,ол айыбың емес,
азаматтығың болар.
І-жүргізуші : Бұл күндері Қазақстан өзінің ең басты мейрамы-Тәуелсіздік күнін атап өтуде.
ІІ-жүргізуші : 1991 жылы 16-желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет - Қазақстан республикасы пайда болды.
5-оқушы : Бүгінгі өз келешегіне бет алған Тәуелсіз Қазақстан - бұл біздің ортақ мақтанышымыз.
Хормен : Ең асыл мұрат-еңселі ел болу
Хор : <<Қазақстаным менің >>
1-жүргізуші : Би <<Қара жорға >>
6-оқушы : 19 жыл ,тәуелсізбін,дербеспін,
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім.
Бодандығым ғасырларға жалғасқан,
Қазір міне артта қалды ,келмес күн.
7-о : Қуаныштан жасқа толды жанарым,
Ұрпағы едім Көк бөрідей дананың.
Енді міне билік тиіп қолыма,
Женлбірейді күн астында жалауым.
8-о : Дамуымыз керек енді қарқынмен,
Уақытымыз есептеулі алтынмен.
Тәрбиелеп,саналы ұрпақ өсіріп,
Өркендейміз ата - баба салтымен.
9-о : Жас ұландар терң білім меңгерген,
Ауру-сырқат дұрыс жолмен емделген.
Жыл сайынғы Елбасының жолдауы
Халқыма жігер берген,дем берген.
10-о : Астанамыз,бар қаламыз гүлденіп
Келе жатыр жылдан-жылға түрленіп,
Тәуелсіздік арқасында үкімет,
Жатыр міне, барлығына үлгеріп.
11-о : Сүйінші елім, тәуелсіз елім ,суйінші,
Көкейден күй,көмейден жыр құйылды.
Елу алты ел бас қосатын жиында
Төрағалық қазағыма бұйырды.
12-о : Төбем көкке жетпей қалды бір елі,
Енді міне бүкіл әлем біледі.
Қазақ деген жомарт халық емес пе,
Аузын ашса көрінетін жүрегі.
13-о : Ынтымақ бар ел бірлігі жарасқан,
Бізге қарап жол түзейді адасқан.
Барлық ұлтты туыс бауыр көреміз,
Ешқайсысын бөліп жатырқамастан.
14-о : Қалықтасын көгімізде қыран құс,
Ерлігіміз болсын елге жыр - аңыз.
Ата-бабам армандаған сан ғасыр,
Тәуелсіздікке тәубе,тәубе,мың алғыс.
15-о : Дәлелденді тура адал жолымыз,
Дос құшаққа әркез дайын қолымыз.
Ер Нұр-аға, тек қана алға бастаңыз,
Біз ереміз, Сіз аман-сау болыңыз !
Хор : <<Бақытты балалық шақ >>
І-жүргізуші : Жер бетінде әрқашан дос тық пен келісім орнап,еліміздің болашағы жарқын болсын !
ІІ-жүргізуші ; Тәуелсіздік күнінің қарсаңында біз барша Қазақстан халқын қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған айрықша мерекемен құттықтаймыз
Ән : << Қазақ жігіттері >>
<< Отан - отбасынан басталады.>>
Сабақтың тақырыбы: <<Отан - отбасынан басталады.>>
Сабақтың мақсаты:а) білімділік: <<Атадан - өсиет, анадан - қасиет>> дегендей отбасынан алған тәрбиеден баланың мінезі қалыптасатынын айту.
ә) дамытушылық: <<Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз,
қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз>> деп М. Әуезов сөзінде айтқандай жанұяда ата-ана өз парызын, бала өз міндетін әр сәт терең сезінуіне бағыттау.
б) тәрбиелік: <<Баланы сүйе білуге үйрету - өмірдегі ең маңызды нәрсеге үйрету деген сөз>> Отанға деген сүйіспеншіліктерін,ата-анаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. <<Тәрбие барлығымыздың жүрегімізге ең алдымен жеке адамға да, қоғамға да пайдалы әдеттердің ұрығын себуі керек>> екендігін дәлелдей жеткізу.
Сабақтың түрі:Сайыс сабақ.
Қолданылатын әдіс:Әңгімелеу,сұрақ-жауап
Көрнекілігі:слайд. Бала тәрбиесі жөніндегі,отбасы туралы даналық сөздер.
Сабақ барысы:Армысыздар, ардақты ата-аналар, ұстаздар, әділ-қазы алқалары, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз тәрбие отбасынан басталатындықтан шынайы өмірде бала тәрбиесінің қыр-сырын меңгерген ата-аналарды қатыстырып отырмыз.Отан-отбасынан басталады,сондықтан әр отбасы бала тәрбиесіне жете көңіл бөлуі керек.Сабақты Қ.Р. білім беру ісінің үздігі Жақсыгүл Шәріпханқызының <<Тәрбиенің тірегісің аналар>> деген өлеңімен бастағым келіп тұр:
Ұмытпаған ұлтын, асыл анасын
Жалғай бергін ағайынның арасын
Сәбиіне мейірім шашып шуақты,
Сезімменен сусындатқан санасын.
Ақылды еді аналарым таза еді
Пейіліне айтар ойы саз еді
Иман жүзді мейірімді болған соң,
Намыссыз ұл, әдепсіз қыз аз еді.
Ұсақталып кете ме деп ұрпағым,
Осы күнгі кей анадан қорқамын.
Арақ қатқан сүтпен бала емізіп,
Түтін сорған орынына сорпаның
. Кіндік ашқан ,ұят қашқан қыз өссе,
Бозбаласы нашақор боп ер жетсе,
Аналардың әлсіздігі білінер,
Перзенттері көргенсіздік көрсетсе.
Отбасының берекесі саналар,
Тәрбиенің тірегісің - аналар.
Имандылық жүрегіңе кіргізіп,
Кезің келді ой-сананы жаңалар
Жою үшін жұқпалы ауру індетін,
Таза ниет ту тіксінші күнбе-күн.
Мәдениетті,білімді, ұлтжанды ұрпақты
Тәрбиелеу аналық парыз міндетің, - деп міндетін, парызын өте жақсы білетін ата-аналар мен оқушыларға кезек берсем:
I Таныстыру. Ата-ана өзінің аты жөнін, жұмыс орнын толық айтып, неше бала тәрбиелеп жатқаны жөнінде қысқаша тоқталады.
Баланың танысуы:
Халқымның әрбір сөзі ой талабы
Жүрегімнің түбінде сақталады.
Өсемін елін сүйер Нұрдос болып,
Ата-анамның еңбегі ақталады.
II Жанұя ұстанымы:
Жанұямызда береке бірлік сақтау, бір-бірімізге жанашыр болу.
III Үй тапсырмасы: ( Би,ән,өлең,сурет салып әкелу, қолөнер бұйымы.)
IY <<Бала - адам жанының бағбаны>>. Сіз балаңыз туралы қаншалықты білесіз ?
( Балалар бір топта,ата-аналар бір топта отырады,мұғалім сұрақ қойып тұрғанда жазбаша жауап беріп отырады, Ана мен бала жауабын әділ-қазы алқасы салыстырып тексереді.) Сұрақтар:
1.Балаңыз бос уақытын қалай өткізгенді жақсы көреді?
2.Балаңыз қандай тағамды ұнатады?
3.Балаңыз қандай жеміс-жидектерді сүйіп жейді?
4.Балаңыздың ең жақсы қасиеті қандай?
5.Балаңыз көбінде кіммен пікір бөліседі? Әкесімен бе? Сізбен бе?
6.Балаңыздың досы кім?
7.Балаңызға не үшін ренжисіз?
8.Балаңыздың қандай күлдіргі қылықтары есіңізде?
Y. Мақал-мәтелдің бір сөзі жасырылып, сұрақ болып қойылады,жауабын балаңыз екеуіңіз бірлесе отырып табыңыздар.
1.Жақсы адам елдің ырысы, Жақсы сөз жанның несі? ( тынысы)
2.Тозар елдің жаңжалы бітпес,
Озар елдің несі бітпес? (арманы)
3.Елдің ерлігі ерінен танылар,
Елдің байлығы несінен танылар?(жерінен)
4.Ел қалаған ұл-қыздар -
Ел көгіндегі нелер? ( жұлдыздар)
5.Ынтымақты елге ешкім жетпес,
Ынтымақсыз елдің несі бітпес?(өкініші)
6.Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа ауыр не артпа?(жүк)
7.Адам болатын бала қандай?(ағайыншыл)
Бай болатын бала айырбасшыл.
8.Қатты не көрсе бала күнінде (тәртіп)
Өнерімен қуантады түбінде.
9.Қарағайға қарап тал өсер,
Несіне қарап бала өсер?(қатарына)
10.Кішіпейіл болғаннан
Кішірейіп кетпейсің.
Өркөкірек болғанмен,
Неге жетпейсің?((Ұлылыққа)
11.Мейірімділікті анадан үйрен,
Әдептілікті кімнен үйрен?(данадан)
12.Қандай бала аяққа басылған шала?(әдепсіз)
13.Ұл-қыздан да жаман мінез шығады,
Қырсыз қылық тек кімдерден жұғады?(ата-анадан)
14.Берекені көктен тілеме,
Бірлігі мол кімнен тіле? (көптен)
15.Отанға опасыздық еткенің
Кімнің түбіне жеткенің?(өз)
YI Туысың сенің-ырысың
1.Оның шешесі сенің шешеңнің қайын енесі.Ол сіздің кіміңіз болады? (әкесі)
2.Оның әкесі менің күйеу балам. Ол менің кімім ? (жиен)
3.Менің шешем оның қызы. Ол менің кімім ? (нағашы ата)
4.Ол менің күйеубаламның жары.Ол маған кім? (сіңілі)
5.Оның апайы сенің ағаңның жары. Ол саған кім?(құдаша)
YII Адам болып қал балам.(Өлеңнің бір сөзі жасырылады, табу керек
Қиындықтан қаймықпай,
Қайда қадам бас, балам?(алға)
Дұрыс жасап таңдауды,
Адам болып қал,балам.
Жақсылықпен не (жамандық)
Қатар жүрер біл,балам,
Жақсылардың шын сөзін,
Құлағыңа іл,балам.
Сақ болмасаң ісіңе,
Жұғып қалар кір,балам.
Таза ұстап неңді (арыңды)
Жарқын өмір сүр, балам.
<<Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
Ақылыңа ақыл қос>>.
Деген халық нақылы
Қандай өмір болар бос.(зердесіз)
Атаң менен анаңа,
Далаң менен қалаңа.
Тілің менен неңе,(дініңе)
Адал болып қал, балам!
YIII Қорытынды: Әділ қазы алқаларына,өз еркімен пікірін білдірущілерге сөз беріледі.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Тәрбиенің мақсаты-балаларымызды бізсіз де күн көре алатындай етіп оқытуымыз керек.Халық даналығы: <<Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды>> дегендей ата-аналардың көмегінсіз жеке тұлға тәрбиелеуіміз қиын,сондықтан мектеппен тығыз байланыста болыңыздар деп, - сөзімді қорытамын
<<Береке бастауы, тынымсыз еңбек>>
Тақырыбы: <<Береке бастауы, тынымсыз еңбек>>
Мақсаты: Оқушылардың еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой өрісін дамыту. Оқушылардың еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке үнемді болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Нақыл сөздер, суреттер. т. б.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.
Мұғалім: Атасы он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін. Өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара аспаннан не көрдің?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы былай депті:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі - өнеге: Өрмекші маса - шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа нанның уағын өзі жемей уағын үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен - деді.
Бұдан балалар сендер нені ұқтыңдар?
- Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізбеуге, мейірімділікке.
- Иә жарайсыңдар еңбек туралы бүгінгі тәрбие сағатымыз <<Еңбек түбі - береке>> тақырыбында болмақ.
Мұғалім: Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Мен барлығыңды жылулық шеңбері - шаттық шеңберіне шақырамын. (оқушылар хормен)
Жақсы бала еңбекшіл
Таза бала мұнтаздай
Ер азамат болады.
Сүйсінеді қараған
Қиындықты жеңіп кіл
Ұқыпты деп бұл қандай
Құшағы гүлге толады.
Жақсы көрер бір адам. (2 рет қайталау)
Еңбекшіл досым - ай
Болайықшы осындай.
Мұғалім: Енді бәріміз тақтаға назар аударайық. (Нақыл сөз ба әлде мақал - мәтел ма) <<Еңбек түбі - зейнет>>, <<Жақсы жұмыс - жанға тыныс>>, <<Еңбексіз өмір - сөнген көмір>>, <<Еленген еңбек өнімді>>.
1. <<Еңбек түбі - зейнет>>. Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке - шешелеріңді қуанту. Жалқау, еріншек балалар үнемі 2, 3 бағаларын алып жатады. Өйткені олар еңбектеніп оқымайды.
2. <<Жақсы жұмыс - жанға тыныс>>. Әрбір адам жұмысын бар ынтасымен тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары да риза болмақ.
3. <<Еңбексіз өмір - сөнген көмір>>. Көмір отын екенін білесіңдер балалар. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине жоқ. Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.
4. <<Еленген еңбек өнімді>>. Еңбек еткен адамның еңбегі елеусіз қалған емес. Олардың аттары тарихта қалады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев аталарың көп еңбектеніп аты елеулі. Көптеген спортшылар олар тынымсыз еңбегінің арқасында дүние жүзінде аттары әйгілі болмақ.
Хор: Әңгелек.
1. Шуағында көктемнің,
Қауын дәнін еккенмін.
Өзім күтіп баптадым,
Жаздай тыным таппадым.
Қайырмасы: Пісіп қапты әңгелек
Доптай болып дөңгелек. 2 рет
2. Сап - сары боп сабағы
Иісі мұрын жарады.
Тіл үйіріп, бал татып,
Қойды бізді тамсантып.
Қайырмасы: Пісіп қапты әңгелек
Доптай болып дөңгелек. 2 рет
(Оқушылардан тақпақтарын сұрау)
1-оқушы: Еңбекті сүй құрметте
Береке болар еңбекте
Еңбек етсең емерсің
Жақын болшы еңбекке.
2-оқушы: Майда бол жігіт болсаң тал жібектей
Жарамайды қатты болу тікенектей
Білімің болсадағы ұшан - теңіз
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
3-оқушы: Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?
Тоқ тұра алмас дәмдіден дәмді іздемей
<<Бір тойған - шала байлық>> деген қазақ
Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей
Еңбек жоқ, харекет жоқ қазақ кедей.
4-оқушы: Еңбек - өлім жан қанатын қиятын
Еңбек - өлім жанды ашудан тыятын.
Еңбек деген - еңбектеген мылқауды тыю
Жаншып, жанның сұлу сынын жоятын.
Мұғалім:
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Білім алуға, маман иесі болуға. Еңбек етсең, қарның тоқ болады, киімің болады.
- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
Жалқау емес, сабақты 5 - ке оқитын.
- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
Сабақ оқумен, спортпен, мамаларымызға көмектесеміз.
- Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
Адал, еңбек сүйгіш, жалқау болмағанда, көп оқығанда, үлкенді тыңдағанда.
Еңбектің пайдасы - тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат - мұраттарға жетесіңдер.
Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырмас азап, деген екен Абай атамыз. Еңбектің адам өміріндегі мәнін түсіндіру үшін Өтебай Тұрманжановтың <<Қайдан келдің бауырсақ?>> өлеңін сахналап көрсетеді. Кәне соны тамашалаңыздар.
Тамерлан (автор): Дастарханға шашылып
Жатты аппақ бауырсақ
Бауырсаққа қызығып
Қарап тұрып көзін сап.
Д. Динара (қуыршақ): Қайдан келдің бауырсақ?
Ақбота (бауырсақ): Дүкеннен келдім нан сатқан.
Д. Динара (қуыршақ): Дүкенге келдің қай жақтан?
Ақбота (бауырсақ): Наубайдан келдім нан жапқан.
Д. Динара (қуыршақ): Наубайға келдің қай жақтан?
Ақбота (бауырсақ): Дирменнен келдім ұн тартқан.
Д. Динара (қуыршақ): Дирменге келдің қай жақтан?
Ақбота (бауырсақ): Даладан келдім жан - жақтан
Жер - анам мені көсілген
Дихандар мені өсірген (толықтыру...)
Мұғалім: (Оқушылардан еңбек туралы мақал сұрау)
1-оқушы: Еңбек - бәрін жеңбек.
2-оқушы: Еңбек етсең емерсің.
3-оқушы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
4-оқушы: Еңбек ер атандырады.
5-оқушы: Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кеткізер.
6-оқушы: Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық.
7-оқушы: Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады.
8-оқушы: Ерінбесең, еңбегің өнеді.
9-оқушы: Еңбек етпеген ішіп - жемейді.
10-оқушы: Еңбек етпесең елге өкпелеме, Егін екпесең жерге өкпелеме.
11-оқушы: Ерінбеген етікші болады.
12-оқушы: Еңбек етте мақтан, Ойнап күл де шаттан.
Иә, балалар, айта берсек еңбек туралы мақал да, тиым сөздер де көп. Еңбек түбі - береке, Еңбек етіп жақсы оқитын балалар үнемі шаттанып бізді де, ата - анасында қуантып жүреді.
Қорытындылау: Еңбек етпеген ішіп - жемейді.
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
Сонымен балалар, еңбек етпеген адам еш нәрсеге де қол жеткізе алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау болмай еңбек етсек міне сол еңбегіміздің жемісін жейміз. Біздің ең бірінші еңбегіміз ол біліміміз. Міне көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысақ болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен. Сондықтан тек білімді болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге тырысуымыз керек.
Сұрақ - жауап. Не үйрендің? Не түйдік?
Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады. Осымен <<Еңбек түбі - береке>> атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz