Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Ерлік – елдің қасиеті

Ерлік – елдің қасиеті (тәрбие сағаты).

4-сыныптарға арналған тәрбие сағаты.

Тақырыбы: Ерлік – елдің қасиеті
Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлардың
бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу.
Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдісі: Музыкалық – әдеби қойылым
Көрнекілігі: «Әр қашан күн сөнбесін»  тақырыбына салған суреттер көрмесі,
батырлық туралы нақыл сөздер, батырлар портреті, бейне фильм.
Кіріспе:(тақтада нақыл сөздер ілулі тұрады).
1. Отан үшін отқа түс- күймейсің.
2. Ерлік – елдің қасиеті,
Жүректілік – жігіттің қасиеті.
                                       Б. Момышұлы
3. Адал адам Отанын сүйеді. Адал , ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның
дегенін істеу – қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге
болмайды.
                                                    Б. Бұлқышев
Қыз бала: Ардагер аталар!
Ұл бала:   Ардақты әкелер!
Қыз бала: Абзал ағалар!
Ұл бала:  Асыл аналар!
Екеуі қосылып: Баршаңызды! Баршаңызды!
Қыз: 7 – мамыр – Отан қорғаушылар күнімен…
Ұл: 9-мамыр – Ұлы Жеңістің 60 жылдық мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз!  
Негізгі бөлім:
1-оқушы:
Жеңіс күні.
Ойлап -ойлап тұрдым көп,
Сауал бердім білгім кеп:
-Қуанышты мереке –
Жеңіс күні қай күн ?- деп.
Атамнан да сұрадым,
Әкемнен де сұрадым.
Ағамнан да сұрадым,
Апамнан да сұрадым.
Тосты бәрі құлағын:
- «Дұрыс» -
десті, – «сұрағың!»
Бейбіт күннің бәрі де
Жеңіс күні, шырағым!
                                      (Қ. Жұмағалиев)
Бүгін біздің ортамызда Ұлы Отан соғысының  ардагерлері … отыр (ардагерлер
сөз сөйлейді.)
2-оқушы:
Арылтып жаудан жерімді,
Табанға жаншып өлімді,
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді,
Десеңдер бұл қай күні –
Бәрі қосылып: Тоғызыншы мамыр күні!
                                      (Д. Әбілев)
3-оқушы:
Алақай – ай, Әйгілі
Тоғызыншы мамыр бүгін.
Алғаш күні шаттықтың,
Соңғы күні қайғының.
4-оқушы:
Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді жеңген күн.
Қырмызы гүл, қызыл гүл,
Құшақтарға енген күн.
 
5-оқушы:
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн.
Әкеміздің
Аңсаған
Әкелерін көрген күн.
6-оқушы:
Әлем бізді ұққан күн,
Жауды ініне тыққан күн.
Батыр атам алдынан
Әжем күліп шыққан күн.
7-оқушы:
Сағындырып жеткен күн,
Қадірі әбден өткен күн.
Тұңғыш рет туған жер
Тәтті ұйқыға кеткен үн.
(Қ. Мырзалиев)
«Жеңіс күні» туралы бейне фильм көрсету.
8-оқушы:        
Мазасыз мына ғаламда,
Қатер көп әлі адамға…
Ақ құсымнан амалсыз
Адасып мен қалам ба?!
Бәрі:
Келмесін ол күн, келмесін,
Төнбесін қатер, төнбесін!
9-оқушы:
Соғыстың өрті жанбасын,
Сәбилер жетім қалмасын!
Есігіне әр үйдің,
Бесігіне сәбидің
Мәңгілік бақыт орнасын,
Болмасын, соғыс болмасын!
Бәрі:
Мәңгілік бақыт орнайды,
Болмайды, соғыс, болмайды!
                                       (М. Мақатаев)
10-оқушы:
Әзір титтей бойымыз,
Әзір балаң ойымыз,
Тек қуамыз ойын біз.
Дегенмен де күн санап
Өсіп келе жатырмыз-
Жігіт болар батырмыз!
11-оқушы:
Ұзарады бойымыз,
Толысады ойымыз,
Алда талай тойымыз!
Өйткені біз күн санап,
Өсіп келе жатырмыз-
Жігіт болар батырмыз!
Хор: «Ел қорғауға әзірміз» сөзі: М. Әлімбаевтікі, әні: К. Қуатбаевтікі.
Оқушылар мен ардагерлер арасындағы сұхбат.
Батырлық, ерлік туралы мақал – мәтел айтысы.
(Ортаға бір топ мақалшылар шығады.)
Қыз бала:
Ердің көркі –сақал,
Сөздің көркі- мақал,- дегендей…
Ұл бала: Мақал – сөздің мәйегі, – дегендей…
Қыз бала: Батырлық пен батылдық…
Ұл бала: Ерлік пен елдік
Қыз бала: Батыр мен қорқақ
Ұл бала: Ер жігіт туралы мақал сайысына шақырамыз.
Мұғалім: – Балалар ойымызды қорыта келе «ерлік, батырлық, қайсарлық», –
дегенді қалай түсінесіңдер? (Оқушылар ойы тыңдалады.)
Қорытынды:
Мұғалім: өмір мен өлім арпалысқан қанқұйлы соғыстың жеңіспен аяқталуына
үлес қосқан майдангерлер өнегесі  ұрпақтан –ұрпаққа үлгі болып қала бермек.
Біз әрқашан  аталарымыздың ерлігін мақтан  етеміз. Ардагер аталарымызға
қандай жылы лебіздер айтар едіңдер? (балалар тілегі)

Ұқсас жұмыстар
Кеш «ерлік – ұрпаққа ұран»
Жаңа сабақты талдау
Ауған соғысының ардагерлері
Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру
Аңызға айналған қаһарман
Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі - ауған соғысы
Ауғанстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет
Аталар ерлігі - ұрпаққа үлгі
Ел мақтаған ағалар
Ақылыңа ақыл қос
Пәндер