Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Ертегіге саяхат

Сабақтың т а қ ы р ы б ы.
Ертегіге саяхат.
Сабақтың мақсаты.

Ертегі мазмұнына арнап салынѓан суретшілер иллюстрацияларымеп таныстыру.
Ертегі мазмұнын бейнелей білуге үйрету.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар.
Ертегі мазмұнына арнап салынѓап суретші шыѓармалары, иллюстрациялар,
слайдфильм, оќу фильмі, балалар ойыншықтары (аю, қасқыр, түлкі, тотықұс т.
б.).
Сабақтың барысы.
Оқушылар өздері оқыран ертегілерді, көрген ертегі-фильмдерді еске
түсіріп, қысқаша, қандай ертегіге арналѓан шыѓармалар екетідігін айтады.
Оқытушы оқушыларѓа әсерлендіру, бейнелі ойлау, қиялын қияѓа жетелеу
мақсатында Ә. Асылбековтың «Кім күшті?» ертегісін оқып, мазмұнын ашып
береді. Көркем тілмен кестеленіп, қызықты оқиѓаларға құрылѓан бұл шығарма
оқушылардың қиялына қанат бітіріп, таңѓажайып әлемге сапар шеккізеді,
өнерге, білімге шақырып, батылдыққа баулиды.
Ертегі мазмұнындаѓы жануарлар мен жәндіктер өте нақты бейнеленген.
Мысалы, кәдімгі маса былай әндетеді:
Meн Масамын, Масамын,
Шаттық әнге басамын.
Күштімін де сұстымын,
Бар жәндіктен асамын.

Ал бақаның бақ-бақ етіп мақтанѓаны былай суреттеледі:
Мен Бақамын, Баңамын,
Масаларды матадым,
Жыланды да жұтамын,
Жұтамын да жатамын.

Осылайша бар жәндіктер бір-бірінің алдында өздерін мақтап, асынып,
тасынады. Міне, осы сәттерді оқушылар ертегі желісін оқып, көз алдына
елестетеді. Әрбір жәндікті сипаттап, қаѓаз бетіне түсіруге құштарланады.
Ендігі кезекте оќушылар сурет салуға кіріседі. Ертегі мазмұнына байланысты
кейіпкерлердің көңіл күйіне, табиѓат көріністеріне байланысты рењктерін
жарасымды беруге көңіл бөлулері қажет.
Егер ертегі мазмұны төрмыс жайында болса, онда сәндік қолөнерге көп көңіл
бөлініп, кейіпкерлер жиһаздарын ұлттық ою-өрнектермен безендірген жөн.
Сабақтың соңында оқушылар өздері салѓан суреттерге ат қойып, бірер сөйлем
құрап жазѓандары пайдалы, себебі оқушының тілі дамып, ой-қиялы жетіле
түседі. Сонымен қатар, біткен жұмыстардан көрме ұйымдастырып, оқушылар
өзара пікір алысқандары жөн.

С а б а қ т ы ң т а қ ы р ы б ы.
Натюрморт салайық.
С а б а қ т ы ң м а ќ с а т ы.

Натюрморт жайлы маѓлұматтармеп таныс болу. Затқа қарап сурет салуды
мењгеру.
С а б а қ қ а қ а ж е т т і ќ ұ р.а л - ж а б д ы қ т а р.
Натюрморт бейнеленген суретшілер шыѓармалары. Балалар салѓан суреттер.
Натюрморт салу үшін әкелінген гүл шоѓы мен құмыра т. б. заттар.
С а б а қ т ы њ б а р ы с ы.
Мұғалім суретші шығармаларын оқушыларѓа көрсете отырып, оран талдау
жасайды. Суретші шыѓармаларын таңдау, мұѓалімніњ өз еркінде.
Мысалы, заттар мен бұйымдарды бейнелеуге шебер суретші А. Ѓалымбаеваның
«Натюрморт» шыѓармасын алайық.
Суретшінің бұл еңбегінде қазақтың әсем ою-орнектері, дастарқан бетіндегі
алма, алмұрттардың ашық, жылы тұс реңктері, орынды композиция арқылы
жарасымды орындалѓаны көрермен көңілілен шыѓады.
Мұгалім шыѓарманы талдай келіп, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың сезу,
көру, бақылау, қабылдау сияқты түсінігін бекітеді.
1. Балалар, сендер суретші шыѓармасынан қандай
нәрселерді көріп тұрсыңдар?
2. Суретші шыѓармасындаѓы бояу түстері бір-біріне
жақын ба?
Суретші ою-орнектерді не үшін бейнелеген?
Мұѓалім «натюрморт» терминіне түсінік береді. «Натюрморт» француз сөзінен
алынѓан. Қазақша «өлі табиѓат» немесс «тыныш, қозғалмайтын зат» деген
маѓына береді. Натюрморт «өлі табиѓат» немесе «өлі зат» аталѓанымен, сонда
бейнеленген заттар арқылы табиѓи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың
тұрмыстіршілігін, әдет-ѓұрпьын, тарихын танып білуге көмектеседі.
«Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, біз де «натюрморт» деп
пайдаланамыз.
Енді натюрморт құрауѓа болады. Мысалы, гүл мен құмыра, оқушының оқу
құралдары т. б. Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауѓа
болады.
Натюрмортты кезең бойынша саламыз. Мұѓалім тақтаѓа сызып, оқушыларѓа
натюрморт салудың кезеңдерін көрсетеді.
Бұл жұмыстар алѓашқыда ќарындашпен орындалып, біткеннеп соң бояу
түстерімен реңктерді беріп, бояуды бастайды.
Сабаќ соңында мұѓалім оқушылар жұмысын көреді.
Композициялық шешімі, түс жарасымдылыѓы жаѓынан дұрыс орындалѓан
жұмыстарды сынып көрмесінде талқылайды.
Т а п с ы р м а. Натюрморт тақырыбына сурет салу. Мысалы, екі-үш алма
тобына қарап сурет салу.

Ұқсас жұмыстар
Ертегілер еліне саяхат, ашық сабақ, ересектер тобы
Ертегі деген керемет қой
Үйшік ертегісіне саяхат
Интербелсенді тақта
Сабақ әдісі. Сабақтың мақсаты
Жұрнақ
Ақтөбе қаласы
Сүйікті ертегі
Бауырсақ ертегісі Шағын-орталық бүлдіршіндеріне Бауырсақ ертегісін сахналап көрсету арқылы, оқушылардың ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру
Табиғат сыры
Пәндер