Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты
Файл қосу
Наурыз-Ұлыстың ұлы күні . Наурыз мейрамы
Тәрбие сағаты: «Наурыз-Ұлыстың ұлы күні».
2-сыныпқа арналған тәрбие сағаты.
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру.Балалардың ойлау, қабылдау,
зейін қабілеттерін дамыту.Грамматикалық тілде жүйелі сөйлеуге, мерекелік
көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді
құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған сүреттер, интерактивті тақта,
киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз
мейрамына арналған «Наурыз-Ұлыстың ұлы күні» атты ашық сабағымызды бастауға
рұқсат етіңіздер!
-Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.
Қанша ғасыр сән берген даламызға,
Өзгеше бір әні едің байтақ елдің.
Сәлем, Наурыз!
Сен біздің арамызға
Алпыс екі жылдан соң қайта келдің.
Сен ең көне жырысың санамыздың,
Рухи шаттығымсың тасып толған.
Сені тойлап бабасы бабамыздың,
Әжемнің әжесіне ғашық болған.
-Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді
құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен
құттықтайық!
Наурыз-Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін!
2.Әңгімелесу.
Наурыз мейрамы- ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі
күнтізбе бойынша күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде
«жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған, яғни
«жаңа жылды» білдіреді. Наурыз-көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі
дүние жүзі халықтарының қөпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын
алған.Әбу Райхан Беруни, Омар Һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының
Наурызды қалай тойлайтындығы туралы мәліметтер мол.
Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған.Олар бұл
күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды, жаңа өнген жеті дәнге
қарап болашақты болжайды, жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалак»
ұсынады, ескі киімдерін тастайды, ескірген шыны аяқты сындырады, бір-біріне
гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою-«күн символын» салады, үйдегі
тіреу ағашқа гүл іледі, түрлі жарыстар, ұйымдастырады.
3.Тақпақтар.
1-ші бала: Ұлтым қазақ дәстүрім бұл Наурыз
Қазағым мен жасасып келе жатыр
Қарсы алыңдар қазағым халқым менің
Ұлыстың ұлы күні бұл Наурыз.
2-ші бала: Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Тәрбиеші: Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой
көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл
бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ.(интерактивті тақтамен жұмыс).
3-ші бала: Ғасырдан жеткен ғасырға,
Ұлтымның ұлы дастаны.
Жасай берсін мәңгілік,
Ғасырдан өткен ғасырға.
4-ші бала: Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен,
Көңіл гүлдей жайнасын.
5-ші бала: Кіргізіп көркін даланың,
Бәйшешек қырда қаптады.
Қызығып ылғи барамын,
Үзуге бірақ батпадым.
6-шы бала: Күн мен түн теңеледі,
Жер шуаққа бөленеді.
Соны тойлар ел енді.
7-ші бала: Наурыз тойы-салтымыз,
«Көгерсін»- деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.
Тәрбиеші: Көктем- жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз айында күн
ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан
су аға бастайды. Көктем- өте көңілді мезгіл.(интерактивті тақтадағы
сүреттерді көрсету).
8-ші бала: Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді еркелеп.
9-шы бала: Қанша ғасыр сән берген даламызға,
Өзгеше бір әні едің байтақ елдің.
Сәлем, Наурыз!
Сен біздің арамызға
Алпыс екі жыдан соң қайта келдің.
10-шы бала: Қар су болып жөнелді,
Қалды дала жалаңаш,
Күн нұрына кенелді.
4.Жұмбақ.
-Ал, енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар:
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
(Дастархан).
Бұл не? Дұрыс айтасыңдар балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай
қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?
Қазақтың ұлттық тағамдары,
Жасымнан жақын маған бәрі.
Теңермес ем оларға мен,
Ешбір асты ғаламдағы.
-Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен,
ырымдармен бізді Жазира апайымыз таныстырып өтеді.
5.Ұлттық салт-дәстүрлермен таныстыру.
Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген.Сондықтан
қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке
салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл-қалжын, ұлттық ойындарын ойнап
көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін
Шолпан апамызға сөз береміз.
Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір екі аттап үстел жағалап жүреді.Осы
кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі.
6.Қорытындылау.
Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі-бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы
жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-
бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл
арымас»- деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ
ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.
Тәрбиеші: Берекемен ішіліп, бір-біріне бақ тілеп,
Молшылық пен ақ тілек, ақтарылар күні бұл.
Халқымызға жарасып бақ пен дәулет зор болсын,
Ұлы қазақ ұлтына құт келетін күні бұл.
Қазағымның ырыс күні келгенде,
Халқым менің қуанышты жүргенде.
Мендегі өлең тау суындай тасыйды,
Қазағымның шаттық жүзін көргенде.
-Балалар! Сендер білесіңдерме? Наурыз мейрамы-жыл басы, яғни жаңа жыл.Ал
Жаңа жылдың иесі кім екенін білесіңдер ме? Дұрыс қоян. Жаңа жылдың иесін
қарсы алайық!
Қоян: Қыс келеді ақ тонды...
Оян бәрің! Орындалсын көксеген ой-арманың!
Қоян деген момақан мақұлық қой,
Ескер, бірақ «Ақтабан қоян» барын?!
Рахмет!
-Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына
арналған кішігірім концертімізді тамашалаңыздар!
7.Ән, би, өлең.
Біздің оқушымыз Әзірет Сұлтанның өнерін ұсынамыз.
Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
1.Бай өлкеммен мақтанам,
Жырға қосып шаттанам.
Жерімнің бар байлығын,
Тәуелсіз ел сақтаған.
2.Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.
3.Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға.
Әділет шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
4.Бастапқы екеу соңғысыз,
Біте қалса қазаққа.
Алдың-жалын,артың-мұз,
Барар едің қай жаққа?
2- «Ә» сынып оқушыларының орындауында «Қара жорға» биін қабылдаңыздар!
Осымен, құрметті қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған тәрбие
сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz