Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тәуекелділік ұғымы, түрлері

«Кәсіпорын экономикасы» пәнінен
«Тәуекелділік ұғымы, түрлері»
тақырыбындағы
ашық сабақ жоспары
Қызылорда қаласы,
Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің
«Экономикалық пәндер бірлестігінің оқытушысы
Қалжанова Аида Қалжанқызы
Сабақ түрі: сайыс сабақ.
Сабақ әдістері: сұрақ – жауап, жазба жұмыстары мен шығармашылық есептер,
ізденіс жұмыстары.
 
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жалпы экономикадағы негізгі түсініктердің бірі тәуекелділік
туралы студенттердің білімін шыңдау, өткен тақырыпты бүгінгі тақырыппен
байланыстыра отырып оқушылардың білімдерін жетілдіру. Тәуекелділік түрлері,
тәуекелділік аймақтары және кәсіпкерлік тәуекелділіктің түрлері бойынша
түсініктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше
ізденуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық: студенттердің ойлау қабілетін дамыту, білімін жетілдіру.
 
Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық құрал, тақта, кітаптар.
 
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- студенттерді түгендеп, аудитория дайындығын қадағалау.
ІІ. Сабақтың мақсатымен міндетін қою:
• нені білу керек, нені үйрену керек, топпен жұмыс жасай білу керектігін
айқындау.
ІІІ. Негізгі бөлім:
Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту
ықтималдылығы.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз
болмайтынын көрсетеді.
Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және хеджиралау жолымен тәуекелдің
бөліктерін басқа фирмаларға беру арқылы азайтуға болады.
Шет елдерде тәуекелді азайтудың кең тараған тәсілі – хеджиралау (аудармасы
– жоғалтулардан сақтау).
Кәсіпкерлік тәуекел – бұл бизнестің түріне байланысты компания қызметінің
тәуекелі. Олардың негізгі түрлеріне: коммерциялық тәуекел, қаржылық және
өндірістік тәуекелдер жатады.
Өндірістік тәуекел – бұл өнім өндіру мен қызмет көрсетумен, басқа да түрлі
өндіріс қызметін жүзеге асырумен байланысты тәуекел.
Коммерциялық тәуекел -  кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлармен
қызметтерді өткізу процесінде пайда болады.
Қаржылық тәуекел – кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржы
институттарымен қарым — қатынасы барысында пайда болатын тәуекел түрі.
         Жалпы тәуекелді талдау кезінде тәуекел аймағы ұғымын пайдалану
маңызды. Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорын қызметінің 5
негізгі тәуекел аймағын белгілеуге болады.
1. Тәуекелсіз аймақ. Бұл кезде кәсіпорын кем дегенде есепті табыс алады.
2. Аз тәуекелді аймақ. Бұл кезеңде кәсіпорын таза табысының бір бөлігін
жоғалту ықтималдылығы болады.
3. Жоғары тәуекелді аймақ. Мұнда кәсіпорын нашар болған жағдайда барлық
шығындарын жабады. Ал жақсы болған жағдайда есепті деңгейден төмен
табыс алады.
4. Қауіпті тәуекелді аймақ. Мұнда өнімді өткізуден түскен табысты жоғалту
ықтималдылығы болады.
5. Жарамайтын тәуекелді аймақ. Мұнда кәсіпорын банкротқа ұшырайды.
Сонымен тәуекелділік дәрежесіне әсер ететін барлық факторларды объективті
және субъективті деп бөлуге болады.
Объективті себептерге:
• инфляция;
• бәсеке;
• саяси және экономикалық дағдарыстар;
• кедендік салықтар жатады.
Субъективті факторларға:
• кадрлық құрылым;
• шаруашылық байланыстар;
• қаржылық жағдай жатады.
Бүгінгі тәуекелділікке байланысты өтетін сайыс сабағымызға үш топ қатыасды.
Сайыста сайыскерлеріміз осы пән бойынша жинақтаған теориялық білімдері мен
ойлау қабілеттерін ортаға салып, шапшаңдықтары мен алғырлықтарын білдіруі
тиіс.
І кезең. Әр топ өз аттарын таныстырып шығады.
ІІ кезең. Әр топқа 6 сұрақтан қойылады. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп
қана жауап бере аласыздар. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан иеленесіздер.
1 топқа:
1. Кәсіпорын экономикасы ғылыми пән. Оның зерттеу объектісі кәсіпорын және
зерттелетін заты – заңдар мен заңдылықтар. (иә).
2. Қоғамның өмір сүруі мен дамуына қажетті материалдық игіліктерді жасау
процесі өндіріс деп аталады. (иә)
3. Өндіріліген өнім көлемінің материалдық өндіріс саласында шығарылған
еңбектің шамасына қатынасы арқылы  – еңбек өнімділігінің сыйымдылығы
анықталады. (жоқ)
4. Кәсіпорында баға белгілеу процесіне тұтынушылар, нарықтық орта, тауар
қозғалысы арналарының қатысуылары және мемлекет сияқты бірнеше факторлар
әсер етеді. (иә).
5. Ағылшын тілінен аударғанда инвестиция күрделі қаржы салу ұғымын
білдіреді. (иә)
6. Жылдық табысты капитал салымына бөлу арқылы шығынды өтеу мерзімі
анықталады.(жоқ)
2 топқа.
1. Пайданы өнімнің өзіндік құныны бөлу арқылы рентабельділік
анықталады. (иә)
2. Альтман ұсынған банкроттық ықтималдығын бағалаудың  2 факторлы теориясы
бойынша берілген тұрақты шама 0,3877-ге тең болады. (жоқ)
3. Кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржы институттарымен қарым –
қатынас барысында өндірістік тәуекел пайда болады. (жоқ)
4. Кәсіпорын экономикасы ғылыми пән. Оның зерттеу объектісі заңдар мен
заңдылықтар және зерттелетін заты кәсіпорын . (жоқ)
5. Айналым капиталы айналым қорлары және айналым құралдары болып екіге 
бөлінеді.(иә)
6. Еңбекақы төлеудің біркелкі тарифтік торында 21 тарифтік разряд бар. (иә)
3 топқа.
1. Пайдалану және цехтық шығындар жанама шығындарға жатады. (иә)
2. Жобалар нысанына қарай шағын, орта және ірі болып бөлінеді. (жоқ)
3. Тәуекел ұғымын қарастырғанда негізгі тәуекел аймақтарын қарастыру керк.
Нгеізінен тәуекелдің негізгі 5 тәуекел аймақтары бар. (иә)
4. Өнім өндірумен, қызмет көрсетумен және басқа да түрлі өндіріс қызметін
жүзеге асырумен байланысты тәуекел түрі коммерциялық тәуекел деп
аталады. (жоқ)
5. Шикізат, материалдар, алынатын бұйымдар, жұмысщылардың негізгі жалақысы
тікелей шығындарға жатады. (иә)
6. Еңбек шамасын өндірілген өнім көлеміне бөлу арқылы еңбек сыйымдылығы
аныталады. (иә)
ІІІ кезең. Кім жылдам?
Рентабельділік және ықтималдылық туралы әр командаға  бір-бір есептен
беріледі. Есепке ұпайды өздеріңіз белгілейсіздер. 10,20,30,40 ұпайдың
ішінен әр команда өздері ұпай белгілейді. Есеп дұрыс болса, ұпай саны
ескеріледі, есеп дұрыс болмаса, ұпай саны шегеріледі.
№1 есеп: шығарылған бұйым саны 1500 дана, бір бұйым бағасы 60 теңге, бір
бұйымның өзіндік құны – 50 теңге. Өнімнің рентабельділігін анықтау керек.
№2 есеп: Ағымдағы өтімділік коэффициенті – 2,87 пайыз және қаржылық
тәуекелділік коэффициенті 0,18 пайыз. Z банкроттық ықтималдылығының
көрсеткіші мен банкроттық ықтималдылығын есептеп көрсетіңіз.
ІV кезең. Экономикалық терминдер сайысы. Мұнда 4 сөз беріледі, соның ішінен
экономикаға қатысы жоқ сөзді алып тастау керек. Сұрақ экранға шыққанна
кейін, әр топ дұрыс жауабы жазылған парақты бір мезгілде өткізесіздер.
Берілетін сөздер:         1) келтәуе, термиал, налжур, интициявес.
                                       2) німө, арнық, кіпат, оркәсіпын
 3) ресрус, ақыжал, депер, ағба
V кезең. Ізденіс жұмыстарын презентациялау. 20-50 ұпай аралығында
бағаланады. Әр командадан бір адам шығып өз жұмысын қорғап шығады.
Тақырыпты осыған дейін өткен тақырыптарға байланысты алуға болады.
ІV. Қорытынды. Соңында қорытынды ұпайлары саналып, жеңімпаз топ анықталады.
Белсенді қатысқан студенттер бағаланып, үйге тапсырма беріледі.

Ұқсас жұмыстар
Киімді әшекейлеу
Компьютерлік жады
Электрондық пошта туралы түсінік
Республикасының экономикалық және саяси дамуы
Адам және отбасы
Өздік жұмысы
Барлық оқушылар квадраттық функция ұғымы туралы мәлімет
Комплекс сан ұғымы. комплекс сандарға амалдар қолдану
Квадраттық функцияның анықтамасы
Мәдениет және өркениет
Пәндер