Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Сен және көше

Сен және көше.
Сабақтың мақсаты:
Жол ережесін оқыта отырып өз денсаулығы мен өмірін сақтауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі:
1. Бағдаршам.
2. Жол белгілері.
3. «Біз жолаушылармыз» суреттер топтамасы.
4. Көлік түрлері.
5. «Есте сақта» ескерту сөздері
6. Жалаушалар, ала таяқшалар т.б.
Сабақтың жүру реті:
1. Сен және көше.
2. Бұлар — сенің достарың (Марат, Асан, Қарлығаш).
3. Жол ашық — жүре беріңіз!
4. Жол ережесі туралы жұмбақтар.
5. Көше қалай тіл қатады?
(Ескерту белгілері жөніндегі мағлүматтар беру, таныстыру).
6. «Көше қиылысы».
7. Қорьггынды.
I. 1-бастаушы:
Ассалаумағалейкүм, халқым менің, «Сен және көше» атты ашық тәрбие
сағатына хош келіпсіздер.
2-бастаушы:
Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Жол тәртібін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар ереже мен тәртібіміз,
II. 1-бастаушы:
«Сен және көше» туралы мағлұматтар береді.
2-бастаушы:
Бұлар сенің достарың — Марат, Асан, Индира.
Бұлар — қырағы әр сақ адамдардан құралған МАЙ қызметкерлері.
Олар еліміздің жолдарында тәртіп болуын қадағалайды. Олар адамның өмірі
мен денсаулығын сақтайды.
Міне, ол жол бойының басты тұлғасы мемлекеттік автоинспекция
инспекторлары. Киіміне зер салшы. Тіпті киімінің өзі қозғалысты реттеуге
көмектеседі.
Су өткізбейтін куртка, қорғаныш шлем, ала белдік, ала қолғап, ала таяқ
бәрі ала. Жолақтар жай емес қараңғыда жарқырайды. Ол жүргізушілерге түн
ішінде МАЙ қызметкерлерін көрсететіндей етіп жасалынған.
Батылдық, табандылық, қайсарлық жолда машинаны ағызып жылдам жүргізуде
емес, күңделікті қарапайым істе, спортта тәрбиеленеді.
Жолда жүру ережесін бұзу бұл барып тұрған тәртіпсіздік. Тәртіпсіз адам
ешуақытга ержүрек бола алмайды. Сондықтан «Ерік күші - ержүрек» адамға
бірден-бір қажет қасиет болып табылады.
Ш. «Жол ашық -- жүре беріңіз!»
/бағдаршамның түрлі-түсті көздерінің қызметімен таныстыру/.
IV. Жол ережесі туралы жұмбақтар.
1. Бір ғажабы —
Бұл жерде
Бір нәрсені
ел күтеді
Отырады біреуі
Тік тұрады біреуі.
Неғылған жер бұл өзі
Айтыңдар кім біледі?

(Аялдама)

2. Жол астында бір ін бар,
Не екенін кім табар?
Неге онымен адамдар,
Ары-бері ағылар?
(Жер асты
эколы)
3. Іші ауырды Үсеннің,
Сірә ұйіне жете алмас.
Қандай шешім тяба аласың,
Мүндай кезде қиналмас.
(Жедел жәрдем шығару)
4. Ілулі тұрған не белгі?
Машинаға тоқта!
Деген белгі берді.
Жол үстіне ақ-қара мен сызылған жолақшамен
Жаяуларга «өтіңдер!» деп
Белгі берді

(Бағдаршам)
V. «Көше қалай тіл қатады?»
Көшелермен автобустар, газельдер зымырап өткенде көшелерге сөйлейтін тіл
беру керек. Жол тілінің де әріптері бар, бірақ ол белгілер. Бір белгі
жолдын, бір әрпі — тұтас бір ұғымды білдіреді, ол жол сигналы.
Бұл сигналдар — дөңгелектер, үшбұрыштар, тікбұрыштар. Көк, сары, қызыл
жиегі бар. Олардың сол формада, сол түсте, болуы, жай емес. Бұл белгілер
бірнеше түрге бөлінеді.
I. Ескерту белгілері.
1. Қауіпті бұрылыс.
2. Балалар.
3. Жөндеу жұмыстары.
4. Тайғанақ жол т.б.
II. Тыйым салу белгілері.
1. Кіруге тыйым салынады.
2. Жүруге тыйым салынады.
З.Велосипедпен жұруге тыйым салынады.
4. Жаяулардың жүруіне тыйым салынады,
III. Нұсқау белгілері.
1. Жеңіл көліктің жүрісі.
2. Велосипед жолы.
3. Жаяулар жолы.
IV. Информациялык көрсеткіштер белгілері.
1. Жаяулар өтпесі.
2. Жер асты жаяулар өтпесі.
V. Қызмет көрсететін белгілері.
1. Тамақтану.
2. Алғашқы жәрдем пункті.
3. Тынығу орны т.б.
VI. Ойын «Көше қиылысы».
Ойынның ережесі түсіндіріледі. Ойын кез-келген жерде аулада, мектепте,
паркте еткізуге болады. Ойынға не керек? Көше (жол) қиылысы. Бордың
көмегімен оны тез арада жасап алуға болады. Көше қиылысында өтпелер,
көшедегі қауіпті жөне кауіпсіз жерлер және тоқтау сызықтары т.б. Ойынның
ережесі мынадай: бағыттаушы бағдаршам көше қиылысының ортасына қойылады.
Қалғандары жаяу адамдармен транспорт болып 2-ге бөлінеді. Көше жанданып
сала береді. Жаяу адамдар жүріп, машиналар қозғалады. Осы жерде бағдаршам
екеуін де жазалай бастайды. Не үшін? Әрине, жолда жүру ережесін бұзғаны
үшін. Ережені бұзушының атын атап, ысқыруға болады. Ережені бұзғандар
ойыннан шығады. Көшеде дұрыс жүре алатындар жеңіске жетеді.
Ескерту: Жеңіліп қалған адам жарыс кезінде велосипедіне мінбейді. Оны
ойынға катысқандардың кез-келген жеңімпазы пайдаланады.

Ұқсас жұмыстар
Бағдаршам
Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету
Жүрме жолға таласып
Жол тәртібін сақтайық
Бағдаршам және көше белгілерін таныстыру
Жайыққа тартсаң даңғыл бол
Абай бол, жас дос
Жолың болсын балақай! 1 сынып
Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру
Жол журу ережесін білмей тұрып
Пәндер