Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Көсемшенің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға көсемшенің сөйлемдегі қызметі туралы
мәлімет беру, өзіне тән ерекшеліктеріне ажырата білуге
қалыптастыру, білім деңгейін көтеру.
2. Тәрбиелік: берілген жаттығулардағы мақал-мәтелдердің
тәрбиелік мәнін түсіндіру. Оқушыларды ізгілікке,
адамгершілікке, өнегелікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық : кубизм, еркін ойлау стратегияларын қолдана
отырып, оқушылардың ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Сабақтың түрі: топтық ізденіс сабақ.
Сабақтың типі:жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, топтық – ұжымда сабақ өту, жаттығу жасау.
Сабақтың көрнекілігі: кубик, сөзжұмбақ, плакат, ойындар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а)Оқушылармен сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген 201 – жаттығуды тексеремін. Жаттығудын шарты –
көсемшенің жасалу жолын және қай жақта жіктелгенін ажырату. Екі-үш оқушыдан
ауызша оқытып талдатамын. Өткен сабақты қайталау үшін «Көсемше» атты
сөзжұмбақты шешкіземін және «Жорға» ойынын ойнатамын.

1. Қимылдың, іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болғандығын
білдіретін шақ түрі.
2. Көрмес түйені де...
3. Есімше атау септікте тұрып заттанып, қандай қызмет атқарады.
4. Қалау райдың –ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағынан кейін қандай көмекші
етістік тіркеседі?
5. Сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің
ерекше түрі...
6. Үш шақтың бірінде қолданылатын рай түрі.
7. Қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болғанын білдіретін
шақ түрі.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру, меңгерту.
Тақтада сызылған сызбаға назар аудартамын.
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі

|Пысықтауыш |Баяндауыш |
|Көсемше іс - әрекеттің түрлі күйін|Көсемше күрделі етістіктің |
|білдіріп, пысықтауыш болады. |құрамында келіп баяндауыш болады |
|Мен сөйлескелі (не үшін) келдім. |Ол үйіне барып келді. |
|Ол жымиып (қалай) күлді. |Ол өз ойын айта салды. |
|Көре – көре көсем боласың, сөйлей |Түнде жаңбыр жауыпты |
|– сөйлей шешен боласың | |

- Балалар, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы- «Көсемшенің сөйлемдегі қызметі».
Көсемше сөйлемде баяндауыштың, пысықтауыштың қызметін және сөйлемнің
бірыңғай мүшесі қызметін атқарады. Ережесін айтып, түсіндіріп өтемін.
ІV.Оқулықпен жұмыс.
Жаңа материалдарға берілген жаттығуларды орындау барысында жаңа
сабақты қалай меңгергендігін бақылау.
1. 206 – жаттығу
Шарты – көсемшелерді тауып, сұрақ қою арқылы олар сөйлемнің қай мүшесі
екенін анықтау (ауызша)
2. 207 – жаттығу
Шарты – мақал – мәтелдерден көсемшелерді тауып,қай жақта жіктеліп
тұрғанын айту, тұлғалық талдау жасау, сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтау.
3. 209 – жаттығу
Шарты – адамдардың бейнелерін бөлек – бөлек жазу, есімшелер мен
көсемшелердің астын сызып, сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтау.
V.Жаңа технология стратегиялары бойынша жұмыс.
«Кубизм» стратегиясын қолданамын. Бұл – тақырыпты терең түсінуге
мүмкіндік беретін оқыту стратегиясы. Шаршының 6 жағында тапсырмалар
берілген. Тақтаға 6 оқушыны шығарып, берілген тапсырманы орындатамын.
1. Суреттеу. Мұнда 1-ші оқушы көсемшенің сөйлемдегі қызметі туралы мәлімет
береді.
2. Салыстыру. Көсемше мен есімшені салыстырады.
3. Саралау. Көсемшенің жасалу жолдарын саралайды.
4. Мысал келтіру. Көсемшенің сөйлемдегі қызметіне мысал келтіреді.
5. Қолдану. Көсемшені қатыстырып, сөйлем құрайды.
6. Қорытындылау. Барлығын қорытындылайды.
VІ.Жаңа сабақ сұрақ – жауап арқылы бекітіледі.
А) Көсемше сөйлемде қандай қызметтер атқарады?
Ә) Көсемшенің жұрнақтарын атаңдар.
Б) Есімшемен салыстырыңдар.
VІІ.Үйге тапсырма .
1. Көсемшенің сөйлемдегі қызметі туралы оқып келу.
2. 208 – жаттығу. Шарты – көсемшелер сөйлемнің қай мүшесінің қызметін
атқарып тұрғанын айту, тақырыптың мәнін түсіндіру.
VІІІ.Бағалау.
Оқушыларға сабақ белсенділіктеріне қарап, баға қоямын.

-----------------------
К

ө

с

е

м

ш

е

Ұқсас жұмыстар
Сөйлемді сөйлем мүшесіне талда
Есімше мен көсемшені салыстыру
Көсемше (қорытынды сабақ). 6-сынып
Көсемшенің түрленуі
Есімше мен көсемше
Қазақ тілінен бақылау жұмыс дәптері
Етістікті қайталау
Етістікті бекіту сабағы. 6-сынып
7-сынып қазақ тілі 1 жылдық сабақ жоспар
Өлеңдерінің көркем тілі
Пәндер