ΧΧΙ-ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық ойын сайысы

ΧΧΙ-ғасыр көшбасшысы
интеллектуалдық ойын сайысы
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі 9-шы және 10-шы сынып аралығында өтетін физика пәнінен жоғары үлгерімге жетіп жүрген оқушылар арасында ‹‹ΧΧΙ-ғасыр көшбасшысы››сайысына қош келіпсіздер.
2-жүргізуші:
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыруда, физикадан алған білімдерін қорытындылауда, тәлім - тәрбиесін, мәдени қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін шаралардың маңызы өте зор.
1-жүргізуші:
‹‹Өмір деген көк мұхиттың толқыны
Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып.
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып
О, Толқындар, арпалысып алға шық
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын
Құштарлықтың толғағы мен көктемі›› деп Т. Айбергенов ағамыз жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Бүгін физика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынаспақ.
2-жүргізуші:
Шақырамыз, келіңдер жарысуға.
Күш, өнер, білімменен алысуға
Бар өнерді салайық, ортамызға.
Қанекей кім шығады сайысуға.
Сонымен ортаға сайыскерлерді шақырамыз.
Сайыскерлер өздерін таныстыра өтсін.
1-жүргізуші: Сонымен, құрметті көрермендер, сайысымызды бастаймыз.
Сайыс алты турдан тұрады.
1. Бәйге
2. Ойлан, тап
3. Көкпар
4. Кім жылдам
5. Ғажайып физика
6. Жорға
Сайысымыздың алғашқы туры - ‹‹Бәйге››
2-жүргізуші: Бұл тур бойынша сайысқа қатысушы тұлпарларға физиканың механика бөлімі бойынша сұрақтар қойылады. Кім бірінші белгі берсе, сол жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10-ұпай.
1-жүргізуші:
1. Механика нені зерттейді?
Денелердің кеңістікте орын ауыстыруын, қозғалысын зерттейді.
2. Бірқалыпты емес қозғалыс дегеніміз не?
Дененің тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтуі.
3. Деформация дегеніміз не?
Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі.
4. Молекула дегеніміз не?
Заттың ең ұсақ бөлшегі.
5. Ток бағыты қай полюстен, қай полюске бағытталады.
‹‹+›› тен ‹‹-›› қа
6. Табиғи жарыққа не жатады?
Күн
7. Электр шам ішіндегі сым неден жасалады?
Вольфрам
8. 1-ші ғарыштық жылдамдықтың өлшем бірлігі.
8-км/с
9. 2-ші ғарыштық жылдамдықтың өлшем бірлігі.
11, 2 км/с
10. Кернеу қандай құралмен өлшенеді?
Вольтметр.
2-жүргізуші: 1-ші турды қорытындылай келе, осы тур бойынша сайыскерлердің алған ұпайларын айта кетейік.
1-жүргізуші: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың,
Қиындықтын өткізер.
2-жүргізуші: Жастықтың оты қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай.
Ғылымның білім пайдасын
Дүниенің көркін болжамай - деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары сайыстың Бәйге туры келесі турымызға жігер бергендей. Келесі ойлан, тап турымызды логикалық сұрақтардан бастаймыз.
1-жүргізуші: Ойлан, тап ережесін таныстыра өтейік. Әрбір қойылған логикалық сұрақтарға кім бірінші жауап берсе 10-ұпай беріледі.
2-жүргізуші:
1. Соғым етін тұздау қандай құбылысқа негізделген?
Диффузия.
2. Орман ішіндегі топырақ неге кеппейді?
Ауа жылымайды.
3. Орманда дыбыстың қайдан шыққанын анықтау біршама қиын болатыны неліктен?
Тікелей келген дыбыспен қатар ағаштармен шағылысып, жан жақтан естіледі.
4. Батпақты немесе құмды жермен жүру ауыр болатыны неліктен?
Батпақпен немесе құммен жүрген адамның жұмсаған энергиясының біраз бөлігі топырақты немесе құмды деформациялауға кетеді.
5. Тайғақ жолда жүгі бар машина дөңгелегінің бос машинаның дөңгелегіне қарағанда құр айналуы неліктен аз болады?
Машина салмағы артқан сайын оның жолмен үйкелісі де артады.
6. Тиын мен түлкіге үлкен құйрық не үшін керек?
Тиын ағаштан ағашқа үлкен секірістер жасайды, құйрық оған жәрдемдеседі. Түлкінің құйрығы тез жүгірген кезде кілт бұрылуға көмектеседі.
7. Қыста қар басқан жолмен жүріп келе жатқан автомобиль жүрісін тежегенде, іздегі қар ериді. Неліктен?
Дөңгелек пен қардың үйкелісі әсерінен оның механикалық энергиясы жылу энергиясына айналады. Содан қар ериді.
8. Қар жауғаннан кейін ауа тазарады. Неліктен?
Жапалақтап жауған қар жер бетіне жақын ауа қабатын аралып өтіп, ондағы шаң тозаңды өзіне сіңіріп алады.
9. Ылғалдығы артқанда топырақтың электрлік кедергісіқалай өзгереді?
Кемиді. Себебі заряд тасушы иондар саны артады.
10. Күн күркірегенде топ ішінде тұру қаупті болатыны неліктен?
Өйткені адамдар тыныс алғанда шыққан бу адамның электр өткізгіштігін арттырады.
1-жүргізуші: Сайысымыздың ережесі бойынша ұпайы аз екі оқушы ойынымызды жалғастыра алмайды.
2-жүргізуші: Сайыс - толқын айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу кейін жатқанда аптығыста
1-жүргізуші: Сайыс - толқын жатқандай асып - тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып,
Бұл сайыста байқалар ғұлама ойлар
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Сіздермен бірлесе отырып, интеллектуалды шоу ‹‹көкпар›› сайысын бастаймыз.
2-жүргізуші: Бұл сайыста әрбір оқушыға тест қағаздарын таратамыз. Тест қағаздарында бес сұрақ төрт жауыбымен берілген. Әрбір дұрыс жауапқа 10-ұпайдан беріледі.
1. Ток күшінің бірлігі.
а) Вольт ә) Джоуль б) Ампер
2. Ньютонның екінші заңы.
а) F═ma ә) F 1 ═-F 2 б) F═-kx
3. Бүкіл әлемдік тартылыс заңының формуласын көрсет.
а) F═G m/R 2 ә) F═G m 1 m 2 /R 2 б) F═G 1 G 2 m 1 m 2 /R 2
4. Атомның құрылысы неден тұрады?
а) электрон, протон ә) электрон, ядро б) протон, нейтрон
5. Электрон зарядының сан мәні.
а) 1. 6*10 -19 кл ә) 9. 1*10 -31 кл б) 8. 3*10 -16 кл
1-жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап, тыныш отыру жараса ма?
Сыныптас, туыс, досқа, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талапқа.
Олай болса келесі турымыз ‹‹Кім жылдам›› деп аталады. Бұл сайыста физикалық жұмбақтар беріледі. Кімбірінші жауап берсе 10-ұпай беріледі. Егерде сол оқушы қосымша формуласын жазса 20-ұпай, өлшем бірлігін қосып жазса 30-ұпай беріледі.
2-жүргізуші:
1) Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң
Ньютонға ол келеді.
Күш; F═ma; H-Ньютон
2) Жоғалмайды ешқашан
Түрлендірсең егер де
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан.
Энергия, E═mv 2 /2═mgh; Дж-джоуль
3) Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды.
Масса; m═pV; кг-килограмм
4. Тіршіліктің қамы үшін
Жоқшылықты түзейді
Егер іскер жан үшін,
Жоқшылықты тежейді.
Жұмыс; A═Fs; Дж-джоуль
5. Ұмытып кетпе, тағы бар,
Гектовольт және меговольт
Кернеу; U═IR; B-вольт
1-жүргізуші: Енді ойынымыздың ережесі бойынша ұпайы аз екі оқушы келесі турымызға өте алмайды.
2-жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Енді біреудің қатты істейтін миы бар
Ендігі ‹‹Ғажайып физика ›› турына кезек береміз.
1-жүргізуші: Ойын ережесі бойынша тәжірибелер жасалады. Екі оқушыға екі тәжірибе беріледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz