6-сынып қазақ тілі сабағы: Күшейткіш үстеулер - анықтамасы және қолданылуы

САБАҚ ЖОСПАРЫ.

Күні : 28. 02. 2007.

Сыныбы : 6”А”

Пән і :қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы :Күшейткіш үстеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың үстеу туралы түсінігін дамыту арқылы, күшейткіш үстеу жайлы жаңа сабақты меңгерту. Күшейткіш үстеудің басқа үстеулерден айырмашылықтарын ұғындыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұжымдылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Дамытушылық:Үстеудің бұл ерекше түрінің қолдану жолдарын үйрету, байланыстырып шебер сөйлеуге жаттықтандыру.

Сабақтың типі: жарыс сабақ

Сабақтың түрі: Білім дағдысын қалыптастыру сабағы.

Сабақтың әдісі :түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі :Үстеудің мағыналық түрлеріне арналған кесте, дидактикалық материалдар, қима қағаздар, Қазақстанның саяси картасы.

Оқыту формасы: Топтық.

Пәнаралық байланыс :қазақ әдебиеті, география.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру бөлімі:

а) Оқушылармен сәлемдесу.

ә) Оқушылардың қатынасуын, оқу құралдарын тексеру.

б) Сынып тазалығына көңіл бөлу.

2) Негізгі бөлім:

а) Сабақтың мақсаты мен барысын таныстыру.

ә) Өтілген тақырыптарды, үстеудің құрамдық және мағынылық түрлерін еске түсіру, тақырыптық байланыс жасау.

3) Жаңа материалдардың мазмұнымен таныстыру.

-Балалар, өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілді?

-283-жаттығу.

-Олай болса, дәптерлерімізді ашып алдымызға қоямыз тақтаға жазбаша Мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексеріп шығады. (Бір оқушы ауызша, екі оқушы орындайды. ) .

Сынып үш топқа бөлініп отырғызылады.

1-топ”ДАРЫН”

2-топ”БОЛШАҚ”

3-топ”ЖАЛЫН”

-Ал, оқушылар тақтадан не көріп тұрмыз?

-Қазақстанның саяси картасын.

-Жарайсыңдар, Қазақстанда неше облыс бар?

-14.

-Дұрыс айтасыңдар. Олай болса, осы картада сұрақтар ілінулі сол сұрақтарға жауап берген оқушылар жетон алады. Өздерің білесіңдер

Ендеше іске сәт.

1. Сөз табы дегеніміз не?

2. Зат есім дегеніміз не?

3. Сын есім дегеніміз не?

4. Сан есім дегеніміз не?

5. Етістік дегеніміз не?

6. Есімдік дегеніміз не?

7. Үстеу дегеніміз не?

8. Етістер дегеніміз не?

9. Үстеудің құрамдық түрлері.

10. Үстеудің мағыналық түрлері.

11. Мезгіл үстеуі дегеніміз не?

12. Мекен үстеуі дегеніміз не?

13. Сын-қимыл(бейне) үстеуі дегеніміз не?

14. Мөлшер үстеуі дегеніміз не?

-Жарайсыңдар, оқушылар. Өткен сабақтарды еске түсіріп болсақ, онда жаңа сабағымызға көшейік. Жаңа сабақ: Күшейткіш үстеу деп аталады.

Күшейткіш үстеу-сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін күшейтіп, я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер, көбінесе, саплық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп, сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең сұлу, тым аласа, өте жоғары, аса үлкен, орасан зор. т. б.

Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Мысалы:

мүлдем білмейді, әбден шаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйлейді. т. б.

Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбірлер болып келеді.

Ал, енді жаңа білімімізді жаттығулармен қорытындыласақ:

285-жаттығу.

1. Содан бері қысқы жүні жетіліп, өңі ажарланып, қатты құлпырып алған. 2. Осы кезде созыла шапқылаған тосушылардың барлығы да мүлдем шаршаған болатын. 3. Мұнда бүгін аса үлкен әбігер бар. Абай мен оның барлық үй іштері, іні-шәкірт, достары үшін ең қадірлі әбігер . (М. Ә. ) 4. Тауық етінен жасалған бұл кеспе өте дәмді піскен екен. (С. М. ) 5. Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді. Сырт ажарында тіпті тіршілік белгісі жоқ еді. (М. Ә. )


Ұқсас жұмыстар
6-сынып: Әлемдегі ірі кітапханалар мен ерекше кітаптар - мәтін талдау және күшейткіш үстеулер
6-сынып қазақ тілі сабағы: Үстеулерді қайталау және бекіту
6-сынып қазақ тілі сабағы: Біріккен сөздер - анықтамасы, түрлері және практикалық жаттығулар
6-сынып қазақ тілі сабағы: Сын есімнің түсінігі, түрлері және қолданылуы
6-сынып қазақ тілі сабағы: Етістікті қайталау - түрлері, құрамы және практикалық қолданылуы
Қазақ тілі сабағы: Зат есім - анықтамасы, сұрақтары және тәуелденуі
5-сынып қазақ тілі сабағы: Тарихи сөздер - анықтамасы, түрлері және жаттығулар
6-сынып қазақ тілі: Үстеудің емлесі - сабақ жоспары
8-сынып қазақ тілі: Баяндауыштың анықтамасы және түрлері
6-сынып қазақ тілі: Үстеу туралы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz