Сабақ жоспары :: География
Файл қосу
Қазақстанның пайдалы қазбалары туралы
Қазақстанның пайдалы қазбалары
Сабақтың мақсаты: Білімділік – оқушыларды Қазақстанның пайдалы
қазбаларымен, олардың орналасу заңдылық-тарымен
таныстыру. Ірі кен орындарын оқып үйрену.
Дамытушылығы: Оқушылардың пайдалы қазбалар туралы білімдерін
толықтыру, өз бетінше ізденіп, ойларын жинақтап
жеткізе білуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру.
Баспасөз материалдарын сабақта қолдануға дағдалану.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды Отанымызды сүюге, табиғат байлықтарын,
қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, математика.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстанның пайдалы
қазбалары картасы. Пайдалы қазбалардың үлгілері
(коллекция). Пайдалы қазбалар (таблица). ХХІ ғасырдың
металы (таблица). Менделеевтің таблицасы. Көрме (мыс,
күміс, қорғасын, мыс, алюминий, т.б. металдардан
жасалған бұйымдар).
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру.
Жаңа сабақтың барысы:
І. Кіріспе. Жаңа сабақты ашу.
ІІ. Ірі кен орындарына саяхат жасау.
1. Теңіз кеніші.
2. Шығыс Қашаған кен орны.
3. Қостанай темір рудалы алабы.
4. Жезқазған мыс кен орны.
5. Кенді Алтай.
6. Созақ уран кеніші.
7. Қаратау.
ІІІ. Сергіту сәті.
ІV. Халықтық педагогикамен байланыстыру.
А)Мақал-мәтелдер.
Б)Пайдалы қазбаларға теңеулер.
V.Тест әдісімен оқушы білімін тексеру.
VІ. «Кім жылдам, кім тапқыр?»
VІІ.Түркістан – туған жерге саяхат.
1. Карьер
2. Рудасыз материалдар комбинаты (КНМ).
3. Асфалть шығаратын завод.
4. Топбаза жанар-жағар май құю орны.
VІІІ. Қорытындылау.
Жаңа сабақты ашу үшін бұрынғы алған білімдеріне сүйеніп сұрақтар
қоямын.
1. Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
2. Пайдалы қазбалар қандай топтарға бөлінеді?
3. Қазақстанның жер қойнауында түрлі пайдалы қазбалардың пайда болу
себебі не?
4. Республиканың алтын мен алмаз қорын құру туралы жарлығы қашан шықты?
1992 жылы 7 қаңтар Қазақстан Респуликасының тарихында тұңғыш рет
Қазақстанның егемендігіне орай және президенттің Республиканың алтын қоры
мен алмаз қорын құру туралы жарлығына сәйкес еліміздің жер қойнауынан
алынған асыл металдар өзіміздің игілігімізге айналды. Ел президенті
Н.Назарбаев Респуликада өндірілген асыл металдың тұңғыш кесегін ұстады.
Міне, осы күннен бастап таза металдар Қазақстан Республикасының өзінде
өндіріле бастады.
Қазақстан пайдалы қазба байлықтарының қоры жөнінен Ресей, Қытай,
Австралия, АҚШ және Бразилиядан кейінгі 6 – орында тұр. Ал, кейбір пайдалы
қазбалардың қоры жөнінен алдыңғы орындарды иеленеді (1 кесте)
1 кесте
|Пайдалы қазбалар |Қоры жөнінен дүние жүзінде алатын |
| |орны |
|Вольфрам |1 – орын |
|Уран |1 – орын |
|Ванадий |1 – орын |
|Барит |1 – орын |
|Хромит |2 – орын |
|Күміс |2 – орын |
|Қорғасын |2 – орын |
|Мырыш |2 – орын |
|Марганец |5 – орын |
|Алтын |6 – орын |
|Темір |7 – орын |
|Никель |8 – орын |
|Қалайлы |8 – орын |
|Көмір |9 – орын |
Қазақстанның жер астындағы қазына байлықтарының жиынтық бағасы 10
триллион $ (доллар) екен.
Еліміздің экономикасында мұнай жетекші роль атқарды. Сондықтан алғашқы
саяхатымызды мұнай кен орындарынан бастаймыз. (Әрбір кен орнына аялдағында
оқушы кен орнын картадан көрсетіп, берілген сұрақтарға жауап береді)
1. Аялдама. Теңіз кеніші
1. Қазақстанда мұнай өндіру қашан басталды?
2. Теңіз кенішін кімдер ашты?
3. Теңіз кенішін игеруге американдық «Шеврон» корпорациясымен бірлесу
себебі неде?
2. Аялдама. Шығыс Қашаған мұнай кен орны.
1- Сұрақ. Атыраудан 75 шақырым жердегі Шығыс Қашаған мұнай кенішін игеру
қашан басталды? Оның маңыздалығы қандай?
2- Сұрақ. Қашағандағы мұнай қоры шамамен қанша деп жобалануда? (10 млрд.
тонна) Егеменді Қазақстан 10.10.2001ж.
3- Сұрақ. Шығыс Қашағанда қандай компаниялар жұмыс істейді?
Қазақстан рудалы қазбаларға да бай. Темір, марганец, мыс, арюминий
т.б. кендердің дүниежүзілік саудадағы белсенділігі жылдан-жалға артып
келеді. Тұрмыс-тіршілікте ең көп пайдаланылатыны темір кені. Темірдің қоры
жөнінен еліміз дүние жүзінде 7 орында. Қазақстанда ірі темір кен орны
Қостанай өңірінде.
3.Аялдама. Қостанай темір рудалы алабы.
1- Сұрақ. Қостанайдағы темір кен орындарын атап, картадан көрсет.
2- Сұрақ. Соколов – Сарыбай кен орны қалай ашылды?
Кезінде Кеңестер Одағы дүние жүзінде түсті металдарға ең бай ел болып
танылғанда соның бар мысының 1/3-ін қорғасынның, ¼-ін, мырыштың жартысын
Қазақстан берген. Ал, Ұлы Отан соғысы кезінде жауға атылған он оқтың тоғызы
Шымкет пен Алтайдың қорғасынынан құйылып, Жезқазған мен Балқаштың мысымен
қапталған. Он танктің жетеуінің оқ өтпес броны-болат тоны Қазақстанның
молибдені мен марганецінен жасалған.
Қазіргі Тәуелсіз елімізде де түсті металдарды өндіруге барынша көңіл
бөлінуде. Олай болса түсті металл кен орындарына саяхат жасаймыз.
4.Аялдама. Жезқазған мыс кен орны.
1- Сұрақ. Жезқазған мысын кім ашты?
Бұл еңбегі қалай бағаланды?
2- Сұрақ. Халқымыз мысты қалай пайдаланған?
3- Сұрақ. Жезқазғанда мыстан басқа тағы қандай кен орындары бар?
5. Аялдама. Кенді Алтай.
1- Сұрақ. Кенді Алтай қандай пайдалы қазбаларға бай?
2- Сұрақ. Кенді Алтай кенін игеру қалай өрбіді?
3- Сұрақ. Асыл металдарды қандай мақсаттарда пайдаланған?
6. Аялдама. Созақ кен орны.
Кеңес одағының тұңғыш атом бомбасы Қордайдың уранынан жасалып, сол
атом бомбасы өз жерімізде Дегелең тауында жарылып сыналыпты. Қазір
еліміздің 53 нүктесінде уран табылып отыр. Соның ішінде ең қоры молы Созақ
кен орны.
3- Сұрақ. Уранның кен орны жөнінен алатын орны қандай?
4- Сұрақ. «Іңкай» кен орнында қандай шет елдік компания жұмыс
істейді?
7. Аялдама. Қаратау өлкесі.
1- Сұрақ. Қаратау жотасында қандай кен орындары бар?
2- Сұрақ. Қасиетті Тай қазанды қай жерде құйған, оған қажетті
металдарды қайдан алған?
Брейнг – Ринг сұрақтары:
1.Газдың таза, табиғи күйіндегі мол қоры қай жерде жинақталған?
(Қарашығанақ)
2.Шөгінді жыныстарда көбіне қандай пайдалы қазбалар кездеседі?
(Жанатын п.қ.)
3.Көмір өндіруде қандай экологиялық проблемалар туындайды?
4. Лондонның түсті металдар биржасында сапа эталоны ретінде көрмеде
тұрған қай металл? (Балқаштың мысы)
5. Ғарыш пен медицина металы атанған тантал өнімін өндіретін
Қазақстандағы кәсіпорынды ата? (Үлбі)
6. Фосфорит рудасы қандай тау жоталарынан өндіріледі? (Қаратау,
Мұғалжар).
7.Мұнай өндіру қоршаған ортаға қалай әсер етеді?
8.Тұз күмбездері қай жерлерде кездеседі? (Каспий маңы ойпатында)
9. Қай мыс кен орны ашық әдіспен алынады? (Қоңырат. Бозшакөл)
10. «Қазына түбегі» деп қай жерді атайды? Неліктен? (Маңғыстау)
11. Хром, никельдің ірі кен орны қай жерде бар? (Мұғалжар)
12. Талас – Мойынқұм алабындағы газ кен орнын ата (Амангельді)
13. Алмас қандай тау жынысынан алынады? (Кимберлит)
14. Қазақстандағы алтын кен орындарын ата (Степняк, Айдабол,
Майқайың, Ақбақай)
15 . Күміс қандай металдар құрамында болады? (қорғасын, мырыш,
мыс)
16. Қостанай темір рудалы алабында темірдің қанша пайызы
өндіріледі? (80 пайыз)
17. Өте қатты тасты ата? (алмас)
18 . Қанатты металл деп қай металды атайды? (алюминий)
19. Жүнше түтіп, жіп иіруге болатын тасты ата? (асбест)
20. Ең жұмсақ тасты ата (Тальк)
21. ХХІ ғасыр металы берилий өнімін өндіретін Қазақстандағы
кәсіпорында ата? (Үлбі)
22. Табиғи күйінде тамаққа пайдаланатын минерал (Тұз)
23. Отқа салсаң жанбайтын тас (асбест)
24. Мыс пен қалайы қоспасы не деп аталады?
ІV.Халықтық педагогикамен байланыстыру.
А) теңеулер
Ә) мақал – мәтелдер
Мысалдар:
«Жез таңдай, күміс көмей»
«Жез қанат, күміс бауыр»
«Қоладан құйған мүсіндей»
«Алтынмен аптап, күміспен күптеп »
Мақал – мәтелдер
Жері байдың – елі бай
Жер – қазына, су – алтын
Ақыл – арымас, алтын – шірімес
Өлең – алтын, сөз – күміс
V. Тест
І. Қарағанды көмірін кім ашты?
1. Қ. Сәтбаев 3. Русаков
2. А. Байжанов
ІІ. Сирек кездесетін металды ата?
1. Алтын, күміс
2. Сынап, висмут, сурьма, кадьмий
3. Мұнай, газ, көмір
4. Фосфорит, тұз
ІІІ. «Протон» ракетасына жағатын атышулы гептильдің құрамына қосатын
ғаламат қуат шығаратын металл
1. Селен 3. Берилий
2.Тантая 4. Талий
І V. Елімізде арзан көмір беретін, ашық әдіспен өндерелетін кен орнын ата ?
1. Қарағанды 3. Обаған
2. Екібастұз 4. Қалжат
V. Қ. Сәтбаев ашқан темір кен орны?
1. Қашар 3. Атасу, Аят
2. Текелі 4. Соколов – Сарыбай
VІ. Боскит кенінен қандай металл қорытылады?
1. Алтын 3. Алюминий
2. Мыс 4. Қорғасын
Сергіту сәті
VІІ. Кім жылдам, кім тапқыр ?
Бұл бөлімде 3 магнитті тақтаға ретсіз жапсырылған пайдалы қазбалардың
шартты белгісі, кен аты, кен орны беріледі. Оқушылар бұл тапсырмаларды
дұрыс орналастыру керек.
VІІ.Түркістан - туған жер өлкеге саяхат.
Түркістан жері рудасыз пайдалы қазбаларға бай. Құрылыс материалдары
көптеп кездеседі. Видеокассетаға басылған карьер, КНМ, асфальт заводын, топ
базаны көрсетемін.
1. Карьер. Құрылысқа қажетті тастар алынады.
2. «КНМ» - Рудасыз материалдар комбинаты.
А) карьерден әкелінген тастар
Ә) бұл тастарды өңдеуден өткізу арқылы шебен, ұсатылған құм алынады.
3. Асфальт шығаратын завод.
Мұнда рудасыз материалдар комбинатынан шыққан тастарды смоламен
араластыру арқылы асфальт жасап шығарады.
4.Топбаза, жанар – жағар май құю, орнынан көрініс, яғни ел байлығын
халыққа жеткізген біреу үстінде.
VІІІ. Қорытынды.
Қазақстандағы рудалы, рудасыз және жанғыш пайдалы қазбалардың кен
орындары көп. Еліміздің аумағында 6000 – нан астам кен орындары барланған.
Жанғыш пайдалы қазбалардың аса ірі кен орындары Маңғыстау түбегі мен Каспий
маңы ойпатында – мұнай, Сарыарқада Қарағанды және Екібастұз көмір алаптары
орналасқан. Торғайдың темір қоры Америкадан 1,5 есе асып түседі.
Қостанайдан Аралға дейін 600 км. келетін магнитті жота ашылған. Қорғасын
мен мырыштың мол көзі Жәйремде жатыр.
Қазақстан ғарыш пен медицина металы атанған тантал өнімін өндіретін
әлемдегі 5 елдің бірі.
Қазақстан – ХХІ ғ. металы берилий өнімін өндіретін әлемдегі 3 елдің
бірі. Бұрын берилий өндіру әскери құпия саналған.
Өте берік, шыдамды әрі жұмсақ ХХІ ғ. металы – титан Қазақстан
Алтайынан өндіріледі. Алтын қоры да мол. Қоры жөнінен әлемде 6 – шы
орында.
Алтай мен Атырау аралығында көсіліп жатқан елімізде бұлардан басқа да
жер асты қазба байлықтары молынан кездеседі. Оларға геологиялық барлау
жұмыстарын жүргізіп, қада қағу жаңа ғасырдың елшісінде. Ал, осынау қыруар
байлықты игеріп, игілікке жарату бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың міндеті.
Сабақты аяқтап, оқушыларды бағалаймын.
-----------------------
Пайдалы қазбалар
Жанатын пайдалы қазбалар
Рудалы пайдалы қазбалар
Рудасыз пайдалы қазбалар
Көмір,
мұнай,
газ
Хром, темір, боксит, марганец, мырыш, қорғасын т.б. сирек кездесетін
металдар: сынаптар, висмут, молибден, сурма, кадмий
Фрсфорит, тұз, әктас, мергель, мәрмәр, гипс, т.б. құрылыс материалдары
Қазақстан қазба байлықтарын оқыту, табиғат байлықтарын қорғауға баулу.
Экологиялық тәрбие беру

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz