Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Менің Отаным – Қазақстан. Республикасының Конституциясы туралы

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Отан, атамекен, туған жер, татулық,
бірлік туралы түсініктерін
кеңейту. Қазақстан
Республикасының Конституциясы
және
Ассамблеяның 20 жылдығы туралы,
қазақ
хандығының 550 жылдығымен қатар
Ұлы Жеңістің
70 жылдығы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Отанға деген
сүйіспеншілігін,
мақтанышын арттыру.
Тәрбиелік мәні: Жас ұрпақты
Отанын сүюге, ел
рәміздерін қастерлеуге,
патриоттыққа тәрбиелеу,
заман талабына сай, жан-жақты,
білімді тұлға
тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Мемлекеттік рәміздері, мақал-мәтелдер, нақыл
сөздер, буклеттер, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, жаңа оқу жылымен құттықтау, зейіндерін сабаққа
аудару.

ІІ.Жаңа сабаққа дайындық.
Тапсырма: тақтадағы «Отан» сөзінің тұсына, неге теңейтіндерін ойлар жазу.

ІІІ.Жаңа сабақ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Балалар, Отан-адамның туып-өскен және тұратын жері. Ата-анаңның үйі-
сенің өмірге келіп ер жеткен үйің. Отан отбасынан басталады. Ал біздің ең
үлкен нағыз Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан – үлкен мемлекет. Еліміз Тұнып
тұрған табиғатқа, пайдалы қазбаларға бай. Қазақстан Республикасы
тәуелсіздігін алғаннан бері төрт рет Ата Заң қабылдады. 1995 жылы 30-
тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы жаңа Конституция қабылданды.
Конституциямыз 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Биыл міне, Ата Заңымыздың
және Ассамблеяның 20 жылдығын тойлап отырмыз. Сонымен қатар осы жылдың
атаулы мерекелері – Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл және Ұлы Жеңіске 70
жыл толып отыр. Тарихымызға көз жүгіртсек, 1465 жылы Керей және Жәнібек
сұлтандар бір топ қазақ халқын бастап Шу мен Талас өзендерінің бойындағы
Қозыбасы деген жерде Қазақ хандығын құрады. Хандыққа Керей мен Жәнібек хан
болып тағайындалады. Осыдан бастап қазақ хандығын ғасырлар бойы көреген,
дана ержүрек, батыр хандар басқарып отырған. Наурызбай, Қабанбай, Бөгенбай
тәрізді жауларымен айқасқа түсіп елін, жерін қорғаған батырларымыз да
жетерлік. Өткен ғасырдың өте бір ауыр кезеңі-Ұлы Отан соғысында өзге
халықтармен бірге қазақ халқы да қасық қаны қалғанша айқасып, өз елін,
жерін қорғады. Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев сияқты батыр
аталарымыз сол сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп батыр атанды. Соғыс төрт
жылға созылып, 1945 жылдың 9-мамырында жау әскері шегініп, кеңес халқы
жеңіске жетті. Сол күннен бастап 9-мамыр Жеңіс күні болып жыл сайын тойлап
келеміз. Міне, биыл Ұлы Жеңісімізге 70 жыл толып отыр. Балалар, біз, соғыс
көріп, келер ұрпағының болашағы үшін қаншама тер төккен үлкен қарияларды,
ата-әжелерімізді сыйлауымыз керек. Ата-бабаларымыз бізге мұра еткен
елімізді, жерімізді қорғап аялауымыз керек. ».

IV. Ойланайық, пікірлесейік.
Сұрақтарға жауап алу:
- Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан Республикасы)
- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
- 30-тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні)
- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)
- Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер? (Балалар білгенінше жауап
береді)
- Біз қай облыста тұрамыз? (Оңтүстік Қазақстан)

V. Сергіту сәті.
1,2,3 қарлығаш боп ұш,
4,5,6 қарлығаштай қалқы.
7,8,9,10 өз орныңа қон.

VI.Жаңа сабақты бекіту.
Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздерді талқылау.

Отан отбасыдан басталады.
Отан-қуат, Отбасы-шуақ.
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Туған жердің түтіні де тәтті.
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Отан үшін отқа түс күймейсің.

VII. Отан, туған жер туралы, Қазақстан туралы өлең-жырлар.

«Отан туралы»
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Отан! Отан! Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің – тірегім,
Құшағыңда гүл атам.
Шығысыңнан арайлы.
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің сен, Отан!

Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Отан – тарих, Отан – тіл,
Жазған елің, ер халқың.
Отан – өлең, Отан – жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.

Отан – жерім, Отан – суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді.

Гүлдердің ертемен
Қауызын ашқанын
Көктемнің көкпеңбек
Мөп-мөлдір аспанын,
Таулардың қол жетпес асқарын –
Ұнатам бәрін де,
Өйткені ол Отан –
Ұлы Отан.
Бәрін де, бәрін де
Ұнатам,
Өйткені ол Отан –
Ұлы Отан.

VIII. Сабақты қорытындылау.
Мұғалімнің сөзі:Қазақстан – біздің туған жеріміз, атамекеніміз. Асқар
таудың биік белесінен жайнап бүкіл әлемге қуаттана қарап тұрған «Қазақстан»
атты еліміздің мәртебесі жоғары, мерейі үстем, өрісті байлығымен адымдап
алға басып келеді. Болашақта Қазақстанымыз әлемді өзіне қарататын алып
мемлекет боларына біз сенеміз.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан-егемен ел
БҮБ стратегиясы
Мектеп оқушылары
Сен өз еліңнің қаншалықты патриотысың?
Сауалнама өткізу
Сөйлем түрлері
Мереке тарихы
Рәміздерім мақтанышым жайлы ақпарат
Оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу
Сабаққа дайын оқушылардан сабақ сұрау
Пәндер