Өсімдіктердің қысқы кезеңдегі морфологиялық және физиологиялық өзгерістері

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің қысқы өзгерісі.
Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға өлі табиғаттың тірі табиғатқа әсер етуін дәлелдеу .
  2. Оқушыны ойланту, өздігінен ізденіске салу, қиялдату, ойын тұжырымдату, ой-өрістерін кеңейту шығармашылығын дамыту.
  3. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтағы көрнекіліктер: жыл мезгілдеріне байланысты суреттер, кестелер, жапырақ, ағаш бұтақтары (бүршікті), үлестірмелер, бейнетаспа (хлорофилл),
микроскоп.

Панаралық байланыс: ана тілі мен бейнелеу өнері пәнімен байланыстыра
өткіземін.

Қолданылған әдіс-тәсілдер : сұрақ-жауап, ойын тұжырымдау, дәлелдеу,
бақылау, зерттеу, өзіндік жұмыс.

Түрі: аралас сабақ, топпен жұмыс.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылардың бір-біріне жақсы тілектерін айтуы.

- Балалар, қазір сендер төрт топқа бөлініп отырасыңдар (көктем, жаз, күз,
қыс) .

Сабағымызды өткенді қайталаудан бастаймыз.

II. Өткенді қайталау.

  1. Адамға тәуелсіз не?
  2. Табиғат деген не?
  3. Табиғатты неге әр түрлі дейміз?
  4. Өлі табиғат пен тірі табиғаттың айырмашылығы неде?
  5. Олардың арасындағы байланыс қандай?
  6. Тірі табиғат туралы не айтасыңдар?

(Әр топтың пікірі тыңдалып, мынандай схема құрылды) .

7. Тірі табиғатты өзара салыстырыңдар. (Әр түрлі жұмысы тыңдалады) .
Қорытынды.

III. Жаңа сабаққа кіріспе.

Жақсы балалар, енді біз осы тірі табиғаттан тек өсімдікті ғана алып, соның
тіршілігін, әр мезгілге байланысты тіршілік өзгерісін бақылап көрейік.

Өсімдік - тірі табиғат. Ол тіршілік ету үшін қандай жағдайлар қажет? Кесте
сызады

Су Жылу

Жарық

Қорек Ауа

IV. Жаңа сабақ. Өсімдіктердің қысқы өзгерісі.

Қазір топ бойынша жүмыс істейміз. (Әр топ өз атына байланысты қалтәшық-
тарды толтырады, жыл мерзімдеріне байланысты есімдік суреттерін теріп алу)

Көктем:

Көктем

Жәз:

Жәз

Күз:

Күз

Қыс: Қыс
Көктем:

Бүршік ата бас-
таған ағаштар,
жаңа өсіп келе
жатқан өсімдіктер

Жәз:

Жайқалған жасыл жапырақты орман, ағаш, гүл т. б.

Күз: Сарғайған жапы-
рақты ағаш, қурай
бастаған өсімдік,
гүл т. б.
Қыс: Жапырақсыз орман,
ағаш т. б.

Салыстыру (әртоп ) .

Неліктен әр мезгілде өсімдік тіршілігі өзгереді? Өз ойларын айту, болжам.

Оқулықпен жұмыс.

Оқи отырып өз ойларын оқығандарымен салыстырады. Зерттеу жұмысын жүргізеді.

Топ бойынша өз бетімен жұмыс. (алдын ала суға салып қойған, бүршік жара
бастаған бұтақшалармен жұмыс) .

Оқушылар бүршікті, оның ішіндегі көктеп келе жатқан жапырақты көреді.

Карточкамен жұмыс: әр топ әр жыл мезгіліне байланысты жапырақтағы
өзгерістерді айтады. (сұрақтар бойынша}.

- Өсімдіктер тіршілігі жыл мезгіліне байланысты неліктен өзгеріске ұшырайды?

(Әр топ өз ойын дәлелдейді) .

Көктем:

Көктем

Жаз:

Жаз

Күз:

Күз

Қыс:

Қыс

Көктем:

Күн жылына бастай-ды, қорек алады, күн ұзарады, жер жібиді,
сондықтан өсімдік
өсе бастайды.

Жаз: Жарық мол, күн
жылы, қорек мол, су көп, топырақ жұм-сақ, сондық-
тан жақсы өседі.
Күз: Жарық азаяды, жылу азаяды, қорек те аз, топырақ тоңазиды, сондықтан сарғайып, қурайды.
Қыс: Жылу жоқ, топырақ
қатады, қорек ала
алмайды, жарық аз,
сондықтан өсе
алмайды.

Осыдан мынандай қорытынды шығарады:

Өсімдіктің тіршілік етуі үшін қажетті бес жағдай: жылу, жарық, су, қорек, ауа
жеткілікті болуы керек. Ал қыста олар мүлдем жетіспейді. Сондықтан өсімдіктер
өсуін тоқтатады. Қысқы ұйқыға кетеді. Демалады. Яғни ескі жапырақтарын тастайды. Жапырақтардың сарғайып түсуін бейнетаспадан көру. (жасыл
хлорофилдердің күн көзінің аздығынан азайып, сары түсті түйіршіктердің көбеюі) .
Әр топ микроскоп арқылы жапырақтағы хлорофилл түйіршіктерін көреді.

Сабақты бекіту:

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?
  • Не үйрендіңдер?
  • Неліктен есімдік тіршілігі өзгеріске ұшырайды екен?

Бағалау.

Үйге тапсырма.


Ұқсас жұмыстар
7-сынып биологиясы: Ұлулар типінің морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері
9-сынып биологиясы: Түр, түр критерийлері мен популяция; өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері (№7 зертханалық жұмыс)
7-сынып: плаунтектес өсімдіктердің морфологиялық-анатомиялық құрылысы, спорофит ұрпағы және көбею ерекшеліктері
Кеңестік кезеңдегі мәдениет: жетістіктер мен қайшылықтар
Есімдіктің лексико-семантикалық және морфологиялық ерекшеліктері
Организмдердің қоршаған ортаға бейімделуі: реңдер, мимикрия және физиологиялық бейімділіктер
Етістіктің өткен шақтарын қайталау және морфологиялық талдау
Сын есім: түрлері мен морфологиялық және семантикалық талдауы
6-сынып биология: сабақтың түр өзгерістері - түрленген жер үсті және жер асты өркендер
Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары: клинико-морфологиялық негіздері мен сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz