Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Ақпаратты өңдеу. Компьютер ақпаратты өңдеу құралы

№89 Лесбек Жолдасов атындағы
орта мектебі іс-тәжірибе өткізуші
Тауасарова Ұлжанның 7 сыныпқа
арналған сабақ жоспары
дәптері
7-сыныптар
2-қазан
І. Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты өңдеу
ІІ. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компьютердің ақпаратты өңдеу,

сақтау құралы
екендігімен таныстыру.
Өз бетінше ойлауға,
дайындалуға баулу.
ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: ДК, плокат
IV. Сабақты ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, сыныптың тазалығын
тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығын
қадағалау. Жоқтама жасап, үй тапсырмасын
сұрау.
V. Жаңа сабақтың барысы:
Информация термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан
туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. Информацияны біз ауызша
немесе жазбаша түрде не қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген
керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның
негізінде белгілі бір ой түйеміз.
Сабақ үстінде мұғалім жаңа информацияны оқушыларға жеткізеді, ал
оқушылар оны қабылдап, мағынасын түсініп, естерінде сақтайды және жауап
береді.
Ақпарат (Информация) - дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Қарапайым түрде
айтқанда,түрлi объектiлер, құбылыстар мен процестер т.б. жөнiндегi
мағлұматтар Ақпарат делiнедi. Мысалы, айналадағы кеңiстiктен жер жағдайы,
өсiмдiктер жөнiнде көп Ақпарат аламыз.Ауада найзағайдың ойнауы-күннiң
бұлтты екенiн және жауын жаууы мүмкiндiгiн т.б.
Оқып үйренуге керекті информацияны компьютерден де алуға болады,
мәселен ол суреттерді оған қажетті түсіндіру мәтіндерін, тексеру сұрақтарын
арнайы программа көмегімен экранға шығарып береді.

Біз өзімізге қажетті информацияны оқулық пен кітаптардан, газет-
журналдардан, теледидар хабарлар мен кинофильмдерден алып, керектілерін
дәптерге конспект түрінде жазып аламыз.
Жалпы тұрғыдан алғанда, информация – таңбалар мен сигналдар
түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Информация алу
дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары,
құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен
мәліметтер алу деген сөз.
Ақпараттар адамның қабылдау мүшесіне белгілі бір физикалық
әсер ретінде, яғни сигнал ретінде беріледі:
Информация өлшемі белгілі салғаннан кейін, 1 секунтта қанша
информация беріледі немесе өңделеді деген келіп есептеуіш техниканың
жылдамдығы деген ұғым шығады.
Информациялардың берілу жылдамдығы бит/сек, байт/сек,
кбайт/сек, мбайт/сек, гбайт/сек өлшеулерінің бірімен өлшенеді.
Көлемі 100 Гигабайт жадқа төмендегілерді орналастыруға болады:
- 50000 беттік мәтін;
- 150 түсті слайдттар;
- 1,5 сағаттың стерео музыкалық көрініс.
VI. Сабақты қорытындылау: Оқушыларды бағалау.
Үйге №4,5 (18б)

9-қазан Информатика 7-сыныптар
І. Сабақтың тақырыбы: Компьютер ақпаратты өңдеу құралы
ІІ. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компьютердің қызметі және оған
енгізілетін деректер
туралы түсінік беру.
Оларды өзбетінше дербес
компьютерге
қолдана білуге үйрету.
ІІІ. Сабақтың көрнекігі: Суреттер, ДК, плокат
IV. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
V. Сабақты ұйымдастыру: Сәлемдесу, сыныптың, оқушылардың сабаққа
дайындығын қадағалау.
Жоқтама жасап,
халаттарын түгелдеу, үй
тапсырмасын сұрау.
VI. Өтілген тақырыпты қайталау.
1) Ақпарат дегенімізді қалай түсінсіңдер?
2) Информация термині қай тілден шыққан және ұғымы қандай?
VIІ. Жаңа сабақтың барысы:
Ақпараттың процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал-компьютер.

Ақпараттарды автоматты түрде өңдейтін аппараттың және программалық
түрде өңдейтін процесті информацияларды автоматты түрде өңдеу дейді.

Ақпаратты жинастыру, өңдеу, сақтау және оларды тұтынушыларға тез
жеткiзiп беру процестерi (Ақпараттық процестер) үлкен көлемдi әрi маңызды
жұмыстардың бiрi болып отыр.
50 жылдардың бас кездерiнен бастап көптеп жарыққа шыға бастаған
электронды есептеуiш мәшинелерiн (ЭЕМ-дердi) осы жұмыстарға пайдалану
оларды орындаудың шапшаңдығын күрт арттыруға мүмкiндiк туғызуда.
ДК-дi компьютер деп, автоматты құрылғының не адамның өңдеуiне
бейiмделiп дайындалған сандық,‚ символдық,‚ текстiк т.б.Ақпаратты
берiлгендер деп те атайды.
Мақсатқа жету үшiн Ақпаратты ДК-де арнайы ережелер бойынша
түрлендiру оны өңдеу деп аталады. ДК арқылы берiлгендердi өңдеу
мәшинеге түсiнiктi нұсқаулар тiзбегi (программа) арқылы жүргiзiледi.
Түрлi салаларда жиi пайдаланылатын берiлгендер мен программалар көп
болғандықтан, олар әр түрлi материалдар-дан тұратын магниттiк таспаларға,
дискiлерге (тасымалдаушыларға) жазылып, сақталып қойылатын болды.
Информатика - Ақпарат қасиеттерiн және оның көрсетiлуi мен автоматты
түрде өңдеу әдiстерiн зерттейтiн комплекстi ғылым.
ДК-нiң техникалық мүмкiндiктерiн пайдаланып, Ақпаратты жинақтау,
өңдеу және оны пайдаланушыларға жеткiзiп беру тәсiлдерiн Ақпараттық не
компьютерлiк технология деп те атайды (texne (техно)- шеберлiк, logos
(логия)-iлiм).
Жалпы, Ақпаратны ДК-де өңдеп, нәтижесiн талдауды ұйымдастыру үшiн
орындалатын әрекеттер мынадай:
• Ақпаратты алып, өңдеуге мүмкiндiк туғызатын үлгiсiн дайындау;
• оны өңдеу үшiн жинақты түрде нұсқаулар тiзбегiн алгоритмiн құру;
• мәшине «түсiне алатын командаларды (командалар жүйесiн) пайдаланатын
бiр программалау тiлiнде алгоритмдi программаға айналдыру;
• программаны ЭЕМ-де орындап,нәтиже алу;
• нәтиженi зерттеу.
Егер құрылған үлгiде‚алгоритмде не программада қате кеткен
болса,оны дұрыстау;
• керек кезiнде пайдалану үшiн берiлгендер мен дұрысталған программаны
тасымалдаушыға тиеп, сақтау.
Бұл әрекеттердiң көпшiлiгi, мысалы,үлгi дайындау, программа құру оңай
жұмыс емес. Олар кiтаптың келесi тарауларында қарастырылады.
Күрделi Ақпаратты әмбебап компьютерде ғана өңдеуге мүмкiндiк бар.
Сондықтан информатикаға қатысты мәселелер Ақпаратты өңдеу тәсiлдерiн
зерттеу мен компьютерде түрлi есептердi шешу ғана емес. Ақпаратты өңдеу,
сақтау және осы сияқты кең түрде пайдаланылады.

VI. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.
Үйге бүгінгі өткен сабақты қайталау.
І. Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютердің құрылғылары.

ІІ. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компьютердің құрылғыларымен
тышқан, принтер, пернетақта құралдарымен
таныстыру.
ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: ДК, плокат
IV. Сабақтың түрі: Ашық сабақ
V. Сабақты ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, сыныптың тазалығын
тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығын
қадағалау. Жоқтама жасап, үй тапсырмасын
сұрау.
V. Жаңа сабақтың барысы:
Бүгінгі күні дербес компьютерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады.
Дербес компьютерлердің осылай аталу себебі — ол бір-ақ адам жұмыс істеуге
арналған. Дербес компьютерлердің түрлері өте көп, бірақ олардың құрылысында
ұқсастық та бар. Бұл тарауда біз дербес компьютер қандай құрылғылардан
тұратынын, яғни дербес ДК-дің құрылғысымен құралдарымен танысамыз.

Пернетақта (Клавиатура)
Пернетақта- компьютерге информация енгізуге арналған құрылғы.
Ондағы әріпті және цифрлы пенелер арқылы компьютерге
информацияларды енгізуге болады. Қазіргі компьютерлердің
пернетақтасында 101 немесе 102 перне болады. (1 сурет).
Пернелер бірнеше блокқа (топқа) бөлінеді:
-Символдық пернелер – олар пернетақтаның ортасына орналасқан ең
негізгі бөлігі болып есептеледі.
-Функционалдық – бұлар символдық пернелердің үстінгі жолға
орналасқан. Олар латынның F(F1.F2…, F12) әріпімен белгіленген.
- Меңзерді (курсор) экран бетінде басқару пернелері. Меңзер
дегеніміз экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын СИМВОЛ. Ол символдық
пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Олар арқылы
экранда символ орналасқан орынды анықтайды.
- Цифрлық пернелер немес қосымша пернетақта, олар 10 пернеден
тұрады да, символдық пернелердің оң жағына орналасады.
пернесі пернетақтаның оң жақ бөлігіндегі қосымша пернелердің жұмыс істеу
режимін ауыстырады. т.б.
1-сурет

Баспа құралы
Принтер – ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол арқылы
дисплейде не орналасса, соны қағазға шығаруға (басуға) болады.
Принтерде мәтіндік, кестелік, графиктік информацияларды сурет басып
алуға болады. Принтерде информацияларды қалауымыз бойынша ақ-қара
түсте немесе түрлі түсті етіп басуға болады. Принтердің үш түрі бар:
матрицалық сия, бүріккіш және лазерлік.

2-сурет

Матрицалық принтер

Лазерлік принтер
3-сурет

Сия бүріккіш принтер
4-сурет
Сыртқы жад
Егер компьютер тек жедел жадпен ғана жұмыс атқарса, онда оны
пайдалану қолайсыз болар еді. Себебі, онда сақталатын ақпараттар көлемі
өте аз болады. Сыртқы жад ретінде магниттік диск пайдаланылады.
Магниттік дисклердің екі типі болады.
Бірінші типке иілгіш алмалы-салмалы дикілер жатады. Бұл дискілерге
программалар, құжаттар деректер сақталады. Көлемі онша үлкен болмайды.
Көбінесе диаметрі 3,5 дюйм, сыйымдылығы 1,44 Мбайт дисктерпайдаланылады.

5-сурет

6-сурет
Қатқыл диск
Қатқыл дисктер компьютерден кіші компьютер деуге де болады, ол
компьютер ішінде орналасады, оның сыйымдылығы үлкен болады. Бір қатқыл
дискке бірнше жүздеген дисктердегі информация сияды. Сондықтан оны көп
жағдайда винчестер деп те атайды. Ол көп зарядты америка винтовкасына –
винчестерге ұқсастықтығынан, өйткені ол винтовкасының стволының
диаметрі қатқыл шпинделінің диаметріне сәйкес келеді. Иілгіш дискіге
қарағанда қатқыл дискінің сыйымдылығы әлдеқайда көп және оқу/жазу
жылдамдығы жоғары қатқыл дискі металдан істелген, екі жақ беті
магниттелген дөңгелек табақтан (пластинкадан) тұрады. Винчестердің сапасын
бағалаудың бірнеше жолдары бар, олардың ішіндегі ең маңызды мінездеме-
винчестердің сыйымдылығымен жылдамдығы.
7-сурет

8-сурет

Компакт-дискі
Компкт-дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның көлемі үлкен
болады, олардан тек оқуға болады. Оның бір бетіне жазумен суреттер
салынған, ол бет жұмыс атқармайды. Екінші жылтырақ бет, ол жұмыс беті
болып есептелінеді. Олар басқа дискілердей емес, магниттік қасиетін тез
жоймайды. Бұндай алмастыру амалын программаны орналастыру деп атайды.
Лазерлік дискіден оқу үшін CD-ROM пайдаланылады.
9-сурет

10-сурет

Сканер
Сканер-қағаздағы көріністі дисплей экранына түсіруге арналған
құрылғы. Ол арқылы сурет, график мәтіндерді сканерлеуге (енгізуге)
болады. Сканердің жұмыс атқару принципі былай: жарық сәуле жол-жолы
бойынша жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық
сәуленің дисплей экраның сканерлеуіне ұқсайды.
11-сурет

Сканер

12-сурет

Сканердің түрлері
Маус (мышь-тышқан)
Қазіргі кездегі компьютерге ақпараттарды енгізуге арналған
манипулятор Маус құрылғысымен жабдықталған. Маустың екі түрі: үш
батырмалы, екі батырмалы. Маус жиі пайдаланылады. Тышқан қорабының
ішінде ауыр резинкемен қапталған металдан жасаған шарик орналасқан.
Оның айналуы өзара перпендикуляр екі валикті айналдырады да, ол
компьютер экранының бетіне «оңға-солға» және « жоғары –төмен» деген
сигналдарды береді. Алынған сигналдарды компьютерде өңдейді.
13-сурет

Тышқан
14-сурет

Cоңғы үлгідегі тышқан
Джойстик
Джойстик - деген компьютерлік ойында экранда жылжитын объектіні
басқаруға арналған рычагты манипулятор. Джойстик қораптан және қолға
ұстағыштан тұрады, қолға ұстағышта немесе қорапта (корпуста) бір немесе
бірнеше батырмалар болады. Ұстағышты айналдыру және батырмаларды басу
арқылы компьютерге басқару әрекетін береді. Дербес компьютер құралдары
мен құрылғылары арқылы мәтінді енгізеді. т.б. Сонымен дербес
компьютердің құрылғылары күнделікті қолданылатын ДК –дің керекті
құралдары.
15-сурет

Ең алғашқы джойстиктің көрінісі

16-сурет

Қазіргі уақыттағы джойстик

VІ. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. №5 26 б.
ЖҮЙЕЛІК БЛОК
Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған,
олар деректерді өңдеуді, электр тогының қосылуын, қосымша құрылғыларды
қосуды қамтамасыз етеді. Жүйелік блоктың ішін көру үшін, оның артқы
қақпағын ашу керек, оның конструкциясында жүйелік блоктың әр турлі типтері
үшін айырмашьшықтар бар. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында: компьютерді
қосу/өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіден оқитын СD-RОМ
орналастырылған. Кейбір жүйелік блоктың конструкцияларында компьютерді
қайта жүктеу батырмасы болады.
Жүйелік блоктар келесі түрлерде: үстелге қоятын (көлденең орналасқан),
"еденде" немесе "мұнара" түрінде (тік орналасқан) шығарылады.
Жүйелік блоктың ішінде аналық (жүйелік) плата (тақша), процессор,
қоректендіру блогы, жедел жад, қатқыл диск, диск-жетек, СD-RОМ, бейнетақша,
дыбыс тақшасы мен көптеген басқа құрылғылар бар.

СD-RОМ

Диск-жетек
Қатқыл диск
(винчестер)

Процессор

Компьютердің артқы тақтасында кіру негізгі (монитордың, пернетақтаның,
маустың порттарын) және қосымша құрылғыларды (принтердің, модемнің,
сканердің, микрофонның порттарын) қосатын порттардың ажыратып- қосқыштары
бар.

Блок-схема

Сисметамалық блок

МОНИТОР
Дисплей — компью-тердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы
пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидардан аумайды, сондықтан
оны жиі те левизиялық техникадағыдай Монитор деп атайды.

Дисплей - компьютердің "тілі", ол оның көмегімен өзінің жұмысы туралы
барлық қажет ақпаратты беріп отырады.
Дисплей электронды-сәулелік түтікшеден,
Монитор қоректендіру блогынан және сөулені басқарушы электрондық
блоктан тұрады.
Дисплей символдық болса, экранда тек мәтіндік ақпарат, ал графикалық
болса, экранда символдық ақпараттардан басқа әр түрлі графиктер мен
суреттер шығаруға болады.
Монитор түрлі түсті (7-сурет) немесе монохромды (қара-ақ түсті) болуы
мүмкін. Монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті
нүктелерден (егер монитор түрлі түсті болса) немесе сүр нүктелердің әр
түрлі реңдерінен (егер монитор монохромды болса) тұрады. Мұндай нүктелерді
әдетте пиксельдер деп атайды. Түрлі түсті монитордың экранындағы әр пиксель
қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған тағы үш ұсағырақ
нүктелерден тұрады. Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны
монитордың ажырату қабілетін көрсетеді. Дисплейдің экранына орналасқан
пиксельдер саны көп болған сайын, оны ажырату қабілеті де жоғары, монитор
да жақсы болады.
Қосымшалар
Компьютерлердің жалпы құрылысы мен құралдары
Монитор

Қазіргі уақыттағы қолданбалы монитор

Монитордың схемасы

-----------------------
Магниттік бит

көлемді қабаты
фиксациялық қабаты
өткізгіштік қабаты
сезгіштік қабаты

Қорғаушы металды пластина

Дисктің терезесі
2,88 мбайт (3)

Дисктің терезесі
1,44 Мбайт

Жазбаларды қорғау терезесі

Бұл орын этикет үшін

Магнитті басша үшін терезе

Басша

Секторы

Жол N-1

Жол 0

Цилиндр

Функционалдық пернелер

Символдық пернелер

Цифрлы пернелер

Меңзерді басқару пернесі

Іске қосатын қабаты

Жарық беретін қабаты (А1)

Ұқсас жұмыстар
Компьютер ақпаратты өңдеу құралы
Информатика пәнінен оқу бағдарламасы
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік құрал
Ақпаратты өңдеу
Программалық жабдықтама
Мәтіні бар файл
Paint графиктік редакторы
Тест. 5-сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Пәндер