Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы: денсаулық пен азаматтық тәрбиесі

Сабақтың тақырыбы : Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға Қазақстан Президенті

Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына

жолдауын негізге ала отырып жан-жақты

білім беру.

ә) Денсаулықтың адам өмірі үшін аса қажеттігін,

оны сақтай білудің маңыздылығын түсіндіру.

б) Жан-жақты білім ала отырып, ой-өрісін, сөздік

қорын байыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдісі : баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакаттар, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен сәлемдесу

- Оқушылар назарын сабаққа аудару.

II. Барысы

Бүгінгі білім күні мерекелеріңіз құтты болсын. Әрқайсыларыңыздың от басына табыс, қуаныш, бақыт әкелсін.

Оқушылар сендерге тек қана озат оқушы деген баға берейік. Ауырмай, сырқамай, білім нарымен сусындай беріңдер.

Олай болса, біөдің бүгінгі өтілетін бірінші тәрбие сағатымыз - «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы» деп аталады. Себебі, қазақ айтады ғой «бірінші байлық - денсаулық» деп сондықтанда тақырыпты осылай алған болатынмын.

Олай болса, Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан мысал келтірейік.

Ұрпақ тәрбиесі - Адамзат баласының асыл мұраты. Үшінші мыңжылдықта жастар қандай болу керек деген жанды сұрақ әрбір саналы адамды ойландыратыны сөзсіз. Сондықтан да елбасымыз Н. Ә. Назарбаев халқымыздың алдына ХХ I ғасырды құрушы іскер, өмірге икемденген, жан-жақты, мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек деп жауапты міндет қойып отыр.

Баланың өнегелі, тәрбиелі болуы алдымен отбасына байланысты болса, содан кейінгі оған ықпал жасайтын ортаға байланысты екені белгілі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы жолдауында: «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз, » - деген болатын.

Мінекей, осындай бағыттарды негізге алуымыздың нәтижесінде бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынан көрінеміз.

Ал енді ой сергіту мақсатында мына сұрақтарға жауап беру арқылы мына бір ұғымды табайық. .

  1. Татулықтың синонимі. Бейбітшілік.
  2. Денсаулық туралы мақал-мәтел. Дені саудың - жаны сау.
  3. Түркі тектес елдер неге табынады? Көкке
  4. Қазақстанда қанша ұлт өкілі бар? 130-дан астам

Сонда бұл ұғым нені білдіреді? Көгершін яғни, бейбітшіліктің символы екен. Оны қалай түсінеміз?

Ал енді бейбітшілік туралы мақал-мәтел айтудан жарысайық.

  1. Жақсы адамға жау жоқ.
  2. Ерлік аспаннан түспейді, ол Отанды сүюден туады.
  3. Елін сүйген, ер атанады.
  4. Еңбек етсең емерсің

Жоғарыда айтып өткендей Қазақстанда бірнеше ұлт өкілдері тұрады дедік. Олармен біз қалай қарым - қатынас жасаймыз? Мысалы кәріс, орыстармен біз орыс тілінде сөйлесеміз. Қазіргі күнге дейін орыс тілі ресми тіл болса, қазір оған ағылшын тілі қосылды. Сендер орыс тілін 3-сыныпта бастасаңдар, 5-сыныптан бастап ағылшын тілін оқып үйренеміз. Сонда сендер мектеп бағдарламасында өзіміздің ана тіліміз қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілін меңгеріп шығасыңдар. Кеше ғана атап өтілген 30 тамыз қандай күн? Ата заңның қабылданғанына күні. Неше жыл болды? 12 жыл. Осы ата заңымызда атап өтілгендей Қазақстанда барлық ұлт өкілдері тең құқылы. Сондықтанда Қазақстандағы әрбір ұлт өкілдері өз тілінде сөйлеуге құқылы. Біз олармен бейбіт өмір сүреміз.

Ал енді біздің құқығымыз не?

  1. Білім алуға
  2. Еңбек етуге
  3. Дем алуға
  4. Денсаулық сақтауға құқылымыз.

Дені сау адам. Ол қандай адам?

Ол спортпен шұғылдану керек. Ол еңбек ету керек.

Ол елімізді көркейту керек.

Ол белсенді болу керек т. с. с.

Мінекей біздің қоғамымызға қажетті, іскерлігі мен ізеттілігін танытатын ұрпақ әрқашанд денсаулығы мықты, білімі ұшаң теңіз болуы шарт. Сонда ғана біз бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосыламыз деген сенімдеміз. Әрине ол әрбір жеке тұлға, яғни өзіміздің қолымызда.

7-нұсқа

1. Сәйкес сөзді табыңыз.

Have you got useful suggesfions?

А) some;

В) any;

С) one;

2.

He


Ұқсас жұмыстар
Дені сау ұрпақ - ел болашағы: денсаулық тәрбиесі және VII Қысқы Азия ойындары
3 сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Дені сау ұрпақ - ел болашағы
7 сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Дені сау ұлт - Дені сау мемлекет
Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы: отбасының рөлі және қазіргі отбасылық мәселелер
Дені сау ұрпақ: салауатты өмір салты мен денсаулықты сақтау негіздері
2-сынып оқушыларына арналған ашық тәрбие сағаты: Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ
Дені сау ұрпақ: салауатты өмір салты және зиянды әдеттердің алдын алу
Білімді ұрпақ - ұлт болашағы: танымдық ойын сабақ жоспары
Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ: бастауыш сыныпта салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған тәрбие сағаты
Білімді ұрпақ - ұлт болашағы: мектеп-интернаттағы танымдық ойын сайысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz