Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Дауыссыз к мен г туралы

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г
Сабақтың мақсаты:
1. дауыссыз к мен г-нің жазылу емлесімен таныстыру, дауыты дыбыс
қосылғанда қандай өзгеріске қшырайтынын түсіндіре отырып, сауаттылыққа
жетелеу, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету;
2. пәнаралық байланысты, ой шапшаңдығын дамыту, берілген сұрақтарға толық
жауап беруге үйрету, сөздік қорын молайту;
3. ұлттық тәлім-тәрбиенің асыл нәрін сіңіру, бауырмалдыққа, тазалыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды игеру
Сабақтың әдістәсілдері: оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау техникасы, ой
қозғау стратегиясы, тірек сөздер арқылы болжам жасау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ

Балалар, елге келген Тазша баланың алдынан екі үй шығыпты. Қай үйге кірерін
білмей тұрса, бірінші үйден әун естіліпті. Аааааааааааааааааааааа
Ооооооооооооооооооооо
Ыыыыыыыыыыыыыыыы
Ііііііііііііііііііііііііііііііііііііііі – деген. Бұл
үйде қандай дыбыстар тұрады деп ойлайсыңдар? Қазақ тілінде неше дауысты
дыбыс бар?
Ал екінші үйге келсе көңілсіз. Сендер неге көңілсізсіңдер десе, жоқ біздің
даусымыз созуға келмейді, сондықтан сыбырлап сөйлесеміз депті.
Дауыссыз дыбыстар нешеу еді? Олар нешеге бөлінеді?
• Топтастыру

• Сөзден сөз шығару
Кең, көң, дөң, көл, ел, өлең, елек, кел.

Дөңгелек сөзін буынға бөлейік. Дөң-ге-лек
Екінші буынның бірінші дыбысын ата. Г-дауыссыз ұяң дыбыс. Үшінші буынның
соңғы дыбысы қандай? К-дауыссыз қатаң дыбыс.
• Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу
Сөздерді оқу, мағынасын ашу, к дыбысы мен г дыбыстарының орнын анықтау.
Кебек, серік, терек, берік, көлік, жібек.
Гүлдесте, бүрге, тегіс, жігер, үзеңгі.
• Жұмбақ жасыру
Ал, канекей, балалар, Құлақ салған сөзіме.
Алғыр болсаң тап жылдам, Жұмбақ айтам өзіңе.
Ойла, ойла тереңнен, Жақсы емес көп бөгелген.
Жұмбағымды таппасаң, өзім айтып берем мен.
Иесі оның – сәби, Әрі төсек, әрі үй. (бесік)

• Бесіктің қандай пайдасы бар?
• Қандай ырымдарды білесің?
• Кімнің үйінде бөпесі бар?
• Бөпеңе қандай қамқорлық көрсетесің?
• Бесік жырын білесіңдер ме?
Төмендегі сөздерге і әрпін қосып айтып көріңдер. Бесік, бөрік, терек,
белдік, көйлек, бүйрек, жүрек, кірпік, жілік.
• Ереже Г әрпі сөз соңында жазылмайды. Сөз соңындағы к дыбысынан кейін
дауысты дыбыс келсе, к дыбысы г-ге айналады. Мысалы: түлік-түлігі,
ирек-ирегі.
• Сергіту сәті
Дауылға да қарамай, (қолын толқындату)
Жауынға да қарамай (партаны тықылдаты)
Балықшылар айдында, Ау тартады жағада. (ауды шірене тарту)
Балық аулап түн қатып, (оңға, солға тарту)
Белуардан су кешіп, Толқындарға жүр батып. (қол-аяқтарын қимылдату)
• Дәптермен жұмыс
Күннің реті Көркем жазу

2-жаттығу
Санамақты оқу, жаттау. Ішіндегі қ дыбысына аяқталған сөздерге і әрпін
қосып жазу. Саусақтардың атын жаттату.
• Ойын «Қай әріпті жоғалттым?»
Шәйне......... еті......
өрі....... бөлтірі........
күре....... белді.......

• Суретпен жұмыс

Ауызша орындау. Суреттегі заттардың атын атап, оған і дыбысын қосып айтады.
• Кубизм әдісі
Б – п к – г қ – ғ
ІІІ. Сабақты қорытындылау, бағалау.
Ережені қайталатып, мысалдар келтіру.
Мақал-мәтел айту
Ата-бәйтерек, Жол атасы – тұяқ,
Бала – жапырақ. Су атасы – бұлақ,
Сөз атасы – құлақ.
IV. Үйге тапсырма
4,5 – жаттығу. Ереже жаттау.

-----------------------
Дөңгелек

қатаң

ұяң

үнді

Дыбыстар

Ұқсас жұмыстар
Сабақтың тақырыбы:дауыссыз к мен г
Дауысты дыбыстар
Дауыссыз қ мен ғ жайлы
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыз дыбыстар. Дауысты дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар, түрлері
Ұлттық ойындар туралы не білемін Э э дыбысы мен әріп
Дауыссыз қ мен ғ
Дауыссыз дыбыстардың емлесі
Пәндер