Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Лепті сөйлем. Сөйлем туралы

Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Лепті сөйлем жайында түсінік беру
Дамытушылық:шығармашылық жаттығулар, тапсырмалар
арқылы жүйелі ойлуға,
сауаттылыққа төселдіру.
Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдай білуге, әдептілікке,
іздемпаздыққа,
жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:толықтыру
Сабақтың әдісі: Көрнекілік, сұрақ-жауап, ойландыру, ойын, мадақтау,
әңгімелеу, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтаға енгізілген плакат, сызба,
суреттермен жұмыс, ертегі кейіпкерлері бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі
және тест.
Сабақтың барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың сабаққа дайындығын
тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа тақырып.
4.Бекіту.
5. Қорыту
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма беру.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақты бастамас бұрын сабағымызға ертегілер елінен «бауырсақ»
қонаққа келгенін, оның балалардан көмек сұрай келгенін айтып, тақтаның бір
шетіне «бауырсақты » іліп қоямыз.Оның апасы мен атасынан қашып жолға
шыққанын түсіндіріп, тақтаға орман суретін ілеміз.Орман жолымен «бауырсақ»
жүгіріп келе жатып қоянға кездеседі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.
1) Балалар, қояннан «бауырсақты» құтқару керек.
Қоян сол кезде шарт қояды.
- Үй тапсырмасын қалай оқып келгендері көрсетсін, өткенді қайталасын
әйтпесе, мен «бауырсақты» жеп қоямын.
- Ал, балалар, бауырсақты құтқаруға кірісейік.
- Үй тапсырмасы 192-жаттығу сұралады.
Балалар өткенді қайталап берейік.
- Сөйлем дегеніміз не? (Сөйлем аяқталған ойды білдіреді)
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не? (Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен
айтылған сөйлем)
- Сұраулы сөйлем дегеніміз не? (Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем)
-
3. Жаңа такырып.
2)«Бауырсақ» қасқырға жолығады.Қасқырдың шарты:
193 – жаттығуды орындасын. Әйтпесе бауырсақ менде қалады- дейді.

Лепті лөйлем дегеніміз адамның көңіл-күйін білдіреді, олар үнемі
көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі қойылады.

3)Аюдың шарты:
Мен мына сурет боынша әңгіме құрап, сөйлем айтқанын қалаймын.Сөйлемнің
соңында қандай тыныс белгі келетінін айтып өтсін.
- Оқушылар сабақ оқып отыр.(нүкте)
- Мұғалім қай әріпті көрсетті? (сұрақ)
- Алақай, жаңа жыл келді! (леп)

Сергіту сәті:
Әдемі әтеш, таң атпай тұрыпты,
Ойқастап жүріпті.
Досына қарапты,
Айдарын тарапты.

4. Бекіту.
4) Қу түлкінің шарты.
Кітаппен жұмыс жасасын жазуларын қадағалаймын.
195-жаттығу.
Сөйлемді салыстырып айырмашылығын айт.
196- жаттығу.
Өлеңді көтеріңкі дауыспен мәнерлеп оқиды.
Кенге толы қойнауы,
Төлге толы жайлауы,
Ол- біздің Қазақстан!
Анамыздай тілеуі ақ
Отан бізге біреу ақ!
Ол- біздің Қазақстан!

Ал енді оқушылар мына жұмбақтардың шешуін тауып көрейік.
Ойды аяқтап қорытады,
Соңында доп тұрады.
(Сөйлем)
Сөзді құрап, доп тіземін,
Қоя салсаң, бір тары.
Жаңалықты жеткіземін.
(Хабарлы сөйлем)
Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады.
(Сұраулы сөйлем)
Ұранда, шаттықты,
Өкініш аптықты.
Білдіріп ойын талайдың,
Шарға ине қалаймын.
(Лепті сөйлем)

5. Қорыту.
Тест тапсырмасымен қорыту.
Тест.
1.Сөйлемнің неше түрі бар?
а) 2
ә) 1
б) 3

2. Сөйлем дегеніміз нені білдіреді?
а) Сөйлем хабарды білдіреді.
ә) Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
б) Сөйлем ауа райын білдіреді

3. Сөйлемнің дұрысын тап?
а) оқиды Асқат сыныпта бесінші
ә) Асқат бесінші сыныпта оқиды
б) сыныпта оқиды бесінші Асқат

4. Лепті сөйлемнің соңынан не қойылады?
А) нүкте
ә) сұрақ белгісі
б) леп белгісі

6. Үй тапсырмасы.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларғы «бауырсақ» риза болып, үйге
тапсырманы өзі береді.
Үйге: 197-жаттығу.

7. Бағалау.
Оқушылардың білімін бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Сұраулы сөйлем. бұйрықты сөйлем
Сөйлем айтылу мақсатына қарай үшке бөлінеді хабарлы сөйлем сұраулы сөйлем лепті сөйлем
Лепті сөйлем тобы
Тыныс белгісіне назар аудару
Лепті сөйлем
Компьютер. хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер
Қазақ тілі. сөйлем
Сөйлемнің түрлеріне жаттығу жұмысы
Бағалау парақша - лары
Лепті сөйлемнің жасалу жолдары
Пәндер