Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
С дыбысы мен әрпі туралы
Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Сс дыбысы мен әрпін таныстыру.
Білімділігі: Буын туралы түсініктерін
кеңейту. Сөздерді тұтас оқуға, мәтін туралы өз ойларын айта білуге
машықтау. Қолдарын
жаттықтыра отырып, сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының ой-өрісін, есте
сақтауын, тілін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелілігі: Өз ойын еркін айтуға
дағдыландыру. Шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру,
ұқыптылыққа, сауатты жазуға қалыптастыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сөздер жазылған парақшалар, кеспе әріптер,
құрал-саймандар, т. б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылар мен амандасып, сабаққа назарын аудару.
2. Сабақ құралдарын түгендеу.
«Қайырлы күн» деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
II. Үй тапсырмасын сурау.
- Кеше қандай әріппен таныстық? Бб
- Ол қандай дыбыс? Дауыссыз Неге?
- Сөздің қандай бөлігінде кездеседі?
- Басында келетін сөз ойлайық.
- Ортасында келетін сөз ойлайық. Бас, бала, балапан, бақа, балық, бақыт,
таба, сабын, қарбыз, арба, дорба, жаңбыр.
- Қазіргі заманда адамдар қандай болып тұрғысы келеді. Бай.
- Басты байлық не? Денсаулық
Денсаулық туралы қандай нақыл сөздерді білеміз? Денсаулық - зор байлық.
Күн нұрындай шуақты да арайлы, Барлық байлық денсаулықтан тарайды.
Денсаулыққа нелер пайдалы дедік? Көкөністер
Кітаптан сөздер оқиық. Кезектесіп буындап оқу.
III. Жаңа сабақ.
Сансызбай деген бала болыпты. Оның Сандуғаш деген қарындасы бар екен. Ол
екеуі бір күні тоғайға серуенге шығыпты. Тал түбінде өсіп тұрған нені
көріпті? Саңырауқұлақты. Шықылықтаған дауысқа қараса сауысқан екен. Алға
қарай жүріңкірегенде ағаш кесушілерге кездеседі. Сансызбай олардың сүргі
деген құралына қызыға қарады. Ұстап қарап бір ағашты жонып қалып еді.
алдынан сылдырап су аға жөнелді. Сандуғаш су түбіне үңіліп еді, сақина,
сырға жатыр екен. Сол сақина мен сырғаға сол бойда су жағасынан бір ғажайып
сандық ашыла кетті. Сақина мен сырғаны алып, соған сала қойды. Ішінен бір
бүктелген қағаз алды. Оның сыртында мынандай жазу бар екен. Біреу мұны ай
деді, біреу орақ деді. Мына заттардың атын қайта - қайта айта береді.
Қандай дыбыс шықты? С С С. Міне, мынау С әрпі. С с дауыссыз дыбыс. Олар
әлгі бүктелген қағазды жазып көріп еді, толған жазу екен. Мен оларға
көмектесіп оқып берейін. Жеке сөздер оқылады, мағынасы түсіндіріледі. Сс
әрпінің жазбаша түрі түсіндіріледі. Ауаға жазылады
Тақтамен жұмыс
IV. Дәптермен жұмыс
Дәптерге сөздік диктант жазу, тексеру.
Қатесіз, таза жазылған оқушының жұмысын мадақтау.
- Су, бас, маса, сай.
Сергіту сәті
Шарсаңдар балалалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын.
V. Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы мәтінді көрнекілік арқылы таныстыру.
1. Мәтін дегеніміз не?- Мәтін екі не одан да көп сөйлемнен құралады.
2. Мәтіннің несі болады?- Мәтіннің тақырыбы болады.
Ендеше, мен сендерді «Саймандар» деп аталатын мәтінмен таныстырамын.
- Мұқият маған зер сала қараңыздар.
Саймандар
Балға - сайман. Балта - сайман. Ара - сайман. Балға, балта, ара саймандар.
Атамда балға да, балта да, ара да бар.
- Оқулықтан бір-екі балаға оқыту.
3. Мәтін неше сөйлемнен құралған?-5сөйлемнен құралған, мәтін азат жолдан
жазылған. Әр сөйлемнен соң нүкте қойылған
VI. Сабақты қорытындылау.Сұрақ-жауап арқылы.
1. Қыздар құлағына тағады- Сырға.
2. Ақ, дәрумені көп, пайдалы сусын- Сүт.
3. «С» дыбысы қандай дыбыс? –дауыссыз
4. «Са» буынынан басталатын адам атын ата - Самал
5. Біздің сыныпта С дыбысынан басталатын оқушы аты бар ма?
6. Су сөзіне дыбыстық талдау жаса - с дауыссыз, у дауысты
7. «С» дыбысынан келетін сандарды ата: - сегіз, сексен
8. Бүгін қандай мәтінмен таныстық? –Саймандар
9. Біз уақытты неге қарап білеміз? –сағатқа
10.Кітаптарды қайда саламыз- Сөмкеге
VIІ. Үйге тапсырма:
а) Бағандағы сөздерді оқу
ә) Мәтінді әңгімелеу
б) Дәптердегі үлгіні жазып келу
VIІІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, жұлдызшалар
тарату.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz