Сабақ жоспары :: Тарих
Файл қосу
Тарихи әндер ұрпаққа аманат
Сабақтың тақырыбы: Тарихи әндер ұрпаққа аманат.
(Сыныптан тыс жұмыс. 10-11 сыныптар)
Тарихи әндер: 1. Елім-ай (халық әні)
2. Менің Қазақстаным (Сөзі Ж.Нәжімеденовтікі, әні
Ш.Қалдаяқовтікі)
3. Елім менің (Сөзі Н.Назарбаевтікі, әнді
орындаушы
Б.Тілеуханов)
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға қазақ халқының тағдыры туралы, тарихы
туралы кеңінен түсінік беру. Тарихи әндердің мағынасын ашу.
ә) Оқушылардың талғамын, эстетикалық сезімін, ой-өрісін жетілдіру.
б) Туған жеріне, халқына деген сүйіспеншікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, рольдік ойындар.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, «Қазақстан - Отаным менің»
альбомы, фото-суреттер, хаттамалар т.б.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Сабақтың эпиграфы:
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген.
Жөргөгімде таныстым мұң тіліммен,
Қуанғанда күлкімнен күн түріліп,
Жылағанда жүрегім түн тұтылған.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Ж.Молдағалиев
Халқымыздың әлеуметтік және мәдени дамуына байланысты күні бүгінге
дейін тарихи әндер ел жадында сақталып келеді. Соның бірі – күллі қазақ
халқының аузынан түспей біздің ғасырымызға жеткен тарихи өлең – «Қаратаудың
басынан көш келеді» деп басталатын «Елім-ай» әні.
Өткен ғасырлардағы ел басына ауыр, қайғылы оқиғаны елестетін бұл шығарма
көркем мұра, саяси мәні бар өлең десе де болғандай. Өйткені, бұл туынды
1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқын жаппай қырып-жойып, елден,
жерден айырылып босып бара жатқанда туған.
Тарихи деректерге сүйенсек, бұл қырғын жөнінде Қазақ ССР (КСРО)
тарихында былай дейді: «Жоңғар феодалдарының шабуылдары әдетте аяқ астынан
болып, бейбіт халық құтылып та үлгере алмаған. Мысалы Боралдай өзенінің
бойында көшіп жүретін қазақ ауылдарына 1923 жылы тұтқиылдан шабуыл
жасалғанда ауыл маңында тіпті мінерге ат табылмай, халық түгелімен дерлік
қырылып жіберілген. Ел ауызындағы аңыздарға қарағанда малдарынан айырылып,
қашып құтылып үлгергендер шөптің тамырын қазып жеп күнелткен: әйелдер мен
балалар, қарттар тұтқынға түскен немесе ауыр жолдың үстінде аштан қырылған.
Ондаған мың қазақтар ата мекендерін тастауға мәжбүр болып, Оңтүстікке қарай
көшіпті.»
(Қазақ ССР тарихы. Алматы 1957 ж. І том 249-250 б.)
Осы оқиға негіз болған «Қаратаудың басынан көш келеді» тақырыбындағы
өлең атадан балаға жатталып, тарихтың куәсі болып қалды.
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
1 - оқиға көрінісі:
Қыз: - Апа, Апа! Жау келеді! Жау!
Ана: - Ойбай, не дейді! Тығыл мына қазанның астына! (Қыз жүгіреді.)
Жау а-һа, а-һалап келіп қызды ұстап әкетеді.
Қыз: - Апа! Апатайым! (Шыңғырады)
Ана: - О, қу құдай! Неңді алып ем! О, жасаған жалғызымнан, ботамнан
айырдың ба?! (Өкіріп жылайды, 11 – сынып оқушылары)
Қарындастан айырылған жаман екен.
Қара көзден мөлдіреп жас келеді.
Тұтқиылдан дүрсе қоя берген әккі жау елдің ес жинауға шамасын
келтірмей, бүйідей тиген. Атадан бала, анадан қыз, ағадан іні айырылып, бет-
бетімен бас сауғалап босқан елдің «қарындастан айырылған» ер азаматты
қорлық, намыс, өкініш жайлап, көзінен жас парлатқан ауыр кезеңнің шындығы
өлеңнің алғы шумағында шебер суреттелген.
Елдің быт-шыт болып елден ауып көшуі келесі шумақтарда көрініп,
көліксіз жаяу-жалпы, аш-жалаңаш шұбырған елдің дәрменсіз ыза-кегі, тағдырға
наласы айтылады.
Мына заман, қай заман қысқан заман,
Дәулет құсы басымнан ұшқан заман,
Топырақ пен аспаннан шаң борайды,
Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.
2-оқиға көрінісі.
(Бала жетектеген ана, таяқ сүйенген шал келеді)
Бала: - Апа, қарным ашты! Нан, нан берші? (көзін уқалайды)
Ана: - Қазір, жаным, қазір, сәл жүрейікші!
Бала: -Апа, аяғым ауырды, апа!
Ана: - Көкең ат әкеледі, шыдашы жаным!
Шал: - О, Құдай! Бұл не заман? Қазағым, азаптан құтылатын күнің бар ма
сенің?! (Таяққа сүйеніп өтеді. Үйірме мүшелері орындайды)
Мұнша қысым қылдың ғой, қатты құдай,
Қабырғама қара жер батты құдай.
Жаяу жүрсем табаным ауырады,
Тым болмаса бермедің атты құдай.
Тарихи өлеңдер өткен өмір шындығын тануға үлкен сүйеніш болады. Мұнда
халықтың ұғымы мен бағасы сол оқиғаға нақты беріледі.
Бұл өлеңді зерттеушілер ұзақ жырдың үзіндісі деп есептеп келген.
Ең алғашқы нұсқасын тобықтыдан шыққан Топыш ақын айтқан екенін, бұл
нұсқа 86 жолдан тұратынын дәлелдеген. Өлең нұсқасында алдағы өмірге деген
үміт оты бар. Халықтың кегін қайтару үшін бірлік, ынтымақ керек екені былай
айтылды:
Боларсың бірің артық, бірің кем де,
Біріңді бірің сүйе сүрінгенде
Ынтымақ ауызбірлік қып жүрсеңдер,
Арзисың аз да болсаң рулы елге ...
Қазақ жерінің ең түркі орталығы Қаратау аталуы да тегін емес. Өйткені,
ХV ғасырдан бері қарай «қазақ» атымен құрылған халықтың мәдени, діни
орталығы да Қаратау, Түркістан болғаны белгілі. Тарихи өлең бұл шындықты да
бейнелейді.
Ұмытпа Алаш қазақ ұраныңды,
Бойыңнан үзбе халқым құралыңды.
Артыңа өлеріңде өсиет қыл,
Халық боп Қаратауда құралуды.
Демек, «Елім-ай» әні тарихты танытатын тәрбиелік мәні зор көркем
ескерткіш десек қателеспейміз.
Менің Қазақстаным
Сөзі Ж.Нәжімеденовтікі
Әні Ш.Қалдаяқовтікі
«Менің Қазақстаным» әнінің де өз алдына тарихы бар. Қазіргі Астана
қаласы Ақмола аталып, оған қарасты 5 облысты бір өлке етіп Ресейге бермекші
деген сыбысты естігенде Ш.Қалдаяқов қазақ жерінің көл - көсір, дән алып
шалқып жатқан егіні мен бөлшектенгелі жатқанына қатты толқиды. Ақын
Жұмекен Нәжімеденов сөзін жазып, әнін Шәмші Қалдаяқов жазып, әнші Жамал
Омарова әнді орындайды. Әнді Жамал Омарова радиоға жаздырып, композитордың
өтініші бойынша еліміздің байлығын паш етіп күніне бірнеше рет радиодан
орындалып тұрады. «Бұл менің қазақ жерім, киелі, қасиетті мекенімізді
бөлшектеуге білдірген қарсылығым еді» - дейді Ш.Қалдаяқов. Әнді қазіргі
«Парасат» журналында жарияламақ болып, мәтінді алып барғанда бір дөкей :
- Партия туралы бір ауыз сөз жоқ. Біз алдымен соны жырлауымыз
керек – дейді.
- Жоқ, мен әнімді қайран елім – Қазақстаныма арнап отырмын, өз
елімді, өз жерімді ешбір саясатсыз, адал көңіліммен жырлағым
келеді – дейді композитор Шәмші Қалдаяқов.
Ол осы әнді елімнің ән ұраны болады деп айтқан екен. (Оразбек Бодықов,
«Дәуір» басп. 1992 «Ш.Қалдаяқов.» хикаяттар 21 бет)
Композитор Ш.Қалдаяқовтың сол сөзі расқа шықты. 1986 жылы
17желтоқсанда бостандықты аңсаған қазақ жастары Алматыдағы Республика
алаңына «Елім-ай» әнімен бірге «Менің Қазақстанымды» орындап шықты. Міне,
Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғанына да біршама жылдар өтті. Гүлденген
Астанамыздың жаңарып, жасарғанын біз мақтаныш етеміз.
(ән хормен орындалды)
Менің Қазақстаным
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Думанды бастаған
Далама қарашы.
Кең екен жер деген,
Жерге дән шықты ғой.
Дән егіп, терлеген,
Қазағым мықты ғой
қ/сы
Менің елім,
Менің елім,
Гүлің болып егілемін
Жырың болып төгілемін, елім
Туған жерім менің, Қазақстаным
Сағымды далам бар,
Сабырлы көлім бар
Қараңдар, жарандар,
Осындай елім бар.
Қарсы алған уақытты
Ежелгі досындай
Біздің ел бақытты
Біздің ел осындай
(10-сынып оқушылары қазақ елінің байлығын сахналық көріністермен
көрсетіп өтті, онда Қазақстанның мақтасы, бидайы, көмірі, көгілдір отыны,
мал шаруашылығы т.б. бейнеленді).
«Елім менің» әні.
Өлеңі: Н.Ә.Назарбаевтікі
Әнді орындаушы: Б.Тілеуханов
1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан
Тәуелсіз Республика деп жарияланды. Екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары,
жетпіс жылдан астам Кеңес өкіметінің бауырында болған Қазақстан егеменді ел
болды. Сондықтан да еліміз 16 желтоқсанды халықтық мереке етіп тойлайды.
Еліміз егемендік алғалы тіліміз де, салт-дәстүріміз де қолға алынды.
Халық дәстүрінде жастарымызды тәрбиелеу міндеті қойылды.
1991 ж. 1 желтоқсанда елімізде тұңғыш рет Президент сайлауы болып,
Н.Ә.Назарбаев Елбасы болып сайланды.
Қазақстан алыс-жақын шет елдермен байланыс жасап, достық қарым-қатынас
жасауда. Мәдениетті елдер қатарына қосылу үшін өз жастарына шет елдерде
білім алуға жағдай жасауда.
Еліміздің рәміздері Туы, Әнұраны, Елтаңба бектілді. 1993 жылы 28
қаңтарда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
Айта берсек, еліміздің Тәуелсіздік алғалы жеткен Жетістігі аз емес.
Сидней Олимпиадасында жерлесіміз Бекзат Саттарханов бүкіл қазақты, Қазақ
елін әлемге танытты.
«Елім менің» әні туған халқының азаматтығын, бостандығын жырлаған азат
әні болды. Ол ән орындалғанда толқымай тыңдамайтын қазақ жоқ.
Елім менің
Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартты көлім
Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса, қазағым менің.
Қазақстаным, жасыл орманым,
Қуанышымды жасыра алмадым.
Аңсаған бабам, аңсаған елім.
Бостандық еді-ау асыл арманың.
Елім менің, аңсаған,
Тас бұғаудан босаған.
Құтты болсын отауың,
Берік болсын босағаң.
Бабамның қаны, анамның жасы,
Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.
Береке бірлік қамалдың басы,
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.
Күйінсің жауың, сүйінсің досың,
Жиылсын қауым, құйылсың көшің.
Ертеңің үшін аянба ерім,
Ояншы, елім, жиылсын есің.
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен Жер үшін.
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың!
Ән орындалып жатқанда 11 сынып оқушылары еліміздің Президенті
Н.Әбішұлының ант қабылдаған сәтін, Түркия Президенті С.Демирелмен кездесу
сәтін, Бекзаттың Сиднейдегі жеңісін сахналап көрсетіп жатты.
Соңынан жоғары сынып оқушыларына «Сен еліңнің болашағы үшін не істей
аласың?» тақырыбына пікір-сайыс жүргізіліп, қатысушы ұстаздар тарапынан
қорытынды жасалды.
Тұрсынкүл Жарқынбекқызы
Жоғары санатты тіл маманы.
«Дарын» мектебі.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz