Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Тұйық етістіктің емлесі. Тұйық етістіктің емілесін қайталау

Күні: 20.02.08.
Пәні: Қазақ тілі.
Сыныбы: 7б
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістіктің емлесі.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік:
Сабақ барысында оқушыларға тұйық етістіктің емлесі
туралы білім беру.
Ә) Дамытушылық:
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөз мәдениетін
жетілдіру.
Б) Тәрбиелік:
Өз тілін, ұлттық салт – дәстүрді құрметтеуге, дұрыс
сөйлеу білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, оларды түгелдеу, сабаққа даярлығын
тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Үйге берілген жаттығудың орындалу барысын тексеру.
2. Өткен тақырыптарға шолу жасау.
ІІІ. Жаңа тақырыпты хабарлау.

Жаңа сабақ.
Бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыз – тұйық етістіктің емлесі.
1. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістікке тұйық етістіктің -у
жұрнағы дауысты болып жалғанады. Мысалы: Бар +у, қайт+у.
Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы
дауыссыз болып жалғанады. Мысалы: Ойна+у, сөйле+у.
2. Дауысты ы,і дыбыстарына біткен етістерге тұйық етістіктің -у
жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы,і дыбыстары жазылмай,
у дыбысының құрамына еніп кетеді де ол (у) дауысты дыбыс болып
есептеледі. Мысалы: Оқы+у=оқу.
3. Қатаң п,қ,к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің –у
жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға, қ,к
дыбыстыры ғ,г дыбыстарына айналады. Мысалы: Ақ + у=ағу,
тап+у=табу, үк+у =үгу.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма: Тұйық етістіктің емілесін қайталау. 214 – жаттығуды орындау.
Бағалау: Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды бағалау,

Күні: 22.02.2008.
Пәні: Қазақстан тарихы.
Сыныбы: 7ә.
Сабақ тақырыбы. Әбілқайыр хандығы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Әбілқайыр хандығы атты тақырыбы туралы
білімдерін толықтыру.
Білімділігі: 1. Әбілқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы.
2. Халқының этникалық құрамы.
3. Әбілқайыр хандығының нығайуы.
4. Хандықтың әлсіреуі.Жаңа сабақты аша білу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту. Пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушыларды патриоттыққа, шығармашылыққа,
ізденімпаздыққа, мәдениеттілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Аралас сабақ.
Сабақ көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, суреттер, тест,
плакат, кеспе қағаздар, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
І. 1) Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушыларды түгелдеп, сынып тазалығына көңіл бөлу.
Б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. 2) Үй тапсырмасын сұрау.
А) Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топқа ат беріледі. Тест тарату.
Ә) «Пирамида» ойынын ойнату.
ІІІ. 3) Жаңа сабақ түсіндіру.
ІV.4) Сабақты бекіту.
V. Қортындылап оқушыларды бағалау.
1. Үй тапсырмасын тест арқылы бағалау.
( 3-4 оқушыдан үй тапсырмасын сұрау, екіншіден тест беру арқылы
бағалау)

Тест.
1. Ноғай ордасының астанасы.
А) Сығанақ. В) Сарай Берке. Д) Отырар.
Б) сарайшық. С) Алмалық.
2. Сарайшық қаласының қай ғасырда іргесі қаланды?
А) ХІ ғ В) Х ғ.
Д) Х V ғ.
Б) ІХ ғ С) Х ІVғ.
3. Ноғай ордасының аты қай орданың әскерінің қолбасшысының есімімен
аталған?
А) Ақ орда. В) Көк орлда Д)
Дұрыс емес.
Б) Алтын орда. С) Моғолстан.
4. Ноғай ордасының негізгі халқы.
А) Қоңырат. В) Қыпшақтар. Д)
Наймандар.
Б) Маңғыттар. С) Түріктер.
5. Ноғай ордасының іргесін кім қалады?
А) Нұ рад дин В) Әмір темір. Д)
Шыңғыс хан.
Б) Тоқтамыс. С) Едіге.
6. Ноғай ордасы қай ханның кезінде өз алдына жеке мемлекет болып алтын
ордадан бөлініп шықты.
А) Тоқтамыс. В) Тоғылық Темір. Д) Нұ
рад дин.
Б) Әмір Темір. С) Едіге.
7. Едіге Ноғай орданы қанша жылға жуық билеген?
А) 10 ж.(1397-1415) В) 14 ж. (1411-1415) Д) 15 ж.
(1396-1411)
Б) 9 ж. (1405-1416) С) 8 ж. (1396-1400)
8. Қай жылы батыс сібір Әбілқайыр хандығының қарамағына өтеді?
А) 1400 ж. В) 1430ж.
Д) 1429 ж.
Б) 1402 ж. С) 1428 ж.
Ә. Пирамида ойыны Ұлы хан.
Бұл ойында әр топтан бір-бір оқушы шығады. Бұл ойынның мақсаты Ұлы хан
болу. Бұл ойында он сұрақ болады.

Ұлы хан
ІІІ. 3. Жаңа сабақты түсіндіру. «Әбілқайыр хандығы». (Әр ордадан бір – бір
хан. шығып түсіндіріп шығады

Алтын орда.(Батый) Ақ орда.(Орда Ежен)
Ноғай ордасы.(Едіге)
Бір оқушы Әбілқайыр Халқының этникалық құрамы
Әбілқайыр хандығының
хандығының құрылуы (бір оқушы түсіндіреді.)
нығайуы мен әлсіреуі
(бір оқушы түсіндіреді.)
(бір оқушы
түсіндіреді.)

ІV 4. Сабақты бекіту.

V.5. Қортындылап оқушыларды бағалау.

-----------------------
Сарайшық қаласының іргесі қай ғасырда қаланған Қала қай ғасырда дәуірледі

Ноғай әскерлерінің басым көпшілігі қандай тайпа болған

Қай жылы батыс сібір Әбілқайыр ханның қарамағына өтеді.

Ноғай ордасының астанасы қай қала?

Ноғайлардың қолдауымен батыс сібір ханы кім болды?

Ибақ хан қай әулеттен шыққан?

Ноғай ордасының іргесін кі м қалаған?

Қай ғасырда ноғай ордасы ыдырай бастады.?

Ноғай ордасының алғашқы алып жатқан жерін ата, картадан көрсет

Ноғай ордасының аты қандай жағдайға байланысты болған.?

Әбілқайыр хандығы.

Шайбани ұрпағы

92 ру тайпадан тұрған

1428 ж. 17 жасында хан сайланды

Өзбек ұлысы.
Өзбек хандығы

Шайбани ұлысы. Әбілқайыр ұлысы

40 жылдан астам билік құрды

1468 жылы Моғол хандығына қарсы жорыққа аттанады. Маңында аққыстау дда
қайтыс болады.

1.Шайбани 2.Қарақалпақ
3. Қазақтар

Ұқсас жұмыстар
Тұйық етістіктің емлесі
Тұйық етістік ішіне, қалған етістіктер сыртына
Бағдарлама
Қазақ тілінен 3-тоқсанға орта мерзімдік жоспар
Әдеби тіл және мәтін
"қазақ тілінің фонетикасы" қазақ тілінен курс
Тұйық етістік. мемлекеттік тіл. 8 сынып
Ғаламтор қазақ тілінде
Тұйық етістіктің түрленуі. 7 сынып
Тұйық етістік
Пәндер