Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті

№ 1 Практикалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті
1. Сабақ жоспары:
1) Шешендік тілдің логикамен байланысы
2) Шешендіктегі сөз бен ұғым.
3) Шешендік сөздердегі ой қорытындысы
4) Сөздің дәлдігі, ойдың айқындылығы.
5) Тіл тазалығы, көрнектілігі
6) Қазіргі шешендіктегі сөйлеудің түрлері.
2. Сабақтың мақсаты: Қазақтың би-шешендерінің сөз саптау, көп алдында сөз сөйлеу шеберлігін үлгі ете отырып, студенттерді болашақ маман ретінде аз сөзбен көп мағына беруге, өз ойын дұрыс жеткізуге үйрету.
3. Қысқаша теориялық мәлімет
Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті
Тіл мен ойлаудың өзара байланысы ұғымдар арқылы жүзеге асады. Ал ұғымның пайда болуы санада өтетін пайымдау әрекетінің нәтижесі. Пайымдау арқылы логика ғылымы ой қорытындыларын жасап, қорытпа білім алуда қолданылатын ойлау заңдарын зерттейді. Логика таным теориясының бірлігі ретінде ежелгі Қытай, Үнді және Греция елдерінде біздің жыл санауымыздан бұрын V-VI ғасырларда зерттеле бастаған. Дегенмен, логиканың ғылым ретінде қалыптасқан отаны Ежелгі Греция деп саналады. Ал оның негізін салушы ұлы ғалым Аристотель болды. Сондықтан ол логиканың атасы деп саналады.
Дұрыс ойлау, дұрыс пайымдау шешендердің ойлау, сөйлеу, дағдыларында қалыптасып, іске асып отырған. Шешен адам дұрыс пікірлесу, пайымдау дәлелдеу сияқты ақыл-ой әрекеттерін іске асыруға қабілетті. Мұндай ақыл-ой қызметтерін іске асыра білу қызметтерінің, қабілеттерінің жиынтығы шешеннің логикалық мәдениет-пайымдау процесіндегі бірнеше ұғым, пікір, ой қорытынды сияқты ойлау формаларына тән, қажетті, ішкі, мәнді байланыстар.
Шешендік сөздердегі тұспалдап атайтын сөздер алынып отырған атаулардың ұғымдық белгісіне сүйенеді. Бейнелі атауларда ұғым заттардың қасиеттерін салыстыру тәрізді логикалық тәсілге сүйеніп, анықталады.
Бұқар жыраудың «Керей қайда барасың?» деген толғауында «сен бұзау терісі шөншіксің, мен өгіз терісі талыспын» дегенінде ыдыс-аяқ атаулары болып табылатын шөншік, талыс сөздерінің қолданылуында мынадай ұғымдық белгілер таңдалынып алынады:
1) шөншіктің бұзау терісінен жасалатындығы;
2) сондықтан көлемінің кішкентайлығы, әлсіздігі;
3) талыстың өгіз терісінен жасалатындығы;
4) сондықтан көлемінің үлкендігі, мықтылығы.
Шешендік сөзде логикалық ой қорытындысы сезім мүшелерінің көмегімен шығарылады. Бұған мысал Төле би мен Әнет бабаның сұрақтары.
Шешендік сөздерде кейде ой қорытындысы берілмейді. Ой қорытындысын шығаруды шешен тыңдаушы көпшіліктің өзіне қалдырады.
Шешендік сөздерде ой қорытындының индукциялық және аналогиялық түрлері кеңінен қолданылады. Билер сөзінде көбінесе жекеден жалпыға қарай жасалатын индукциялық ой қорытындыларының жиі кездесуі билердің таным процесінің эмпирикалық танымнан, яғни жеке нәрселер мен құбылыстардың сапалары мен қасиеттерін танып білуден басталатындығы себеп болады.
Шешендік сөздің сапалық белгілері.
Шешендік сөз ақыл-парасатқа негізделсе, мазмұнды болады. Шешендік сөздің мазмұндылығы сөйлеушінің ақыл-ой дәрежесіне, жан-жақты білімділігіне байланысты. Шешендік ғылымның теориясын жасағандардың бірі - Цицерон да жақсы шешен болу үшін, жан-жақты білім керектігін айтқан еді. Сөз мағыналарын жақсы білген адам сөзді орнымен жұмсай алады. Сөйлеуші әрбір қолданыста әр түрлі мағынаға ие болатын көп мағыналы сөздерді өз орынында ұтымды қолдана алса, ой мен ұғым дәлдігіне жетеді. Мысалы, дүние деген сөздің қанша мағынасы бар болса, сонша рет қолданысқа түседі: мал, мүлік, көңіл-күй одағайы т. б.
Шешендік сөздерде синоним сөздер қабат қолданғанда, тілдің жеткізу мүмкіншілігі молайып, тіпті ғылыми түсініктердің өзі сыр ашып, шешіліп сөйлегендей болады.
Сонымен бірге шешендік өнерде антонимдік қолданыстар көркемдік үшін де, ой айқындылығы үшін де қолданылады. Ал омоним сөздерді орнымен қолдану сөйлеуде логикалық қате жіберуден сақтандырады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер дәлдікпен қолданғанда, ойдың айқындылығымен қоса, сөйлеу тілінің көркемділік деңгейін көтереді.
Таза сөйлеу - ой айқындылығының белгісі. Шешендікті қадірлеген халық «Адам аласынан сөз аласы жаман, от шаласынан, сөз шаласы жаман» дегенде, ана тілінің байлығын бағаламай, туған тілінде таза сөйлей алмаған адамдардың қойыртпақ тіліне қарап, қынжылып айтса керек. Тіл тазалығы дейтініміз, - дейді А. Байтұрсынұлы, ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, ескірген сөздерге жоламау, жергілікті сөздерден қашу». Шешендік өнерде тіл тазалығы жоғарыдағы айтылғандардан өзгешерек. Әрине, шешендік сөйлеу мәдениетінің талаптарын ескереді, өйткені ол - тіл мәдениетінің жоғарғы формасы. Шешен болып қалыптасу жолында сөйлеуші тіл мәдениеті талаптарын меңгермейінше, оның шешен сөйлеуге төселуі пайым нормаларын сақтай алмаған адам көпшіліктің алдына шығып сөйлеп, береке таппайды. Осы жағынан алғанда тіл мәдениетімен тығыз байланысты.
Шешендікте сөздің логикалық дәлдігі тіл тазалығын құрайды.
Тіл мәдениетінде тіл тазалығы оның өзге тілдік элементтерден арылуы деп түсін, дірілсе, шешендік сөздердегі тіл тазалығын ойдағы екіұштылыққа жол бермеушілік, сөздерді уәжсіз қолданбаушылық, ойды дәл білдірмейтін «жылтыр» сөздерді қуаламаушылық деп түсінуіміз керек. Қазіргі шешендікте сөйлеу монолог және диалог түрінде болады. Монологтық сөйлеу - қазақ шешендерінің толғау, ақыл, өсиет, бата тілек, үндеу түрінде ертеден қолданып келе жатқан сөйлеу түрлері. Монолог - бір кісінің сөйлеуі немесе ойы. Монологта белгілі бір тақырыпты баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көзделетіндіктен, көпшілік алдында сөйленген сөз, жасалған баяндамалар, оқылған лекциялар, айтылған пікірлер, монологқа жатады. Монологта автордың түйінді ой-тұжырымдары айтылып, көпшілікке талқыға ұсынылады. Сондықтан көп жпғдайда монолог диалогқа айналады. Шешендіктану ғылымы қазіргі шешендіктегі сөйлеу түрлерін былайша жіктейді: монолог және пікір алмасу, ой-талқы, пікірсайыс, ойбөліс, сөзталас, айтыс тәрізді пікірталастың түрлері.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Шешендік тілдің логикамен байланыстылығы неде ?
2. Шешендік сөздердегі ой қорытындысы дегеніміз не ?
3. Шешендік сөз несімен мазмұнды ?
4. Таза сөйлеу дегеніміз не?
5. А. Байтұрсынұлы тіл тазалығына не деп анықтама береді?
6. Шешендік сөздің қандай сапалық белгілері бар ?
7. Қазіргі шешендіктегі сөйлеудің түрлері қандай ?
5. Әдебиеттер тізімі:
1. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері және тілдік танымы Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2005.
2. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш//Шығармалары. Алматы, 1989 ж.
3. Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы: «Санат», 2002.
4. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. 2- басылуы. - Алматы, «Санат», 1994.
5. Негимов Ш. Шешендік өнер. Алматы: Мектеп-1997
№ 2 Практикалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Майқы би мен Аяз бидің тіл шеберлігі
1. Сабақ жоспары:
1) Шешендік тілдің логикамен байланысы
2) Шешендіктегі сөз бен ұғым.
3) Шешендік сөздердегі ой қорытындысы
4) Сөздің дәлдігі, ойдың айқындылығы.
5) Тіл тазалығы, көрнектілігі
6) Қазіргі шешендіктегі сөйлеудің түрлері.
2. Сабақтың мақсаты: Халық даналығы мен билер сөздерінің сырын ұқтыру.
3. Қысқаша теориялық мәлімет
Майқы би Мәнұлы біздің дәуірімізге дейінгі 178 жылы туып, 89 жылы дүниеден қайтқан. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» дейтін қанатты сөздер арқылы атадан балаға атағы таралып келе жатқан Майқы би бабамыз түйінді аталы, баталы, даналы шешен сөздердің де басы болса керек. Қазақ шежіресінде екі Майқы би болғанға ұқсайды. Оның алғашқысы Ғайса пайғамбардан он екі жыл бұрын билік құрған Мәнұлы Майқы би. Соңғысы Шыңғыс хан заманында ғұмыр кешкен Майқы би Төбейұлы (1105 - 1225 жылдар шамасы) . Біздің әңгіме етпегіміз әуелгі Майқы би Мәнұлы қақында. Бұл Майқы би жөніндегі дерек бізге ертедегі шежіреші ғалым, әрі батыр Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме шейін» (1993) деген шежіре кітабы арқылы жетіп отыр. Осы айтылмыш шежіреде Майқы би Мәнұлының ата тегі былай таралған: Ежелгі Елсау биден Нулы, Абыл. Абылдан - Қайыр, Қарғын, Тарғын. Қайырдан - Бақ, Шақ, Асық. Бақтан - Таң, Таңат, Шарт. Таңнан - Пәр, Өрт. Пәрден - Мән, Кен, Кеме, Тоқ. Мәннен - Майқы, Мойыл тараған. «Майқы Мәнұлы өз заманында бүткіл қазақ атаулыны билеген, билеу үстінде әділдік орнатқан, қара қылды қақ жарған адам болыпты. Жұрт оны сөйлетіп қойып, аузына қарап отырады екен. Майқының заманында «Қарқуардай Майқы» дейді екен. Өйткені ол да шешендігіне байланысты болса керек. Қарқуар деген құс ертеден сайрағаннан талмай түннің бір шамасында сайрауын қояды екен. Содан екі бие сауым ғана дем алып, таң құлан иектене қайта сайрайды деседі. Міне, Майқы атамыз сондай шешен болыпты». Ол кездегі Майқы бидің қол астына шығысы - Тарбағатай, терістік жағы - Көкше теңіздеріне шейін, батысы - Шу алқабы, оңтүстігі - Үйсін тауларына дейінгі кең байтақ дала қараса керек. Бұл елдің орталығы Үш Қараш тауының түбіне орналасқан Шығу шаһары екен.
Майқы би елді бейбітшілік жолымен әділ де адал басқарған. Өзінен бұрын әр тарапқа бытырап кеткен елдердің басын біріктіріп, ұйымшылдыққа, ел бірлігіне үндеген. Майқы өз төңірегіне ақылды, дана кісілерді, батырларды, би, шешендерді, ақын-жазуларды, әнші күйші, өнерпаздарды, балгер, құмалақшы, жауырыншы, зергер ұсталарды көп жинаған. Олармен үнемі бас қосып ақылдасып отырған.
Аяз би Жаманұлы - қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа «Аяз би» ертегісі мен «Аяз биі әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әр түрлі деректер бар. Майқы би Мән баласының шежіресін жазған Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы өзінің «Түп-тұқияннан өзіме шейін» (Жалын 1993ж. ) дейтін кітабында Аяз биді және оның серігі Құмырсқа батырды Майқы би дәуірінде өмір сүрген Майқы Мәнұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билері еді деп жазады. Сонда бұл дерек бойынша Аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып 800 жылы дүниеден өткен, Майқы Мәнұлының замандасы тұстас болып шығады. Ал, зерттеуші Балтабай Адамбайұлының «Алтын Сандық» атты кітабындағы шағын мәліметте Аяз би Хиуа хандығындағы дәуіріндегі өмір сүрген тарихи адам деп оны ХІ-ХІІ ғасырға жатқызады. Бұл әлі тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселе. Аяз бидің қандай би болғаны, адамгершілік қадір қасиеті жөнінде Қазақ Совет Энциклопедиясында былай жазылған: «Бұрынғы қойшы, кедей Аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. Бұл үшін Мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. Оған шөп жаманы-қоға, құс жаманы-сауысқан екенін дәлелдеп береді. Ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады. Шартты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үйленеді, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқарады. Аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін Мадан мойындап халық қалап, оны хан етіп көтереді».
Майқы би өзінің төңірегінде ақылды, дана, би, шешендерді, батыр, балгер, көріпкел әулелерді көп жинап, олармен ақылдасып отырады. Майқының Әндір, Мәді деген аспан әлемін, жұлдыздар сырын болжайтын білімпаздары болған. Олар аспанға, жұлдыздарға қарап мал-шаруа жайын, егіншілікке қолайлы мерзімді күні бұрын болжап, халыққа пайдасын тигізеді. Ал, Аяз би сияқты дана билеріне өзінің оң жағынан орын береді екен. Аяз бидің Құмырсқа деген әрі би әрі батыр жан серігі болыпты. Қайда барсада екеуі жұбын жазбай жүреді. Ол екеуі Майқы бидің сілтеуімен қазылық құрып, көбінесе елмен ел арасында тіршілік, бітімгершілікпен айналысады. Сондықтан да Майқы би Аяз би мен Құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді екен. Ол екеуімен Майқы би халық тағдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі-жиі ақылдасып, ой пікір алысып отырады. Кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап түзеп, бағыт беріп жібереді екен. Бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, Майқының алдын кес-кестей беріпті, сонда Майқы би оларға былай депті:
Билер бүгін Майқының алдын кесесің,
Ертең жұрттың төбесін тесесің.
Майқының да айтатын кебі бар,
Айтуға аузының да ебі бар.
Хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс,
Әзір сөзімде болмас бұрыс.
Ақылым алжыған жоқ,
Ондайды болжағам жоқ.
Орынсыз ауыз ашсаң,
Екі би басарсың шоқ.
Аяз би әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл.
Ел арасында «Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» деген нақыл сөз содан қалған.
4. Бақылау сұрақтары:
- Майқы бидің өмірбаяны және шығармашылығы
- Майқы бидің шығармаларынан үзінді келтіріңіз
- Аяз бидің сөз шеберлігі туралы айтыңыз
4. Аяз бидің нақыл сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз қалса керек.
5. Әдебиеттер тізімі:
1. Дәдебаев Ж. Шешендік сөздер. Алматы: 1993
2. Кәкішов Т., «Билер сөзі». Алматы 1992
3. Б. Адамбаев. «Қазақтың шешендік өнері». 1984ж
4. Б. Адамбаев. «Халық даналығы». 1976ж
№3 Практикалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сырым Датұлы (1712-1802)
1. Сабақтың жоспары:
1. Сырым Датұлы 1712-1802 ж. ж.
2. Сары би мен Сырым
3. Мөңке би мен Сырым
4. Алдар би мен Сырым
2. Сабақтың мақсаты: Студенттерді Сырым шешеннің өмірімен таныстыру, халық алдында өтеген қызметін білгізу. Шешендік өнерін үлгі етіп, практикалық іс-дағдысында қолдануға үйрету.
3. Қысқаша теориялық мәлімет
Сырым Датұлы 1712-1802 жылдары өмір сүрген қазақтың батыры әрі шешен биі. Шыққан тегі Кіші жүздің Байбақты руынан. Байбақты ішінде Әйтімбет, одан Шолан, Шоланнан Түкім, Дат, Есенбай, Балторы, Даттан: Адамбай, Сырым, Амантай, Жомарт, Базарбай, Барлыбай, Жандыбай, Дүнімбай, Қорлыбай, Қалдыбай, Шыбынтай деген он бір ұл тарайды. Туған ауылы Сарыой, Орал облысы, Жымпиты ауданы. Дат шаруа, есті кісі екен. Ал, анасы ауданда бір ауылды сөзімен де, ісімен де билеген ақылды бәйбіше болыпты. Сырым 7-8 жасынан ақ естілігі, сөз тапқыштығымен ел аузына ілігеді. Өсе келе сол өңірдегі билер, шешендер, сұлтандар, хандарды жанай жүріп, олардан шешендік тапқырлықты ел билеу ісін үйренеді. Сол билердің кейбіреуіне іздеп барып, бата, жөн-жосық алады. Бірде Сырым бала сол өңірге батырлық билік атағы жайылған Малайсарыға сәлем бере барады.
- Уа, қай баласың?
- Даттың баласымын.
- Қой жая алмайтын жаманнан қолақпандай ұл туды деп еді, сірә, сол боларсың?
- Болсақ болармыз. Бірақ бір құшақ отыннан бір оқтаулық мүсін шығады деуші еді. Әкем жаман болса, сондай-ақ болар. Өзіңді қазыналы қарт екен десем, қазымыр қарт па едің?
- Бала, әкең нашар болғанмен шешең пысық еді. Күндіз келген жиырма адамды, түнде келген жиырма адамды ренжітпей атқарушы еді, шешеңе тартқан боларсың.
- Шешем пысық болса, оның несін айып көрдіңіз? Әкем би болмаса да би түсетін үй болыпты. Шешем күндіз келген жиырма кісіні, түнде келген жиырма кісіні ренжітпей аттандырса- қырық адам екен, қырықтың бірі қыдыр деген, онда қыдыр дарыған болар. Шал үш түрлі деуші еді. Қазымыр шал, қадырсыз шал, қыдырымпаз шал. Өзіңіз соның қайсысыңыз?
- Балам, сынайын деп айтқан бір-екі ауыз сөзімді көңіліңе алма? Жаманнан жақсы туады - адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туады --бір елтіріге алғысыз. Сен де маған шалдың үш түрін айтып қырсығып қойдың ғой. Кісінің қадірін өзінен сұрамас болар. Қадірсіз десең - халқымнан сұра, қыдырымпаз десең - көршімнен сұра, қызымыр десең - кемпірім өліп, келінге қараған жетім шалмын, келінімнен сұра. Енді келген жұмысыңды айт. Сырымның көңілі сонда жадырап былай депті:
- Ауылымның алдында төбе болса, ертулі тұрған атқа тең, ауылыңда ақылды қарт болса, жазылып қалған хатпен тең деуші еді. Сәлем беріп бата алғалы келдім.
- Жарайды балам! «Кісі болар баланың кісі менен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар», «Ақыл қуып сөз бастайын деген екенсің, атқа мініп ел бастайын деген екенсің», «Ақыл жастан, асыл тастан» шығады деген, алдыңнан жарылқасын. Шиеленген түйінді, шиыршықталған қиынды шешіп, елдің ісін тындыратын, жаудың белін сындыратын әділ би айтушы кісі бол, әумин! - депті Малайсары қария.
Сары би мен Сырым
Тама елінің Сары би деген ақылгөй ақсақалы Даттың үйінде түнеп отырған-ды, Сырым баланың әр сөзіне риза боп, оған мынадай өсиет айтыпты:
- Балам бұл дүниеде алты ұлы сөз бар, соны есіңнен шығармай жүрсең, ел алдында беделді, сыйлы боласың. Егер ол сөзді ұмытсаң, халық сенің маңайыңа жоламай аулақ қашады.
Сырым:
- Ол қандай сөз еді, ата, айтыңызшы?
Сары би:
- Арлы ожданды бол!
- Елге деген парызыңды ұмытпа!
- Намысыңды жастан сақта!
- Халқыңды қаралама!
- Жақыныңды жаралама!
- Қалысыңды қаралама!
Сары би айтқан осы алты өсиетті Сырым шешен қартайғанша есіңде сақтап келген.
Мөңке би мен Сырым
Мөңке бидің үйіне арық құнанын мініп Сырым бала келеді. Баланы көзге ілмеген би бәйбішесіне: «Балаға айран әкел» депті.
Таңертең аулада семіз қызыл тұсақтың үйелеп өліп қалғанына налыған Мөңке:
- «Құтты қонақ қонса, қой егіз табады, құтсыз қонақ қонсе, малыңды қырсық шалады» деген, қызыл тұсақ үйелеп өліпті, бала құтсыз қонақ болдың. Енді үйімнен кет! -деп ызғар шашады. Сонда Сырым бала:
- Олай болса, биеке, - депті. Құтты қонақ қонса, малы өліп, басы аман қалады, құтсыз қонақ қонса, өзі өліп малы иесіз қалады дейді. Мөңке би баланың бұл сөзіне аң-таң болыпты да:
- Рас, айтасың балам, сен шынында құтты қонақ екенсің, - деп оған сый-сияпат көрсетті.
Алдар би мен Сырым
Сырым үлгі алып, ұстаз тұтқан батырлар мен шешендер үлгілі сөз үйретіп қана қоймай Сырымның тапқырлық сөздерін, өжеттік ерлік істерін, құптап, көтермелеп отырған. Алдар би Сырымның алдынан шығып:
-Қарадан хан болдың,
Айырдан нар болдың,
Жоқтан бар болдың.
Көнеден дәурен озды,
Көндей боп қамқа тозды,
Атадан ұл озды.
Анадан қыз озды - деп тақпақтап қарсы алады. Сонда Сырым:
Қарадан хан болсам,
Халқым қалаған болар.
Айырдан нар болсам,
Атым жараған болар.
Көнеден дәурен озса,
Жасы жеткен болар.
Көндей боп қамқа тозса,
Дәурені өткен болар.
Атадан ұл озса,
Еркіндігі болар.
Анадан қыз озса,
Еркелігі болар- деп жауап береді.
Әрине, Алдардың сөзі - мақтау, оны Сырым жақсы түсінеді. Батыр масайрап бас шұлғымай, шешендік жұмбақтың шешімін тауып өзіне айтылған мадақтауды ел-жұртының атына аударады.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Сырым Датұлы 1712-1802 ж. ж.
2. Сары би мен Сырым
3. Мөңке би мен Сырым
4. Алдар би мен Сырым
5. Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Т. Садықов. «Қазақтың шешендік сөздері». Алматы 1997ж
2. А. Нұрпейісова. «Тіл мәдениеті курсы». Талдықорған
3. М. Әлімбаев. «Өрнекті сөз ортақ қазына». Алматы 1977ж
4. Шынбатыров Ә., Жарқынбаев Т. Шешендік сөздер, ақындық толғаулар. Алматы: 1985
№ 4 Практикалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сырымның әңгімелері
1. Сабақтың жоспары:
1. Балтабай Адамбаевтың Сырым батырдың шешендік өнерін зерттеуі туралы
2. Малайсарының және Сырымның сөздері
3. Сырымның шешендік өнері
2. Сабақтың мақсаты: Студенттерді Сырым шешеннің өмірімен таныстыру, халық алдында өтеген қызметін білгізу. Шешендік өнерін үлгі етіп практикалық іс-дағдысында қолдануға үйрету.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz