Шебердің қолы ортақ: 7-8 сыныпқа арналған ұлттық қолөнер мен шығармашылық сайыс сабағы

Тақырыбы: Шебердің қолы ортақ

Сабақтың мақсаты:

Жарысу арқылы оқушылардың бәсекелесу қабіцлеттерін дамыту, жылдам шешім қабылдауға, ойларын жинақтап, қорытынды жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Білімділік мақсаты:

Алған білімдерін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай

білуге, үнемділікке, біткен іске талдау жасай білуге, ойлампаздыққа үйрету.

Дамытушылық мақсаты:

Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау қабілеттерін, өнерге қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттырып, бұйым жасау түрлеріндегі іс -әрекетке білімімен шеберліктерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:

Бұйымның тиімділігімен қажеттілігін түсініп, топтастыра отырып эстетикалық шығармашылықпен жұмыс істеуге, шеберліктерін арттырып, нәзіктікті сезіне

білуге, бұйымды істеу кезінде уақытты тиімді пайдаланып, жинақылыққа,

төзімділікке, икемділікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Дәстүрден тыс сайыс сабақ

Пән аралық байланыс: Геометрия, қазақ тілі, валеолегия, т. б.

Сабақ әдісі: Сайыс сабақ

Құрал - жабдықтар: Жіп, тақтай, пішақ, қайшы, түрлі-түсті қағаз, т. б.

Сабақтың өтілу барысы: Сабақта оқушыларды екі топқа бөлу арқылы

сайыс сабағын өткізу. Сайыс 7 кезеңнен тұрады. 7-8 сынып оқушылары арасында, әр топтан 6 қыздың қатысуы арқылы, кщмандаға ат беру.

Топтардың аты: «Іскер» тобы, «Шебер» тобы.

1-кезең . Тоқыма өнері.

2 - кезең. Мақал - мәтел жарысы.

3- кезең. Оюшылар текемет оюын ояды.

4 - кезең. Ұлттық қолөнерге байланысты, қоржыннан әр топ бес сұрақты алып жауап береді.

5 - кезең. Құрақ құрау.

6-кезең. Әр топ мүшелері топтарына аттарына байланысты бір -біріне сөз жұмбақтар беріп, оны шешеді.

7 - кезең. Салат жасау.

Қорытынды бөлім: Әділқазылар алқасы әр топтың жұмыстары бағалап, толықтыратын жерлерін көрсетеді, жеңімпаз топты анықтайды. Оқушылардың еңбегіне қарай орындар беріп марапатталады.

Сабақтың көрнекіліктері:

« . . . Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді . . . Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, сондай рахмет табу, соның рақатын көру біздің мақсатымыз болып табылады».

Әл - Фараби

«Жастық шаққа өнер тән, өнерлінің ісі сән».

«Еңбек үйренемін десең жерікпе».

«Баппен бастап, талғаммен аяқта».

Осы қанатты сөздер көрнекті жерге ілінеді.

Жүргізуші:

Уа халқым аманбысың, армысың, Артық емес, үйренде жирен деген

Көңілі көктем арулары бармысың. Бос қалып бұл өмірде жүмеші жай.

Мерекеге сән беретін аруларды Туған халқым өнерің ұрпаққа үлгі,

Мына отырғпн көрерменім қолдасын. Көңілі көктем, әрқашан жаны ізгі.

Болады қыздың аты затына сай, Салт-дәстүрі митас болып бізге жеткен,

Ниет етсеңболуға өнерге бай. Асқан өнер жасампаз қалған мәңгі.

Халқымыз «Шебердің қолы ортақ» деген, он саусағынан өнері тамған «Іскер» тобы мен «Шебер» тобының өнерін көрейік.

Күй: «Көңіл толқыны» С. Тұрысбеков.

Сайыстың бағдарламасын мен таныстыру. 2-топтың басшылары ортаға шығып, өз топтары мен таныстырады. Тілек жолдауларын айтып, эмблемалары жайлы түсінік береді.

Жүргізуші:

Тоқыманың өрнегі бар қаншалықты, Біреуі жүнін түтіп, жіп иірісе,

Киімге біреулері өрнек сапты. Біреуі жібін бояп тамсаныпты.

1. Қазақ халқында «Өнерлінің қолы алтын» леген сөз бар, 2 топтың тоқымашыларын ортаға шақырамыз. (7 минут) .

2. Салт - дәстүрге байланысты мақал - мәтел жарысы. (5 минут)

3. Түрін-ай текеметтің! Асыл қандай!

Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай Тұрғандай ана көңілі тербеп мені,

«Келе ғой қошақаным өзіме!» деп, Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан

Әжем деп сипағандай шашымды жай. Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері.

Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі. 4. «Ою ойғанның ойы ұтқыр» - ортаға

оюшы қыздарды шақырамыз. Әр бұйымның өзінің ою - өрнегі болады. Қыздар текемет оюын ояды. (5 минут)

Ұлттық қолөнерге, салт - дәстүрге байланысты сұрақтар сайысы.

1. Ұлттық өрнек.

1. Қазақтың қыздарының бас киімі. (Сәукеле)

2. Киізден сырып, оюлап жасаған төсеніш. (Сырмақ)

3. Іс тіккенде саусаққа киетін құрал. (Оймақ) 4. Ең көне ою. (Қошқар мүйіз)

5. Жеңсіз жеңіл киім. (Камзол)

6. Кестеге арналған матаның аты. (Шыт)

7. Сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. (Түскиіз) .


Ұқсас жұмыстар
7-сыныпқа арналған технология пәнінің дәстүрден тыс сайыс сабағы Шебердің қолы ортақ
Шебердің қолы ортақ: шығармашылық еңбек, топтық ынтымақтастық және техникалық қауіпсіздік дағдыларын дамыту
Шебердің қолы ортақ: аспаздар мен тігіншілер апталығындағы студенттердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын көрсету
Өнерлінің өрісі кең: 5-8 сыныптардағы ұлттық қолөнер мен технологиялық шығармашылық көрмесі
7-сыныпқа арналған технология мен ағылшын тілінің кіріктірілген сабағы: кесте тігу, қолмен тоқу және құрастыру арқылы ұлттық қолөнер бұйымдарын дайындау
Өнер өрге жетелейді: ұлттық салт-дәстүр мен қолөнер арқылы тәрбиелеу
Зергерлік өнер мен ұлттық қолөнер: сынып сағатының оқу-тәрбиелік жоспары
Ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың іскерлігін қалыптастыру
5-сыныпқа арналған математика сабағы: Ең кіші ортақ еселік
7-8 сыныптарға арналған Физика заңдары мен информатика негіздері тақырыбындағы сайыс сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz