Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Ұлы жеңіске – 65 жыл Ер есімі –ел есінде

№ 1 орта мектеп

(Ашық тәрбие сағаты )

Өткізген: С.Ә.Шаншарова
4 «а» сынып

Шалқар қаласы
2010 жыл

Ұлы жеңіске – 65 жыл

Ер есімі –ел есінде
Тәрбие сағаты

Мақсаты : 1. Ұлы жеңісті дәріптеу , өз Отанын, елін ,туған жерін сүю ,
туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай
білуге тәрбиелеу.
2. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата –бабаларымыздың ерлік істерін
қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.

Соғыс шежіресі туралы деректер беру:

1941 жылғы 21 маусымда Адольф Гитлер Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл
жасады.
***
Соғыс басталған соң үш күннен кейін композитор А.А.Александров өзінің
атақты «Қасиетті соғыс » әнін шығарды. Бұл ән Кеңес жауынгерлерінің Гимніне
айналды.
***
Кеңес Қызыл Армиясының Бас Қолбасшысы И.В.Сталин жау Мәскеуге таялғанда
үкіметті Куйбышев (Самара ) қаласына көшіріп, өзі Кремілде қалды.

***
Ленинград қаласы жау әскерінің қоршауында қалғанда қазақтың халық ақыны
Жамбыл «Ленинградтық өренім » деген өзінің атақты толғауын шығарды. Бұл
өлең қаланың әрбір ғимаратына, әрбір үйдің қақпасына ілініп, Ленинград
тұрғындарына өршіл рух берді.

***
Соғыста жауға қарсы атылған әрбір 10 оқтың 9- ының қорғасыны Қазақстанда
өндірілген.

***
Атақты палуан Қажымұқан Мұңайтбасұлы өз қаржысына самолет жасатып, майданға
тарту өтті.

***
Кеңестік Шығыстан соғысқа қатысқан екі әйел адамға Кеңес Одағының Батыры
атағы берілді. Оның екеуі де қазақ - Әлия мен Мәншүк.
Естай: Құрметті ұстаздар мен құрметті қонақтар «Ер есімі –ел есінде» атты
тәрбие сағатын бастаймыз.

Айнұр: Бүгін Жеңіс күні –адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен
-1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.

Фатима: Жеңіс күні өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме?
Бірақ, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ.

Айнұр:
Адам –тарих! Адам кешкен жолын ұқ,
Неше ұрпақ күнтізбектен алындық.
Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық.
Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық.

Назерке :
Сұрапылдан дауа таппай шерленген,
Әлем демін әрең алды шеңберден,
Ажыратып қанды қара шеңгелден,
Жарып шықты қарғыс пенен тозақтан.

Естай: Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді
қара түнге айналдырмақ болды. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия кеңес
Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Бұл халық үшін ауыр кезең болды.

Айнұр: Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бецбітшілік бағына сұрапыл
соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер
азаматтары майданға аттанды.

Естай: Еңкейген кәрі , өмірдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, Отаны үшін
арпалысты.
Ақмарал : Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқандар:
Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Нүркен Әбдіров, Сергей Луганский, Жұмағали
Саин, Талғат Бигельдинов, Мәлік Ғабдулин.

Гүлбақыт: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан
Қошқарбаев сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді,
апаларымызды тарих бетінде «Батыр » деп жазып кетті.
Дастан Ерлер есімі еліміздің мәңгі есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері
үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер
азаматтар естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырады. Бүгін сол
боздақтардың рухына бас иіп, еске алайық (1 минут үнсіздік )

Еркебұлан:

Сүйінші, халқым, сүйінші!
Беліңді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете,
Жасалған той мереке!

Жансая:
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Қорытынды:

Армысыздар ,кешіміздің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен жыр, өлең мен күй,
Сіздер үшін алуан өнер шашулары.

Жеңімпаз қайран ерлер!

Жау тиіп ел шетіне,
Әлемді бұлт торлаған.
Ерлік –қып өз бетінше,
Жауынан ел қорғаған.
Ардагер, майдангерлер .
Жеңімпаз қайран ерлер.
Сендерді пірі тұтып,
Құшағын жайған- елдер.
Құрбан қып ұл-қыздарын,
Шер жұтты –«жан-ұялар »-
Сұрапыл сол жылдардың
Куәсі қариялар.
Елімнің елдігіне,
Себепші қариялар.
Сендердің ерлігіңе
Жүректе ән-ұялар
Көрме деп біз көргенді,
Соғыстың зұлматтарынБақытты күнді ертеңгі.
Тілеуімен жүр қарттарым.
Бір туар ірі тұлға.
Сендерге қылар сый көп.
Әттең- ай жылдан жылға,
Қатарың барады сиреп -?!

Д. Оралбаев

Сөз кезегі кештің қоңақтарына беріледі.

Ұқсас жұмыстар
Ер есімі – ел есінде жайлы ақпарат
Сабақтың тақырыбы. Сабақтың әдісі
«ер есімі-ел есінде». ұлы жеңіс күніне арналған мерекелік концерт
Ер есімі- ел есінде. ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған
Ер есімі – ел есінде туралы ақпарат
Жеңістің туын тіккен
Ер есімі ел есінде .Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру
Батырдың мінезі
Ер есімі - ел есінде сценарий
Отан ордені
Пәндер