Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Сөздердің байланысу түрлері жайлы

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БӘЙДІБЕК АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН ҰЛТТЫҚ
БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЯРЛАУДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН
КЕДЕРГІЛЕР ЖӘНЕ ОДАН ШЫҒУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

(ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК
КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ)

2011 ЖЫЛ

БӘЙДІБЕК АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ
Ғ.МҰРАТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН ҰЛТТЫҚ
БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЯРЛАУДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН
КЕДЕРГІЛЕР ЖӘНЕ ОДАН ШЫҒУДЫҢ ТИІМДІ
ЖОЛДАРЫ

2011 жыл

Бәйдібек аудандық білім бөлімі, әдістемелік кеңесінің
"---------" ---------20----------жылғы №--------шешімімен таратылған

Құрастырушы:
Бәйдібек аудандық білім бөлімінің әдістемелік
кабинет әдіскері Т. М. Рысбекова.

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықта
Ғ. Мұратбаев атындағы жалпы орта мектептің қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әкімова
Гүлчехраның шығармашылық еңбектері жинақталған.
Әдістемелік нұсқау қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған.

© Г. К. Әкімова

КІРІСПЕ

Елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың
қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры –
ұстаздың қолында.
Н.Ә. Назарбаев.

ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз
делінген Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында.
Білім ордасында толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын
толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан болашақта жақсы маман, білімді
азамат шығары анық. Себебі, біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр жан- жақты
дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіні әділ баға бере алатын, өзіне
сенімді, Отанының әлеуметтік – экономикалық жағынан дамуына үлесін қоса
алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.
«Ел боламын десең - бесігіңді түзе» - деп заманымыздың заңғар
жазушысы М. Әуезов айтқандай, ел болашағы жасөспірімдердің сапалы білімі
мен саналы тәрбиесіне тікелей байланысты. Егемен еліміздің тірегі-
білімді ұрпақ. Баламен тіл табысып, оның бойына білім нәрін себетін басты
тұлға- ұстаз. Ұлы Абай атамыз айтқандай, білімімен теңессе ғана ұлттар
теңесе алады.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім
беру саласына қойылып отырған заман талабы- шығармашылықпен жұмыс істей
алатын, қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру.

ӘКІМОВА ГҮЛЧЕХРА КӘРІМҚЫЗЫ

Ғани Мұратбаев атындағы жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Әкімова Гүлчехра өз пәнін жетік меңгерген озық тәжірибелі
маман.Ол оқу тәжірбие үрдісінде бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке
жету жолындағы биік талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқытуды білім беру
және тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді мақсат
тұтқан мұғалім.
Мұғалімнің «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұлттық біріңғай тестілеуге
даярлаулда кездесетін кедергілер және одан шығудың тиімді жолдары» атты іс-
тәжірибесі мұғалімдердің тамыз маслихатында мақұлданып,аудан көлемінде
таратылды.
Озық тәжірбиелі мұғалім сапалы білім,саналы тәрбие беру жолындағы
еңбегі үшін бірнеше рет аудандық білім бөлімінің мақтау грамотасымен
марапатталған.
Мұғалім қазіргі таңда іс-тәжірибесі мен шәкірттеріне деген
сүйіспеншілігін біріктіру арқылы жаңа дәуірдің жаңа талабына сай
шығармашылықпен жұмыс жасауда.
Қазақ тілі пәнінің ҰБТ-ға енгізілуі - тіл мәртебесін көтеретін факторлардың
бірі, мемелекеттік тілді қолдану мен дамытуды жүзеге асырудың сара жолы
Елімізде білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру
жүйесін құру мақсатында республикамызда ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)
енгізілгеніне де бірнеше жыл болды. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)
– жаңа технологияға негізделген мектеп бітірушілерді қорытынды
мемлкеттік аттестациялау және жоғарғы оқу орнына түсу емтихандарын
қоса атқаратын білім сапасын бағалаудың ерекше жүйесі екені
баршамызға белгілі.
Қазір ғылым мен техниканың дамыған кезінде , алдымызда
отырған шәкірттер білімді терең қажет етеді. Олар бізден көп
нәрсені талап етеді. Біз бір пәнге дайындалғанда олар 5 – 6 пәнге
дайындалады. Тақта мен бор ғана тұратын сабақтар оларға қызықты
емес. Заман талабынан артта қалмай оқушы алдында барлық жақтан
хабарың, өз біліміңді олардың бойына бере алатындай болуымыз керек.
ҰБТ – ке даярлауда менің көп ізденуімнің қажет екенін
түсіндім . Оқушылармен әрдайым бірлікте отырып, жаңа тақырыпты
меңгеру, әрбір өтілген тақырыпты тест сұрақтарымен байланыстыру,
негізгі қажетті деген сөздерді түрлендіре отырып, сұрақтар қойдырта
білу, әрбір сұраққа дұрыс жауап бере білуге, дұрыс жауапты есте
сақтап қалуға үйрету негізгі міндетім болды.

Негізгі міндеттер:

1 Қазақ тілінің салалары бойынша жоспар құру.
І бөлім : фонетика.
ІІ бөлім : лексика
ІІІ бөлім: морфология
ІҮ бөлім : синтаксис
Ү бөлім : пунктуация

2.Әр салаға байланысты тақырып бойынша түсіндіру жұмыстары.
3. Оқулық бойынша тапсырманың нақты орындалуы.
4. Әрбір сала бойынша тест сұрақтарын ұйымдастыру.
5. Тест сұрақтары арқылы оқушының қай тақырыпты дұрыс меңгере
алмағандығын анықтау.
6. Мониторинг бойынша қорытынды шығарып отыру.
Мысалы, фонетика саласында:
1 – сабақта : Қазақ тіліндегі алфавиттік жүйе , дауысты , дауыссыз
дыбыстар түрлерін өткенде өзім түсіндіріп өтемін.
2 – сабақта : Осы өтілген тақырып бойынша жаттығу жұмыстары .
Сөйлем ішіндегі сөздерге, дыбыстарғафонетикалық талдау.

|Сөз |ашық |қысаң |жуан |
|1 |Тіл дыбыстары. |лекция |1 |
| |Қазақ әліпбиі | | |
|2 |Дауысты дыбыстардың түрлері. |интеграция |2 |
|3 |Дауыссыз дыбыстардың түрлері.|семинар |2 |
|4 |Буынның түрлері |Білімді тексеру |2 |
|5 |Тасымал |лекция |1 |
|6 |Үндестік заңы |Ізденіс |2 |
|7 |Орфография мен орфоэпия |Семинар |2 |
|8 |Екпіннің түрлері |Лекция |2 |

2.Лексика
|1 |Сөз бен мағына |Семинар |1 |
|2 |Сөздің тура және ауыспалы |Сайыс |2 |
| |мағынасы. | | |
|3 |Көп мағыналы сөздер |Пікірсайыс |2 |
|4 |Омонимдер |Саяхат |2 |
|5 |Синонимдер |Семинар |2 |
|6 |Антонимдер |Білімді тексеру |1 |
|7 |Эвфемизм |Лекция |1 |
|8 |Тұрақты тіркестер |Дебат |2 |
|9 |Мақал-мәтелдер |Пікірсайыс |1 |
|10 |Көнерген сөздер |Лекция |1 |
|11 |Диалект сөздер |лекция |1 |
|12 |Кәсіби сөздер |Семинар |1 |
|13 |Термин сөздер |Лекция |1 |

3.Сөзжасам
|1 |Түбір мен қосымша |Сайыс |2 |
|2 |Дара сөздер мен күрделі |Саяхат |1 |
| |сөздер | | |
|3 |Біріккен сөздер |Ізденіс |1 |
|4 |Қос сөздер |Лекция |1 |
|5 |Тіркесті сөздер |лекция |1 |
|4. Морфология |
| |Зат есімдердің жасалу |Қорыту |2 |
| |жолдары. | | |
| |Деректі және дерексіз зат |Ізденіс |2 |
| |есідер | | |
| |Сын есімдер |Лекция |1 |
| |Сын есімдердің жасалу |Лекция |1 |
| |жолдары | | |
| |Сапалық және қатыстық сын |Жарыс |1 |
| |есім | | |
| |Сын есімнің шырайлары. |Білімді тексеру |2 |
| |Сын есімдердің түрлері. |Семинар |2 |
| |Есімдіктердің түрлері |Ұжымдық |2 |
| |Етістіктің түрлері |Лекция |2 |
| |Сабақты және салт етістік |Ізденіс |2 |
| |Етістің түрлері. |Саяхат |2 |
| |Есімше |Лекция |1 |
| |Көсемше |Лекция |1 |
| |Тұйық етістік |Семинар |1 |
| |Үстеудің түрлері |Қорыту |2 |
| |Еліктеу сөздер |Дебат |2 |
| |Одағай |Қорыту |1 |
| |Көмекші есімдер |Семинар |1 |
| |Көмекші етістіктер |Лекция |1 |
| |Шылаудың түрлері. |саяхат |2 |
|5.Синтаксис |
| |Күрделі сөздер |Лекция |1 |
| |Тұрақты тіркестер |Семинар |1 |
| |Сөздердің байланысу |Ізденіс |1 |
| |тәсілдері | | |
| |Сөздердің байланысу түрлері |Лекция |1 |
| |Сөз тіркесі білдіретін |Ізденіс |2 |
| |синтаксистік қатынастар | | |
| |Сөйлемнің түрлері |Семинар |2 |
| |Сөйлем мүшелері |Сайыс |2 |
| |Бастауыш |Саяхат |2 |
| |Баяндауыш |Лекция |2 |
| |Толықтауыш |Семинар |2 |
| |Анықтауыш |Ізденіс |2 |
| |Пысықтауыш |Қорытынды |2 |
| |Айқындауыш мүшелер |Біліді бекіту |2 |
| |Бірыңғай мүшелер |Лекция |1 |
| |Оқшау сөздер |Лекция |1 |
| |Жай сөйлемнің түрлері |Семинар |1 |
| |Атаулы сөйлем |Лекция |2 |
| |Құрмалас сөйлем. Салалас |Лекция |1 |
| |құрмалас сөйлемнің түрлері | | |
| |Сабақтас құрмалас сөйлемнің |Ізденіс |2 |
| |түрлері | | |
| |Аралас құрмалас сөйлем |Ізденіс |2 |
| |Құрмалас сөйлемнің тыныс |Білімді тексеру |2 |
| |белгілері | | |
| |Төл сөз бен төлеу сөз |Лекция |1 |
| |Төл сөз бен автор сөз |Лекция |1 |
|6. Пунктуация |
|1 |Сөйлем соңына қойылатын |Лекция |1 |
| |тыныс белгілері | | |
|2 |Сөйлемнің ішіне қойылатын |Лекция |1 |
| |тыныс белгілері | | |
|7. Стилистика |
|1 |Ауызекі сөйлеу стилі |Семинар |1 |
|2 |Көркем әдебиет стилі |Ізденіс |1 |
|3 |Публицистикалық стиль |Шығармашылық |1 |
|4 |Ресми іс қағаздар стилі |Ізденіс |1 |
|5 |Ғылыми стиль |ізденіс |1 |

Жоғарыда аталған сөзімнің нақты айғағы ретінде ҰБТ-ке дайындық
курсының бірнеше сабақ үлгісін ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың сөздердің байланысу түрлері
туралы алған білімдерін нығайту,бір жүйеге келтіріп қорыту,теориялық
білімін бағалау.
Дамытушылық: ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық,ізденімпаздық
қасиеттерін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,өз ойын тиянақты жеткізуге
дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды туған тілі-қазақ тілін қүрметтеуге, дамытуға,
адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,тірек сөздер,тірек сызбалар,кесте.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.
2.Үйге берілген тапсырманы сұрау.
3. Жаңа сабақ.
4. Жаңа сабақ бойынша жаттығу.
5. Сабақты пысықтау.
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма.
Үй тапсырмасын сұрау.

1.Сұрақтар:
1.Сөздердің байланысу тәсілдері қандай?
2.Сөздердің жалғау арқылы байланысу тәсіліне он сөз тіркесін жаз(2
мин.)
1. Шылаулар арқылы байланысқан сөз тіркестерін жаз.
2. Орын тәртібі арқылы байланысқан он сөз тіркесін жаз.
3. Интонация арқылы байланысқан сөздер.

2. Көркем шығармадан жазып келген сөйлемдердегі сөздердің байланысу
тәсілін талдау.Мысалы: Аймен аталас емеспіз,күнмен баталас емеспіз,бұлтпен
туысқанымыз жоқ,сол күні жауған жаңбырмен жуысқанымыз жоқ.

Сөз тіркесі Байланысу тәсілі

Аймен аталас Ай+мен көмектес септік
жалғауы
Күнмен баталас Күн+мен көмектес септік
жалғауы
Бұлтпен туысқанымыз жоқ Туыс-қан-ымыз т.ж 1 жағы
Жаңбырмен жуысқанымыз жоқ жаңбыр+мен көмектес септік жалғауы
Сол күні жауған орын тәртібі арқылы.

Аталас емеспіз орын тәртібі арқылы

Жаңа сабақ: Сөздердің байланысу түрлері

|(1) Қиыса |2.Матаса |3.Меңгере |4.Қабыса |5.Жанаса |
|байланысқан |байланысқан |байланысқан сөз |байланысқан |байланысқан |
|сөз тіркестері. |сөз |тіркестері. |сөз |сөз |
|қиысу |тіркестері. |меңгеру |тіркестері. |тіркестері. |
| |матасу | |қабысу |жанасу |
|Баяндауыштың |Біріншісі зат |Барыс, табыс, |Орын тәртібі |Орын тәртібі |
|бастауышпен жақ |есім немесе |жатыс, шығыс, |жағынан |жағынан |
|жағынан үйлесе |затталған сөз|көмектес септік |іргелес тұру |іргелес тұрып |
|байланысқан түрі.|ілік септік |жалғаулары мен |арқылы |та, алшақ |
| |жалғауында, |септеулік |байланысқан |тұрып та |
| |екінші сөз |шылаулар арқылы |түрі. |байланысуы. |
| |тәуелдік |байланысқан | | |
| |жалғауында |түрі. | | |
| |келу арқылы | | | |
| |байланысу. | | | |
|Санжар өлеңді |Ана тілі-бұл |Экологияны |Мәліктің |Шақырылған |
|жақсы айтқанмен, |атаңның, |сақтайық, соған |талдырмаш жас|қонақтар |
|өзін көрсете |анаңның тілі, |ат салысайық. |денесі баяғы |кештете келді.|
|алмай жүр. |туған | |сол арықтау | |
| |халқыңның | |қалпында. | |
| |тілі. | | | |
|Санжар көрсете |Атаңның тілі |Экологияны |Талдырмаш |Кештете келді |
|алмай жүр |Анаңның тілі |сақтайық |денесі | |
| |Халқыңның тілі| | | |
| | | |сын есім |үстеу |
|бастауыш |Ілікжалғаулы |табыс |зат есім |етістік |
|баяндауыш |тәуелдік |жалғаулы | | |
| | |етістік | |жанасу |
|қиысу |сөз |сөз |арықтау | |
| |жалғау |етістікті |қалпында | |
| |III |меңгеру | | |
| |Жағы | | | |
| |матасу | |сын есім | |
| | | |зат есім | |
| | | |есімді қабысу| |

Тапсырмалар:

1 –тапсырмасы.
1.Мәтіннің мағынасын түсініп оқы.
Мәтін ішінен сөз тіркестерін жасап,байланысу түрін анықта.

Естілген сөзді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі-көкірегі
байлаулы берік болмақ керек; екінші-сол нәрсені көргенде, я естігенде
ғибратлану керек, көңілденіп, тұншығып, ынтамен ұғу керек. Үшінші-сол
нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек.
Төртінші-ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.

А. Құнанбайұлы.

Отыз бірінші сөз.

Үлгі: Естілген сөзді қабысу есімді;

2 -тапсырмасы.

1) Сөйлемді дұрыс құра.
Сөздердің байланысу түрін анықта.

а) болса, ауылында, қарияң,

тең, хатпен, қойған, жазып

б) жетпіс, де, адамға, өнер, жігіт, аз

в) інінен, сөйлесең, жылан, жылы - жылы, шығады.

2) Сөздердің байланысу түрін сызба түрінде көрсетіп түсіндір.

3-тапсырмасы

1) Бүгінгі сабақ барысы туралы ой толғау жазу.

2) Шығарма тақырыбы:

1. Адал достық.
2. Табиғат аясында.
3. Басты байлық - денсаулық.
ТАПСЫРМА: СУРЕТТЕ

Салыстыр /кубизм стратегиясы бойынша/

4 4

1. Суретте. Өз досының бейнесі.
2. Салыстыр. Сөздердің байланысу тәсілдерін салыстыр.
3. Суретте. Табиғат көрінісі.
4. Салыстыр. Сөздердің байланысу түрлерін салыстыр.
«ТОПТАУ» СТРАТЕГИЯСЫ:

ТЕСТПЕН ЖҰМЫС

1. Матасуды табыңыз.
А. Он күн. Д. Жылы сөз.
В. Көкке қарады. Е. Қаланың іші.
С. Ұзын бойлы.
2. Есімді қабысу.
А. Қара шашты Д. Дауыстап сөйледі
В. Жоғары шықты. Е. Жақсы оқиды.
С. бырт-бырт үзді
3. Меңгеруді белгіле.
А. Жас-кәрінің тілегі Д. Ертелі - кеш
дайындалды.
В. Ұлжан да күлді. Е. Бақытты
болашақ.
С. Бөжейді жоқтады.
4. Қиыса байланысқан сөз тіркесі.
А. Бағдарлап қарады. Д. Бірге дайындалды.
В. Отанға оралу. Е. Сәбит
дайындалды.
С. Жіп-жіңішке темір.
5. Жанасуды тап.
А. Күз аспаны. Д. Қалың кітап.
В. Үй іші. Е. Сіз
барасыз.
С. асығып-үсігіп киінді.
6. Орын тәртібі арқылы байланысқан сөз тіркесі.
А. Хат арқылы жеткізді. Д. Туған жерге.
В. Ұстазымнан үйрендім. Е. Абайды оқыдым.
С. Марат-студент.
7. Жалғау арқылы байланысқан сөз тіркесі.
А. Қаз-қатар тізілді. Д. Сен үшін
келдім.
В. Сіздің арқаңызда. Е. Кеңесіп пішкен
тон
С. Екпінді жел.
8. Интонация арқылы байланысқан сөз тіркесі.
А. Тарс-түрс дауыс. Д. Бұл - жігіт.
В. Қып - қызыл көйлек. Е. Қара торы.
С. Оспан кіріп келді.
9. Сөздердің байланысу түрлері қанша?
А. 5 Д. 6
В. 4 Е. 2
С. 3
10. Ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің тіркесуі.
А. Матасу Д. Жанасу
В. Меңгеру Е. Қиысу
С. Қабысу

ТЕСТ ЖАУАПТАРЫН КЕСТЕГЕ МЫНАДАЙ БЕЛГІ БОЙЫНША БЕЛГІЛЕ (•)

| |А |В |С |Д |Е |
|1 | | | | | |
|2 | | | | | |
|3 | | | | | |
|4 | | | | | |
|5 | | | | | |
|6 | | | | | |
|7 | | | | | |
|8 | | | | | |
|9 | | | | | |
|10 | | | | | |

5. Сабақты пысықтау.
6. Оқушыларды бағалау.
7. Үйге тапсырма:
Көркем шығармалардан сөйлем жазып, сөздердің
байланысу түрін ажырату.
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем түрлерін пысықтау

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың құрмалас сөйлем түрлері
туралы білімін тиянақтау, пысықтау.
Дамытушылық: Топпен жұмыс жүргізу арқылы дүниетанымын, ойлау қабілетін
арттыру, шығармашылық ізденісін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды тілді құрметтеуге, алға қарай ұмтылушылыққа,
ынтымақтастыққа баулу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі:интеллектуалды ойын,жаттығулар, ой тастау, топпен
жұмыс.
Пән аралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар,
«Бәйге» ойыны.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) психологиялық дайындық
ә) сабақтың мақсатын, жоспарын, жүру барысын таныстыру.
б) оқушыларды үш топқа бөлу:
I – топ . «Салалас» тобы.
II-топ. «Сабақтас» тобы.
III-топ. «Аралас» тобы.
1) Үй тапсырмасын «Бәйге» ойыны арқылы тексеру.

|20 |40 |10 |50 |30 |
|30 |50 |20 |40 |10 |
|50 |20 |40 |10 |30 |

Ұпай саны 10-50-ге дейін.
1-қатардағы - 20. Жайылма сөйлем.
40. Шартты бағынынқылы сабақтас құрмалас сөйлем деген не? Жасалу жолдары.
10. Жақты және жақсыз сөйлемді салыстыр.
50. Мезгіл бағынынқылы сабақтас сөйлем.
30. ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.
2-қатардағы - 30. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем.
50. Қимыл - сын бағынынқылы сабақтас сөйлем
20. Толымды, толымсыз сөйлемдер.
40. Талғаулы салалас сөйлем.
10. Салалас құрмалас сөйлем.
3-қатардағы 50. Себеп бағынынқылы құрмалас сөйлем

20. Қарсылықты салалас
40. Қарсылықты бағынынқылы сабақтас сөйлем
10. Аралас құрмалас сөйлем
30. Түсіндірмелі салалас
Әр топ мұшелері өздері таңдаған сұрақтарға жауап беріп, ұпайларын алады.

Дұрыс емес жауабын келесі топ мүшесі толықтырады.

2).Қайталауға арналған жаттығулар.

«Салалас» тобына арналған үлестірмелі қағаздағы тапсырмалар: Көп
нүктенің орнына жақшада берілген сөзді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру
керек.
1.Мақтаны көтерген нәзік қыз алаңқайлау аралықпен зыр (жүгіру, келу)...,
жаңа терген мақтасын атып ұрды.
2.Бетіндегі шып-шып теріне мақтаның ұсақ ұлпалары (жабысу)..., беті де
мақта сияқты болып кетіпті.
3.Түнде мылтық (атылу)..., дауысы қатты естілді.
4. Кеше кешке уақытым (болмау)..., сүйікті телехикаямды көре алмадым.

«Сабақтас» тобына берілген тапсырмалар:

Көп нүктенің орнына салалас құрмалас сөйлем болатындай
етіп толықтыр.

1.Бұрын мұрны шолақтау (болу)..., биыл біраз ұзарып қалыпты.
2.Онда талай жастар білім (алу)..., еліміздің әр жерінде еңбекке
араласуда.
3. Қыз кітапты партаға (қою)..., оны оқуға кірісті.
4. Болат қарындасына сыйлық (әперу, келу)..., бірақ ақшасы жетпеді.
«Аралас» тобының тапсырмасы.
1.Абай үйге (кіру).., Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан еді.
2.Күн (шығу)..., ел тұра (бастау)..., - Нұрлан әлі жоқ.
3.Амантай Серғазыларға (ақылдасу еді)..., Жамантайдың науқасының түрі жаман
(болу)... , олар ырық бере қоймады.
4.Білмегенін (білу деп)..., оқушылар ынтығар.
3. «Топтастыру» стратегиясы арқылы білімін тиянақтау

4). Тестпен жұмыс.

Интерактивті тақтада берілген тест сұрақтарымен жұмыс.
1). Шартты бағыныңқылы сабақтасты белгіле.
А. Сөз жүйесін тапқан кезде,мал иесін табады.
В .Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар.
С. Сөз жүйесін тапты, мал иесін тапты.
2). Шартты, қарсылықты, мезгіл бағыныңқы сабақтасқа ортақ қосымшаны тап.
А. -са, -се
В. -ғалы, -гелі
С. –дықтан, -діктен
3). Талғаулы салаласқа тән қатарды көрсет.
А. Соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын талдап түсіндіреді.
В. Жай сөйлемнің біріндегі іс,оқиға екіншісіне қарама-қарсы болады.
С. Жай сөйлемдері бір-біріне тәуелсіз,тек біреуі ғана жүзеге асады.
4). Себеп- салдар мәнді жалғаулық :
А. неге десеңіз, сондықтан, өйткені;
В. неге солай, солай, осылай;
С. біресе айтты, кейде айтпады.
5). Сабақтас пен салаласқа тән ортақ термин:
А) ыңғайлас ;
В) қарсылықты;
С) түсіндірмелі.
6). Мақсат бағыныңқы сабақтас.
А .Ойын аяқталған соң, Санжарлар үйге қайтты.
В. Жұмысын ерте бітіргендіктен,қосымша тапсырма бердім.
С. Келгендердің бәрі разы болсын деп, жан-тәні қалмай қалбалақтауда.
7). Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.
А. Олар теңізге ерте шықты,бірақ жолы болмады.
В. Ұлберген кедей болғанымен,киім-кешегін таза ұстайтын.
С. Теңіздің суы мөп-мөлдір екен.
8). Кезектес салалас сөйлем.
А. Клубта кейде кино болады,кейде қызықты баяндамалар оқылады.
В. Түнгі кезекте болғандықтан ,шаршап та отырмын.
С. Арман өлеңді жақсы айтқанымен, өзін көрсете алмай жүр.
9). Түсіндірмелі салаласты тап.
А. Оларда пасықтық бар, - адамдық жоқ.
В. Тұманның қалыңдығы сонша - түк те көрінбейді.
С. Гұлбаршын сәлем беріп еді,- ол қырын қарап кетті.
10). Ынғайлас мәнді жалғаулық.
А. Бірақ,дегенмен;
В. Алайда, неге десеңіз;
С. да, әрі, және.
Сабақты қорытындылау. Салыстыру:
Интерактивті тақтаға қаламұшпен әр топтың
бір мүшесі өздерінің шеңберін толтырады

САЛАЛАС САБАҚТАС АРАЛАС

ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ

1-топ «Салалас» тобы -

2-топ «Сабақтас» тобы -

3-топ «Аралас» тобы -

|Қ/с |Оқушы |Бәйге |Жаттығу |Салыстыру |Тест |Қорытынды |
|1. |Айтбек Қ |30 |10 |- |7 |47 |
| |Ағабек Ұ |100 |10 |10 |10 |130 |

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:

Көркем әдеби шығармалардан бірнеше
сөйлем жазып, синтаксистік талдау жүргізу.
Сабақтың тақырыбы Баяндауыш

Сабақтың мақсаты 1. Білімділік:
Оқушылардың баяндауышқа тән белгілері, жасалу жолдары, сөйлемдегі орны
туралы білімін кеңейту;

2. Дамытушылық:
Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін арттыру, шапшаңдыққа,
байқағыштыққа үйрету.

3.Тәрбиелік:
Алғырлық, сабырлылыққа, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, дәлелдеу, сұрақ жауап, тест
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбалар, бағалау парағы,
сызба-нұсқалар.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушы назарын сабаққа аудару.
Сабақ жоспарымен таныстыру.

1-кезең

2.Үй тапсырмасы.

Сөйлем мүшелері деген не?
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері?
Бастауыштың сөйлемдегі орны, маңызы қандай?
Бастауышқа тән негізгі белгілер?
Басқа сөйлем мүшелерінен ерекшелігі қандай?
Бастауышсыз сөйлем бола ала ма?
Бастауыштың сұраулары
Логикалық бастауыш деген не?
Бастауыштың жасалу жолдары
Сөз таптарының бастауыш қызметінде жұмсалуы.

2-кезең

Интерактивті тақтада берілген сөйлемдерден бастауышты талдау.
Жауынгерлер ақ қар, көк мұз аязды күндер мен түндерді елемей жүріп
келеді.
Жауынгерлер – көптік жалғаулы зат есім; жалпы есім.
Жақсы - ісімен жақсы
Сын есім нөлдік тұлғада заттану арқылы жасалған
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
қатыстық сын есімдер заттық мағынаға ие болып, бастауыштың қызметінде.

3-кезең

Жаңа сабақ: Баяндауыш.
Біріншіден, баяндауыш деген не?
Бұрынғы өткен сабақтарды еске түсіріп, ережесін,сұрақтарын айтып, мысал
келтіреді.

Баяндауышқа тән белгілер:

1. Баяндауыш бастауышқа бағынышты сөйлем мүшесі.
2. Баяндауыш сөйлемдегі ойды тиянақтайды.
3. Баяндауыш бастауыштың әр түрлі қасиетін көрсетеді.
а/ ісін, қимылын
ә/ жай-күйін, заттың сандық, сапасын, мөлшерін,
мекенін, мезгілін
б/ іс-әрекеттің сапасын
в/ қасиетін
г/ амалын
д/ кім екендігін, белгісі мен сапа ретін т.б.
4. Баяндауыш бастауышпен жақ, жекеше, көпше түрде үйлесуі.
5. Предикативтілік білдіруі.
6. Олар екі құрамда болады.
7. Сөйлемнің бас мүшесі болады.
Осы белгілеріне қарай ереже шығару: Демек баяндауыш дегеніміз -
бастауыштың қимылын, ісін, жайын, күйін, заттық, сындық сапасын, санын,
мөлшерін, мекенін, мезгілін, предикативтілік іс-әрекетті білдіріп,екі
құрамда жұмсалатын,
ойды тиянақтап, бастауышқа бағынышты болып тұратын
сөйлемнің бас мүшесі.

Баяндауыштың жасалу жолдарын тірек-сызбалар арқылы түсіндіріп өту

ТАПСЫРМАЛАР:

Тиісті баяндауышты қойып жаз.

1.Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін баяндауышты қойып жаз.
Мен сізбен әлі . . . . . . /сөйлесемін/.
Өзен суы айнадай мөлдір боп . . . /ағады/.
2. Заттық мағынадағы баяндауыш.
Білім берген, нәр берген - . . . /мектебім/.
3. Көсемше тұлғалы баяндауыш.
Әбдірахманның қаладан келгенін естіп, үй-іші . . . . /қуанып
отыр екен/.
4. Сын есімнен жасалған баяндауыш.
Шіркін, туған жерімнің табиғаты . . . / сұлу , көркем/.
5. Сан есімнен жасалған баяндауыш.
Ұлпан биыл . . . /жетіде/.
6. Есімше тұлғалы баяндауыш.
Жұрттың айдаған малы былтырғыдан гөрі . . . /көбейген,
азайған/.
7. Есімдіктен жасалған баяндауыш.
Барым да, нарым да бір . . . /өзің/.
8. Тұйық етістігінен жасалған баяндауыш.
Менің арманым - қалай да осы мақсатыма . . . /жету/.
САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ВЕНН ДИАГРАММАСЫ

Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:
Көркем шығармалардан сөйлемдер жазып, баяндауышты талдау.
Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы

Сабақтың мақсаты:

1/ Білімділік: Оқушылардың үндестік заңы туралы білімдерін кеңейту, шыңдай
түсу, оның түрлерін пысықтау
2/ Дамытушылық:. Өз бетінше ойлау қабілетін, сөздік қорын, тіл байлығын,
белсенділігін, қызығушылығын дамыту.
3/ Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, білімділікке,бір - бірін сыйлауға
тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабағы.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, сұрақ-жауап, тест, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, кесте қағаздар,
Венн диаграммасы, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық
Үй тапсырмасын сұрау.

1. /Деңгейлік тапсырмалар арқылы/
2. Оқушыларды үш топқа бөлу.

1-ші топ: Дауыстылар.
2-ші топ: Дауыссыздар.
3-ші топ: Буындар.
Әр топ өздерінің тақырыбын қорғайды.

1-кезең
1-деңгей

1/ Тіл дыбыстары деген не?
2/ Дауысты дыбыстарға тән белгілер.
3/ Дауысты дыбыстардың түрлерін ажырату, салыстыру.

2-деңгей
1/ Дауыссыз дыбыстардың түрлері.
2/ Дауысты дыбыстармен салыстыру.
3/ Дауыссыз дыбыстарға тән белгілер.
3-деңгей

1/ Буын деген не?
2/ Буынның түрлерін ажырат.
3/ Буын мен тасымал.

2-кезең
Интерактивті тақтада берілген сөздерге фонетикалық талдау. Мысалы.

|Сөз |дауысты |ашық |қысаң |жуан |жіңішке |еріндік|езулік |
|1 |Айтбек Қ |3 |4 |6/3 |10 |3 |+ |
|2 |Атақұл А |4 |4 |8/4 |12 |4 | |
|3 |Әлшер А |3 |4 |9/5 |12 |4 | |
|4 |Бейсенәлі А |4 |5 |8/4 |13 |4 | |
|5 |Бейсенбаев Е|3 |3 |4/3 |9 |3 |+ |
|6 |Ерімбетова С|5 |5 |10/5 |15 |5 | |
|7 |Карбозқызы Б|4 |5 |9/5 |14 |4 | |
|8 |Қожамұрат Н |3 |4 |7/4 |11 |4 | |
|9 |Сәрсенбекұлы|4 |5 |8/4 |13 |4 | |
| |С | | | | | | |
|10 |Тәңірберген |4 |4 |6/3 |11 |3 |+ |
| |Т | | | | | | |
|11 |Омарова Д. |5 |5 |10/5 |15 |5 | |

Үйге тапсырма.

1. 5-сыныпқа арналған оқулық пен басқа кітаптардағы үндестік заңы туралы
жазылған материалдарды салыстыру.

2. Өлең шумақтарындағы дыбыстардың бір-біріне әсерін, ықпалын анықтау.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сайрамбаев Т."Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері" 1991 ж. 92-150б.
2. Мырзабеков С. "Қазақ тілінің дыбыс жүйесі" 1999ж.
3. "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы №7 2007ж.
4. Методикалық газет-журнал басылымдары.
5. Мектептегі 5-11 сыныптарға арналған оқулықтар.
6. " Мектеп " журналы 2010 № 2
7. Қазақ тілі ҰБТ-ке дайындалу тесттері.Шыныбаева А.К. 2009ж
8. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар.
9. "Оңтүстік ұстаздары" газеті
10. "Болашақ" газеті

-----------------------
1

2

3

жалғау арқылы

сөздердің
байланысу
тәсілдері

шылау
арқылы

орын тәртібі арқылы

интонация арқылы

Сөздердің байланысу түрлері

Матасу

Қиысу

Қабысу

Меңгеру

Жанасу

ыңғайлас

қарсылықты

түсіндірмелі

салалас
құрмалас сөйлем.

себеп- салдар

талғаулы

кезектес

қарсылықты
бағыныңқылы

шартты
бағыныңқылы

мезгіл
бағыныңқылы

сабақтас құрмалас
сөйлем

қимыл-сын
бағыныңқылы

себеп
бағыныңқылы

мақсат
бағыныңқылы

1.Синтаксис
2. Құрмалас сөйлем.
3. Бірнеше жай сөйлем.
4. Мағыналық қатысына қарай алты түрі бар.(араласта жоқ)
5. Жұрнақ, шылау, жалғаулықты шылаулар.
6. Тыныс белгілері.

1. Бірінші жай сөйлемнің баяндауышы тиянақты.

2. Екі жай сөйлем тең дәрежеде байланысады.

1.Екі жай сөйлемнің біріншісі тиянақсыз, екінші жай сөйлемге бағынышты.
2.Бағыныңқы, басыңқы сыңары болады.

1.Құрамында кемінде үш
жай сөйлем болады.
2.Салаласып та,
сабақтасып та байланысады.

Баяндауыштың
жасалу жолдары.

Сөйлемнің сөйлем мүшесі болуы арқылы

Дербес мағынасы бар сөз топтарының қатысы арқылы

Негізгі сөз бен көмекші сөз
/көмекші етістік, көмекші есім, модаль сөздер, шылаулар/.

Тұрақты тіркестер арқылы

-ніні,-діні қосымшасы арқылы

Жеке дыбысты сөйлем мүшелері арқылы

Бастауыштың әр түрлі қасиетін білдіреді.

Бастауыш ойдың иесі.

Бастауышқа бағынышты.

Басқа мүшелерге бағынбайды

Бастауыш

Баяндауыш

Синтаксис.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Басқа мүшелерімен синтаксистік байланыста
болады. әр түрлі сөз таптарынан жасалады.

Сөйлемді тиянақтап, аяқтап тұрады.

Атау септігіндегілерге сұрақтары әр түрлі.

Есімше, көскмше тұлғалы.

Жіктеледі, тәуелденеді.

Дыбыс үндестігі

Буын үндестігі

Дауысты дыбыстардың
үндесуі

Дауыссыз
дыбыстардың
үндесуі

1. Кейінгі дыбыстың
алдыңғы дыбысқа әсер етіп,
өзіне тәуелді етуі, игеруі.

2. Прогрессивті ықпалға
қарама қарсы, регрессивті
ықпал.

1.Алдыңғы дыбысының
кейінгі дыбысты өзіне
тәуелді етуі.

2.Прогрессивті
ықпал.

1.Фонетика саласы
2.Дыбыс үндестігі
3.Дауыссыз дыбыстардың үндесуі

4

Ұқсас жұмыстар
Сөздердің байланысу түрлері
Сөздердің байланысу түрлерін табу
Сөздердің байланысу түрлеріне жаттығулар. 7 сынып
«тіл дамыту» қазақ тілі пәні бойынша вариативтік курстың бағдарламасы
Сөздердің байланысу түрлері. Қабысу. Матасу. Жанасу
Сөздердің байланысу тәсілдерін ата
Сөздердің байланысу түрлері. 7 сынып
Сөз тіркесі жайлы ақпарат
Екінші сөйлем
Қазақ тілі туралы
Пәндер