Аминдер туралы

Сабақтың тақырыбы: Аминдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға азотты органикалық қосылыстардың алғашқы өнімі ретінде аминдер туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Молекуладағы атомдардың өзара әсерлесуін анилин мысалында тағы да қайталап, тереңдете түсуі.
Тәрбиелік: Аминдердің алынуына, электрондық құрылысына, негізделе халық шаруашылығындағы маңызына тоқталу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Дәріс.
Пәнаралық, сабақаралық байланыс: Физика, биология.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау:
1. Целлюлоза мен крахмалдың арасында қандай айырмашылықтар бар?
2. Целлюлозаның қасиеттерін айтып беріңіздер.
3. Целлюлоза қайда қолданылады?
4. Көмірсулардың адам тіршілігіндегі маңызы қандай?
III. Жаңа сабақ: Аминдер дегеніміз- аммиак (NH 3 ) молекуласындағы бір, екі немесе үш сутек атомдарының орнын көмірсутек радикалдары басқан өнімдер.
Аминдер аммиак (NH 3 ) молекуласындағы сутек атомдарының орнын басқан радикалдарының санына қарай үш топқа бөлінеді:
Біріншілік
R-NH 2
Екіншілік
R 2
NH
R 2
Үшіншілік
R 1 - N - R 2
R 3
CH 3 - NH 2 C H 3 СН 3 - N - CH 3
метиламин NH
C 2 H 5 C 2 H 5
метилэтиламин диметилэтиламин
- NH2тобы - амин тобы деп аталады. Аминдерді аммиак туындысы ретінде немесе көмірсутек туындысы ретінде қарастыруға болады.
Мысалы,
СН -NH 2 метиламин немесе аминометан
СН 3 - СН - СН 3
NH 2
Изопропиламин немесе 2- аминопропан
Изомериясы: Аминдерде тізбек және радикалдың орналасу изомериясы болады.
1. Көміртек тізбегі изомериясы.
H 3 C
H 3 C C - NH 2
H 3 C
H 3 C - CH - CH 2 - CH 3
NH 2
H 3 C - CH 2 - CH 2 - CH 2 - NH 2
2. Амин тобының орналасуы бойынша
біріншілік, екіншілік, үшіншілік
деп бөлінеді.
CH 3 - H 2 C - N - CH 2 - CH 3
H
CH 3 - N - C 2 H 5
CH 3
C 4 H 11 N
Физикалық қасиеттері: Аминдерлің жеңіл өкілдері - газ тәрізді, аммиактың иісіндей иісі бар заттар. Суда жақсы ериді. Ал молекулалық массалары ауыр өкілдері сұйық немесе қатты күйде болады. Молекулалық массаларының артуымен бірге суда ерігіштіктері кемиді.
Химиялық қасиеттері: Көптеген химялық қасиеттері аммиакқа ұқсайды.
- Ауада жануы:
4CH 3 - NH 2 + 9O 2 🡢4CO 2 + 10 H 2 O + 2N 2
- Суда ерігенде ерітіндісіне лакмус тамызсақ, сілтіге тән реакцияны көрсетеді. Демек, аммоний гидроксиді тәрізді орынбасқан метил аммоний гидроксиді түзілетінін көреміз.
Н H +
. .
СН 3 - N : + Н + ОН - 🠢 СН 3 - N - H OH -
. .
Н
H
CH 3 - NH 2 + H 2 O 🠢 [ CH 3 NH 3 ] + OH -
метиламин метиламмоний
гидрооксиді
- Қышқылдармен әректтесіп, тұз түзеді (бейтараптану реакциясы) .
CH 3 NH 2 + HCl 🠢 [CH 3 NH 3 ] + Cl -
Сондықтан аминдерді органикалық негіздер деп атайды.
IV. Сабақты бекіту:
Үйге тапсырма беру:
- § 27. Аминдер. 127-128 беттер;
- Аминдер деп қандай заттарды айтамыз ?
Аминдердің суда еруін және қышқылдармен әректтесуін қалай түсіндіруге болады? Мысал келтіріңіздер.
3. Пәнге белсене қатысып сұрақтарға тиісті жауап бергені үшін, үй тапсырмасын дәптерге жазбаша орындап және сыныпта айтқаны үшін бағалап сынып журналына, оқушы күнделігіне қою.
V. Қорытындылау: Аммиак молекуласындағы сутек атомдарының орнын көмірсутек радикалдары басқан өнімдерді аминдер деп атайды. Олар: біріншілік, екіншілік, және үшіншілік болып жіктеледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz