Тапқыр достар (Интелектуалды ойын - жарыс)

С. Датұлы атындағы жалпы орта мектебі
мемлекеттік мекемесі
(Интелектуалды ойын - жарыс)
Өткізген: Осимова Н.
Тапқыр достар
(Интелектуалды ойын - жарыс)
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жан-жақты болуға, өзіне деген
сенімділігін қалыптастыруға бейімдеу;
Жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту;
Дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: салт - дәстүрлер туралы суреттер, сандары бар бағандар,
кітап т. б.
Айдана: Армысыздар, ата - аналар, ұстаздар!
Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсететін
ән-жырмен келген «Тапқыр достар» атты интелектуалды ойын -
жарысымызды тамашалайсыздар.
Уа, Халайық, халайық,
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі кеш төрінде
Жұмбақ шешіп, аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып
Көнілді кеш жасайық! - деп алған білім, өлең-жыр, жұмбақ, мақал-мәтелмен өрнектеп, барымызды ортаға салайық. Санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Әділ қазылар біздің
Тыңдап баға беруге
Шақырайық төрге.
Оқушылар екі топқа бөлінеді
«Өнерлер» тобы
«Тапқырлар» тобы
Ұранымен таныстарыды.
- «Өнерлер» тобының ұраны: «Өнермен өрге жүземіз»
- «Тапқырлар» тобының ұраны: «Тапқыр достар біз боламыз»
І сайыс «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Шарты: Командаларға үш әріп беріледі. Әріптерді байланыстырып сұрақтарға жауап беру. (Мысалы Ж, А, Қ әріптері)
«Өнерлер» тобына ( Ж, А, Қ әріптері)
1 сұрақ: Наурыз мерекесі қандай мейрам?
(жаңа жыл, ақ қар ериді, қыс кетеді)
2 сұрақ: Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңыздар?
(жал-жая, айран, қазы-қарта)
3 сұрақ: Кімге еркелейміз? (жолдасыма, анама, қызыма)
4 сұрақ: Тілек айтыңызшы? (жаман болма, қатты болма, ақ жол болсын)
«Тапқырлар» тобына ( Т, Б, С әріптері)
1 сұрақ: Наурыз мейрамының ерекшелігі неде?
(таң тез атады, бүршік жарады, су ағады)
2 сұрақ: Ауылда адасу мүмкінбе?
(бәрі мүмкін, Серік адасты, тіпті мүмкін емес)
3 сұрақ: Арманыңызы не?
( сырға алу, тақия сатып алу, білім алу)
4 сұрақ: Қазақ тілі не үшін керек?
(білім алу, тапқыр болу, сөйлесу үшін. )
ІІ сайыс. Өнерлі өрге жүзер
Көрініс көрсету.
ІІІ сайыс. «Ойлан, тап достар»
Мақалды жалғастыру ойыны
- Ата - асқар . . .
- Үлкенге құрмет . . .
- Аға әдепті болса, . . .
- Денсаулықтың қадірін . . . білерсің
- . . . ауырса қолыңды тый, . . . ауырса аузыңды тый.
- Дені саудың - . . .
ІҮ сайыс. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу.
«Өнерлер» тобына
- Тілдің ұшында тұр. /ұмыту, жеткізе алмау/
- Қас пен көздің арасы. /лезде, тез, жылдам/
- Ауыз жаласу. /жақтасу, болысу/
- Арасынан қыл өтпейді. /өте тату/
- Айдарынан жел еседі. /асқақтап дәурен сүру/
- Көкірегі қарс айрылды. /қайғыру, өкіну/
«Тапқырлар» тобына
- Қабағын қырау шалу. /қартаю/
- Қалпақтау үшу. /құлап түсу/
- Қалтасына сену. /байлығына сену/
- Кең балақ, жалпақ етек. /қолынан іс келмейтін олақ/
- Иін тірескен. /өте көп/
- Жалғанды жалпағынан басу. /молшылықтатүк ойламау/
Ү сайыс. Кім тапқыр?
Бөлімінде екі команда танымдық пен білгірлікпен жауап береді.
Әр топ бір -біріне жұмбақ жасырады, соның тапқан сөзіне мақал құрастырады.
ҮІ сайыс. Өнерпаздар сайысы
Екі топ өз өнерлерін көсетеді.
Өнерге бағынарсың
Жас өнерпаз танылады.
Өнерпаздар арада озып шабар ,
Орын алсын кәне кім бар? - деп өнерпаздарға кезекті береміз.
ҮІІ сайыс. Басқа сөз құрастыру
Мысалы: мата - тама, бұлақ - құлақ .
Өзін өзі тану пәніннен
«Өзіңді тану - өмірді тану» атты апталықтың мерекелік кешіне байланысты өткізілді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz