Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Сен де бір кірпіш дүниеге..

Сен де бір кірпіш дүниеге...
Ән: «Ризамын» Айбанудың орындауында (10 сынып)

І жүргізуші: Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары, бүгінгі кеш қонақтары-
мектебіміздің түлектері.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де-бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта бар қалан-дей отырып бүгінгі мектеп оқушыларының
студенттермен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз.

ІІ жүргізуші: Адамның өміріндегі алтын әріппен жазылар кезең мектеп-ана
құшағында өткен оқушылық күндер және қиындығы мен қызығы мол студенттік
кезең екені сөзсіз. Ол отбасында мәңгі тұрақталып қалар дәуренің емес, ол
сенің патшаның алтын тағына да айырбастауға да келмес.

І жүргізуші:

Ұшырдым жүрегімнен жыр кептерін,

Мерекең құтты болсын түлектерім.

Қол соғып ортамызға шақырайық.

Бүгінгі кешіміздің кейіпкерін-деп кешегі мектебіміздің түлектері, бүгінгі
студент болашақ маман иелерін ортаға шақырамыз.

Студенттерді ортаға таныстырып шығарамыз.

ІІ жүргізуші: Осы кешті оқуыларды мазалап жүрген сұрақтарды
студенттерімізге қою мақсатында ұйымдастырдық. Ал енді оқушылармен
студенттердің арасында сұхбат жүргізейік.

(Сұрақтар біткеннен кейін оқушылар студенттерге логикалық сұрақтарды қояды)

І жүргізуші: Би

Ортаға 4 студент пен 4 оқушыны шақырамыз. Студенттер мен оқушылардың
арасында сайыс өткіземіз.

І бөлім: «Қолғап»

Бірінің артына тұрған сайыскерлер, қолдарына қолғап киіп, 2 жұптан
қарама-қарсы тұрып алып бірі ілгегі ағытулы тұрғанның түймесін салса,
екіншісі салулы тұрған киімнің түймесін ағытуы керек.

ІІ бөлім: «Сөздерді табу»

Сайыскерлерге сұрақ қойылады, мақал-мәтелдің жалғасын табу
тапсырылады, сайыскерлер оларды тауып, әріптерден дұрыс сөзді құрауы үшін
ретпен тұра қалулары керек.

1) 90 минуттік сабақ (пара)

2) Туған жердің ауасы шипа

3) Түйенің баласы (бота)

4) Жеміс-жидек (алма)

5) Ұлы ақын, шын есімі Ибраһим (Абай)

6) Анаға ең жақын (бала)

7) Тау кезеңсіз болмас,

Өлке өзенсіз болмас.

Келесі команда ортаға шыққанша Әлібидің (11 сынып) орындаудағы әнін
тыңдайық.

1) Кітап-асыл қазына.

2) Жабайы шөп егінді аздырар,

Еріншектік-ерді аздырар.

3) Оқу-білім азығы,

Білім-ырыс қазығы.

4) Өнер алды қызыл тіл.

5) Отан оттан да ыстық

6) Үлкенге-құрмет,

Кішіге-ізет.

7) Еңбек етпесең, елге өкпелеме,

Егін екпесең, жерге өкпелеме.

ІІІ бөлім: «Өткелден өтіп, есеп шығару»

Сайыскерлер доппен секіріп барып ілініп тұрған есепті, артқа секіріп
қайту керек. Мұнда есептің дұрыстығы мен шапшаңдылық есептеледі.

ІҮ бөлім: «Әріптер сөйлейді»

Бұл сайыста әр командаға бір-бір әріп беріледі. Әр командадағы
сайыскерлер өздеріне сұрақ қойылған кезде, сол әріптен басталатын сөзбен
жауап қайтару керек.

Ү бөлім «Капитандар сайысы»

Қолдары артқақарай байланған капитандар тарелкедегі алманы жылдам
тауысып жеп қоюлары керек.

Сайыс біткеннен кейін жеңімпаздар анықталы, марапатталады.

Мына қораптың ішіндегі супер-приздің не екенін білгіміз келіп тұр,
сіздерден оны ашып бізге де көрсетулеріңізді сұраймыз. (қағазға жазылған
сөздерді дауыстап оқып берулері сұралады)

ІІ жүргізуші:

Бойына бар сұлулық жиылғандай,

Мүсіні ақ мәрмәрдан құйылғандай.

Жарқ етіп шыға келген ел алдына,

Бишілер ғажап еді биін қандай –дей келе Ажардың орындаудағы «Шығыс» биін
тамашалаңыздар.

Ойын: Ортаға 2 қыз, 2 ер бала шығады. Жүргізуші кез келген киімнің атын
айтады, сол киімді біреуден алып киіп алу керек. Киімдерді киіп болған соң
сән үлгісі көрсетіледі.

І жүргізуші:

Әзіл күлкі жарасар,

Көтеретін көңілді әзіл болса,-демекші КВН-нан үзінді тамашалайық.

Ойын: Ортаға 3 адам шығады. Орындыққа бірнеше кәмпит қойылады. Оның үстіне
отырған адам қанша кәмпит бар екенін анықтауы керек.

ІІ жүргізуші:

Ән қанатың, ән өмірің, әрі леп,

Ұға білсең ой жіберіп мәні көп-дей келе Айбанудың орындаудағы әнін
қабылалыңыздар.

І жүргізуші:

СТУДЕНТТЕР

Студенттер алау жастық 18

Өзгеріссіз 18-ге келсеңіз.

Жарығындай шашыраға жұлдыөдың

Жанарыңды тайдырады көрсеңіз.

Өздерінде аяулы аппақ арман көп

Сөздерінде жамандық жоқ, жалған жоқ.

Студенттің хаттарындай хаттар жоқ.

Студенттің альбомындай альбом жоқ.

Есеп бермес не үміт боп не тұнды.

Өкінсекте уақытқа біз өкіндік.

Көкте бұлттың көкірегінде мекендеп

Жүре тұрған жайдың оғы ескірді.

Өнер білім олар үшін егіздей

Ақ парағы желкендейді кетер деп.

Кітап-кеме білім шалқар теңіздей

Жүрегінен әр кез ізгілеп

Ата алмаймын берген сертті бүзді деп.

Бұлар деген Қзы Көрпеш-Ақ Баян

Қол ұстасқан Төлеген мен Қыз Жібек

Көрер бәрін туғанындай досындай

Жан сырын да жайып салар жасырмай

Азаматтың албырт жағы сияқты

«Студенттер» деген халық осындай

ІІ жүргізуші:

Бүгінгі кездесуімізге алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-
көп рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Оқшау сөздердің тыныс белгілері
Абай, «әсемпаз болма әрнеге»
Бала-бақшаға 100 күн
Оқушы арманы
Кәсіп түбі - нәсіп
Мамандық таңдау-өміріңіздің кірпішін дұрыс қалау атты мамандық таңдау кеші
Мен елімнің патриотымын
Біржан сал Абай ауылында (талдау)
Менің Отаным - Қазақстан Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер
Абай Құнанбаев Ғылым таппай мақтанба
Пәндер