Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Демеулік шылау
Жамбыл орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Калимова Бақтыгүл Төлеуғалиқызы
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы
6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Демеулік шылау
Сабақтың мақсаты: Білімділік: демеулік шылаулардың мәнін, қызметін
түсіндіру. Өзге сөз таптарынан ерекшелігін таныту, кейбір ұқсас формаларын
ажырату жолдарын түсіндіру. Демеулік шылаудың мәнін, қызметін түсіндіру.
Теориялық білімді практикада қолдана білуді дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Өтілген теориялық ұғымды практикада қолдана білуге
үйрету. Оқушыларды білімді, ақылды, өнегелі тұлға етіп тәрбиелеу.
Эстетикалық өнегелі ортаны қалыптастыру.
Дамутышылық мақсаты: берілген материалды тиянақты меңгеруге, ойлау
белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ықпал ету.
Сөздік
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты флипчарт, үнтаспа,
перфокарталар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жалғаулық шылау туралы білімдерін тексеру.
1-2 слайд «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап»
Оқушы жауаптарының дұрыстығы жұлдызшамен тексеріледі.
І. Қызығушылықты ояту.
3 - слайд Жұмекен Нәжімеденовтің «Сен ақылды болсаң екен...» өлеңі. Бір
оқушы оқиды.
- Бұл өлеңде ақыл – ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің
негізгі құралы болып келеді. Ақыл, білім адам өміріндегі басты
құндылықтар. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын
түсінеді. Білімінің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ» , «Ақылды сатып
ала алмайсың» деген халықтың даналық сөздерінен – ақ байқауға болады.
Адамдарды ақылды болу үшін, сондай – ақ терең ілім – білімі болу
керек. Білім адамды қараңғы қапастан жарық әлемге алып шығады.
Кемеңгер Абай да өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде бұл тақырыпқа жиі
тоқталады. Ол ақылды, білімді болу ұғымын адам болу, толық адам деген
сөздермен белгілейді.
- Өлеңнен жеке тұрғанда өзіндік мағынасы жоқ сөздерді тауып көрейік.
- Бұл өлеңде тек, түгілі, та, ме деген лексикалық мағынасы жоқ сөздер
бар.
- Дұрыс, бұлар – шылау сөздер. Септеулік шылау мен жалғаулық шылаулардың
ішінде мұндай шылау сөздер кездесе ме?
- Жоқ, олай болса, біз шылаудың екі мағыналық түрімен септеулік және
жалғаулық шылаумен танысқан болатынбыз. Бүгін шылаудың тағы бір түрі
Демеулік шылаумен танысамыз.
4 – слайд Шылаудың үш түрі.
Бүгінгі күннің жадысын, тақырыпты жазыңыздар.
Сәуірдің жиырма жетісі. Демеулік шылаулар.
5 – слайд Малшылар жайлауға бүгінгі кетті. Осы сөйлемге 6 түрлі мағыналық
реңк беретін шылауларды қатыстырып, демеулік шылаудың ережесін түсіндіру.
1. Малшылар жайлауға бүгін кетті ме? Бұл сөйлемде бе шылауы сөйлемге
Сұраулық мәнді үстеп тұр.
2. Малшылар жайлауға бүгін – ақ кетеді. – ақ шылауы бүгін сөзіне
күшейту мәнін үстеп тұр
3. Малшылар жайлауға бүгін ғана кетті.- ғана шылауы шектеу мәнін үстеп
тұр.
4. Малшылар жайлауға бүгін кетіпті – міс. –міс шылау сөйлемге
болжалдық мән
үстеп тұр.
5. Малшылар жайлауға бүгін кетіпті ғой. -ғой шылауы сөйлемге нақтылау
мәнін үстеп тұр.
6. Малшылар жайлауға кеше түгілі, бүгін кетпепті. -түгілі шылауы
сөйлемге
болымсыздық мәнін үстеп тұр.
6 – слайд Демеулік шылау. Оның мағыналық түрлері : сұраулық, күшейткіш,
шектік, болымсыздық, болжалдық, нақтылау мәнді демеуліктер. (Бәйтерек
бейнесі)
7 – слайд Мысалдармен берілген кесте.
| Мағынасы | Демеулік шылаулар | Мысалдар |
|Сұраулық |Ма,ме,ба,бе,па,пе,ше |Бүгін келесің бе?|Кітапты жыртпа. |
| | | |Нанды үзбе. |
|Күшейткіш |-ақ, -ау, - ай, |Өзің де |Үй де, дала да тап –|
| |әсіресе, да,де,та,те |шаршамайды |таза. |
| | |екенсің! | |
|Шектік |Ғана,(қана) тек, - ақ,|Бізді ғана | |
| |кейде |байқапты | |
|Болжалдық |-мыс, - міс, - ау, |Ертеде ақылды хан| |
| |кейде |болыпты- мыс | |
|Болымсыздық |Түгілі, тұрсын, тұрмақ|Сөйлемек түгілі | |
| | |амандасудың өзі | |
| | |қиын болды. | |
|Нақтылау мәнді |Қой,ғой, |Мұның да себебі |Ол шынымен жылады. |
| |-ды,-ді,-ты,-ті |бар-ды | |
Сонымен сөзге, сөйлемге әр түрлі қосымша мағына үстейтін, бүкіл сөйлем
мәніне әсер етіп, оған әр түрлі эмоционалды өң беретін шылауды демеулік
шылау дейміз. Ол өзі тіркесіп тұрған сөздің немесе сөйлемнің мағынасын
айқындайды, ерекшелейді, экспрессивті өң береді. Сөйлем оқығанда интонация
өзгереді.
8 – слайд «Артық білім – кітапта» Оқулықпен жұмыс
331 - жаттығу
Демеуліктерді тауып, қай сөзбен бірге жұмсалғанын және оған қандай мән
үстеп тұрғанын көрсетіңдер.
Кездесе береді ғой – нақтылау мәнді
Сөз еткен – ді – нақтылау мәнді
Сөйлегендіктен бе? Қырсығып қалдым ба? - сұраулық мәнді
Басталыпты – ау – болжалдық мәнді.
Бригадаңда ше? Болмай ма? – сұраулық мәнді
Тез - ақ күшейткіш мәнді
Орнына да күшейткіш мәнді
332 – жаттығу
Демеуліктерді тауып, оларды мағынасына қарай талдаңдар. Емлесіне назар
аударыңдар. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрыңдар.
Әсіресе – күшйткіш демеулік. Тез – ақ күшейткіш демеулік. Ертең – ақ
күшейткіш демеулік. Бар ғой, барамын ғой – нақтылау мәнді демеулік шылау.
Тек – шектік мәнді демеулік.
Нұрлан – үздік оқушы
Нұрланның бос уақыты.
Қайрат – тіл алғыш бала.
Қызық оқиға.
Кішкентай Қайраттың өкініші.
Әже өсиеті. Білім – таусылмайтын кен.
9 – слайд СТК «кітаптар» сөзіне лексика – морфологиялық талдау.
(Интерактивті тақтада орындалады)
«білім» сөзіне фонетикалық талдау. Математикалық талдау. (Тақтаға
орындалады.)
10 – слайд «Суретті тапсырма» Суреттің орнына сөз, сызықтың орнына шылау
қойып жазу.
Атам да, әжем де маған жақсы оқы деп айтады. Әсіресе, дәрігер болуды
армандаймын. Ажар мен Әсел қазақ әндерін нақышына келтіріп орындайды.
Түсімде парашют арқылы секіріп жүрмін. Терезені біреу ақырын ғана
қаққандай болды.
10 – слайд «Ұйқасын тап» деп аталатын тапсырманы орындайық.
Қыс па, мейлі жаз ба?
Жерді орынсыз қазба.
Су құюлы шелек пе, әлде қалбыр ма?
Түнде су бетін ашық қалдырма.
Мейлі кейіп жүрсің бе?
Жұрт алдында күрсінбе.
- Өздерің демеулік шылауды ұйқас ретінде алып бір шумақ өлең шығарып
көріңіздерші.
11 – слайд Абайдың «Әбдрахман өлгенде» өлеңі үнтаспадан жіберіледі.
- Қазақтың бас ақыны Абай туралы кім айтады?
- Өлең ішінде демеулік шылаулар бар ма?
- Демеулік шылауларды Абай ұйқас үшін алғанын байқады. Ақындардың
өлеңдерінде шылауларды ұйқас үшін қолданғанын айтуға болады.
12 – слайд «Бұл кім?» сергіту сәті
Әдеби кейіпкер.
Футбол командасынынң капитаны
Өзін көпшілікке таныстырады.
Ол жақсы оқиды, бірақ тентек.
Оқулығы сай бала, көңілі жай бала.
-Дұрыс , балалар. Әрине, бұл «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаберген екен.
13 – слайд Қожаның тапсырмалары.
Мына сөйлемдерден шылауларды тауып, демеулік шылауларға ажырат. Кімнің
сөзі?
Қара Көже, мынаның не екенін білесің бе? Бағана Майқановаға істегенім
тұрпайылық болды – ау деймін. Әй, Қожа. Сенің әкең марқұм азамат еді ғой.
14 – слайд «Біліміңді байқап көр»
Сөйлемдерді оқып, тиісті шылауларды қойып жаз.
Ірілігі ұстаса, кісіге айналып қарамайтын мінезі бар – ды. Бұл адам ақылды
да, қу да,
айлакер де кісі. Дәметкен, мынау қазақ екен ғой. Осы адамдар шақыртусыз –
ақ келсе қайтеді? Бұны айтқан Самат – ау деймін. Ертең жаңбыр жауып кетсе
ше? Сен түгілі, мен де ол жерге барған емеспін. Жер қадірін білетін еңбекші
жұрт бұл өңірге тегін қоныстанбағаны көрініп – ақ тұр.
14 – слайд Ойлан, тап.
Математикалық формуланы қолданып, толық мағыналы сөзге шылау тіркестіріп
жаз.
Үстеу+күшейткіш демеулік
Сан есім + күшейткіш демеулік
Есімше+нақтылау демеулік
Зат есім + күшейткіш демеулік
Көсемше + сұраулық шылау
Есімдік + шектік шылау
15 – 16 слайд Интерактивті тақтадағы суретке қарап, диалог құрап
сөйлетіңіздер.
17 – слайд «Жұмбақ сұрақ»
1. Толық мағыналы сөзден бұрын тұрса – сын есім, кейін тұрса – шылау(ақ)
2. Екі сөзден құралған шектік демеуліктің бірі – одағай, бірі – үндескен
демеулік. Ол қай сөз? (тек қана)
3. Бір жалғаулық екі сөзден біріккен, біріншісі – есімше түріндегі көмекші
етістік, екіншісі – жіктеу есімдігі (дегенмен)
4. Сан есім мен сын есімнен құралған шылау. Шылаудың қай түрі? (бірақ)
5. Сөйлемді қолдайды,
Бірақ өзі бар ғой
Сөйлем мүшесі болмайды (шылау)
18 – слайд «Дұрысын тап» Семантикалық кесте
19 – слайд «Салыстыр» Венн диаграммасы. Жалғаулық шылау мен Демеулік
шылауды салыстырады.
20 – слайд БҮҮ кестесін толтыру.
21 – слайд Үйге тапсырма: 334 жаттығу. «Менің әжем» тақырыбында
демеуліктерді қатыстырып, шағын шығарма жазыңдар.
Оқушыларды бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz