Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Педагогикалық құзіреттілік қазіргі уақыттағы білім технологияларының негізі болып табылады
Тақырыбы
Педагогикалық құзіреттілік қазіргі уақыттағы білім
технологияларының негізі болып табылады
Мақсаты:Бүгінгі заман талабы, білімді, білікті, өздігінен тығырықтан
шығар жол таба білетін іскер адамды тәрбиелеу,оқушылардың
еліміздің әлеуметтік экономикалық және саяси өміріне белсенді
қатысуға құзіретті тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.
Міндеттері: 1 .Тәуелсіз мемлекетіміздің уығы болып табылатын қоғам
мүшелерін,яғни жас ұрпақты тәрбиелеу, тиянақты білім беру,оқушының өз
бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру.
2. Жекелей,жұппен,топпен жұмыс істеуге үйрету.
3. Өз білімінің нәтижесін бағалай білуге дағдыландыру.Оқушының жеке,
құзіретті тұлғасының қалыптасуына көмектесу.
Күтілетін нәтижелер:
- бірін-бірі тыңдай білетін
- - өз ойларын анық, ашық жеткізе алатын
- -- өз бетімен шындыққа ұмтылатын
- -көпшілік алдында сөйлеуді меңгеретін құзырлы тұлға шығады
Кіріспе
« Адам ұрпағымен мың жасайды » -дейді халқымыз .Ұрпақ жалғастығымен
адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді.Еліміздің тірегі
білімді ұрпақ.
Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет - тәуелсіз
мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас
ұрпақты тәрбиелеу, тиянақты білім беру
. “Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры
ұстаздардың қолында” деген Н.Ә. Назарбаев
21 ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты тұлғасын
қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты
назарында.Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін
дүниежүзілік кеңістікке ену, білім беруді одан әрі
демократияландыру,оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу
міндеті туындап, білімге, бүкіл әдістемелік жүйеге жаңа талаптар
қойылуда. Мұндай өзгерістер мен талаптардың бірі- еліміздегі 12 жылдық
білім беру.
Еліміздегі 12 жылдық білім берудегі басымдылық – оқушының «қоғамның
субьекті» ретіндегі өзіндік іс-әрекетін дамытуға бағытталады да,
оның еліміздің әлеуметтік -экономикалық және саяси өміріне
белсенді қатысуға құзіретті тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
Сондықтан бүгінгі таңда ұстаздың алдында тұрған міндет: табысты және
тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекетімен
өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті
,отбасындағы, қоғамдағы ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
«Құзіреттілік - оқушылардың іс- әрекетінің әмбебап тәсілдерін
меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі,ал құзірет дегеніміз алға қойған
мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске
асыруға дайындық »
Білім сатылары бойынша әр пәннен күтілетін нәтижелер үш түрлі
құзіреттілік бойынша сараланады.
Негізгі құзіреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер
Мәселені шешу құзіреттілігі
Әртүрлі жағдайдағы мәселелерді анықтауға,өз шешімінің нәтижесін
бағалауға, өз ісіне мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды
анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процесін жоспарлауға, өзіндік бағалау
мен қорытынды жасауға ,технологияларды нақты қабылдауға мүмкіндік
туғызады.
Ақпараттық құзіреттілік
Сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға, өз
бетінше мақсат қоюға және осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді
жүзеге асыруға өз бетінше табуға,талдауға,іріктеу жасауға, қайта құруға
сақтауға түсіндіруге, және ақпараттарды тасымалдауды,оның ішінде қазіргі
заманғы ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге
асыруға,ақпаратты өңдеуге,оны жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға
мүмкіндік береді.
Коммуникативтік құзіреттілік
Адамдар мен өзара әрекет пен қарым- қатынас тәсілдерін білуді, түрлі
әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын,қоғамдағы түрлі әлеуметтік
рольдерді орындауды, өмірдегі нақты нақты жағдайларда шешім қабылдау
үшін байланыстың түрлі обьектілерін қолдана алу білуін,өзіндік пікірін
білдіруге қалыптастырады.
Осы құзіреттіліктер бойынша жалпы алар болсақ оқушы бойына біртіндеп
берілген білім негізінде,үстаз шеберлігінің, ұзақ жылдық еңбек
нәтижесінде берілетіні анық. Осы құзіреттіліктерді қалыптастырудағы басты
әрекет-сабақ беру.Осы жерде Макаренконың «40 жыл мұғалім болсаң да, 45
минуттық сабағыңа дайындал» деген сөзі әр ұстаздың жадында сақтаулы деп
ойлаймын.
Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес,ол-жаңадан – жаңаны табатын
өнер.Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім
беру ісін жаңа талап тұрғысынан өзгертіп,оқыту тәсілдерін үнемі
жетілдіріп отыруға міндеттіміз.Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50-ден
астам педагогикалық технологиялар қолданылады.Тұлға құзіреттілігін
дамыту үшін
жаңа инновациялық әдіс –тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғары
нәтиже береді.
.Негізгі бөлім
Тұлға құзіреттілігін дамыту мақсатында өзім толық курсын оқып
,тәжірибемде пайдаланып келе жатқан американ ғалымдары Джинни Стилл,
Куртис Мередит, және Чарльз Темпьл жасаған «Оқу мен жазу арқылы
сыни ойлауды дамыту »технологиясының маңызы зор деген тұжырымға
келдім.
Сын тұрғысынан ойлау сынау емес ,шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі
ойлау тек ересек адамдарға немесе жоғары сынып оқушыларына тән деп
ойлау аса дұрыс түсінік емес. Бұл технологияны бастауыш сынып
оқушыларыда дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне
сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
1.Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі. Бұрынғы білетінімен, жаңа білімді
ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды,түсініктерді өзінің
бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады.Қызғушылықты оятудың
екінші мақсаты үйренушінің белсенділігін арттыру. Оқушы өз білетінін
еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында
талқылайды,яғни айту,бөлісу, ортаға салу арқылы тазарады.
2. Мағынаны тану. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады,
тақырып бойынша жұмыс жасайды. Тақырып бойынша жұмыс жасауға
көмектесетін оқу стратегиялары бар .Олар lNSERT және Түртіп алу
жүйесі.
3. Үшінші кезең «Ой толғаныс» Дәл осы кезеңде үйренуші не
үйренгенін саралап,салмақтап оны қандай жағдайда, қалай қолдану
керектігін ой елегінен өткізеді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы
оқушыларға кез келген мазмұни сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым
бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны
баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді
ізденуші, ойланушы,өз ойын дәлелдеуші,, ал мұғалім осы
әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Өзімнің осы технология бойынша өткізген бір сабағыма тоқталып
өтсем. 4 сыныпта ана тілі бойынша «Екі дос» мәтінін өткенде
қызығушылықты ояту сатысы бойынша «Ой қозғау » стратегиясын
қолдандым.
А) Достыққа байланысты жұмбақ беріп, оның жауабын шешкіздім.
Сен күлгенде күледі Сырыңды барып
айтасың
Ойыңды айтпай біледі. Үйге бірге кайтасың
Ренжісең ренжіп
Сенімен бірге жүреді
Ә) Топтастыру «Достық туралы не білесіңдер немесе достықты қалай
түсінесіңдер»
Көршіңмен пікірлес.Топта талдау арқылы қорытынды пікірлерін 1
оқушыға оқыту.
Осы сабақта «мағынаны тану» кезеңінде INSERT кестесі бойынша мына
таблицаны толтырды
Осы таблицаны толтыра отырып ,оқушылардың сабаққа деген
ынталарының артқандығын байқадым.Бір-бірімен жарыса жауап беріп
отырды.Және 5 жолды өлең стратегиясын пайдаландым. Дос туралы эссе
жаздырдым. Дос туралы эссе жазған уақытта тіпті нашар оқиды
деген оқушылар дың өзі достары туралы өз ойларын өте мақтаныш
сезіммен жеткізе білді. Дос дегенді қалай түсінетіндерін жеткізе
білді
Осындай әр сабағымда мұғалім ретінде менің тұратын орнымның мәні
зор екенін түсінемін.Топтың атынан шыққан оқушы
сөйлегенде,мұғалімнің столының қасында тұрсам маған қарап сөйлейді.
«маған айт», «Мен солай дедім» сияқты тіркестерін қолданбауға
тырысамын. Оқушының менің пікірім былай деген тұжырымдамасын
қолдаймын.
Мысалы, ана тілі сабағында мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қою
немесе әңгімелету арқылы мәтінде айтылған ойға жақын іс-әрекетті оқушының
көз алдында елестету арқылы әңгімені сен қалай аяқтар едің? Өмірде осындай
жағдайлар кездесе ме? деген сұрақтар қою арқылы оқушының өз ойын толығынан
жеткізе білуге шығармашылықпен ойлауға жетілдіруге болады.
Математика пәнінен мәселе есептерді талдауға да ерекше назар аударамын.
Мысалы: -Бұрын мұндай есептер кездесіп пе еді? -Бірден орындай аламыз ба?
-Өрнек құрып шығаруға бола ма? –Мына сан нені білдіреді? деген сұрақтар
арқылы талдаймыз. Мен барлық пәндеріме құзыреттілік тәсілді қолдана
отырып, әдіс-тәсілдерді жоғарыдағы құзыреттіліктерді жүзеге асыру
мақсатында барынша түрлендіріп қолдануға тырысамын...
Дүниетану пәнін алсақ та толып тұрған экологиялық проблема. Мұнда
да сабақты әр түрлі әдіс-тәсілдермен қызықты етіп өткіземін.
Сабақ беру үрдісінде мынандай негізгі факторларды басшылыққа аламын:
Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру, жекелей, жұппен,
топпен жұмыс жүргізу, ойлау қабілетін дамытатын есептер беру, қабілетіне
қарай деңгейлік тапсырмалар беру, оқушылардың теориялық-практикалық
сауаттылығын арттыру.
Есте сақтау қабілеттірін шыңдауға білімге қызығушылықтарын арттыруда,
құзіреттіліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс шаралар өткізудің маңызы зор.
Оқушылардың танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыру, шығармашылық
қабілеттерін арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін
сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп, оқушыны қызықтыратындай ойындар,
сөзжұмбақтар шешу, ребус, крассворд құрастыру, логикалық сұрақтар арқылы
ой-өрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пән аралық байланысты нығайту
керек. Осы орайда, оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын,
зеректігін, ойлауға икемділігін, құзіреттілігін, өмірге деген көзқарасын
дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Кім көп біледі?», «Мен
Қазақстанның азаматымын », «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Тапқыр
достар», «XXI ғасыр көшбасшысы», т.б. ойындар.
Сабақтың үш кезеңінде оқушылардың проблеманы шешу
құзіреттілігі,ақпаратық құзіреттілігі және коммуникативтік
құзіреттіліктерін дамыту мақсатында әр түрлі стратегиялардың тиімді
қолдануына ерекше мән беремін.
Проблемаларды шешу құзіреттілігін қалыптастыру барысында:
Торлы талқылау, венн диаграммасы,кесте, дәлелді эссе.
Ақпаратты құзіреттілікті дамытуда: INSERT кестесі ,алма кезек –сұрақ
қою, ассоциация, семантикалық карта.
Коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыруда: ЖИГСО, эссе, еркін жазу,
бірлесе жазған әңгіме т.с.с стратегияларды қолданудың тиімділігі
анықталды
2008 жылы осы мектепте 2 сыныпты алған уакытымда 1 сыныптан шыққан
оқушылардын сабак үлгерімі, тәртібі осы технологияны қолданғанга
дейін өте нашар болатын , ал осы технологияны қолданғаннан кейін
оқушылардың сабақ үлгерімі , тәртібі де біртіндеп көтеріле
бастады.Сондықтан оқушылардың құзіреттілігін арттыруда,сабақ
үлгерімін жаксартуда осы технологияның маңызы зор деген шешімге
келдім
Қорытынды
Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отырып, және істелінген жұмыстарды
қорытындылай келе, өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары,
жан-жақты тұлға қалыптастыра отырып, білім сапасын көтеремін, алған
білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт бере отырып, оқушы құзырлығын
дамытамын.
Бұл технологияның тиімділігі – оқушының құзіреттілігін арттырып ғана
қоймайды, сонымен қатар:
1. Жеке тұлғаның жетілуіне,дамуына бағытталады
2. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті,қарым-қатынас орнайды.
3. Оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады.
4. Оқушы ойын ашық айта алуға ,пікір айтуға,алмасуға үйренеді.
5.Алған білімге сын көзбен қарауға, білімді сапалы түрде алуға
дағдыланады.
6. Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады
7.Оқушылардың шығармашылық белсенділігі артады.
Сөзімді:
Құзырлылық – адамның ол рухани байлығы,
Бәсекеге кез келген сайлылығы.
Кәсіби қызметінің биігінен,
Ұстаздың көрінер балаға жайлылығы. - деп аяқтағым келеді.
Қолданылган әдебиеттер
1) 12 жылдық білім 2008 ж
2) Муханов М Педагогикалық психологиялық очерктері Алматы 1995
3) Рахметова С «Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми-
әдістемелік негіздері» Алматы баспасы 1995
4) Б. И. Иманбекова Бастауыш мектепте оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыру.
Алматы 2004
5). Кенжебеков Б. Маманның кәсіби құзі-реттілік мәселесі. Ұлт тағылымы, № 3
2004 ж
№ 65 жалпы білім беретін орта мектебі
Педагогикалық оқу
Тақырыбы: « Педагогикалық құзіреттілік
қазіргі уақыттағы білім технологияларының
негізі болып табылады »
Орындаған:Нұрбекова.С.К
Қарағанды қаласы
2011-12 оқу жылы
Есеп беру
2011/2012 оқу жылы
2 «Г» сыныбы
3 тоқсан
Оқушылар саны: 27
Сынып жетекшісі: Нұрбекова.С.К
| Пәндер|5 |4 |3 |2 |Сапасы % |Үлгерімі % |
|Ана тілі |14 |9 |4 | |85 % |100 % |
|Математика | 11|13 |3 | |89 % |100 % |
|Қазақ тілі |11 |8 |8 | |70 % |100 % |
|Дүниетану |12 |7 |8 | |70 % |100 % |
|Технология |16 |11 | | |100% |100 % |
|Дене шынықтыру | | | | |100% |100 % |
|Музыка | | | | | |100 % |
|Бейнелеу өнері | | | | | |100 % |
|Орыс тілі | | | | | |100 % |
|Ағылшын | | | | | |100 % |
| | |2 тоқсан | |3 тоқсан |
|Оқу | |1.Аманжолова Айым. | |1.Аманжолова.Айым |
|озаттары | |2.Аманкелдиева Динара. | |2.Аманкелдиева.Динара |
| | |3.Мальгаждар Аяулым. | |3.Мальгаждар.Аяулым |
| | |4. Сайлау Ләззәт. |9\9 |4. Сайлау.Ләззәт |
| | |5. Тойбекова Сабина. | |5. Тойбекова.Сабина |
| |10\9 |6. Тусупова.Мерей. | |6. Тусупова.Мерей |
| | |7.Шекенова.Мерей. | |7.Шекенова.Мерей |
| | |8. Темержанова.Дилназ. | |8. Темержанова.Дилназ |
| | |9.Аманболд.Толқын. | |9.Аманболд.Толқын |
| | |10.Орынғали Ақниет | | |
| | |1.Базаров. Айбар. | |1.Базаров. Айбар |
|Оқу | |2.Болатов дастан. | |2.Болатов дастан |
|екпінділері | |3.Аканова.Мадиана . | |3. Аканова.Мадиана |
| | |4. Куатова Ажар. | |4. Куатова Ажар |
| |9\5 |5. Омарова. Аңсаған. |11\5 |5. Омарова. Аңсаған |
| | |6. Өмірсерікова.Назым. | |6. Өмірсерікова.Назым |
| | |7.Ибраева.Ақниет | |7. Орынғали.Ақниет |
| | |8. Рысқұлбеков.Бағжанат | |8. Рысқұлбеков.Бағжанат |
| | |9. Шапатов Айхан. | |9. Шапатов Айхан |
| | | | |10.Ибраева Ақниет |
| | | | | |
|Үлгерімі | | 100 % | | 100 % |
|Сапасы | | 70 % | | 70 %|
Есеп беру
2011/2012 оқу жылы
4 «Е» сыныбы
3 тоқсан
Оқушылар саны: 22
Сынып жетекшісі: Тулегенова.К.Т

|Ана тілі |6 |7 |9 | |59 % |100 % |
|Математика |4 |7 |11 | |50 % |100 % |
|Қазақ тілі |7 |5 |10 | |55 % |100 % |
|Дүниетану |6 |9 |7 | |68 % |100 % |
|Технология |12 |10 |- | |100% |100 % |
|Дене шынықтыру | | | | |100% |100 % |
|Музыка |- |- |- | | |100 % |
|Бейнелеу өнері |- |- |- | | |100 % |
|Орыс тілі |7 |7 |8 | |64% |100 % |
|Ағылшын | | | | | |100 % |
| | |2 тоқсан | |3 тоқсан |
|Оқу | |1.Бейсенова.Ажар | |1.Бейсенова.Ажар |
|озаттары | |2. Рыспаева. Шолпан | |2. Рыспаева. Шолпан |
| | |3. Октябрь.Айгерім | |3. Октябрь.Айгерім |
| | | | |4.Тулебаева.Альбина |
| | | | | |
| | |1.Тулебаева.Альбина | |1.Мусина Ажар |
|Оқу | |2. Мусина Ажар | |2.Кулмахан.Зауре |
|екпінділері | |3. Рымбеков.Арман | |3. Рымбеков.Арман |
| | |4. тусупов.Алдияр | |4. тусупов.Алдияр |
| | |5. Пшенбаев Абай | |5. Пшенбаев Абай |
| | | | |6. Купжасаров.Саулет |
| | | | |7. Сайлауханова.Анель |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
|Үлгерімі | | 100 % | | 100 % |
|Сапасы | | 36 % | | 50 %|

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz