Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Өкпенің құрылысы мен қызметі

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
Т.Ізтілеуов атындағы
№29 қазақ орта мектебінің
биология пәні мұғалімі
Ахметова Ақбота Төлеутайқызы
Сыныбы: 8
Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Өкпенің құрылысы мен
қызметі

|Сабақтың мақсаты |
|Білімділік |Дамытушылық |Тәрбиелік |
|Оқушыларға өкпенің |Оқушыларға өкпенің |Оқушыларға тыныс алу |
|құрылысы мен қызметі |құрылысы мен қызметі |мүшелеріне зиян тигізер |
|туралы толық түсінік|туралы білімдерін |заттарды айта отырып, |
|беру, олардың маңызына|жетілдіру, шыгармашылық|тыныс алу жолдарында |
|қызметі тоқталып өту. |қабілеттерін дамыту, |туындайтын аурулардың |
| |білімдерін шыңдау. |алдын алуға, өздерінің |
| | |денсаулығын күтуге |
| | |тәрбиелеу. |
| | | |
| | | |

Сабақтың типі: Дәстүрлі
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: СТО элементтері, ауызша баяндау, сұрақ жауап,
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сурет, муляж, адам құрылысының қаңқасы,
интерактивті тақта.
Сабақтың пән аралық байланысы: География, химия.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпты қалыпқа келтіру.
ІІ. Үйтапсырмасын сұрау.
1. Ауа тасымалдайтын жол суретіне сипаттама (93 – сурет)
2. Суретті құрастыру (95 -сурет)
3. Тынысле алу мүшелері. Ой толғау
4. Сәйкестігін анықтаңдар?
1. Мұрын қуысының ішкі беті 9-13см
2. Өкпеде Көмей
3. ІҮ ҮІ газ
алмасу
4. Ерлерде бронхыға
5. Әйелдерде 44 мм
6. Кеңірдек ұз 100 см2

7. Ү кеуде 35 мм
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Тыныс алу жүйесі өте маңызды газ алмасу қызметін атқарады, ал газ
алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Организм мен сыртқы орта арасындағы
оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ
алмасу процесі тыныс алу деп аталады.
ІҮ. Жаңа сабақты баяндау.
Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар — тыныс жолдарына
мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, жөне бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс
жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде,
кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан,
микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты
кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерінен сақтау үшін
жылытылады.
Ауа тана у арқылы мұрын қуысына кіреді. Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі
арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұп танау тесіктері арқылы
сыртқа ашылады да ішкі жағы жұтқыншақпен қосылады. Мұрын қуысы шырышты
қабатпен қапталған. Мұнда ауаның құрамындағы шаң-тозаңдарды,
микроорганизмдерді ұстап, өлтіріп, сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін
эпителий клеткаларының түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны жылытып,
ылғалдайтын қан тамырларына бай. Тыныс жолдарының дұрыс қызмет етуі
организмге қажетті қорғаныш қасиеттерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар,
мұрын қуысында иіс рецепторлары орналасқан, жұтқыншақ — ас қорыту
жүйесінің мүшесі, ал көмей — сөйлеу мүшесі.
Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі — ө к п е. Бұл бронхылардың ұсақ
тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер
ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ ,
шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады.
Өкпе (Пұлмонес, лат. пұлмо – өкпе) – адам мен жануарлардың тыныс алу
органы. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі
ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп
жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 – 3 см-дей шығып, мойынның
төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық – өкпеқап (плевра)
болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі
өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ
өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік
ауатамырлар жүйесі тармақты ауатамыр түзеді, бөліктік ауатамырлардың
ұшындағы тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлініп, тыныс алу
бөлігіне өтеді. Ауатамыршалары көпіршікті жолдар түзеді де, оның ішінде өте
көп майда көпіршіктер (альвеолдар) болады. Ересек адамның екі өкпесіне 700
млн-нан астам көпіршік сияды. Жан-жағын қантамырлар капиллярлары қоршаған
көпіршектерде газ алмасу жүреді. Өкпеде жұтқан ауа қанға өтеді, көмір
қышқыл газы қаннан ауаға шығады. Адамның жалпы орташа өкпе сыйымдылығы –
2680'120. Өкпе дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, қан ұюы, белок,
май және көміртек алмасу процестеріне қатысады. [1] Көп кездесетін өкпе
аурулары: өкпе қабынуы, өкпе қатерлі ісігі, туберкулез, т.б. Өкпе
омыртқалылардың эволюциялық даму барысында девон кезеңінде тіршілік еткен
сауытты және саусаққанатты балықтарда, ал палеозойда – қостынысты
балықтарда пайда болды. Кейбір құйрықты қосмекенділерде (мысалы, өкпесіз
саламандрда) өкпе болмайды. Қазіргі кезде тіршілік ететін қостыныстыларда,
қосмекенділерде, кейбір бауырымен жорғалаушыларда (гаттерия, жармасқы) газ
алмасу жүретін бір бөлікті өкпенің үстіңгі беті дәнекерұлпалы-бұлшықетті
перде бөлетін ұяшықтар немесе көпіршік түзілістер есебінен ұлғаяды.
Кесірткелер мен жыландарда перделер күрделіленіп ұзарады. Тасбақа,
келестерде, негізінен қолтырауындарда күрделіленген перделер көп бөлікті
өкпе түзеді. Құстардың өкпесі тығыз, оны ауамен ауа қапшықтары жүйесі
толтырады. Сүтқоректілердің өкпесі кеуекті, майысқақ, сондықтан оның
көлемінің ұлғаюы өкпе ішіндегі шеміршекті қаңқа мен тегіс бұлшық еттің
дамуына байланысты.
Адам құрамында 21% оттек, 79% азот, 0.03% көмірқышқыл газы бар атмосфералық
ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4.0% көмірқышқыл газы
және 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы
оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы - өкпедегі газ алмасу нәтижесі
болып табылады. Өкпеде газ алмасу диффузия жолымен жүреді. Өкпе капиллярына
түскен вена қанында оттек аз, көмірқышқыл газы көп. Сондықтан альвеола
ауасындағы оттек қанға араласады, ал көмірқышқыл газы қаннан өкпе
альвеоласына түседі. Өкпедегі газ алмасуды сыртқы тыныс алу дейді. Қандағы
оттек эритроциттерге өтеді де, гемоглобинмен берік емес байланысып,
оксигемоглобин түзеді. Вена қаны артерия қанына айналады да, өкпе венасы
арқылы жүрекке, одан қанайналымның үлкен шеңберінің тамырларына түседі.
Көмірқышқыл газы альвеоладан ауа тасымалдайтын жол арқылы сыртқа
шығарылады.
Ү. Сабақты бекіту
1 тапсырма
Кесте толтыру.
|Құр|1 |2 |
|ылы| | |
|сы | | |
|2 |Салыстырыңыз |Өкпедегі газ алмасу |
| | |Ұлпалардағы газ алмасу |
|3 |Суреттеңіз |Өкпе құрылысы |

3. тапсырма.
Болжау кестесі
|Білеміз |Білдік |Білуіміз керек |
| | | |

4. тапсырма
Шығармашылық жұмыс.
«Өкпені зиянды заттардан қорғайық» атты тақырыпта тірек сөздерді
пайдалынып шағын әңгіме жазыңдар. Тірек сөздер: туберкулез, өкпе, никотин,
суық.
YI. Жаңа сабақты қорытындылау
YII. Оқушы білімін бағалау
YIII. Үйге тапсырма беру. Осы тақырыпты оқып келу, астындағы сұрақтарға
жауап жазу, кестені толтыру.

Ұқсас жұмыстар
Өкпедегі газ алмасу
Жүректің құрылысы
Ұлпалардағы газ алмасу
Қаназдық ауруы
Анатомия және физиология әлеміне саяхат
ТЫНЫС АЛУ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ ӨКПЕНІҢ ТІРШІЛІК СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ
Тыныс алу мүшелері
Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Көмей. Кеңірдек. Бронхтар
Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу
Пәндер