ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ВАЛЕНТТІЛІГІ

ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ВАЛЕНТТІЛІГІ

Маханова Г. Е.

М. Горький атындағы №1 гимназия-мектебінің химия пәні мұғалімі,

Жетісай қаласы, ОҚО.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға элементтердің валенттілігі туралы мағлумат беру

ә) дамытушылық: элементтердің валенттілігін анықтау; қосылыстардың формуласын құрастыру; қосылыстардың құрылымдық формуласын құрастыру біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін бағалап тексеруге баулу;

б) тәрбиелік: ізденімпаздық, жауапкершілік, ұйымшылдық қасиеттерін тәрбиелеу.

Сабақ құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, компьютер, тірек кестесі, молекулалар модельдері, жауап парақтары.

Сабақ барысы

I . Ұйымдастыру кезеңі . Оқушыларды сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру

II . «Ой шақыру» кезеңі : сұрақтар қою арқылы және тірек-сызба бойынша үй тапсырмасын тексеру:

А. «Cен білесіңбе?»

оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді, дұрыс жауап үшін матрицада 1 ұпай қосылады

1 нұсқа сұрақтары:

  • Заттар қандай бөлшектерден құралған?
  • Атомдармен мен молекулалардың айырмашылығы қандай?
  • Химиялық элемент дегеніміз не?
  • Жай заттың анықтамасы; мысал келтіріңдер.

2 нұсқа сұрақтары:

  • Күрделі заттың анықтамасы; мысал келтіріңдер.
  • Химиялық формула анықтамасы; мысал келтіріңдер.
  • Индекс, коэффициент дегеніміз не?
  • Химиялық реакция дегеніміз не?

Ә. «Химиялық диктант» тапсырма тақтада берілген, әр нұсқа өз тапсырмасын орындайды

1 нұсқа. Келесі элементтердің таңбаларын жазыңдар: магний, хлор, фтор, қорғасын, қалайы, бром, кальций, алтын, фосфор, күкірт.

2 нұсқа. Келесі элементтердің атауларын жазыңдар: Mn, Ba, Li, Hg, N, Si, K, Fe, Ag, C

Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді, дұрыс жауап тақтада берілген

1 нұсқа: Mg, Cl, F, Pb, Sn, Br, Ca, Au, P, S

2 нұсқа: марганец, барий, литий, сынап, азот, кремний, калий, темір, күміс, көміртек

Алған ұпайлары матрицаға еңгізіледі.

Б. «Кім жүйрік?»

тапсырма тақтада берілген, әр нұсқа өз тапсырмасын орындайды

1 нұсқа. Келесі қосылыстардың молекулалық массасын анықта: K 2 4 , Са(NО 3 ) 2

2 нұсқа. Келесі қосылыстағы элементтердің массалық үлестерін анықта : Nа 2 4

Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді, дұрыс жауап тақтада берілген:

1нұсқа: K 2 4 - 174, Са(NО 3 ) 2 -164

2. нұсқа: Nа - 32, 39%, S - 22, 54%, О - 45, 07%

Алған ұпайлары матрицаға еңгізіледі.

III. Ұғыну кезеңі

Валенттілік туралы түсінік

- Осы мезгілге дейін, біз оқулықта берілген заттардың дайын формулаларымен қолданып келдік. Химиялық формуланы қосылыстардың құрамына негізделе отырып құрастыруға болады. Негізінде, көп жағдайда, элементтер бір-бірімен қосылыс түзгенде арнайы заңдылықтарға бағынады.

Тапсырма: HCl, H 2 O, NH 3 , CH 4 қосылыстарының сандық және сапалық құрамын салыстырыңдар.

Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылау:

1. Молекулалардың қандай ұқсастығын байқадыңдар?

Оқушылардың жауаптары- Құрамында сутек атомдары бар.

2. Молекулалардың айырмашылығы неде?

Оқушылардың жауаптары:

- HCl - Бір хлор атомы мен бір сутек атомынан құралған

- H 2 O - Бір оттек атомы мен екі сутек атомынан құралған

- NH 3 - Бір азот атомы мен үш сутек атомынан құралған

- CH 4 -Бір көміртек атомы мен төрт сутек атомынан құралған

3. Қосылыстардың молекулаларының модельдерін көрсету.

5. Мәселенің шешімін табыңдар : Не себептен әртүрлі атомдар сутектің әртүрлі атом санын қосып алады? Оқушылардың жауаптарын талқылау.

6. Мәселені талқылау бйынша қорытынды жасау:

Қосылыс тузгенде атомдар басқа атомдардың, өзіне тәң, белгілі бір санын ғана қосып алады. Бүл қабілет “валенттілік” деп аталады. Валенттілік сөзі латын сөзі valentia -күш деген мағынасын білдіреді.

“Валенттілік” терминін Э. Франкленд 1853 ж. енгізген.

Валенттілік - химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті.

Валенттік химиялық элементтің таңбасының үстінгі жағына рим сандарымен жазылады.

I I

HCl

I II

H 2 O

I III

H 3 N

I IV

H 4 C

Сутек атомының валентігі I, ал оттек атомының валенттігі II тең

Валенттілігі өзгермейтін элементтердің валенттігін тұрақты , ал валенттілігі өзгеретін элементтердің валенттігін айнымалы деп аталынады.

Тұрақты валентті элементтер

I валетті элементтер: H, Li, Na, К, Rb, Cs, F, Ag

валетті элементтер: О, Be, Mg, Ca, Sr, Ba, Zn, Cd

IІІ валетті элементтер: B, Al

Айнымалы валентті элементтер

I және ІІ валетті элементтер: Cu, Hg. Мысалы: Cu 2 О, CuО

және ІІІ валетті элементтер: Fe, Co, Ni. Мысалы: FeО, Fe 2 О 3

және IV валетті элементтер: Sn, Pb, C . Мысалы: СО, СО 2

IІІ және V валетті элементтер: P, As. Мысалы: Р 2 О 3 , Р 2 О 5

II, IV және валетті элементтер: S. Мысалы: Н 2 S, SО 2 , SО 3

II, III және валетті элементтер: Cr . Мысалы: CrО, Cr 2 О 3 , CrО 3

II, IV, VI және VII валетті элементтер: Mn. Мысалы : MnО, MnО 2 , MnО 3 , Mn 2 О 7

I, III, V және VII валетті элементтер: Cl, Br, I . Мысалы: Cl 2 О, Cl 2 О 3 , Cl 2 О 5 , Cl 2 О 7

IV . Қосылыстағы элементтің валенттілігін анықтау алгоритмімен танысу

Валенттілікті анықтау заңдылығы: Молекулада бір элементтің барлық атомдарының валенттіліктерінің саны екінші элементтің барлық атомдарының валенттіліктерінің санына тең.

Элементтің валенттілігін анықтау алгоритмі: Элементтің валенттілігін анықтау алгоритмі
Мысал: Мысал
Элементтің валенттілігін анықтау алгоритмі: 1. Қосылыстың формуласын жазыңдар
Мысал: H 2 S, Cu 2 O
Элементтің валенттілігін анықтау алгоритмі: 2. Валенттігі белгілі элементтің валенттігін белгілеңдер
Мысал: I I
H 2 S,
II
Cu 2 O
Элементтің валенттілігін анықтау алгоритмі: 3. Валенттігі белгілі элементтің валенттігін оның атомының санына көбейтіңдер
Мысал: 2
I
H 2 S
2
II
Cu 2 O
Элементтің валенттілігін анықтау алгоритмі: 4. Алынған санды валентігі белгісіз элементің атомдарының санына бөліңдер. Алынған жауап ізделінген валенттік болып табылады
Мысал: 2
I II
H 2 S
2
I II
Cu 2 O

Жаттығу: Қосылыстағы элементтің валенттілігін анықта(тапсырма улестірме ретінде берілген)

1 нұсқа: SiH 4 , CrO 3 , H 2 S, CO 2 , CO, SO 3

2. нұсқа: HBr, Cl 2 O 5 , Cl 2 O 7 , РН 3 , K 2 O, Al 2 O 3

Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді, дұрыс жауап тақтада берілген :

IV I VI II I II IV II II II VI II

1 нұсқа: SiH 4 , CrO 3 , H 2 S, CO 2 , CO, SO 3

I I V II VII II III I I II III II

2 нұсқа: HBr, Cl 2 O 5 , Cl 2 O 7 , РН 3 , K 2 O, Al 2 O 3

Алған ұпайлары матрицаға еңгізіледі.

V. Екі элементт атомдарынан құралған қосылыстың формуласын

құрастыру алгоритмі


Ұқсас жұмыстар
Элементтердің валенттілігі бойынша химиялық қосылыстардың формулаларын құру
Есептер жинағы
Бастапқы химиялық ұғымдар. 8 сынып
Химикалық элементтер, олардың периодтық жүйедегі орны
Атомның құрылысы.Д.И.Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Металдар мен бейметалдардың табиғаттағы жәре тірі ағзалардағы маңызы
Галогендердің физикалық қасиеттері
Химиялық элемент
Алғашқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар
Сілтілік жер металдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz