А. Байтұрсынов Екі шыбын

Ибикенова Лиза Қабылдақызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Т/бы: А. Байтұрсынов « Екі шыбын» М/ты : 1. А. Байтұрсынұлының қазақ әдебинтіндегі орны, аударма мысал өлең-

дерінің мазмұнын, идеясын ашу

2. өз ойын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, мәнелеп оқуға дағ -

дыландыру, ізденімпаздыққа баулу

3. адамгершілікке, мәдениеттілікке, қарапайымдылыққа, өз бойларына-

асыл қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ -жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, ассосация, зерттеу, талдау.

Түрі : салыстырмалы сабақ

Көрнекілік : сызбалар, слаидтар, сурет

Сабақтың барысы :1. Ұйымдастыру

2. Өткен сабақты қайталау, үй тапсырмасын сұрау

1 слайд Топтау әдісі . Ахмет кім?

« Ақын ініме» өлеңін жатқа сұрап, талдау

а) өлеңнің тақырыбы не?

ә) идеясы

б) өлең кімге арналған ондай өлең қалай аталады?

в) ирония деген не?

г) өлеңнің тәрбиелік мәні қандай?

3. Жаңа сабақ

Ахмет Байтұрсынұлы -балаларды оқу -білімге шақырып, көп жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған ағартушы педагог, қазақ тіл білімінің ірге тасын қалаушы. Ахметтің ақындығы мен аудармашылығы 1909 жылы Петербургте шық

қан « Қырық мысал» жинағынан басталады. «Қырық мысал»- ұлы ағартушының мұратынан туған өлеңді шығармалар топтамасы. 1901-1922 жылдары аудармамен айналысқан.

Ал, балалар Ахмет атамыз кімдерден қандай шығармалар аудады кім біледі? 2 слаид. Аудармалары

А. С. Пушкиннен И. А. Крыловтан

« Алтын әтеш» «Аққу, шортан, һәм шаян»

« Балықшы мен балық» « Егіннің бастары»

« Данышпан Аликтің ажалы» « Қара бұлт»

« Өгіз бен бақа», «Малшы мен маса»

«Қырық мысалға» кірген өлеңдер түгелдей орыс ақыны И. А. Крыловтан аударған.

Орыстың тәржіма еттім мысалдарын,

Әзірге қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоққа сабыр,

Қомсынып, қоңырайма, құрбыларым, - дей тұрғанмен осы қырық мы-сал өлеңнің бәрі де түгелімен аударма секілді емес.

Крыловтан аударған сондай аудармаларының бірі- «Екі шыбын». Бұл мысал тү-

рінде жазылған .

Мысал дегеніміз не?

Мысал дегеніміз- эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сати-ралық сипатта болады. Көбіне аң, хайуанат, жәндік туралы жазылады, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік мазаққа айналдырылып, сы - қақпен сыналады.

Идеясы астарсыз, ашық тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келе- ді.

Мәтінмен жұмыс « Екі шыбын» мәнерлеп оқу

Мағынаны ажырату . Тірек сөздер . Шыбын, сабан, өгіз, жер жырту, ғибрат, мұрнын көкке көтеру.

Сөздік жұмысы

Маңғаздану - паңсыну, тәкәппарлану

Мақтаншақ адам - өзін-өзі асыра бағалайтын, мақтауды сүйетін адам

Әддін - шамасын, күшін

Ғибрат - үлгі, өнеге

Мұрнын көкке көтеру - менсінбеу

Өлеңнің жоспарын құру

  1. Сабан тарқан өгіз
  2. Мүиіздегі қара шыбын
  3. Шыбынның танысына кез болуы
  4. Танасының жөн сұрауы
  5. Шыбынның маңғаздануы /мұрнын көкке көтеруі/
  6. Өзімшіл қара шыбын

Өлеңді талдау

Кейбіреу көтереді мұрнын көкке , / 11 буын/ /а /

Өз әлін өзі білген адам көп пе ? / 11 / / а /

Мақтанып, бәрін де өзім айттым дейді , / 11 / / б /

Біреудің шылауында жүріп текке . /11 / /а /

Сатылай кешенді талдау

  1. Авторы . -А. Байтұрсынұлы
  2. Тақырыбы -Екі шыбын
  3. Жанр түрі- поэзия /өлең/
  4. Идеясы -мақтанға, тәкәппарлыққа салынбау
  5. Шумақ- 5 шумақ
  6. Тармақ- 20 тармақ
  7. Бунақ -3 бунақ
  8. Буын саны- 11 буынды
  9. Ұйқас түрі- қара өлең
  10. Әдеби теориялық ұғым-ирония, кекесін зілді мысқыл
  11. Түсіндірме сөздік- маңғаздану, мақтаншақ адам, әддін, ғибрат
  12. Өлеңнің тәрбиелік мәні-шыбын арқылы адамдарды мақтаншақтық, тәкәп -парлық, өзімшілдік сияқты жаман әдеттерден сақтандыру.

Ұқсас жұмыстар
Ахмет байтұрсынов Екі шыбын мысалы
Ахмет байтұрсынов екі шыбын
Өлеңді жаттау. Ашық сабақ
Білімдіден шыққан сөз
Табиғаттану. ұрпақ – тіршіліктің жалғасы
Туған өлкеге саяхат
Ауруды тасымалдаушы кене
Ара мен шыбын
Ахмет Байтұрсынұлы Ақын ініме
Құстар қалай өсіп-өнеді
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz