Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Дауыссыз қ мен ғ жайлы

Тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жалпы дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру. Сөздерде
қ мен ғ дыбыстарының қолдануы туралы түсініктерін кеңейту. Жаттығулар
орындау арқылы ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін дамыту.
Дамытушылық: Өз бетімен жұмыс істеуге, ойлау, есте сақтау
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, ізденімпаздыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сөздік көрнекілік, сұрақ-жауап,
мәнерлеп оқу, ойын әдісі.
Көрнекіліктері: «Әріптер әлемі» ертегісіне арналған сурет, тест,

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану

Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық:
Армысың, асыл күн
Армысың, асыл жер,
Армысың, көк аспан,
Армысыздар құрметті қонақтар,
Армысың, асыл досым
Жылуыма-жылу қос
Міне менің қолым.
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй жұмысын сұрау және бағалау.
Негізгі бөлімі: жаңа сабақ
«Әріптер әлемі» ертегісін баяндау арқылы проблемалы сұрақ қойып, сабақтың
тақырыбын логикалық ойлату.
Ерте заманда әріптер барлығы бірге өмір сүріпті. Олар барлығы бір түсті
болыпты. Тату- тәтті өмір сүріпті. Бір күні қатты дауыл соғады. Желдің
қатты соққаны соншалық әріптердің барлығы жан- жаққа шашырап ұшыпты.
А, ә, е, и, о, ө, ү, ұ, ы, і, э, ю, я- дыбыстары күнге қонып күйіп қып-
қызыл болыпты.
Б, в, г, ғ, д, ж, з- дыбыстары ағашқа қонып (ұяң) болып қалыпты.
К, қ, п, с, т, ф, х, ... ц, ч, ғ, ш, щ- дыбыстары ағаштың діңіне қонып
(қатаң) болыпты.
Л, м, н, ң, р, й, (у)- дыбыстары бұлтқа қонып (үнді) болыпты.
Олар күні бойы қайғырып – жылап, «Не істейміз?» дейді. Ең жоғарыда тұрған
дауысты дыбыстар болған соң, бәрін көріпті. Ортақ шешімге келіпті. Бұларды
біз бітірейік- деп, келіседі. Одан кейін олар әріптерден буын, сөз, сөйлем
құрапты.

Бүгін дауыссыз қ мен ғ дыбыстарын өтеміз
Қ- дауыссыз қатаң
Ғ- дауыссыз ұяң
Кітаппен жұмыс
1- жаттығу. Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып жаз.
Топыра..., шыра..., жола...ы, жоры..., қуырша...ы, ая..., бала...ы,
ла...ы.
Көшеде лақ жүр. Айгүлдің қуыршағы әдемі.
2- жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз.
Құлағы үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті.
Құлағы- құлақ.
Сергіту сәті
Онымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз,
Бір отырып, бір тұрып,
Алақанды соғамыз.
Ойын: «Артық сөзді тап» неге ол сөз артық деп ойлайсың? Дәлелдеуге тырыс.
а) Шай, сүт, нан, айран, кітап, сыр, кәмпит, балық, май.
ә) Сөйледі, жазды, отырды, Асқар, оқыды.
б) Алма, қызанақ, қияр, алмұрт, бидай, апельсин.
3- жаттығу.
Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Қ дыбысына аяқталған қандай сөздерді пайдаландың? Сол сөздерге- ы әріпін
қосып жаз.
4- жаттығу. Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыр.
1. Емшісі, орман, тоқылдақ, болды.
2. Аяғынан, қарлығаш, жараланыпты.
3. Соң, кемпірқосақ, шығады, жаңбырдан.
Қ дыбысына аяқталған сөздерге дыбыстық талдау жаса. Осы сөздерге дауысты
дыбыс жалғап оқы.

Қорытынды: Карточка және тесттік жұмыс.
Тест.
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді.
а) 2 ә) 3 б) 4
2. Жуан дауысты дыбыстардың әріптерін тап
а) а, ү, о, ұ ә) ы, ұ, а, у б) а, о, ы, ұ
3. Жіңішке дауысты дыбыстардың әріптерін тап
а) а. е, о, ү ә) ә, ө, е, і, ү б) о, ә, а, е, ү
4. Жуан айтылған сөзді тап?
а) әже ә) ата б) әке
5. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап
а) ө-зен ә) өз-ен б) өзе-н
6. Төмендегі сөздің қайсысы дұрыс жазылған
а) омар ә) Болат б) әлия
Бағалау: жапырақтар арқылы
Рефлексия:
• Сабақ өте ұнады қызыл
• Сабақ ұнады жасыл
• Сабақ ұнамады сары
Үйге тапсырма: 5 жаттығу 72 бет

Ұқсас жұмыстар
Сабақтың тақырыбы:дауыссыз к мен г
Дауыссыз к мен г жайлы ақпарат
Дауыссыз дыбыстардың емлесі
Сөйлемдер білдіретін сөздерді сөйлемнен табу
Дауыссыз дыбыстардың сызбасын толтыр
Дауысты дыбыстар
Тұйық етістіктің емлесі
Көңілді қыс (Шәміл Мұхамеджанов)
Дауыссыз к мен г туралы
Дауыссыз дыбыстар
Пәндер