Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты
Файл қосу
Отаным – алтын бесігім
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев
атындағы №3 Явленка орта мектебінің
мектепалды даярлық сыныбының
тәрбиешісі
Тәңірбергенова Ләйлә Нұрғалиқызы
«Отаным –
алтын бесігім»
(тәрбие сағаты)
Сабақтың мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге,
бай-қуатты
ел екендігін мақтан етуге , туған
еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін
арттыруға тәрбиелеу.
Тәрбиелік мәні: қазақ халқының ертегілері арқылы балаларды ұлтжандылыққа,
инабаттылыққа,
мейірімділікке, адамгершілікке, патриоттық
сезімге баулу, тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Қош келіпсіз, қымбатты қонақтар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Құшақ жая қарсы аламыз, сіздерді,
Біз алаңсыз, балғын шақты балалар.
Балалар хормен: Армысыз, қайырымды Аспан ата!
Армысыз, мейірімді Жер-Ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын-Күн!
Қуан, шаттан алақай!
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз дос болайық!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Тәрбиеші: («Күн астындағы Күнекей Қыз» ертегісін оқи бастайды). Бұрынғы
өткен заманда бір жесір кемпір болыпты. Бұл кемпірдің перзент дегенде
жалғыз баласы болыпты, мал дегенде, он шақты ешкісі болыпты. Бала ешкілерін
бағып жүреді. Бір күндері ешкілерін далада жайып жүріп, бір топ киікті
көреді, оның ішінде бір алтын мүйізді киік жүреді. Бала бұл киікті күнде
көріп жүріп, бір күндері шешесіне келіп: - Далада бір топ киік көрдім,
ішінде алтын мүйізі бір шұбар киік бар. Осы шұбар киікті ұстап алып, ханға
тарту қылсам, хан маған сыйлық бере ме еді? – дейді деп сөзін аяқтай
бергенде, балалар домалап келе жатқан Қаңбақты көреді.
Тәрбиеші: - О, керемет. Балалар, мынау не болды екен? Иә, иә, ұшарын жел
біліп, қонарын сай біліп, сайран салып жүрген қаңбақтың көмегі кімге қажет
болды екен? Қане, әперіңдерші, көрейік. Балалар, міне ғажап, қаңбақ ішінде
хат бар ғой. Хатта былай делінген: От тауының ар жағында Тасбол хандығында
күн астындағы Күнекей қызды тас қапаста ұстап отыр. Жолдағы кездесетін
барлық кедергілерден өткенде ғана Күнекей сұлу құтқарылады, хатты
«Ербатыр» жолдапты.
Тәрбиеші: - Балалар, Ербатыр ағаларың көмек сұрапты, көмектесеміз бе?
Ендеше «темір етік
тебендей, темір таяқ теңгедей» болғанша жол жүруіміз
керек.
Тыңшы: - Сәлеметсіңдер ме, балалар, бәрекелді, сендердің дыбыстарыңды естіп
жолдарыңды
тосып жүр едім.
Тәрбиеші: - Балалар таныдыңдар ма, бұл кім?
Тыңшы ғой.
Тәрбиеші: - Тыңшы аға, біз алыс сапарға шығып едік, бізге жол сілтемес пе
екенсіз?
Тыңшы: - Білем, балалар, мен күні-түні тыңдап, сендерге жол сілтеуге жүр
едім.
Бірақ сендерді құралақан жібермеймін. Өнерпаз болсаңдар
өнерлеріңді көрейін.
- Қане, өздеріңнің туған жерлерің туралы не білесіңдер?
Оны қалай жақсы
көретіндеріңді айтыңдаршы! Сонда ғана мен сендерге жол
сілтеймін.
Тәрбиеші: Балалар, қане біздің туған жеріміз, отанымыз қалай аталады?
Қазақ жері Қазақстан,
Мөлдіреген ашық аспан.
Алыс кетсем сағынамын,
Отаным сен – Қазақстан.
Тәрбиеші: - Қазақстан республикасының Елбасы, президенті кім?
Балалар: - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Отанымыздың астанасы қай қала?
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде
Ту ұстаған Астанам –
Әсем қалам, бас қалам!
Тәрбиеші: -Ал, енді осы отанымыз туралы және оны қалай жақсы көретінімізді
көрсетейік.
Жайнаған сансыз қаласы,
Жайқалған жомарт даласы.
Ел – Отан біздің кең-байтақ,
Отанның біздер баласы.
Отан – асыл анамыз,
Ана сүтін ақтаймыз
Есейгенде ер болып,
Елді жаудан сақтаймыз.
Алатау, Алтай арасы –
Қазақтың кең даласы.
Мен боламын сол елдің
Қайсар рухты баласы.
Тәрбиеші: - Сонымен, Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған-
туысқандарымен,
жақындарымен бірге тұратын атаменкені. Қазақ елінде
тұратын адамдардың
Отаны – Қазақстан Республикасы.
Мінекей, балаларда өз Отанын қалай жақсы
көретіндерін көрсетті.
Тыңшы: Бәрекелді, менің білгіштеріме көп-көп рахмет. Енді сендерге жол
сілтеп жіберейін.
Оң жаққа барсаңдар «Зарлы хандығына», сол жақта «Жыландар
патшасы»,
«Бала хандығына» жолығасыңдар. Тура жүрсеңдер «От тауы»
бар. Оның ар жағында
Тасбол хандығы бар .
Тәрбиеші: - Бізге қай бағытта жүруіміз керек?
Балалар: - Тура жүреміз.
Жолда келе жатып, көпірге тап болу.
Тәрбиеші: - Мына көпірден өту үшін, тапсырманы орындау керек.
Тапсырма: Қазақстан Республикасының қандай рәміздері бар және ол туралы не
білесіңдер?
деп жазылған.
Тәрбиеші: Ал, балалар бұл тапсырманы орындай аламыз ба?
Балалар хормен: - Иә, орындаймыз.
Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам.
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Тәрбиеші: - Өте жақсы. Міне, көпірден де өттік.
Мыстан кемпір: - А-ха,-ха-ха, тоқтаңдар. Менің рұқсатымсыз қайда
барасыңдар?
Мен сендерді жібермеймін.
Тәрбиеші: - Әже, сабыр етіңіз, бұл балалар күн астындағы Күнекей қызды
құтқаруға барады.
Балалар: - Әже, бізді жіберіңізші.
Мыстан кемпір: - Әже? Не дейді мына балалар, мені осы уақытқа дейін ешкім
әже» деп көрмеп
«еді.(жылайды)
Тәрбиеші. - Әжелеріңнің көңілін көтеру үшін, «Отаным» әнін айтып берейік.
------------Хормен «Отаным» әні орындалады.------------
Мыстан алғысын айтып шығарып салады. Алдарынан Ербатыр шығады.
Тәрбиеші: - Біздің балалар Қаңбақтың ішінен табылған хатты оқып, көмекке
шыққан еді.
Ербатыр: - Жол болсын! Бәрекелді, мен де қалыңдығымды құтқаруға шығып едім.
Осы жерден мына қоржынды тауып алдым, не істерімді
білмей отырмын.
Балалар қоржынды алып тәрбиешіге береді. Қоржында үш тұмар бар екен.
Әрқайсысында тапсырмалар.
1-тапсырма: «Отан» сөзі қандай дыбыстан басталады? Ол қандай дыбыс?
Неше буыннан тұрады? Осы сөзге дыбыстық талдау жаса.
2-тапсырма: Отан туралы қандай мақал білесіңдер? (мақалдар айтады)
3-тапсырма: Білетін ертегіден көрініс көрсету. «Бауырсақ» ертегісі
қойылады.
Балалар тапсырмаларды орындайды.
Ербатыр: Енді тура жүре берейік, От тауы да көрініп қалды. Балалар, мына
кедергіден қалай
өтеміз?
Тәрбиеші: Ол үшін қорытынды сұрақтарға жауап берейік.
Қорытынды сұрақтар қою.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, менің кішкентай батырларым. Міне, қапасқа да аман-
есен жеттік.
Осы кезде алдарынан Күнекей қыз шығады.
Күнекей қыз: Балалар, міне сендердің батырлықтарың, тапқырлықтарыңның
арқасында мен тас қапастан босадым. Мен де бұл
жерде қарап
отырмай сендерге сыйлық дайындадым.
Күнекей қыз балалардың мойнына тұмарша тағады.
Ербатыр: Рахмет, сендерге кішкентай батырлар! Сендерге мен ризамын, сендер
ештеңеден
қорықпай, барлық кедергілерден қиналмай өтіп, маған
қалыңдығымды қапастан
босатуға көмектестіңдер. Сол үшін үлкен алғысымды
айтамын..Өздеріңнің қандай
болашақ Қазақстан елінің азаматтары екендеріңді
көрсеттіңдер.Туған жерді,
Отанды қатты жақсы көреді екенсіңдер.
Ербатыр мен Күнекейқыз: Ал енді барлығымыз қосылып би билейік!
---------------«Қара жорға» биі -------------
Тәрбиеші: Кішкентай бүлдіршіндер! Сендер – тәуелсіз қазақ елінің ең жас
азаматысыңдар.
Сондықтан өз жерлеріңді, өз елдеріңді, әкелерің мен
аталарың сияқты қадірлеуге,
сүюге, қорғауға тиіс екендеріңді естен шығармайдар. Кең
байтақ Қазақстан– біздің
туған өлкеміз, оның асқар таулары мен айдын көлдері,
жайқалған орманы мен
жасыл жайлауы – біздің алтын бесігіміз. Сондықтан да біз
оны анамыздай сүйеміз.
Әуелі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz