Паскаль тілінде шамаларды сипаттау, енгізу-шығару және сызықтық бағдарламалар

№ 10 сабақ.

Тақырыбы: Берілгендерді сипаттау, егізу-шығару, сызықтық программалар.

Мақсаты:

Паскаль-программаның шамаларды сипаттау бөлімі, мәлімет енгізу, нәтижені экранға шығару, сызықтық программа туралы ұғымдар қалыптастыру;

Программа құрылымын сақтай отырып сызықтық программалар жазу дағдысын қалыптастыру және дамыту;

Программа құрамында операторларды көрнекті жазуды талап ету, эстетикалық талаптарды сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт. мед. жабдықтар, (кестелер), презентация, компьютер.

Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе. (2мин)

  • Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
  • Журнал толтыру;
  • Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ. Өткен сабаққа шолу. (10мин)

  • 10-сабақ бойынша тест тапсыру.

ІІІ. Жаңа сабақ (20мин)

ПС. Паскальға сандарды, мәндерді қалай енгіземіз? Паскаль шығарған есептің жауаптарын қалай көруе болады?

1. Шамаларды сипаттау бөлімі

Жетінші сабақтағы программа құрылымын еске түсірейік.

1. тақырып
program программа аты жазылады;
1. тақырып: 2. сипаттау бөлімі
:
programпрограмма аты жазылады;:

Var типтері көрсетілген айнымалылар;

1. тақырып:
:
programпрограмма аты жазылады;: begin
1. тақырып: 3. операторлар бөлімі
:
programпрограмма аты жазылады;: Операторлар;
1. тақырып:
:
programпрограмма аты жазылады;: end.

Мұндағы шамаларды сипаттау бөлімінде үш түрлі шаманың сипатталуын қарастырамыз.

1. Белгілерді сипаттау. Программадағы операторды символдармен (әріптер, сандар, аралас символдар) белгіп қоюға болады. Сонда Паскаль программаның кез-келген жерінен осы операторға оралып оны кезектен тыс орындай берді. Белгіні сипаттау бөлімінде былай көрсетеді:

label : 10, 200, aaa, bbb, 500; Мұнда label түйінді сөзінен кейін программа ішінде кездесетін белгілер көрсетілген. Белгісі бар гоператорға өту үшін goto түйіндес сөзі қолданылады. Мысалы: goto 200; 200-деген белгісі бар операторға өтеді. Бұл оператор (200) программаның қай бөлігінде (ортасы, соңы, бас жағы) тұрса да бәрі-бір.

  1. Тұрақтыларды сипаттау. Программада тұрақтылар өз мәнімен (5, 14, 13. 5 . . . ) немесе оған қойылған атау арқылы беріледі. Осы атау арқылы оны программаның кез-келген жерінде қолдана береміз. Сипаттау бөлімінде сөзімен беріледі. Жазылу түрі:

Const atay1=мән, atay2=мән2, atay3=мән, . . .

Const p=3. 14, e=1. 6E-19, max=1, . . .

3. Айнымалыларды сипаттау. Паскаль-программада қолданылатын айнымалылардың атауларын сипаттау бөлімінде var түйінді сөзінің көмегімен көрсетеміз.

Жазылу түрі (пішімі) :

var айнымалылар тізімі: типі;

мысалы: var i, j, k:integer;

x, y:real; name: string; т. с. с.

2. Операторлар бөлімі

Паскаль құрылымын өткенде танысқанымыздай операторлар бөлімі begin - end . түйінді сөздерінің аралығына, «; » таңбасымен бөлектеніп жазылады. Паскаль программа әрқашан program түйінді сөзінен басталып жазылады.

Жазылу түрі: program атау (input, output) ; Кез-келген программада кіріс (input) - шығыс (output) процедуралары қолданылатындықтан бұл екі сөзді жазбауға болады. Егер программада басқа стандартты файлдар қолданылатын болса олардың атын жақша ішіне жазып қоюға болады.

Сонымен кез-келген программада мына бөліктер болуы міндетті.

1. тақырып
program атау;
1. тақырып: 2. сипаттау бөлімі
program атау;: var айнымалылар: тип;
1. тақырып: 3. операторлар бөлімі
program атау;:

begin

операторлар;

end.

3. Шығару операторы. Нәтижені немесе кез-келген ақпаратты экранға шығару үшін write немесе writeln қарапайым операторлары қолданылады.

Пішімі: write(a1, a2, a3, …, an) ; мұнада жақша ішінде жәй айнымалы немесе апострофпен қоршалған мәтіндер болуы мүмкін. Writeln -нің ерекшелігі ол ақпаратты жаңа жолдан басып шығарады. Нақты сандарды басып шығарғанда оларға қанша орын берілетінін көрсетуге болады. Мысалы: x -сан болсын,

write(x, n, m) ; Мұндағы:

х- ондық бөлшек сан,

n - х-тың барлық мәніне берілген орын саны,

m - х-мәніннің бөлшек бөлігіне берілген орын саны.

4. Енгізу операторы. Мәліметті немесе кез-келген ақпаратты компьютерге енгізу үшін read немесе readln қарапайым операторлары қолданылады.


Ұқсас жұмыстар
Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарламалар құру: сабақ жоспары
9-сынып информатикасы: Паскаль тілінде мәліметтерді енгізу және шығару
Сызықтық және тармақты алгоритмдер: есептер шығару және Паскаль тілінде бағдарламалау
Паскаль тілінде сызықтық бағдарлама құру: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Паскаль программалау тілінің негіздері: алгоритмдер, синтаксис және енгізу-шығару
9-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Паскаль тілінің құрылымы және енгізу-шығару операторлары
7-сынып: Паскаль тілінде сызықтық алгоритмдерді программалауға арналған практикалық сабақ жоспары
Сабақ жоспары: §1.5 Деректерді енгізу және шығару. Құрылымдық мәліметтер (Информатика, Паскаль, 15.10.2015, Ихсанова Ф.М.)
Паскаль тілінің құрылымы мен синтаксисі: айнымалылар, операторлар, енгізу-шығару және практикалық есептер
Сызықтық алгоритмдер мен Паскаль тіліндегі бағдарламалау негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz