Шартты программалау және тармақтаушы операторлар: Паскаль тіліндегі алгоритмдер мен қолданбалар

№ 11 сабақ.

Тақырыбы: Шартты программалау және тармақтаушы операторлар.

Мақсаты:

Шарт, шарт арқылы тармақтау және таңдау операторларының жазылу тәртібімен таныстыру, тармақтаушы алгоритмдерге программа жазу жолдарын көрсету;

Программалау ұғымын дамыту;

Ойлау, жоспарлау және әрекет ету жүйеліне тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт. мед. жабдықтар, (кестелер), презентация, компьютер, тест-программа.

Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған сабақ.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе. (2мин)

  • Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
  • Журнал толтыру;
  • Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ. Өткен сабаққа шолу. (10мин)

  • Үй жұмысын тексеру (№5, 9, 10 есептер (74бет) . ),
  • 11-сабақ бойынша тест тапсыру.

ІІІ. Жаңа сабақ (20мин)

ПС. Копьютермен оқушының сұқбат программасын көрсетеміз.

Компьютер-оқушының сұқбаты:

Экрандағы ақпарат

Сары жазуға назар аударайық. Қалай ойлайсыңдар, компьютер оқушының өзінен 7 жас үлкен екенін қалай «біліп» тұр? . . .

Осындай мәселелерді шешу үшін программалық тілде шартты операторлар қолданылады.

Шарт дегеніміз жауабы «иә» немесе «жоқ» болатын ұйғарым (сұрақ) . Шарты бар операторларды құрама немесе күрделі дейді.

.

1. Тармақтаушы оператор - шарттың сақталуына/сақталмауына байланысты екі түрлі жағдайдың бірін таңдауға мүмкіндік береді.

Паскалдағы жазылу түрі:

Толық тармақтау
БС
Толық тармақтау:

if <шарт> then 1-оператор else 2-оператор;

шарт сақталса жауабы «иә» болып 1-оператор атқарылады және керісінше.

мыс:

gas:=15;

if jas<8 then write(‘сен менен ’, 8-jas, ’ кішісің’)

else write(‘сен менен ’, jas-8, ’ үлкенсің’) ;

Жоғарыдағы сұраққа назар салыңдар.

БС:
Қысқаша тармақтау
БС
Қысқаша тармақтау:

if <шарт> then оператор;

шарт сақталса жауабы «иә» болып оператор атқарылады, сақталмаса («жоқ») компьютер келесі операторды орындауға өтеді. .

мыс:

gas:=15;

if jas<8 then write(‘сен менен ’, 8-jas, ’ кішісің’) ;

БС:

Енді жоғарыдағы сұқбатты программалап көрелік. ЕСЕП: Компьютер атыңды сұрайтын, содан соң өзнің қанша жас кіші/үлкен екенін айтатын проргамма жазыңыз.

ІV. Сынып жұмысы. (10мин)

Квадрат теңдеуді шешу алгоритмі.

ах 2 + вх + с = 0

1. Не белгілі?

а, в, с - нақты сандар

2. Не істеу керек?

Кв. теңдеудің х1, х2 түбірлерін табу керек, түбірі болмаса «түбірі жоқ» деген хабар шығару керек.

3. Қалай жасау керек?

Дискриминант d=b 2 -4аc

D<0 түбірі жоқ

D=0 бір түбірі бар x1=-b/2a

d>0 екі түбірі бар х1=?, х2=?

,

program kvtendeu;

var a, b, c:integer;

x1, x2, d:real;

label 10;

begin

write('Кв. тенд. коэф. енгіз a, b, c ') ;

read(a, b, c) ;

d:=sqr(b) -(4*a*c) ;

if d<0 then begin writeln('түбірі жок ') ; goto 10; end;

if d=0 then begin writeln('Бір түбірі бар: ', -b/(2*a) ) ; goto 10; end

else writeln('Екі түбірі бар: ', -b+sqr(d) /(2*a), ' ', -b-sqr(d) /(2*a) ) ;

10: end.

V. Бағалау және үйге тапсырма (3мин)

§3. 5 (76-82бет), №6 есеп (89бет)


Ұқсас жұмыстар
Тармақталу алгоритмдерін программалау: Паскаль тіліндегі шартты операторлар мен практикалық жаттығулар
Паскаль тіліндегі шартты операторлар (IF, CASE) - 9-сынып сабақ жоспары
Паскаль тіліндегі шартты операторлар: жаңа сабақтың оқу-әдістемелік жоспары
Циклдік алгоритмдер: Паскаль тіліндегі FOR, WHILE және REPEAT операторлары
Паскаль тілі мен алгоритмдер: бағдарлама құрылымы, негізгі операторлар және практикалық жаттығулар
Сызықтық алгоритмдер мен Паскаль тіліндегі бағдарламалау негіздері
9-сынып: Алгоритм типтері - шартты және циклдік операторлар (Паскаль тілінде)
Тармақталу командасы: блок-схема, шартты операторлар және Pascal тіліндегі жүзеге асырылуы
Паскаль тіліндегі циклдік операторлар: алғы және ілесу шарттары (REPEAT, WHILE)
Паскаль программалау тілінің негіздері: алгоритмдер, синтаксис және енгізу-шығару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz