Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Өрнек әжеде қонақта

БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы,
«Балдырған» бөбекжай-балалар бақшасының
тәрбиешісі Байниязова Айсана Назарғалиқызы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»
Бөлімі: Тіл дамыту, Қоршаған ортамен таныстыру, Сурет
Тобы: «Шағала» (II кішілер тобы)
Тақырыбы: Өрнек әжеде қонақта
Мақсаты: Ою - өрнек туралы мағлұмат беру.
Білімділік: Қоғам өміріндегі еңбектің,халық қол өнерінің рөлін
түсіндіру.Дәстүрлі емес әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, саусақпен ою -
өрнекті салуды үйрету.
Дамытушылық: Баланың есте сақтау қабілетін,зейініні аудартып, елесін
дамыту.
Тәрбиелік: Өнер адамдарын құрметтеу,өнердің мәңгі өшпейтін ою-өрнектердің
сыры мен қырын білу арқылы, балаларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа,
шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Дәстүрден тыс
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: «Ою хан мен Жою хан» ертегісін көру.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру,
ойын.
Көрнекіліктер: Киіз үй, үй жабдықтары; ұлттық киім-кешектер мен бұйымдар,
ат арба.
Билингвальды компонент: ою - өрнек - орнамент - decorative pattern
Баланың білуі: Ою-өрнектер туралы білді.
Баланың меңгеруі: Ою-өрнектердің жасалу жолдарын меңгерді.
Баланың жасай алуы: Ою-өрнектерді қағаз бетіне жапсырып, өрнектердің
қимылын би арқылы жасады.

|Іс-әрекет |Тәрбиешінің іс-әрекеті |Баланың іс-әрекеті |
|кезеңдері | | |
| |Шаттық шеңбері: | |
|Мотивациялық – |Бас бармақты бассам егер, |Бас бармақты бассам егер, |
|қозғаушы кезең |«Ботакөз» боп шығады. |«Ботакөз» боп шығады. |
| |Алақанды ашсам егер, |Алақанды ашсам егер, |
| |«Бестаңба» боп шығады. |«Бестаңба» боп шығады. |
| |Егер жұмсам алақанды, |Егер жұмсам алақанды, |
| |«Тарақ» оюы шығады. |«Тарақ» оюы шығады. |
| |Оюларды білетін, |Оюларды білетін, |
| |Біз қазақтың баласы. |Біз қазақтың баласы. |
| | | |
| | | |
| |Ғажайып сәт: | |
| |Ішке көңілсіз болып қошқар |Балалар таң қалды. |
| |мүйіз оюы келеді. | |
| |Тәрбиеші: Балалар бұл қошқар |Иә |
| |мүйіз оюы емес пе? |Ою сен неге көңілсізсің? |
| |Қошқар мүйіз оюы: Мен | |
| |достарымнан ажырап қалдым. | |
| |Сендер маған достарымды табуға |Иә, әрине көмектесеміз. |
| |көмектесесіңдер ме? | |
| |Тәрбиеші: Балалар ауылға |Балалардың барлығы ат арбаға |
| |баратын жол алыс. Ат арбамен |мінеді. |
| |барғыларың келе ме? | |
| | |Өз үйінде ою оймаған, |
| |Қошқар мүйіз оюы: Балалар |Кісі үйінде сызу сызады. |
| |сендер мен және менің достарым |Өнер тамған- он |
| |туралы қандай тақпақтар, |саусақ,үзілмейтін ырысын. |
| |мақал-мәтелдер білесіңдер? |Өнері жоқ- он саусақ ,бар |
| | |болмай-ақ құрысын. |
| | |Қазақта бір ою бар -«Қошқар |
| | |мүйіз» |
| | |Орын алар тұрағы, көрпе - |
| | |киіз. |
| | |Шеберлер осы өрнекпен |
| | |сәндегенде |
| | |Көз тартып құбылады оюымыз. |
| | |Әжем өрнек тереді. |
| | |Сырмақ отыр оюлап, |
| | |Басы ауыра береді. |
| | |Шай ішпесе, қоюлап |
| |Қошқар мүйіз оюы: Рахмет, | |
| |балалар! | |
| |Тәрбиеші: |Сәлеметсіз бе, Өрнек әже! |
| |Міне, Өрнек әженің үйіне де | |
|Іздену- |келдік. | |
|ұйымдастырушы |Өрнек әже: Сәлеметсіңдер ме, |Қалыңыз қалай? |
|кезең |балалар! Қош келдіңдер! Жақсы, | |
| |бірақ мен далаға көңілді | |
| |оюларымды ойнатуға шыққам, | |
| |қошқар мүйіз оюымды таба алмай | |
| |қалдым. |Өрнек әже сіз қамықпаңыз.Біз |
| |Рахмет, балалар! Сендер мені |сіздің адасып қалған көңілді |
| |бүгін бір қуантып тастадыңдар. |оюыңызды ала келдік. |
| |Келіңдер, төрлетіңдер! |Балалар ішке кіреді. |
| |Бұл үй ою-өрнектерден әсемделіп|Киіз үйіңіз қандай әдемі. |
| |жасалынған. Бұрынғы кезде | |
| |біздің ата - бабаларымыз осы | |
| |киіз үйде өмір сүрген. Сол киіз| |
| |үйдің ішінде қазақтың ұлттық | |
| |тұрмыстық бұйымдарын ұстаған. | |
| |Қазақтың ұлттық тұрмыстық | |
| |бұйымдарына сандық, көрпе, | |
| |жастық, киіз, торсық,; | |
| |киім-кешектерге - кимешек, | |
| |кажекей, мәсі, сырмақ жатады. | |
| |Қазақтың қай ұлттық бұйымы | |
| |болмасын, ою - өрнексіз | |
| |болмаған. Бүгін мен сендерге | |
| |ою - өрнектің көптеген | |
| |түрлерімен таныстырамын. Кілем,| |
| |қоржындарға бейнеленеді. | |
| |Балалар мен сендерге қазір | |
| |менің көңілді оюларымнан әдемі | |
| |киіз басудың жолдарын | |
| |көрсетемін. | |
| |Тәрбиеші: Ал балалар сендер | |
| |Фрёбель сыйы ойыншықтар | |
| |жиынтығын қолданып текемет |Балалар Фрёбель сыйы |
| |құрастырыңдар. |ойыншықтар жиынтығын |
| |(Семинарға қатысушыларға |қолданып, текемет |
| |ою-өрнектер беріледі. Сол |құрастырады. |
| |арқылы бір ертегі құрастырулары| |
| |керек.) | |
| |Өрнек әже: Балалар сендер | |
| |қандай әдемі салғансыңдар. | |
| |Дидактикалық ойын: «Табиғат | |
| |сыйы» | |
| |Мақсаты: Балалардың танымдық | |
| |қабілеттерін арттыру. | |
| |Балалар сендер табиғатта | |
| |бейнеленген көріністерді | |
| |ою-өрнекпен бейнелейсіңдер. |Балалар табиғатта бейнеленген|
| |Өрнек әже: Балалар мен |көріністерді ою-өрнекпен |
| |сендерден қонақ кәде сұрағым |бейнелейді.. |
| |келіп отыр.Қандай өнерлерің |«Өрнектер биін» билеп береді.|
| |бар? | |
| |Өрнек әже: Рахмет, балалар! | |
| |Маған билерің қатты ұнады. | |
| |Тәрбиеші: Өрнек әже сізге көп | |
| |рахмет! Біз сізге әлі де | |
| |келеміз. | |
| |Сау болыңдар! |Сау болыңыз! |

Ұқсас жұмыстар
Құрама есептер
Дәптермен жазу
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті
Табиғатта қонақта. 1 сынып
Жүзден жүйрік сайыс
Балалар сендер тістерінді тазалайсындарма
Формативтік бағалау
Қонақ келсе -құт
"Әдептен озбайық"
Қызыл телпек бізде қонакта
Пәндер