Экономикалық жарыс сабағы

Алматы облысы Райымбек ауданы Тегістік ауылы «М. Мақатаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі Апендиева Фарида Акимханқызы
Экономикалық жарыс сабағы
Мақсаты: Өткен материалдарды бекіту және қайталау, экономикалық мағыналы сөздерді маңыздандыру.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:шағын топта жұмыс істеу, тез шешім қабылдап, уақытты тиімді пайдалануды үйрену.
Құрал жабдықтар, көрнекі құралдар:топтардың шығарған газеті, тапсырмасы бар конверттер, «Біздің әлеміміз» атты демонстрациялық құрал, сөзжұмбақ, топтарға мақтау қағазы, ынталандыру сыйлығы
Сабақ жоспары:
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Топпен таныстыру
Экономика жайлы қысқаша мағлұмат
Топтардың бір-біріне сұрақ-жауаптары
Экономикалық есеп шығару
(оқушылар есеп шығарғанша залдағылар сұрақ)
Сөзжұмбақ шешу
Буындар қазынасы
Оқушылар шығармашылығы
Ұсынылған сөздерден сөйлем құрау
Көрініс
Кім тез? Анаграмма шешу
«Көңіл сергіту». Музыкалық үзіліс
12. Мұғалім мен сараптаушылардың қорытынды сөзі
Сабақ барысы:
1. Қоғамның экономикалық өміріндегі болып жатқан құбылыстарды көріп білумен қатар, жастардың бойында уақыт өткен сайын өзгермейтін базалық бағдары мен білімін сақтай отырып, оларды іскери сұрақтармен бірге өз өмірін де жоспарлай білуін және жаңа көзқарасын қалыптастыру керек.
2. Топпен таныстыруы
2. 1 Топтың аты:
1. «Тауар»,
2. «Валюта»
2. 2 Топтың ұраны:
«Қырандай самғаймыз, ешқашан талмаймыз»
«Дағдарыстан дамуға»
2. 3 Төсбелгімен таныстыру.
2. 4 Шығарған газеттерімен таныстыру.
Көне грек философы Аристотель (б. д. д. 384-322 ж. ) байлық ұғымын қарастыра келіп, оны заттай және ақшалай байлық деп екіге бөлген. Табиғи, заттық шаруашылық жайлы, яғни адамның тәни қажетін өтеу жайлы ғылымды ол «экономика» (грек тіліндегі «ойкос»-шаруашылық және «номос»-заң сөздерінен шыққан) ал ақшалай байлықты «хремастика» (гректің «хрема»-иелік, әл ауқат сөзінен шыққан) деп атаған. Аристотель байлықтың осы екінші түрін жаратпайды: оның ойынша, дүние мүлік жию үшін айырбасқа бару-«табиғатқа жат» нәрсе. Осы үрдісті теоритик, ойшыл адамдар ғасырлар бойы негізге алып келді.
Негізінді «экономика» сөзі екі мағынаға ие: 1) «шаруашылық»; 2) әлеумет пен қоғам берілген игілікті тіршілік ету жолында қалай кәдеге жарататынын зерттеп, ізерлеп отыратын ғылым.
4. «Тауар» тобының «Валюта» тобына сұрақтары
1. Экономиканың басты мақсаты ?(Экономиканың басты мақсаты адамдарды қанағаттандару деп түсінемін. )
2. Пайда дегеніміз не?(Табыс пен шығыс арасындағы айырмашылық)
3. Өндірүшілер арасындағы жарыс?(Бәсеке)
4. Банк дегеніміз не?(Салымдар қабылдайтын және қарыз беретін қаржылық мекеме)
5. Ел шекарасы арқылы әкелінетін тауарларды реттейтін мемлекеттік қызмет?(Кеден)
«Валюта» тобының «Тауар» тобына сұрақтары
1. Бизнес деген не?(Пайда алуға бағытталған экономикалық қызмет, кәсіпкер)
2. Қаржы деген не?(Мемлекет негізіндегі барлық ақша қаражаттары)
3. Баспа-бас деген не?(Тауарлар ақшаға емес басқа тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ауыстырылатын сауда мәмілесінің түрі)
4. Сұраныс деген не?(Тұтынушының тауарды немесе )
5. Баға деген не?(Тауар бірлігіне төленетін немесе сол үшін алынатын ақша көлемі)
Экономикалық есеп
«Тауар» тобына есеп
Самат дүкеннен дәптер және қаламсап алды. Жалпы құны 19 теңге болды. Саматта 3 теңгелік, ал дүкеншіде тек 5 теңгелік болса қалай сауда жасайды.
Жауабы: 3*8=24
3*8-5=19
24-5=19
«Валюта» тобына есеп
Азамат 50 мың теңгеге ұялы телефон сатып алмақшы болып екі досынан 25 мың- нан 50 мың тг. қарыз алады.
Бірақ Азамат телефонды 45 мың тг. сатып алып 5 мың теңге қалтасында қалады. Оның 3 мың теңгесіне досының туған күніне сыйлық алады, ал 2мың теңгесін 1 мың теңгеден бөліп қарыздарын береді. Сонда екі досында 24 мың-нан 48 мың теңге қарызы қалады.
25000+25000=5 25000-1000=24000
5000-3000=2000 24000+24000=48000
5-45000=5000 48000+3000=51000
2000-1000=1000
Жауабы: 25000+25000=5 тг.
5-2000=48000 тг. қалады
6. Сөзжұмбақ шешу
«Тауар» тобының сөзжұмбағы
«Валюта» тобының сөзжұмбағы
Буындар қазынасы.
Қажеттілік- бірдеңеге деген мұқөтаждық әр адам немесе жалпы қоғам қажет ететін тауарлар мен қызмсет көрсетулер.
Салық - мемлекеттік өкімет органдарының мемлекет пайдасына азаматтар немесе фирмалардың жалақысы немесе пайдасынан алатын міндетті төлемдер. Мемлекеттік бюджетке түсетін негізгі қаржы көзі.
Тұтынушы -қажеееілікті қанағаттандыру барысында тауарлар мен қызмет көрсетулерді пайдаланушы.
Тауар - адамның қандайдй бір қажеттілігін қанағаттандыру және сату мен айырбастау үшін өндірілетін өнім. Қызмет көрсету де тауар бола алады.
Сұраныс тұтынушының тауарды немесе көрсетілетін қызметті дәл осы жерден және дәл осы уақытта сатып алу жөніндегі тілегі мен мүмкіндігі.
Меншік - адам кәсіпорыр немесе мемлекет пайдаланатын немесе иелік ететін нәрсе.
Пайда- тауарды немесе көрсетілетін қызметті өндіруге жұмсалған шығын арасындағы айырмашылық.
Өндіріс- адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға керекті материалдың игіліктерді жасау процесі.
8. Оқушы шығармашылығы
1. Экономика сабағында,
Үйренеміз үнемдеп.
Ақша, табыс, тауарлар да.
Бәрі-бәрі керемет,
Оқушылар бұл сабақта
Отырады керемет
Ордабай Ұлбосын
2. Қазір заман өзгерді,
Өзгеше де, ақша да.
Табыс тауып, ақша алып,
Біз жетерсің мұратқа.
Көлбек Балауса
3. Қазіргі заман нарық,
Басталады парық.
Кезек келсе аласың,
Келмесе үйде қаласың.
Нұрболат Ақмарал
4. Экономика сабағы,
Үйренеміз көп нәрсе.
Табыс, шығыс бәрінде,
Оқимыз біз әр нәрсе
Серік Әлия
5. Бюджет деген жұмыс бар,
Оны алға қойыңдар.
Дағдарысты жойыңдар,
Жойыңдарда тойыңдар.
Құтымбай Ернат 6. Ақша деген жақсы-ақ зат,
Арманыңа жетесің.
Ферма ашып бай болып,
Жақсы өмір сүресің.
Сымағұл Ақжол
7. Ақшаң болса қалтаңда,
Алақаның ашылар.
Сараң болсаң сен егер,
Ақша болмас қалтаңда.
Жабықбай Әлішер
8. Отаным нық қадаммен қарыштаған,
Дамыған елу елден қалыспаған.
Жаратып байлық, бақыт ізгілікті,
Әлемдік дағдарыстан алыстаған.
Тауарын экспорттап шетелдерге,
Қаржысын нығайтуға бекемдеуде.
Бәсекесін базардың жолға қойып,
Жол берген адал еңбек етем деуге.
Мұқатай Ұлпан
9. Жағдай жақсы болса халықта риза,
Сауда-саттық, кәсіпкер, нарық биржа.
Депазитке салымшы салып тұрса.
Жеке тұлға кредит алып тұрса.
Әр үйге бау мен бақша бақтар керек,
Барлығын алу үшін ақша керек
Жалқауға жан жуымас Алла өзі.
Пайданың бұлақ көзін тапса беред.
Экономика бизнес, нарық дейді,
Бұның бәрін көретін халық дейді.
Жомарт жандар қазы мен қарта жейді,
Экономдап жүргендер балық жейді.
Сәулетжан Айым
10. Ұнатамын экономика сабағын,
Табыс ақша бәрін жаттап аламын.
Оқып-оқып миға сақтап аламын,
Ұнатамын экономика сабағын.
Нүсіпқожа Арай
Сөзден сөйлем құрау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz