Сабақ жоспары :: Биология
Файл қосу
Ауыз қуысында астың қорытылуы жайлы
Ауыз қуысында астың қорытылуы.
Мақсаты: Ауыз қуысында астың қорытылу процесі, ферменттердің ролі,
тіс және оның құрылысы туралы танысып, тіс күтімін сақтауға, салауатты өмір
салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақта қолданылған әдіс: Дамыта оқыту
Көрнекілік: Слаид, электрондық оқулық, тіс және ауыз қуысының моделі,
плакаттар.
Пән аралық байланыс: химия, математика, валеология, медицина, латын тілі,
халық педагогикасы пәні.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру
«Қазақстан-2030» мемлекеттік даму бағдарламасында «Азаматтардың
денсаулығын, білімін және ырысын жақсарту» бөлімі бар. Онық мақсаты:
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ана мен баланы қорғау, нашақорлық,
есірткі саудасымен күресу, темекі мен ішімдік тұтынудың алдын алу, тағамның
сапасын жақсарту, балалардың денсаулығын нығайту, қоршаған ортаны сақтау.
Үй тапсырмасы «Ас қорыту мүшелерінің құрылысы» тақырыбы сұралады.
Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Отыз екі мықты,
Қаз-қатар боп шықты.
Он алтысы асты,
Он алтысы үсті. (Тіс)
Есігін ашсаң, сайраған бұлбұл,
Есігін жапсаң, жайраған құр күл. (Тіл)
Тіс пен тіл ауыз қуысында орналасқандықтан жаңа білім беру тақырыбы:
Ауыз қуысында астың қорытылуы
Ас қорыту өте күрделі процесс. Тамақтың өзгеріске ұшырауы ауыз
қуысынан басталады. Ауызға келіп түскен ас тіс және тілдің көмегімен
механикалық өзгерістерге ұшырайды. Шайнау-рефлексті әрекет. Жақсылап
шайналған ас сілекей құрамындағы ферменттердің әсерінен химиялық ыдырауға
ұшырайды. Барлық сауықтыру туралы кітаптарда тағамды ұзақ уақыт шайнап және
мұқият жұту дағдысы 60 жастағы американдық Флетчердің есіміне «флетчеризм»
деп аталып көрсетіледі. Ауызға келіп түскен тағамды тістер майдалайды.
|Тіс эволюциясы |
|32 тіс, |
|16+16 |
|6-9 ай сүт |
|тіс |
|6-7 жаста |
|тұрақты тіс |
|19-22 жас |
|аралы-ғында ақыл |
|тіс |
Пішініне қарай
|Күрек тіс | |Сойдақ /ит/ тіс | |Азу тіс |
|(бір түбірлі) | |(бір түбірлі) | |Кіші азу (екі |
| | | | |түбірлі) |
| | | | |Үлкен азу (үш |
| | | | |түбірлі) |
Формуласы:
Күрек тіс (incisivi) – і, Сойдақ тіс- (canini)- с, Кіші азу тіс-
(praemolaress)- pm,
Үлкен азу тіс- (molaress) – m
2 1 2 3
( і — , с— , pm — , m—) * 2 = 32
2 1 2 3
Тіс құрылысы:
|Тіс қаптамасы | |Тіс мойыны | |Тіс түбірі |
|Қызыл иектен | |Қызыл иек асты | |Жақ сүйектің тіс |
|шығып тұрған | | | |қуысына кіріп |
|бөлігі | | | |тұратын бөлігі |
Әрбір тістің үсті ақ түсті зат эмальмен (кіреуке) қапталады. Ол тісті
үйкелуден және бактериялардың енуінен сақтайды. Оның астында қатты сүйекке
ұқсас тығыз зат- дентин жатады.Тістің іші қуыс, ол борпылдақ ұлпадан
құралады, оның арасынан қантамырлар мен жүйке талшықтары өтеді. Қантамырлар
тіске кенеулі зат, ал жүйкелер оған сезімталдық қасиет береді.
|Сілекей бездері |
|Екі шықшыт |
|безі |
|Екі жақ асты |
|безі |
|Екі тіл асты |
|безі |
|Ұсақ |
|микроскопиялық |
|без |
Сілекей құрамы:
Таза күйінде 98-99% су, 1,5% әлсіз сілтілік реакция көрсететін сұйықтық,
қалған мөлшері органикалық зат: нәруыз және ферменттерден тұрады.
Муцин- сілекейді жабысқақ ететін нәруыз. Лизоцим-микробтарды жоюға
қатысатын нәруызды зат. Птиалин (амилаза) ферменті – крахмалды, мальтаза
–дисахаридтерді глюкозаға дейін ыдырататын ферменттер.
Тістерді күту
Астың дұрыс қорытылуы үшін тістің сау болуы қажет. Ауру тістер –
микробтардың жиналатын орны. Тістің ауруға шалдығуы кіреуке қабатының
жарылып, сынуынан басталады. ( тіспен жаңғақ шағу, темірді тістеу, ыстық
және суық тағамды бірінен соң бірін ішкенде, т.б). Оны тек тіс дәрігері-
стомотолог емдей алады. Тістерді зерттейтін ғылым- стомотология. Тісті
дұрыс күтпесе тіс тасы, тіс жегісі, қанжел, қанқұрт аурулары пайда болады.
Тіс ауруларынан сақтану жолдарын үнемі есте ұстау керек. Салауатты өмір
салтын қалыптастыруда мақал- мәтелдердің де ролі зор. Мысалы:
1. Денсаулығы ғалымның – денсаулығы адамның. Білім заңы. 48-бап.
2. Адамның өмірі ұзақ, бірақ оны өзі қысқартады. Сенека.
3. Салауатты күн кешу, саналы өмір сүрумен үндесу.
4. Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі.
5. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
6. Саулықтың кепілі – салауатты өмір.
7. Апыл-ғұпыл ішкен ас, асқазанға түскен тас.
Білімді бекіту: Сабақта электрондық оқулық пайдаланылып, тапсырмалары
орындалып, проблемалық сұрақтарға жауаптар алынды.
Үйге: Шығармашылық жұмыстар берілді. Тіс туралы қосымша жұмбақтар,
өлеңдер жинастыру, тіс пастасын жарнамалау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz